Без рубрики

Бос тұрған педагог-ұйымдастырушы қызметі лауазымына ашық конкурс

 

Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық «Дарын орталығы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны бос тұрған педагог-ұйымдастырушы қызметі лауазымына ашық конкурс жариялайды. 
 
«Дарын орталығы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорынының педагог-ұйымдастырушы — 1бірлік
 
Лауазымдық міндеттері:
-Дарында балаларамен жұмыс істеу бойынша бағдарламалар,оқу-әдістемелік құралдар,әдістемелік-нұсқаулық құжаттар әзірлейді. Оқушылардың ғылыми қоғамдарының,мүдделері бойынша клубтардың,ғылыми мектептердің,олимпиадалық резервтегі кәсіптік мектептердің дарынды балаларға арналған сырттай мектептердің жұмысын ұйымдастырады. Дарында,жеке,талантты,ақылды және физиологиялық қабілетті оқушылардың,жастардың дамуына көмектеседі,жеке жалпы мәдениетті қалыптастырады. Жаңа технологияларды,мақсатты бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады. Дарынды балаларды дамыту және іріктеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Әдістемелік және ғылыми конференцияларды,семинарларды ұйымдастыруға қатысады және өткізіеді. Педагогикалық,ата-аналар қауымымен жұмыстарды ұйымдастырады. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер жұмыстарын ұйымдастырады,педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек көрсетеді.
 
Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», заңдарды және басқа білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру басқау талаптарын шешуге қажетті пәндердің жалпы теориялық негіздерін; педагогика теориясын, психологияны, жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын пәнді оқытудың әдістемесін; тәжірибелік жұмысты,тәрбие жұмысының әдістемесін, дарында балалармен жұмыс жүргізуді; бағдарламалар мен оқулықтар,оқыту әдістері мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогикалық ғылымның негізгі даму бағыттары мен қазіргі жетістіктерін, еңбек заңының негіздерін, еңбекті қорғау нормаларын және техника қауіпсіздігі; санитарлық ережелер мен нормаларды.
 
Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссияға мынадай құжаттар ұсынуы тиіс:
1.конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3.нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
4.нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
5.бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырылған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ
6.бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7.нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
8.медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама (№086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама)
 
Конкурс ҚР Үкіметінің 27.09.2007 жылғы №849 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметке тұру және бос азаматтық қызметкер лауазымына орналасу конкурсын өткізу ережесі бойынша жүргізіледі.
 
Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне,жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.
 
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы http://www.45minut.kz — БАҚ-да жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн. Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады.
 
Маңғыстау ауданы,Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы,ұстаздар үйі ғимараты, 1қабат «Дарын орталығы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны. Анықтама алу үшін телефон 8(72932)21445
                                  
   Конкурстық комиссия

Бос тұрған педагог-ұйымдастырушы қызметі лауазымына ашық конкурс: 1 комментарий

  1. ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ҚЫЗМЕТІ ЛАУАЗЫМЫНЫҢ АЙЛЫҒЫ ЖӘНЕ
    КӨРСЕТКІШІҢ НЕШІНШІ G-МЕН ЕСЕПТЕЛІНЕДІ

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.