Без рубрики

Байқоныр қаласы М. Әуезов  атындағы

№6  жалпы  білім беретін  орта  мектептің

  бастауыш  сынып  мұғалімі  Скакова  Мөлдір

Сабақтың тақырыбы: Бәйшешек

Мақсаты:   

 1 Білімділік: Кім? Кімдер? Не? Нелер?сұрақтарына жауап беретін сөздерді

сөйлем ішінен тауып, сұрақ қоюға үйрету.

2. Дамытушылық: тапсырмаларды орындау арқылы есте                                                                                                     сақтау және сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Сауатты көркем жазуға баулу.

3. Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген  сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың типі: Оқушылардың білім, іслерлік  дағдыларын бекіту.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі:  сюжетті суреттер, плакат, оқулық.

Сабақтың әдістері:    Үлестірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап,                             ізденушілік.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану,музыка.

Сабақтың кезеңі:

Барысы:

               I.Ұйымдастыру

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз.

-Балалар, бүгінгі сабаққа деген көніл-күйіміз кандай?

-Тамаша

              II.Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

-Ара адамды неге шағады? түсінігін айту.

250-жаттытуды дәптерге орындап келу.

-3 оқушыға дәптерінен оқыту.

-1 оқушыдан түсінігін сұрау.

 

 

III.Үй тапсырмасын пысықтау.

Диалог-грек сөзі.Екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог деп атаймыз.Диалогта әр кісінің сөзі жаңа жолдан басталып,алдына сызықша қойылады.

Автор:

-Бал жинап жүрген Араның көзі қалтарыста қызарған Қызанаққа түседі.Жапыраққа жасырынған Қызанаққа қорыққанынан дір-дір етеді.

Ара аң-таң.

-Кімнен қорқады?Неге жапыраққа жасырынады?

Жақындап келіп, жайлап қана Қызанақтың хал-жағдайын сұрай бастайды.

Ара:

-Айтшы, Қызанақ, саған не болған, жапырақты жамылып кімнен жасырынып тұрсың?

Қызанақ:

-Мен,бе? Мен,- деп Қызанақтың дауысы әрең шықты.

Қызанақ:

-Адамдардан.

Ара:

-Неге?

Қызынақ:

-Өйткені олар мені жеп қояды.

Автор:

-Тәттіден басқаның дәмін татып көрмеген Ара Қызанақтың әңгімесін естіп, көңілсіз күйге енеді.

Міне,содан бері Ара атаулы адам көрсе шағатын болыпты.

IV.Жаңа материалды оқып,үйрену.

Балалар қазір  жылдың қай мезгілі?

-Көктем

-Көктем дегенде ойымызға не келеді?

-Құстар келеді.

-Талдар бүршік атады.

-Күн жылынады.

-Көктемнің екінші хабаршы  қай құс?

-Қараторғай.

-Ал,Гүлдердің арасында көктемнің алғашқы хабаршысы қандай гүл?

-Жауқазын.

-Қызғалдақ.

-Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.экранға назар аударайық.

Қар астында қыстады,

Ақпен бқркін тастады.

(Бәйшешек)

а)Жаңа сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.

-Бәйшешек қызғалдақ туысына жатады, көп жылдық өсімдік. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Бүгінде ғылымға бәйшешектің 80-ге жуық түрі белгілі.

-Техникалық құралмен жұмыс. 14 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында туған. 1957 жылдан бірыңғай шығармашылық қызметпен айналысты. Н.Әлімқұлов балалар әдебиетінің де белді өкілі болды. Ол өз өлең-жырларымен балаларды да үлкен қуанышқа бөлеген ақын. Ол балаларға арнап көптеген өлең-жыр, ертегі жазып қалдырды.

-үтаспадан өлеңді тыңдату. Слайд.

-Ойға шабуыл.

Өлеңде не туралы айтылған, көз алдарыңа не елестеді?

-оқулықпен жұмыс.

-Мәнерлеп оқу

  • іштей оқу
  • тізбектей оқу

  • хормен оқу

— дәптермен жұмыс: күн реті, тақырыбы, авторы.

Сергіту сәті:

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық.

Жаттығу орындату.

Өлеңнің екінші шумағын  көшіріп жазу.

254-жаттығу (ауызша)

Ребус шешу. Қызғалдақ

-Қызғалдақ сөзіне қандай сұрақ қойылады?

-Не?

-Қызғалдақ сөзінде неше буын бар?

-үш

Топтық жұмыс.

I – топ — Венн диаграмасы.

II – топ — Өз орныңды тап.

III – топ – Өз үйшігіңді тап.

                 V.Жаңа сабақты пысықтау.

«Гүл терейік» ойынын ойнайық.

Мақсаты: Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендеріп байқау.

Шарты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

  1. Бәйшешек туралы не білдіңдер?
  • Бас әріппен жазылатын сөздерді ата.

  • Заттық қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • 5.Құстарға қандай қамқорлық керек?

    Сергіту сәті.

    VI.Жаңа сабақты қорытындылау.

    Сюжетті суреттер арқылы сабақты қортындылау.

                       VII.Үй тапсырмасын хабарлау.

    Н.Әлімқұловтың  бәйшешек өлеңін жаттау.

    253-жаттығу дәптерге орындау.

                         VIII. Оқушылардың білімдерін бағалау.

    Балалардың еңбегін бағалап,жақсы жауап берген балаларды мадақтау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.