Без рубрики

«Ұстазым- менің жан досым» бәйгесінің нәтижесі

Құрметті Ұстаздар! «Ұстазым- менің жан досым» бәйгесіне қатысушы, пікір білдіруші барлық сайт оқырмандарына алғыс білдіреміз. Алғашқы ұйымдастырылып отырған бәйге болғандықтан, ұйымдастырылуы немесе басқа да жағынан кемшін тұстары болуы мүмкін. Барлық кемшіліктерге түсіністікпен қарап, Республика ұстаздарының төл сайты 45minut.kz және 45minut.kz газетінің бәйге ұйымдастырудағы алғашқы жұмысы деп қабылдаңыздар. Келесі ұйымдастырылатын бәйге, дөңгелек үстел, семинар оқу және т. б іс-шаралар тиісті өз дәрежесінде ұйымдастырылады деп сеніммен айта аламыз.

Алғашқы ұйымдастырылған жұмыс болғандықтан, негізгі жұмыстар бойынша БАҚ өкілі-Тілшілерге тек қана хабарландыру жіберіліп отырды. Белгілі дәрежеде ұйымдастыру шараларын өткізу немесе бәйгеге қатысушылар туралы ұйымдастыру үшін нұсқаулар айтылмады. Дегенмен, кейбір белсенді тілшілеріміз бәйгеге өз еріктерімен атсалысып, араласып, мектепте бәйге туралы хабарландыру айтып көмектесті. Ал, кейбір тілшілеріміз бәйгенің болғанын білмей де қалды. Бұл жағдайлардың орын алуы болашақта жақсы нәтижелерге жеткізеді деп айта аламыз. 

Бәйгеге шығармалар 2012 жылдың 21 қыркүйегінен 20 қазанға дейін қабылданды. Жалпы бәйгеге 250-ден астам шығарма өтініш білдірді. Бәйге шартына сәйкес қатысуға жіберілгені — 92 шығарма. Шығармалар барлық тақырыптар бойынша жиналды. Шығармалардың барлығының дәрежесі өте жоғары және негізгі тақырыпты толықтай қамтыған.

Бәйге қорытындысын шығару үшін «БАҚ өкілі-Тілшілер» тарапынан кейбір тілшілерге бәйгедегі шығармаларды 5-тік бағам негізінде бағалау ұсынылды. Әрбір шығармаға тілшілер тарапынан бағалар қойылды. Қойылған бағалар есептеліп болған соң бәйге қорытындысы жарияланады.

Бәйгеге сарапшы болу үшін тілшілер еркін түрде таңдап алынды және тілшінің өз тарапынан қатысқан шығармасы бағамдауда қатыстырылмады. Тілшілердің ұсыныстары бойынша сараптама жасаған тілшілер жасырын қалуды жөн деп қабылдады. 

Бәйгенің негізгі шартының бірі қатысушылар сайтқа тіркеліп, шығармаларды өздері жариялауға жіберуі керек болатын. Бәйге шартына сәйкес қатысуға жіберілген 92 шығармадан өзгесі электронды поштаға тікелей келген шығармалар болатын. Сайтпен жұмыс істеуді үйрету үшін осы шарт негізгі болып қабылданғандықтан, электронды поштаға тікелей келгендері қатыстырылмады.

Бәйгенің тағы бір шартының бірі — ұйымдастырушы туралы вирустық жарнаманың шығармада болуы. Вирустық жарнама деп аты айтылып тұрғандай шығарма барысында ұйымдастырушы туралы еркін ақпарат болғаны дұрыс деп ұйғардық. Дегенмен, бәйге материалдарын сараптау барысында бұл талапты қосымша талап ретінде қабылдадық.

Жалпы бәйге шығармалары негізінде Үздік шығармалар деп электронды топтама шығарылады, ол үшін 22 шығарма таңдап алынды. Қалған қатысқан шығармалар Бәйге шығармалары атты электронды топтамада жарияланады. Шығарылған топтамалар Республика көлемінде кеңінен таратылып, газетте жарияланып отырады.

Бәйге қорытындысы бойынша жүлделік орындарға ие болған шығармаларға арнайы сертификат тапсырылады және "Республикалық 45minut.kz газетіне" 2013 жылға 12 айға тегін жаздырылады.

Редакция жоспары бойынша алдағы уақытта Білім министрлігі бөлімдерімен, облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдерімен, "БАҚ өкілі Тілшілермен" бірлесіп жаңа бір бағытта бәйге-конкурс ұйымдастырамыз

.Бәйге қорытындысы.

Бас жүлде: Жаңабергенова Айгүл Төреханқызы. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

1 орын: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Сарысай орта мектебінің мұғалімі Конысбаева Гулдана Нуртазаевна

2 орын: ВКО. село Урджар. КГУ «Крупская средняя школа-сад» Аскарбаева Толеу Оразгалиевна. Учитель нач. классов
2 орын: Ақтөбе қаласы. Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоганакова Рабига Сулейменовна

3 орын: Атырау қаласы, Абай атындағы №15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты мұғалімі Избамбетова Гүлнар Наженқызы
3 орын: Қызылорда облысы. Арал ауданы. № 220 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
3 орын: Надирова Фарида Кенжебековна. Учитель информатики. ГУ сш №169 им. Н. Илялетдинова. пос. Жанакорган, Кызылординской области

Ынталандыру сыйлығы: Қарағанды облысы. Қарағанды қаласы. №74 ЖББОМ. Шарипова Гульмира Какешовна. бастауыш сыныптар мұғалімі
Ынталандыру сыйлығы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы. Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өтепова Сая Арысжанқызы
Ынталандыру сыйлығы: Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің 113 “Сестралық іс” тобының студенті, “Ақындар” клубының мүшесі  Амандықова Айдана Нұргелдіқызы

Үздік ата-ана: Тусупбекова Жанар Куанышевна. Қарағанды облысы. Осакаровка кентінің №1 ОМ 3 «Б» сыныбының ата-анасы
Үздік Ұстаз (Мақала кейіпкері): Үмбетаева Роза Шайхысламқызы. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі. Мақала авторы:  Жақсыбай Парасат Қайратқызы. 11 сынып оқушысы 
Үздік шәкірт: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің Ж.О.Б.Б. мектебінің 7 “а” сынып оқушысы Бөгембай Анеля
 
21.09.2012 ж — 20.10.2012 ж аралығында Республикалық 45minut.kz басылымы, Ұстаздардың төл мерекесі құрметіне "Ұстазым менің жан досым" тақырыбында шығармашылық мақалалар бәйгесін жариялады. Бәйгеде үздік деп танылған үздік шығармалар жинағы топтама ретінде баспадан шықты.

Үздік шығармалар жинағы топтамасы:  http://snack.to/fzplrl8j

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.