Филология

« Кім білгір ? »

Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы,  А.Жанпейісов атындағы

 №105 орта  мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева  Жұлдызай Утегенқызы

«Сен де бір кірпіш дуниеге

Кетігін  тап та бар , қалан »

                                                            Абай

« Кім білгір ? »

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау , қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар қазақ тілі мен әдебиет  пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

 Көрнекілігі :        Сахнада түрлі – түсті шарлар .

                            Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта

 

Ұлағатты сөздер :

  1. Білімді адам тілін билей алады . (Құтып)
  2. Ақылды орнымен сөйлер де , жауабын  күтер . (С. Сарай )

  3. Білімдіден не пайда , білгенін  көпке айтпаса ,

Үйреткеннен не пайда , қайырымы қайтпаса .   (А. Байтұрсынұлы )

Барысы :

І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ.  Қорытынды .  Оқушыларды марапаттау.

 

І . Кіріспе сөз

Білім – теңіз , мектеп кеме жүзіп келем,

Дүниенің төрт бұрышын сүзіп келем.

Шалқытып , шарыптатып , асқақтатып

Ой тербелей , тоқтамас алып кемем.

    Құрметті  ұстаздар !

Қадірлі егеменді елдің жастары !

6 «А,Б» сынып оқушылары арасында өткелі отырған сайысына қош келіпсіздер .

Сайыс V бөлімнен тұрды .

  1. Таныстыру (әр топтың    аты , ұраны  және төл белгілері болу керек )
  2. Ойлан ,тап! (Әдебиет пәні бойынша)

  3. Сен білесің бе ? (Қазақ  тілі пәні бойынша)

  4. Кім жылдам ?

  5. Қолқа салу  (өнер сайысы)

Елімнің болашығы зор деп білем

Сол үшін қайрат етер ерлер кілең

2030 менің болашағым

Жақындып жаңа өмір , саған кірем   — дегендей болашақ сендердің қолдарында.

Топқа бөлу.

Қазылар алқасымен таныстыру .

І тур .

І топ  — «Арман »

ІІ топ  — «Жас қыран »

ІІІ топ  — «Жасұлан»

ІУ топ – «Болашақ »

 

ІІ тур. «Ойлан, тап !»  (Әдебиет пәні бойыншы )

5 – 6 сынып бойынша өткен шығармалардағы кейіпкердің  атын атаймын, оқушылар сол шығарманың авторы мен  шығарманың тақырыбын  дұрыс  табу керек.

  1. Жаман мен 40 уәзір (Аяз би ертегісі )
  • Барлас ақын , Ұлжан , жас Абай  (Мұхтар Әуезов, «Ақын қонақтар »)

  • Кенжекей («Ер Төстік» ертегісі  )

  • Мергенбай батыр , Тасқара бай (Керқұла атты Кендебай)

  • 5.Шеген, Қайрош, Бораш (Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»

    Қайрат Сарталиев Ұлы Отан соғысына қатысқан «Қазақ солдаты»)

    1. Тоқтарбай  («Қобылынды батыр » жыры ) Тайбурыл, Құртқа
  • Құлтай , Ұлтан («Алпамыс батыр » жыры ) Гүлбаршын,Шұбар ат.

  • Жетім бала Ақтан («О, Ақтан жас , Ақтан жас » Дулат Байбатайұлы )

  •  

    ІІІ тур  «Сен білесің бе ? »

     

    Лексика

    1. Омоним дегеніміз не ?
    2. Мына сөйлемнен синоним болатын сөзді тап ? Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды .
    3. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не ? мысал келтір ? Ойды сыпайы, әдепті , жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер эвфемизм дейміз .  Адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі , әдепсіз сөздер дисфемизм деп аталады.

     

    Фонетика

    1. Фонетика дегеніміз не ?  (Тіл білімінің  дыбыстық жағын зерттейтін сала )
    2. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін қанша әріп бар ?  (9 — ә,і,ғ,қ,ұ,ү,ө,һ.ң)
    3. Буын дегеніміз не ? Түрлерін ата ? Мысал келтір ?  (Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек . Ашық, тұйық, бітеу. Қала,ат,қант)

    Сөзжасам

    1. Түбір дегеніміз не  ? Қосымшаның түрлерін ата ? (Сөздің мағына беретін , бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі . Жұрнақ, жалғау)
    2. Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді ? Мысал келтір ?  (Дара және күрделі . Бір ғана сөзден тұратын негізгі және туынды түбір . Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөз . Мысалы :әке, даналық, әкелі – балалы )
    3. Қос сөз дегеніміз не ? Түрлерін ата ? Мысал келтір ? (қайталама , қосарлама )

     

    Морфология

    1. Атауыш сөз дегеніміз не ? (Белгілі бір ұғымның атауы болып, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіретін сөздерді атауыш сөздер дейді. )
    2. Одағай не сабепті оқшай сөз болып табылады ? (ешқандай мағына жоқ, адамның көңіл күйін білдіреді, сөйлем мүшесі бола алмайды )
    3. Сөз таптары дегеніміз не ? Оларды ата? Мысал келтір ?

    (Сөздердің білдіретін мағынасына , тұлғасына , сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз )

     

     

    ІУ тур «Кім жылдам »

    Берілген  әріптерден сөздер құрастыру.

    А,Т,П,С,У,Е,Н,Ж,С,І,Л,Р.

     

    У тур    Әр топ өз өнерлерін ортаға паш етеді.

     

    Білімділіктің ең басты факторы туған т ілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.   (Г. Гегель )

     

    ҚОРЫТЫНДЫ .

    Қорытынды  шығару үшін  сөз кезегін қазыларға береміз.

    Жеңімпаздар  марапатталады.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.