Без рубрики

Бастауыш мектепте математика сабағында оқушылардың танымдық құзіреттілігін арттыру

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы
Көкжыра ауылы
«Амангелді орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сурашева Динара Сайкеновна

Тақырыбы: «Бастауыш мектепте математика сабағында оқушылардың танымдық құзіреттілігін арттыру»

Қазіргі кезенде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер еңгізіліп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше жаңа ұлттық модельдер құрылуда. Бұрында дәстүрлі білім беру: мұғалім-оқулық-оқушы, болса бүгінде: оқушы-оқулық-мұғалім болып ауыстырылды.

Сондықтан қазіргі таңда оқушыны жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделуде.

Әр бала өз алдына – жеке тұлға. Әр тұлғаның өзіндік ерекшілігі бар. Оны көре, тани сақтай, сыйлай білу керек. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

Бүгінгі менің баяндамамның тақырыбы: «Бастауыш мектептің математика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін құзыреттілік бағытталған тапсырмалар арқылы қалыптастыру».

Жалпы Құзіреттілік термині алыс-жақын шет елдердің ғылыми әдебиеттерінде кеңінен қарастырған.

1.Слайд

 

 

 

 

Яғни, Құзіретті – сай болу, қабілетті болу, құқықты болу мағынасын білдіреді.

Құзіреттілік – дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусын қалыптастыру.

Ендеше Құзіреттілік бағыттағы тапсырмалар төмендегіше сипаттауға болады.

 

 

2.Слайд

Соңғы жылдары білім берудің модернизациялаудың басты идеялардың басты идеяларының бірі – адамның құзіреттілігін қалыптастыру болып отыр. Демек бүгінгі күні жаңа заман тұлғасының қалыптасуына және оған білім беруде құзыреттілік тұрғыда берілген тапсырмалардың манызы өте зор.

3.Слайд

Танымдық – логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Шығармашылық – математикалық эрудициясын ойлау интуициясын қалыптастыру.

Теориялық болжай, білу, жобалай білу, ойлай білу теорияларды дәлелдей білу.

Практикалық іс жүзінде көз жеткізу.

Компьютерлік соңғы ақпараттық технология.

Енді осы құзыреттілік компоненттердің бірнешеуіне тоқталып кетейін.

Математика сабағындағы оқушылардың танымдық қабілетерін дамыту. Адам өмірге ешқандай дайындықсыз келеді. Оның дамуы алдынғы буын өкілдерінің озық іс – тәжірибелерін қабылдау арқылы жүзеге асырылды. Адамның логикалық ойлауы, өмір туралы ойлары дайын білімдермен келмейді. Олардың бәрін өмір процессінде тану арқылы қабылдайды. Таныс белсенділігін арттырудың бір жолы оқушыларда бастапқы логикалық ойлау әдісін қалыптастыру. Әдістің үш түрі бар: ұғымды табуға келтіру, іздеуді қорытып шығару салыстыру.

1 тапсырма. Алдымен екі тең шаршы беріледі, оның біреуін диаганалі бойынша екі үшбұрышқа бөледі де, осы екі үшбұрыштан бір үшбұрыш құрастырылады. Бұл фигуралар қалай аталады?

  • Шаршылар. Бірінін үстіне бірін сәйкестеп қойған кезде бұл шаршылар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

  • Бірдей. Яғни шаршылар бірдей. Енді мына шаршын екіге бөліп көрсетемін олардан үшбұрыш құрайық. Пайда болған үшбұрыш пен шаршы шамалары бойынша бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

  • Әртүрлі.

2 тапсырма. 4 сыныпта сабақ тақырыбы «Ауданың өлшем бірлігі м2»

  • Аудан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Тік төртбұрыштың ауданы см дм

  • Дұрыс, бұлар ауданның өлшем бірліктері, ал біз аудан деген сөздің мағынасын айтайық.

  • Жауап жоқ.

Тақта мен партаның беттерін салыстырайық, қайсыныңбеті үлкен. Тақтанын. Неге? Жауап жоқ.

Оқушылардың зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс – әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.

4. слайд

5. слайд

6. слайд

 

  1. Қорытынды: Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.

  2. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.

  3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артады.

  4. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата… аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

 

 

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп заманымыздың заңғар жазушысы М.О. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жасөспірімдердің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына тікелей байланысты. Біз білім беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен ұстаз тұлғасына, олардың өмірі мен қызыметіне деген көзқарастар өзгерістерге ұшырап отырған кезеңде өмір сүрудеміз. Осындай кезеңде мектептегі барлық істі атқарушы басты тұлға мұғалім екені даусыз. Сондықтан да қиында қызықты еңбектерінізге шығармашылық табыс тілеймін.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.