Без рубрики

Орта ғасырдағы Сарайшық қаласы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау селосы
Нұржау орта мектебінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі
Мусина Анар Нуриқызы

 

Сабақтың тақырыбы : Орта ғасырдағы Сарайшық қаласы
Мақсаты: оқушыларға орта ғасырдың іргелі қаласы Сарайшықтың Алтын Орда дәуірінде Шығыс пен Батысты байланыстырған керуен жолы бойындағы саяси, діни орталық және қазақ ордасының астанасы болғандығы туралы тарихи зерттеулерді пайдалана отырып, терең ұғынуларына көмектесу.

Міндеттері :

  1. Негізгі ойды анықтау қабілеттерін қалыптастыру.

  2. Ой — өрісін, дүниетанымын кеңейте отырып,шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету.

  3. іс — әрекет, мақсатқа жету әдіс – тәсілдерін таңдай білуге,өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : топпен жұмыс, шығармашылық ізденіс,СТО жобасы бойынша..

Көрнекілігі : ҚР картасы, Ұлы Жібек жолының картасы,Сарайшық қаласының суреттері, мультимедия.

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

 

Сабақ 3 кезеңнен тұрады :

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Мағынаны тану

  3. Ой – толғаныс

 

  1. Қызығушылықты ояту

Біз бүгін көне Сарайшық қаласының тарихы туралы білетін боламыз.Орта ғасырда өмір сүрген тарихи қаланың біз үшін қандай маңызы бар екені туралы ойланып көрейік.Сарайшық туралы не білесің және не білемін деп ойлайсың.Білгендеріңді жазып,жұбыңда бөлісіп,топтарыңда талқылайсыз.

 

Тақтаға ББҮ кестесін сызу керек.

Мұғалім : Енді маған осы кестенің 1-ші бағанын толтыруға көмектесесіңдер.

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Орта ғасырдағы қала

Тарихи қала

Жайық өзені жағасында

Іргесі 13 ғасырда қаланды

Қазақ хандығының астанасы болды

Атыраудан 60 шақырым жерде орналасқан

Мұражай қорығы бар

Көне қаланың орны сақталған

Жәдігерлері мол т.б.

Егемендік алғаннан кейін зерттеу жұмыстары қашан жүрді

Жерленген 7 хан туралы

Қай ханның тұсында қазақ хандығының астанасы болды

Діни орталық болған кез

Мұражай қорығы қашан ашылды

Сарайшықтан табылған жәдігерлердің атауын

 

 

Біз Сарайшық туралы көп мәліметтер білеміз.Дегенмен көбірек білгіміз келеді. Сұрақтар әзірлеуге тағы да уақыт беріледі. Оқушылар жұптарында талқылап ең маңызды деген сұрақтарын айтып, кестенің 2-ші бағанын толтыруға көмектеседі.

 

2. Мағынаны тани білу

Оқушыларға Сарайшық туралы мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі.Оқи отырып оқушылар «Білгім келеді» бағанына жазған сұрақтарына мән беріп, мәтіннен жауабын тауып «Үйрендім» бағанын толтырады.

Мәтіннен таба алмаған мәліметтерді немесе сұрақтардың жауабын мұғалім көмегімен толықтырады және сұрақтың жауабын қайдан табу керектігі туралы талқылайды.

3.Ой – толғаныс

 

 

Эссе жазу. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»

Оқушылар түгел бағаланады.

Үйге тапсырма беріледі. «Жеті хан жерленген киелі жер» альбом жасау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.