Филология

Байқоңыр  қаласы  Ю. А. Гагарин  атындағы  №8  жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің І санатты  мұғалімі  Бекпанова  Бағила  Тұрсынбекқызы

 

     Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы.Буын  үндестігі

     Сабақтың мақсаты:

      а)білімділік:             оқушыларға үндестік заңы,  буын  үндестігі    туралы

түсінік  беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша

тапсырмалар арқылы бекіту, фонетика  жайындағы,

тіл  дыбыстары  және  олардың  түрлері  туралы және

үндестік  заңы туралы  ұғымдарын  кеңейту.

      ә)тәрбиелік:            оқушыларды адамгершілікке ,еңбекті дәріптеуге, ана

тілді    құрметтеуге тәрбиелеу.

     б)дамытушылық:  ойлау  қабілеттерін   дамыту,  талдау  дағдыларын

арттыру.

     Сабақтың типі:      жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:      дәстүрлі

     Сабақтың әдісі:      түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу,.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар,үлестірмелер.

     Тех.құрал-жабдық: интербелсенді тақта

     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

     Сабақтың барысы:

I  Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II Үй тапсырмасын тексеру.

1Тасымал   туралы  түсінік.

  1. 313 –жаттығу

Тақтамен жұмыс 

1.Тасымалдауға  болмайтын  сөзді  және  буынды  тап.

Ата – ана, жасырынбақ,  ат,  шебер,  бет,  талап,  көктем,  көк,  жаз,  ай,  жұлдыз,  мол,  айқын.

 

  1. Төмендегі  сөздерге  фонетикалық  талдау  жаса

Жұлдыз,  Ұлдай.

II Үй тапсырмасын қорыту.«Зымыран» сұрақтар арқылы қорыту

 

V. Жаңа  сабақ. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен   мақсаты туралы хабарлау.  Үндестік  заңы  туралы түсінік беру. 

 

Буын  үндестігін (сингорманизм) түсіндіру.

VІ. Жаңа сабақты бекіту

1.Оқулықпен жұмыс

314- жаттығу (жазбаша)

Жуан  сөздерді  бір бағанға,  жіңішке  сөздерді  екінші бағанға, аралас  сөздерді үшінші бағанға жазыңдар.

Жуан  сөздер

Жіңішке  сөздерАралас  сөздер

 

 

2.«Не артық?» ойыны

Еңбекті, сілеусін, оқушылар, гүл, көктем.

Алатау, Орал, сүйкімді, аналар.

Екібастұз,Гималай, ермексаз, ақжелкен,шәкірт.

 3.Оқулықпен жұмыс

 315–жаттығу(ауызша)

Кірме  сөздерге  қосымшалар  жалғануындағы  үндестік  заңының  ерекшелігін  айту.

4.Шығармашылық жұмыс                                                                                                 1-топтың тапсырмасы  «Ана» тақырыбына  ойтолғау

2-топтың тапсырмасы    Берілген мәтінді оқып шығып,жуан сөздерді бір бөлек,жіңішке сөздерді бір бөлек көшір.

3-топтың тапсырмасы   Көп нүктенің  орнын  тиісті қосымшаларды қойып,жұмбақтың шешеуін тап.

Білімнің дәнін тереді

Балаға тәлім береді.

 

Сағат сайын қағылады

Тек мектептен табылады.

 

Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран.

 

Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады.

 

Бір санға  өсірді,

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді.

VІ   Жаңа  сабақты  қорыту

«Ашық сабақта»

Тірек сөздер(дауысты  дыбыс,буын,бірыңғай жуан,бірыңғай жіңішке,буын үндестігі)арқылы қорыту

1.Оқушылардың білімін бағалау

2.Үйге  тапсырма:

1.Үндестік  заңы,  буын  үндестігі   туралы  түсінік

316– жаттығу.Мәтіндегі  көп  нүктенің орнына тиісті  дыбыстарды қойып,  көшіріп  жазыңдар

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.