Филология

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы,  А.Жанпейісов атындағы

 №105 орта  мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева  Жұлдызай Утегенқызы

Тақырыбы :   «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Мақсаты :

  • Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту
  • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру;
  • Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.

Сабақтың көрнекілігі :   нақыл сөздер , ақан – жазушылардың портреті.

Ұлағатты сөздер :

  1. 1.     «Ана  тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек » .   Ғабит  Мүсірепов.
  2. 2.     «Тілді меңгеру үшін оған өзіннің жүрегіңді ашуың керек » . Нұрсұлтан Назарбаев

Барысы :

І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ.  Қорытынды .  Оқушыларды марапаттау.

І . Кіріспе сөз.

                  Армысыздар , құрметті қонақтар  мен тіл жанашырлары.  «Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте » атты сайысымызға қош келіпсіздер . «Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі ,  түрік  тілінің ішіндегі гауһары  — қазақ тілі » . 

Ана  тілім – арым , нәрім ,  қуатым,

Сенсің менің жан сырымды ұғатын.

Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,

Шағың келді биіктерге шығатын

Сайысымыз УІІ турдан тұрады : 

І. Сәлемдесу.   (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)

ІІ. «Сөз  қаруы  — ой » .Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде )

ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы .

ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ  сайысы . (шешуін үш тілде айту)

У. «Сен білесің бе ? » Әр ұлт өкілдерінің  ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.

УІ. «Кім  біледі  ? »  Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің  әртістерін , әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін  көрсету.

УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.

 

І  тур   «Сәлемдесу ».

Адам өміріндегі барлық  жақсылық атаулыға  сәлемдесу  арқау  болып жатады.  Бірін – бірі көріп  білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы  сәлемдесуден өрбиді. Имандылық  шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен.  (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)

 

1 топ   ———————2 топ ———————3 топ ———————4 топ ———————

ІІ тур  .   «Сөз  қаруы  — ой » .

Орыс тілін түсінемін , білемін,

Шет тілін де жаттап оқып жүремін.

Ата – бабам қастерлеген жанындай ,

Ана  тілім – менің нағыз жүрегім.

 

«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті »   орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее »  Оқушылар  сурет бойынша әңгіме құрастырады ,  сайыстың шарты бойынша орыс тілінде. 

ІІІ  тур  .    «Қанат қақты». Капитандар сайысы . Мақалдың жалғасын тап.

1. Тіл тас  жарады ,

    (Тас жармаса бас жарады)

2. Тіземнен  сүріндірсең сүріндір,

    Тілімнен сүріндірме .

3. Піл көтергенді   тіл көтереді.

4. Ат жүйрігі қасқа ,

    Тіл жүйрігі басқа .

 5. Бас кеспек болса да ,

    Тіл кеспек  жоқ.

 6.  Шебердің қолы  ортақ,

Шешеннің тілі ортақ

7.  Бас ойлағанда тіл тыныстайды.

8.  Қырғи тіл – қиыр қылыш

9.  Икемді тіл  инеден өткір.

10  Құлақ екеу, тіл жалғыз,

11.Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз

Қос тіл – қос қанатың

 

Қазақ тілім — өз тілім , ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым , бақытым дара тілім.

 

ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ  сайысы . (шешуін үш тілде айту)

                                                

У. «Сен білесің бе ? » Әр ұлт өкілдерінің  ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.

 

Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз  отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері  бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Біз қандас болмасақ та жандаспыз.

УІ тур .    «Кім  біледі  ? »  Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің  әртістерін , әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін  көрсету , оқушалар олардың кім екенін анықтау керек.

                                                Тілім  тірі , тірі дербес күн кешпек,

Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!

Тілсіз  тыныс  ала алмайды мемлекет,

Бас кессе де , жоқ  емес пе тіл кеспек .

 

УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.

Ә,   А ,  Ж ,   Р,  С ,   Т ,   Б ,  М ,   Д ,  О ,  Л , К .

1. Қай қалада тұрасың ?

2. Сенің сүйікті әншің?

3. Қандай тағамды ұнатасың?

4. Сыныптағы досынды ата ?

5. Жасын нешеде ?

6. Сынып мұғалімінің аты ?

7. Сен озат оқушысың ба ?

8. Математика пәні саған ұнайма ?

9. қандай мамандықты қалайсың ?

10. Кімге ұқсағын келеді ?

11. Сүйіп оқитын кітабың ?

12. Жазғы демалысты қалай өткіздің ?

13. Қазақстаннның астанасы ?

14. Парта неден жасалады ?

15. Қардың түсі ?

16. Сүйікті  тағамын ?

17. Қандай гүлді ұнатасың ?

18. Мектепке немен келесің ?

19. Күзде ауа райы қандай ?

20. Сыныптағы ең сұлу қыз ?

21. Алматы қандай қала ?

22. Қыс айы немен  ұнамсыз ?

24. Сен қандай оқушысың ?

Ана тілім  күн  нұры – шуақтайсың ,

Мөлдір таза шын кәусар – бұлақтайсың.

Өнер , білім ғылымда сәуле шашқан,

Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың.

ҚОРЫТЫНДЫ .

 Қорытынды  шығару үшін  сөз кезегін қазыларға береміз.

 Жеңімпаздар  марапатталады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.