Без рубрики

Ата-анаң –алтын тұғырың

Қ.И.Сәтбаев атындағы № 216 орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі Қалыбай Әсем

Мақсаты:
-«Ата-ана»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті: -ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;
-ата-ананы қадірлеу,ардақтау,ата-ананың үмітін ақтауға баулу;
-махаббатқа,мейрімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Ана туралы жыр

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Әні: Ш. Қалдаяқовтікі:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған

Қ/сы

 

Әңгімелесу.

Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?

Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласың ба?

Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?

 

Мәтінмен жұмыс

Ғ.Мүсірепов

Ақлима

 

Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізді?

Өзгенің баласын өзіндікіндей сүю кез келген ананың қолынан келе ме? Неліктен?

 

Дәйексөз

 

Әке-асқар тау,

Ана-ағып жатқан бұлақ,

Бала-жағадағы құрақ.

Халық нақылы

 

Дәптермен жұмыс

 

Мақалды жалғастыр.

 

1.Ананаңа ауыр сөз айтпа,

………………………………

2.Атасы тұрып, ұл сөйлегеннен без,

…………………………………………

3.Ата-ананың қадірін білмеген-………………………………………..

 

Шығармашылық жұмыс.

«Ата-анам-берік қорғаным »тақырыбына эссе жазу

 

Жүректен жүрекке

 

Әке туралы жыр Сөзі. М.шахановтікі.

Әні: Н.Тілендиевтікі.

 

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күн ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.