Без рубрики

Құқық лидері сайысы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау селосы
Нұржау орта мектебінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі
Мусина Анар Нуриқызы

 

Құқық лидері сайысы

Сайыстың мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін толықтыру, әр адамның жеке өміріне қажет екендігін ұғындыру, өз пікірін ашық айтып, тұжырым жасай білуге үйрету, оқушылар бойына құқықтық сауаттылық пен адамгершілік тәрбиені сіңіру.

 

Сайыстың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Сайысымызға қазылық жасайтын әділ қазылар алқасын тағайындау.

  3. Сайыс шарттарымен таныстыру

  4. Оқушыларды марапаттау.

 

Сайыс шарттары :

  1. Бәйге

  2. Жалғасын тап

  3. Кім жүйрік

  4. Сөз шебері

  5. Тұлғаларды тани біл

 

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ» деген болатын.Олай болса ойы ұшқыр, терең білімді, намысы зор оқушыларымыз ортамызда, сіздерге сәттілік тілей отырып, «Құқық лидері» зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

 

1 — Бәйге сұрақтары

Бұл кезеңде сайыскерлер өздеріне берілген сұрақтарға жауап беру қажет, жауап 1 ұпаймен бағаланады. Жоғары ұпай жинаған адам келесі кезеңге өткізіледі.

 

  1. Конституцияда бекітілген ең басты құндылық.

(Адам және адамның өмірі )

  1. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды.

1997 ж

3. ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған заң

ҚР қылмыстық кодекс

4.Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық деп ҚР Конституциясының қай

Бабында көрсетілген. 3 бап 1 тармағы

5.ҚР-да мемлекеттік билік тармағы қалай бөлінген.

(заң шығарушы, атқарушы, сот билігі )

6.ҚР конституциясы қай жылы, қашан қабылданды (1995 ж 30 тамыз )

7.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.ҚР Конституциясының нешінші бабында көрсетілген. (15 бап 1 тармағы )

8.Азаматтық кодекс неше баптан тұрады. (1142 бап )

  1. Білім туралы заң қашан қабылданды ( 2007 ж 27 шілде )

  2. ҚР Баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды,неше тарау, неше баптан тұрады. (2002 ж 8 тамыз, 10 тарау 53 бап )

  3. Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылатын ең жоғары заңдық күші бар құқықтық акт қалай аталады (конституция )

  4. ҚР-ғы меншік түрлері (жеке меншік, мемлекеттік меншік)

  5. ҚР Баланың құқықтары туралы заңының 3 тарауы қалай аталады

(Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері )

  1. Президент тағайындайтын сенат депутатының саны (15 )

  2. Конституция бойынша қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылатын лауазымды тұлға. (Президент )

  3. Мәжілістің тоғыз депутатын сайлайды.(қазақстан халықтарының ассамблеясы)

  4. ҚР қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

(36 бап 1 тармағы )

17. ҚР азаматтары қанша жастан бастап судья бола алады. ( 25 жас)

18. ҚР Президентінің кезекті сайлауын хабарлайтын орган. (мәжіліс )

19. ҚР ҚК неше бөлімнен тұрады. (2 бөлім, Жалпы және ерекше )

20. 2002 ж 10 шілдеде қабылданған 4 тарау 11 баптан тұратын заңы.

(темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы )

21. ҚР ҚК 6 тарауы қалай аталады. (Меншікке қарсы қылмыстар )

22. Адамның құқықтары мен бостандықтары неше топқа бөлінеді, жеке атап бер.

( 3 топқа, табиғи айырғысыз,азаматтыққа байланысты,әлеуметтік,экономикалық

Және мәдени )

23. Жергілікті атқарушы органдарды басқаратын лауазымды тұлға. (әкім )

24. Конституция бойынша мемлекеттің қорғауында болады. (ана мен бала )

25. ҚР конституциялық кеңесі қанша мүшеден тұрады. (7 )

26. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы.

(ҚР БҚТ заңының 19 бап )

27.ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы қашан қабылданды.

(2004 ж 7 шілде )

28. Неке және отбасы туралы заңы (2007 ж 27.07 )

29. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңы.

(2000 ж 13.12 )

 

2 кезең « Жалғасын тап»

 

    • ары таза жігіттің ( жаны таза )

    • қылмысы жаманды құдай табады (жүрісі жаманды ит қабады )

    • тура биде туған жоқ (туғанды биде иман жоқ )

    • ұрлық түбі (қорлық )

    • тәртіпке бас иген құл болмайды(тәртіпсіз ел болмайды )

    • тәрбиелі (тәртіптің құлы )

    • жақсы тәртіп әдетке айналса ырыс

(жаман тәртіп әдетке айналса қырсық )

    • қылмыскер кісіден қорықпайды (ісінен қорқады )

    • дау бітімі төрешіден болмас (айтушыдан болады )

    • сөз шынына тоқтайды (пышақ қынына тоқтайды )

    • дау мұраты (біту )

    • жігіттің құны жүз жылқы (ары мың жылқы )

 

Ең төмен ұпай жинаған сайыскеріміз ойын алаңынан шығады.

3кезең « Кім жүйрік»

1. Цензура —

2. Парламент –

3. Преамбула –

4. Демократия –

5. Вотум –

6. Геноцид –

7. Амнистия-

8.Әрекет қабілеттілік –

9. Баллистикалық сараптама –

10. Азаматтық –

11. Декларация –

12. құқықтық мемлекет –

13. мороторий –

14. Рецидивист –

15. унитарлы мемлекет —

 

4 кезең « Сөз шебері»

Бұл кезеңде сайыскерлер таңдаған еркін тақырыптары бойынша өз пікірлерін ортаға салады.

  1. Отбасындағы балалар құқығы

  2. Ата-аналардың міндеттері мен құқықтары

  3. Заң және әділдік

  4. Жасөспірім және заң

  5. Жастар және еңбек

  6. Қазақ халқындағы мұрагерлік ұғымы

  7. Адам құқықтары конституцияда

 

5 кезең «Тұлғаларды тани біл»

Бұл кезеңде сайыскерлер көрсетілген сурет және берілген анықтама бойынша тұлғаларды танып айтуы қажет.

 

1. Б.з.дейінгі Y ғасырда өмір сүрген Афинының саяси қайраткері, теңдесі жоқ әскери стратег, бас қолбасшы. (Перикл )

2. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін жасаған,б.з. дейінгі 386 жылы өз мектебін ашқан, Сократтың шәкірті және Аристотельдің ұстазы болған. (Платон )

3. Ежелгі Римнің сакяси қайраткері, атақты сот шешені, ғалым, заңгер.

( Марк Туллий Цицерон )

4.Византия императоры, Азаматтық құқықтар жинағын жасаған. (Юстиниан )

5. Бір заманда өмір сүрген, әдет-ғұрыптардың терең білгірлері, Жеті Жарғыны жазған жеті бидің құрамында болған.(Төле, Қазыбек, Әйтеке )

6.Американың мемлекеттік және қоғам қайраткері,»Тәуелсіздік декларациясын» жазған 1801-1809 жж АҚШ президенті (Т.Джефферсон )

7. Белгілі заңгер, қоғам қайраткері, 1905 ж жер туралы заңның жобасын жасаған.

(Бақытжан Қаратаев )

  1. Алғашқы заң магистрінің бірі, құқық тақырыбына бағалы еңбектер жазған,Семейде,Омбыда,Павлодарда заң қызметкері болған. (Жақып Ақбаев )

 

Қорытындылау.

Оқушыларды марапаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.