Без рубрики

«Нәтижеге бағытталған білім-тұлғаның руханилығын байытудың негізі»

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі  Төреханова Жанна

 Тақырыбы: «Нәтижеге бағытталған білім-тұлғаның руханилығын байытудың негізі»

 

 

Жоспары:

 

І.Кіріспе

 

ІІ.Негізгі бөлім

 

1.Биология сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

 

2.Оқушыларға  оқылатын табиғат құбылыстарын  толық және  дәл ақпаратты  бере отырып,  оқу сапасын арттыру .

 

ІІІ.Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кіріспе

XXI  ғасырдың жан-жақты зерделі,дарынды,талантты,адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі  мемлекетіміздің назарында.Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену,білім беруді одан әрі жаңашылдандыру,оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап,білімге,бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің  тиімді жолдарын қарастыру,таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.Қай кезеңде,қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек,дүниежүзілік  даму деңгейінен  кем түспейтін,иық  тірестіре алатын,алған білім  мен тәрбиелік  қазынасын туған  еліне адамзат иілігіне  жұмсай алатын қазақтың ой  танымының иесі,саналы  азаматты  жетілдіруге  үлес қосатын  қазақ  әдебиетін  оқыту  процесі болса,оны ұйымдастырушы мұғалімге  өте үлкен  жауапты  міндет жүктейді.

Сондықтан қазіргі таңдағы  халықтық  педагогиканың  жаңалықтарын,қазіргі  қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай-қолдана білу-оқыту максатына жетудің бірден-бір жолы.Ұзақ  жылғы тәжірбиемде оқыту барысында алға қойған  мақсатым-баланы субьект ретінде  оқу  ісіне өзінше  қызықтыратын,оған қабілетін  арттыратын жағдай  туғызу.Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушылардың  оқудағы  іс-әрекеті арқылы ойлау  дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу  процесінде  бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі  арқылы (іс-әрекет арқылы) жүзеге  асады.Мұғалім-ұйымдастырушы,бағыт беруші,жол сілтеуші.

Тұлға-адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті.Адам тәрбие негізінде жетіліп,қалыптасады.Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі белгілі,ал оны жүргізу педагогикалық-психологиялық тұрғыдан шеберлікке байланысты.Бала тәрбиесі білім арқылы жетіледі.Әр баланың өзіне тән мінез-құлқы,психологиялық ерекшелігі бар.

 

Сөйтіп,нәтижеге бағдарланған білімді пәндік компетенция  тұрғысынан  қарастыратын  болсақ,жалпы  білім беретін қазақ орта  мектептерінде «Биология» пәні адамның ішкі сезімдері арқылы  оның ойлау,пайымдау, тұжырымдау,тыңдау,түсіну,пікірлесу сияқты коммунакативтік  қатынастарды  жинақтаған  білімдері  негізінде  өмірлік қажеттілігіне  айналдыра  білуді  нысана  етеді.Әдеби білім алу  арқылы оқушы  әдебиетті пән  ретінде  игеріп қоймайды,ол сол пәндік  білім негізінде болмысты танып біледі,одан ақпараттық мағлұматтар алады және эмоционалды құндылықтар болып табылатын адами  қасиеттерді  бойына сіңіре отырып,мәдениетті,салауатты қарым-қатынасқа  түседі,ал бұл түптеп келгенде оларды  әдебиеттің  коммуникативтік  бағытына әкеледі.

Биология  пәнінен оқыту барысында білім жүйесі  негізінде  төмендегідей  мақсат қоямын:

1.Оқы,түсін,түсіндір,болжай біл.Қолдан,талда,салыстыр,жинақта.

2.Бағала (пайымда),өзіңе-өзің және  өзгеге де сын көзбен қара,іс-әрекетіңе талдау жаса.

Әр уақытта  оқушыларға  төмендегі сұрақтар басты  назарда болу керектігін ұсынамын:

 

 

1.Не? Қалай? Қандай? Әдебиет жүйесіндегі орны? Не үшін қажет?

2.Күнделікті өмірде пайдалана аламыз ба?Күнделікті өмірде пайдасы бар

ма?

Міне,осы айтылғандарды  назарда ұстағанда мұғаліммен оқушы іс-әрекеті айқындалады.

 

Мұғалім іс-әрекеті                         Оқушы іс-әрекеті
Білімді алуға жетелейтін әдіс-тәсілдерді (технолнгияларды) пайдалану.Өздігінен білім алу жолдарын ойластыру.

Әдіс-тәсілдерді ұтымды  қолдану.

Оқушы еңбегін құрметтеу.

Оқушы пікірімен санасу.

Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Қадағалау,бағалау.

 

Сұрақтар қойып,оған жауап іздеу.

Өздігінен білім алуға жауапкершіліпен  ұмтылу.

Білім алу дағдысын өз бетінше қолдана білу.

Бірлесіп жұмыс істеу,өзін-өзі  және  басқаларды құрметтеу.

Сөзге тоқтау.

Қиындықты өзі шеше алу.

Өзін-өзі және өзгелерді бағалай білу.

Бұл әдіс оқушылардың  теориялық білімді аз уақытта меңгеріп,өз бетінше ізденуіне жол ашады,танымдық,шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын,мазмұнын,әдістерін жаңа деңгейге  көтеруге  мүмкіндігім келгенше  тырысамын.Еліміздің ертеңгі өрімтал ұрпағын өз ұлтын,тілін,ділін сүю ата-баба рухын,салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету  ұстаздар алдындағы басты міндет.Өзім сабақ  беретін сыныптарда халық педагогикасының озық идеяларын пайдаланып,іске асыруды күн  тәртібіне  қойдым.Осы орайда 7-сыныпта жаңа тақырып  өткенде  бағдарламамен шектеліп қалмай,сыныптан тыс оқуға  көп көңіл  бөлемін және олардың  қалай орындағанын,қандай нәтижеге жеткендігін қадағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы :§35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

Мақсаты: 1. Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып,көптеген

құбылыстарды мысалға ала отырып,ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру

  1. Пәнге қызығушылығын белсенділігін,ойлау қабілетін,әр түрлі білім

көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту

  1. Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға,тазалығын сақтауға

тәрбиелеу.Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды

бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.

 

Көрнекілігі :Интерактивті тақта,түсіндірмелі сұрақтар

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:Сұрақ –жауап ,түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Рефлексия.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)

Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?

Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

 «Кім тапқыр?»

1.Қысым дегеніміз не?

2.Атмосфералық қысым дегеніміз не?

3.Бәтеңкемен шаңғының қысымы қалай өзгереді?

4.Инемен матаны оңай тесеміз,ал ал қаламсаппен тесу қиындыққа түсіреді?Себебі….

5.Қысымды қандай құрал мен өлшейді?

6.Атмосфералық қысымды қай ғалым өлшеген?

7.И.Ньютон кім болған?ол қандай еңбегі бар?

8.Тартылыс күш дегеніміз не?

9.Диффузия латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

10.Күш дегеніміз не?

 

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау

Сонымен оқушылар біз өткен  сабақта Қысым тақырыбын өткен болатынбыз,яғни біз қысым туралы көптеген мысалдар келтірдік,атмосфералық қысымға байланысты.

 

ІҮ.Жаңа сабақ түсіндіру

Оқушылар бізді қоршаған орта табиғи сан алуан өзгерістер   болып жатады.Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз.Татиғи құбылыстарға Физикалық,биологиялық,метерологиялық және тағы басқа құбылыстарға бөлінеді.

Күнделікті өмірде көптеген ұдайы физикалық құбылыстардың болып жатқандығын байқаймыз және сезінеміз.Адамдар жылу бөліну,жарық шығару,электрлік және магниттік құбылыстармен қатар өмір сүруде.Күннің және жұлдыздардың сәуле шашуы –жылу бөлу құбылысына жатады.Кейбір жануарлардың түнде жарық шығаруы-жарық шығару құбылысына мысал бола алады.

Дыбыстың құбылыстарға-құстардың сайрауы,жапырақтың сылдыры,аңдардың ырылдауы,күннің күркіреуі және т.б жатады.Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты.Ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер,құстардың ән салмауы,адамның бір-бірімен сөйлеспеуі және т.б.

Электр тогы болмаса теледидарды көре,шайнекті қыздыра алмас едік,бұл процесті электро-магниттік құбылыс дейміз.

Мұнай,табиғи газ,көмір және өздерің қолданып жүрген бор-химиялық құбылыстың нәтижесінде пайда болады.Олар бір заттың екінші затқа түрленуінен болады.

Тірі организмдердің өсуі,көбеюі және таралуы-биологиялық құбылыстарға жатады.

Жауын-шашынның  түсуі,желдің бағыты,жылдамдығы,температураның  және ауа қысымының өзгеруі-метерологиялық құбылыстарға жатады.

Таиғаттағы барлық құбылыстар бір-бірімен байланысқа түседі.Нөсер жаңбырдан кейін қайтадан күн шығып,кемпірқосақты көруге болады.Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарлар түнде ұйқыға кетсе,оның орнына түнде өмір сүретін жануарлар тіршілігін жалғастырады.Пайдаланғаннан кейінгі газдар,шаң-тозаңдар жаңбыр тамшыларымен араласып бұлтқа айналады да-қышқыл жаңбырлар пайда болады.Бұлар химиялық-метерологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болады.

Оқушыларға табиғи құбылыстармен таныстыңдар енді сендер қазір 3 минут уақыт беріледі.Осы уақыт аралығында табиғи құбылыстарға байланысты эссе жазу керек.

 

Ү.Жаңа сабақты пысықтау

«Ойнайық -ойланайық» ойыны

1.Мысықтың даусын салып,бұл қандай құбылыс екенін анықта

2.Ағаштар көктемде бүршіктейді?бұл қандай құбылысқа жатады?

3.Бүгін күн суық,шамамен -38 -39 ° шамасы,бұл құбылыс қандай?

4.Менің әкем мұнай өңдеу саласында жұмыс істейді.Бұл қандай құбылыс?

5.Мен теледидардан жаңа 2011 ж Қазақстанда болатын олимпиаданы көруге асығыспын.Бұл қандай құбылыс?

 

 

 

 

Графикалық диктант

Сұрақтың жауаптары         жоқ;         иә;          белгілерімен белгіленеді.

 

      1)  Табиғаттағы барлық болатын процестерді құбылыс деп атаймыз

 

2)    Жаңбырдың жауғаны,қардың еруі,күннің күркіреуі биологиялық құбылыс

 

3) Құстардың сайрауы,адамдардың бір-бірімен сөйлесуі дыбыстық құбылысқа 

    жатады

 

4)Электр тогы болмаса,теледидарды көре алмас едік,бұл жарық шығару 

    құбылысы

 

5)Тірі организмдердің өсуі,көбеюі биологиялық құбылысқа жатады

 

 

Сұрақтар 1 2 3 4 5
Жауаптар          

 

 

“Сәйкестендіру  тесті”

 

Сөз Мәні Жауабы
1 Химиялық Дыбыстың құбылыстарға-құстардың сайрауы,жапырақтың сылдыры,аңдардың ырылдауы,күннің күркіреуі 1 (         )
2 Биологиялық Электр тогы болмаса теледидарды көре,шайнекті қыздыра алмас едік,бұл процесті 2 (         )
3 Электро-магнитті Мұнай,табиғи газ,көмір және өздерің қолданып жүрген бор 3 (         )
4 Дыбыстық Тірі организмдердің өсуі,көбеюі және таралуы 4 (         )

 

 

ҮІ.Қорытындылау

 

“Эссе жазу”

 

Оқушыларға табиғи құбылыстармен таныстыңдар енді сендер қазір 3 минут уақыт беріледі.Осы уақыт аралығында табиғи құбылыстарға байланысты эссе жазу керек.

1.Метерологиялық

2.Химиялық

3.Биологиялық

4.Жылу бөлу

5.Дыбыс шығару

6.Жарық шығару

 

Фильфорд ойыны

 

 

 

Қ Ұ Б Б И О Л О Г
Х Қ Ы Д Ы Б А Р И
И Ы Л Е К Ы Ж Ы Я
М Л Ы Л Т С Қ Қ Л
И Я С Э Р Т Ы Қ Ы

 

 

1.Табиғаттағы болатын барлық процестерді не деп атаймыз?

2.Мұнай, газ, көмір бұл қандай құбылыс?

3.Тірі организнің өсіп өнуі….

4.Құстардың сайрауы,аңдардың ырылдауы…

5.Теледидарды көру,радио жаңалықтарын тыңдау…

6.Жануарлардың жарық шығаруы…

ҮІІ.Бағалау Балаларды бағалау. Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын

«5» – апельсин – тәтті

«4» – алма – қышқыл

«3» – лимон – ащы

 

 

 

ҮІІІ.Үйге тапсырма:§35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

 

 

ІІ.Негізгі бөлім

1.Биология сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады.Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.

Оқушылардың биологиялықлық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту биологиядағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.

Тақырыпты тандау мәселем:

  • оқушылардың биология пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің төмендеуі.
  • ойын технологиясын оқу процесінде жүйелі қолданбаудан оқушы құзыреттілігі айқындалмайды, жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан қарама-қайшылықтар туындайды.

  • биология сағаттарының қысқаруы

Мақсатым: Биология сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттерім:

-биология сабақтарында ойын элементтерімен танысу;

-биология бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;

-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;

-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;

-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;

-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.

 Егер биология сабағында

  • ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
  • уақытты тиімді пайдаланса;

  • тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,

  • онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады

     

    Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

    1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
  • Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық

  • Репродуктивті, продуктивті , шығармашылық

  • Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т.б

  • Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.

    Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.

    Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.

    Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:

    -өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту

    -жағымды ойлай білу ептілігі

    -өзара әрекет етуді ұйымдастыру

    • шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру

    Ойын технологиясының оқытудың сатылары:

    1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу
  • Баяндалған дайын обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу

  • Топ жобаларын бағалау:ұсынылған жобаларды талқыға салу

  • Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.[6]

  •  

    Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.

    Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.[9]

    Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–биологиялық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын. Меңің ойымша, биологиялық ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын.

    Биология сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.

    Мысалы: «Көрші-көрші» ойыны кітаппен жұмыс. Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған жұмыстарымен бір-бірімен алмасып көрсетіп, бір бірін бағалайды.

    Мұндай ойынды әр түрлі тақырыптарда өткізуге болады, өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады.

    Алайда, ойын арқылы тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Оқушыныңның қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі оқушыныңның психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі оқушының жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді.

    Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын:              -биологиялық эстафеталар,

    -викториналар,

    -кроссвордтар,

    • ребустар,

    -жұмбақтар.

     

     Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері:

    1. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді.
  • Ойын ерікті түрде құрылады.

  • Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.

  • Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады.

  • Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі

  • Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам» деген екен.

    Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына биология сабағында ойын – тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемім.

     

    2. Оқушыларға  оқылатын табиғат құбылыстарын  толық және  дәл ақпаратты  бере отырып,  оқу сапасын арттыру .

     

    1) Оқытудың көркемділігін арттырады,  яғни оқушыларға  қиын да күрделі   материялдарды  көрнекі  түрде  түсіндіруге   қол  жеткізеді.

    Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мемлекеттерін  көтерудің тиімді жолы-білім беру саласын толықтай ақпараттандыру .

     

    Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі  мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең  білгірі  болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси   экономикалық   білімділік   және   ақпараттық   сауаттылық   талап етілуде. Ол заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар, шығармашылықпен жұмыс  істеп, оқу мен  тәрбие  ісіне  еніп,  оқытудың жаңа  технологиясын  шебер  меңгерген   жан  болғанда  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші тұлға  ретінде, ұлағатты саналады.

     

    ХХІ  ғасыр   ақпарат  ғасыры   болғандықтан,  адамзатқа   компьютерлік  сауаттылық   қажет.  Ал  бұл  сауаттылықтың   алғашқы  баспалдағы  мектептен  басталады.  Мектеп   қабырғасынан   теориялық  біліммен   қатар,  практикалық   білімнің  алғы  шарттарын     меңгеруі  тиіс.  Ал,  теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін  компьютердің қажет екені даусыз.

     

    Ақпараттандырудың  негізгі  бағыты   ХХІ   ғасырдың талаптарына сәйкес   қоғамды дамытудың жоғары  тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа   білім стратегиясына көшу болып   саналады.

     

    Осыған  сәйкес  қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне-оның  іргелілігі,  алдын-алу  сипаты  және  осыларға   қол   жеткізу мүмкіндіктері  жатады.

     

    Бұл  өскелең   ұрпақты   ақпараттық   қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа  оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай   жасайды.

     

    Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқыту  үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде  қолдануды  қажет  етеді.

     

    Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне  байланысты  жеке  пән  сабақтарында компьютерлік  техниканың  мүмкіндіктерін  толық  пайдаланып,   оқушыларға  терең  де  тиянақты   білім  беруге  жағдай  жасалды.  Компьютер  арқылы  оқушылар  биология  сабағында  арнайы компьютерлік  бағдарламалар мен электрондық оқулықтар  арқылы  зерттеп, кез-келген тақырыпты оқушылар  өздері  меңгереді.  Бұл оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен,  ізденімпаздықпен  жұмыс  жасауына  көп көмегін тигізеді.

     

    Биология  сабағында   компьютерді   пайдалану   оқу  үрдісінде  мпұғалімі мен  оқушының  оқудың  жеке дара  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына  мүмкіндік  береді.  Биология- оқушылардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыратын және  дамытатын негізгі  буын. Ол оқушылардың  интеллектін, логикалық  ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға,тірі табиғатты,  ағзаларды   толығымен  түсінуге  ықпал  жасайды.

     

    Биология пәнінің  кейбір  тараулары  ойлануды,  талдай  білуді,   салыстыруды  қажет  етеді.  Оған биология  кабинетінің  жағдайы  келе  бермейді.  Айталық,  адам  қаңқасы,  микроскоп,  ұлғайтқыш  әйнек, т.б.  тәжірибе  жасайтын  құралдардың  болмауы.

    Нәтижесінде  оқушыларда оларды  ойша  елестету  және  тақырыпты  түсіну  қиынға  түседі.

     

    Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын.  Оқушылардың  өздігінен  танып-білу   дағдыларын  қалыптастыра  отырып, жаңа  тақырып  бойынша  анықтама,  ережелерді  өздері  құрастырып   тұжырымдай білуіне жетелеймін.  Ол үшін  оқытудың   интерактивті  формаларын  сабақта  қолданамын.

     

     

     

    Олар:

     

    —          Жеке  шығармашылық  тапсырмалар,  жобалар.

     

    —          Блок-схема,  графиктер,  диаграмма,  т.б.

     

    —          Тірек-схема,  көрнекіліктер  және  анықтама  құралдары

     

    —          Ойын арқылы оқыту

     

    —          Сөзжұмбақ,  ребустар

     

    —          Тестілеу.

     

    Сонымен  қатар  « Миллионды кім  ұтады?»   ойынының  компьютерлік нұсқасын  өз  сабақтарымда  пайдаланамын . Оқушылар  бұл  ойын арқылы   өз   білімдерін   шыңдайды.

     

    Сонымен  биология  сабағын  компьютер  көмегімен     оқыту  төмендегі  мәселелерде:

    2)Оқытудың тиімділігін  жоғарылатады   және  оқу материалын түсіндіру  мүмкіндігін арттырады;

     

    3)Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық  көзқарастарын  қаыптастыра отырып, олардың білімге  құштарлығын ,   табиғи сұранысын қанағаттандырады.

     

    4)Мұғалімді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,  үнемдеген уақытта  олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

     

    5)Мұғалім  мен  оқушының  жұмысын  жеңілдетеді.

     

    Интерактивті  тақтаны қолданудың  артықшылығы:

     

    1)Интерактивті  тақтада  өтілген сабақтар оқушыларды  жаңашылдығымен қызықтырады.

     

    Сыныпта мұндай сабақ  үстінде  оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын   шынайы қарым-қатынас  туады,  олар тапсырманы  ынтамен  орындайды,  оқып жатқан  материалға  қызығушылықпен қарайды,  оқушыда компьютер  алдындағы қорқыныш  жоғалады.  Оқушылар  биология  пәні бойынша  оқулықпен, анықтамалық және  басқа  әдебиетпен   жұмыс істеуді  үйренеді.  Оқушыарда  жоғары  нәтиже  көрсетуге, қосымша қиын тапсырма   алып орындауға  қызығушылықтары пайда  болады.

     

     

     

    Интерактивті технологияның   ерекшеліктері:

     

    1)   Бормен тақтаға жазған кескінді   экрандағы түрлі –түсті, айқын,  ұқыпты

     

    кескінмен  салыстыруға болмайды.  Тақта мен бордың  көмегімен  әр

     

    түрлі    қосымшалары бар жұмысты   түсіндіру қиын, әрі мүмкін  емес.

     

    Слайдтарда  кемшіліктер мен  қателер  жіберілсе  , тез арада  түзетуге

     

    болады. Сабақтың  өнімділігі  артады.  Басқа пәндермен   пәнаралық

     

    байланыс  орнайды.

     

    2) Сабақта  көрнекілікті  қолдану   деңгейі артады.

     

    3) Оқу материалын  беру  беру логикасына  көп  көңіл аударады, бұл оқушылардың  білім деңгейіне  оң әсерін  тигізеді

     

     

    Компьютерге  деген  қарым-қатынас өзгереді.

    Биология пәнінен сабақ өту барысында  интерактивті  оқыту технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен ұмытпаймын»,  «Істеген ісіме жауап беремін» әдістерін қолдану  оқушыларды іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге  тәрбиелейді.

    Менің міндетім-сабақта берілген материалдарды  оқушылар толық түсіну үшін, қолайлы жағдай  туғызамын.

     

     

     

    Жақсы білім алу үшін   қажетті  ұстанымдар:

    Оқушы білім алуға дайын ;

    Білім  беруге  түрлі  әдістер мен  тәсілдер қолданамын;

    Қайталау –білімді бекіту үшін  қажетті элемент

    Қаншалықты оқу барысы шынайы  болса,  соғұрлым білім беру  тиімдірек.

     

    Мектеп  емтихандарына  даярлау  кезіндегі   мұғалім үшін де , оқушы үшінде таптырмас  құрал.  Бүгінгі  таңда  мектеп  пәндерін  компьютер  көмегімен  оқыту  нәтижелерін  зерттеудегі  ғылыми  проблемаларды    шешу   ең  басты  орын  алады.  Бұған  себеп  оқыту  процесінде  туындайтын  компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық  жаңа проблемалары әлі толық  шешілмегені .

     

    Әрбір елдің  технологиялық  даму  дәрежесіне  оның экономикалық  қуаты  мен  халқының  тұрмыс  деңгейі  ғана  емес,  сол  елдің  әлемдік   қоғамдастықта  алатын  орны,  басқа  елдермен   экономикалық  және  саяси  ықпалдасу  мүмкіндіктері, сондай-ақ  ұлттық  қауіпсіздік  мәселелерін шешуіне  байланысты.

     

    Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім  кеңестігінен » мемлекетімізге  лайықты орын  алуға білім саласындағы  қызметкерлерге  тиісті жағдай жасауға  айрықша мән берілді. Өйткені  елімізді  көркейтетін де, өркендететін де  біікті,  білімді жастар екені  түсінікті .

     

    Сапалы білім, санаы тәрбие беру үшін  мұғалімнің   үздіксіз ізденуі, шыңдалуы, шығармашылықпен  айналысуы,  білімін жетілдіруі қажет  Соың нәәтижесінде  ғалымдар жаңа  технологияларды  көптеп шығаруда.

     

    Себебі, жаңа оқыту  технологияларын  енгізу заман талабына  сай білім

     

    беру  бағыты  өзгерді,  өздігінен   білім ала-алатын  логикалық  пайымдай, талдай  қорытындылай алатын  коммуникативті   тұлғаны қалыптастыру  қажет.

     

    Жаңа ақпараттық технологияларды білім  беру  жүйесінде   қолданудың  ең  маңызды   факторы   негізгі  қозғаушы  күші   адам,  сол  себепті  білімнің   негізгі   принциптері  іске  асырылады.Осыған  байланысты   адамның  шығармашылық  потенциалын  дамыту   үшін   қажетті  жағдай  жасалу  керек.

     

    Мектептегі  ақпараттандыруға   осылай  мемлекет   тарапынан  қолдау  көрсетіліп,  оны  оқыту,  үйрету  мәселесі бүкіл  халықтық  деңгейге   көтерілсе ғана  біздің  еліміз  дүниежүзілік  бәсекеге  төтеп  беретін,  алдыңғы  қатарлы  мемлекетке  айналады. Ол  дәрежеге  жетуге  қажетті  білім  алуына    біздің  жас  ұрпақтың  қабілетінің   жететініне  сенімім  мол.

     

    ІІІ. Қорытынды:

    Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапапы меңгертуге бағытталған.

    Қорыта айтқанда , интерактивті тақта  ақпарат  берудің көптеген  арналармен ғана қамтамасыз етіп  қоймайды, сонымен қатар  әр  түрлі  орталар  бірін-бірі толықтыратын  жағдай  туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар  жеке  ортаны  шығармашылықпен  қолдана  алатын  жаңа мүмкіндіктер ашылады.

     

    Интерактивті тақтаны  қолдану  оқушыларды ізденімпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын  іске  асыру  бағытына ауыстыруға үйретеді. Сондықтан да интерактивті тақта- оқу үрдісін құру құрылғысы ретінде , ал компьютер- кітап  пен қалам  сияқты   оқушының жұмыс құралы  ретінде  қолданылады. «Күрделі заманда жастарға ақпараттық  технологиямен  байланысты әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет »   деп, Елбасы  атап  көрсеткендей,   жас  ұрпаққа білім  беру   жолнда   ақпараттық  технологияны   оқу  үрдісінде   оңтайландыру  мен  тиімділігін   арттырудың  маңызы   зор.

     

     

     

    Сонымен биология сабағындағы ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынандай қорытындыға келдім:

    1. Биология сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі биологияны терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
  • Қызықты тапсырмалар мен зертханалық жұмыстар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады.

  • Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.

  •  

     

     

     

     

    Елбасының жолдауында:

    «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін,ақпараттық технологияларды жаппай енгізу қажет.Шетелдік мамандардан үйреніңіздер,тәрбие алмасаңыздар.Кім дамымаса,алға қарай жүрмесе,өз орнынан басқаға,әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруге тура келеді.Себебі ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады»-деп атап көрсетті.Жолдауды орнындай отырып біз жаңа технологияны оқу тәжірибеге енгізіп,ойлау қабілетін дамыған өз бетінше шешім қабылдай білетін ұрпақты даярлауымыз керек.

    Жаңа технологияны пайдаланып,биология пәнін түрлендіріп оқушының пәнге деген қызығуы мен қабілетімен және өзіндік жұмыс істеуіне жол ашады.Талабы Таудай,қабілеті мол,ізденімпаз оқушы көбейсе олар ұлтымыз үшін мақтаныш,еліміз үшін абырой.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Қосымша

    Әдебиеттер тізімі:

    Негізгі әдебиет:

    1. Педагогикалық ізденіс. /Құраст. И.Н. Баженова. – Алматы: Рауан, 1990 – 574 б.
  • Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі. 2006. №6, 39-40 б.

  • Бозбаева Г. Әдіс тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №5, 48 — 51 б.

  • Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №6, 39 — 40 б.

  • Исманбетова М. Модульді оқыту. Биология және салауаттылық негіздер. 2006. №3, 30 – 34 б.

  • Кеңесбаев С.М. Жоғарғы педагогикалық білім беруге болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттың технолгияны пайдасына білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Автореферат канд. дисс., Түркістан 2006.

  • Меңжанова А.К. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996ж. 160 б.

  • Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіз. 2003. №4, 9 – 17 б.

  • Қуанбаев Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық негіздері. Автореферат канд. дисс. 2006.

  • Жылыбаев Ж. О. Педагогические условия формировние здорового образа жини учащеихся иннавационных школ. Автореферат канд. дисс. Астана 2004.

  • Түркіменбаев Ә.Б. Қоғамдық – гиманитарлық бағыттағы мектептерде жататылыстану пәндерін интерграциялап оқыту процесінің педагогикалық шарттары. Қазақстан мектебі. 2005. №7 9 – 12 б. Берген Д. Игра как средство обучения и развития: справочник по теории и практики: Портамут – штат Нью – Гемшир., Хинеманн паблишерс 1988 (перевод с англ.)

  • Барбара Шварц. Обучение с помощью игры. – Вашингтон, 1997. (перевод с англ.)

  • Жикалкина Т.К. Биологиядан ойындар мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1992. – 64 б.

  • Абдуллаева ұ.,Тіленбаева М. ұлттық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу // Бастауыш мектеп. – 2005. – №9.- 28-30 б.

  • Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу–тәрбие процесінде пайдалану. – Алматы: Рауан, 1993. – 76 б.

  • 16.Анисимова В.С. т.б. Адам анатомиясы бойынша оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы. Алматы «Мектеп», 1980ж

    17.Биология және салауаттылық негізі журналы №1-4. 2003 ж.

    18.Жөкебайқызы С. Тәнтану. Алматы «Рауан», 1998ж.

    1. Энц.словарь юного биолога. Москва «Педагогика» 1986 г.

    20.Юсопова М.М.. Адам анатомиясының практикумы. Алматы «Мектеп», 1979 ж.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.