Без рубрики

Салауатты өмір салты

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі

11 сынып жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі
Мыржақыпова Меруерт Ертуғанқызы

Сыныбы: 11 «Б»
Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Мақсаты: денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Барысы:

Денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы бүгінгі «Салауатты өмір салты» тәрбие сағатын бастаймыз.

Уа, халайық, назар аудар мына затқа

Өмірде бақыттысың осылар барда.

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді

Құр айтқан даналар мен даралар да

Оң болсын десең егер тіршілігің,

Ішіп, тартып мен сияқты болып жүргін

Өмірдің бар рахаты осында ғой,

Тастама сөзді жерге, қолдан бүгін!

 

Сұрақ-жауап:

  1. Маскүнемділік туралы не білесіңдер?

Маскүнемдік-үлкен қасірет. Адам ағзаның бауырын зақымдап, бірден миға әсер етеді. Адам баласы өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Қиялы туындатқан әлемде өмір сүре бастайды.

  1. Темекінің зияны?

Темекі жапырағында никотин уы бар. Ол жүректі, миды, өкпені уландырады. Сондықтан да шылым шекпейтін адамдарға қарағанда шылым шегетіндер көп ауырады. Мәселен, олар бронхит және басқа тыныс жолдары ауруларымен он бес есе жиі ауырады екен. Темекі тарту «жаман ауруға» душар етуі де мүмкін. Өңеш, өкпе, асқазан, бауыр рагы да сол темекі тартатын адамдарға ерекше көп болады. Темекінің тағы бір зияны: ағза ондағы никотин уына дағдыланып алып, онсыз тұра алмайтын күйге ұшырайды. Ондай адам темекі тартуды қатты аңсап, өзін шөлдеп немесе ашығып тұрғандай сезінеді.

  1. Нашаның зияны?

Есірткіні бір рет тұтынған адам одан арыла алмайды. Бір минуттық ләззат үшін барлық өмірінің тас-талқанын шығарады. Ондай зардапқа тап болудың бірден-бір себебі – адамдардың өзінің еріктерін билей алмауы болса, қоршаған ортасының да ықпалы аз емес.

Нашақорлық жайлаған індет білем,

Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем.

Күресуге ғасырдың тағдыры үшін

Оған сен де міндетті, міндетті мен!

Денсаулық сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектеу.

Д – дем алу

Е – еңбектену

Н – нашақорлыққа жоламау

С – салауатты болу

А – алғырлық

У – уайымсыз өмір

Л – лайықты өмір

Ы – ынта

Қ – қозғалыс

 

 

 

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Салауатты сен боласың.

Шымыр болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Спортты көріп ап,

Ұқсайыңшы қалайда.

 

Шынығу — қоршаған орта факторының әсерінен адам ағзасының тұрақтылығын күшейтуге арналған шаралар жиынтығы. Ауа арқылы шынығу – таза ауада, жасыл алаңда болу, тауға шығу, су жағасында серуендеу. Күн сәулесі ваннасын күннің бірінші жартысында сағ.9-11-де қабылдаған жөн. Күн сәулесімен шынығу адам ағзасына оң әсерін тигізеді. Тері күйіп, қоңыр түске ие болады. Ағзаның қорғаныш қасиетін жоғарылатады. Сумен шынығу әсерінен қан тамырының тонусы тез өзгереді.

 

Қорытынды:

Шынықсаң шымыр боласың!

Дені саудың – жаны сау!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.