Экономика

Нарықтық экономика жағдайындғы жанұя мәселелері. Эссе

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
«Болашақ» колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы
Жумағали Айнагул Көшкінбайқызы

Ақтау қаласындағы Қайнар колледжі.    Факультет:  АЖ-07/9
Тақырыбы:
Нарықтық экономика жағдайындғы жанұя мәселелері
Орындаған: Қойшыбаев Т.  Тексерген: Жұмағали А.К.

Нарықтық экономика жағдайындғы жанұя мәселелері

Елімізде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуге байлнысты көп өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістер тек қана мемлекеттік экономикаға әсерін тигізбей, сонымен қатар микроэкономикаға біздің барлығымызға әсерін тигізді. Біздің азаматтардың көп бөлігі жанұяда өмір сүруіне байланысты нарықтық қатынастар өзінің көрінісін жанұя экономикасында тапты, өйткені онда ұлттық деңгейде болып жатқан барлық процесстер анық көрінеді.

Егер бұрын әр адам, әр жанұя қоғамның ретінде еңбекке, баспанаға және т.б. құқығы бар болса, қазір бұл барлық құқықтарға мемлекет кепіл бере алмайды. Бір жағынан нарықтық қатынастар қоғамның, сонымен қатар жеке жанұялардың бөлуіне алып келді, бірақ , екінші жағынан, бұл қатынастар көбірек өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік берді. Егер қазіргі кездегі жанұялардың жағдайын қарастыратын болсақ, онда байқауға қиын емес, жас жанұялардың бастапқы жағдайлары әртүрлі болып тұр. Мысалы, барлық жас жанұяларда өмір сүру үшін табыстың қайнар көзі жеткілікті емес. Егер бұрын жанұяның негізгі табыс көзі жанұяның мүшелерінің жалақысы болса, қазір басқа да табыс көздері жылжымайтын мүлік (мысалы мұраға қалған) немесе белгілі пайыз алып келетін әртүрлі бағалы қағаздар бірінші кезекке шыға бастады. Бастпқы «старттық» капиталдың айырмашылығы кейбір жанұяларға жақсырақ жағдайда өмір сүруге мүмкіндік береді. Әрине, бастапқы капиталдың болуы барлық мәселелерді шешпейді, өйткені үлкен бастапқы табысқа ие бола отырып, жанұя қаржылық дағдарыстан кепілді емес. Көбі бұрынғыдай жанұя мүшелерінің біліміне, жұмыс жасау дағдарысына, қабілеттілігіне байланысты, ол өз кезегінде жалақының деңгейіне әсерін тигізеді. Әрине, жанұя мүшелерінің жұмыс істейтін саны маңызды. Жеткілікті деңгейде маңызды фактор ретінде өзінің капиталы мен еңбегін пайдаланатын сферасы әсерін тигізеді, жеке бизнес, және бизнестен немесе мемлекетте жұмыс істеуі. Бұл тұрғыдан нарықтық экономика жанұя бюджетін тек қана жалақы арқылы емес, сонымен қатар басқа табыс көздерімен толтыруға мүмкіндік береді.

Нарықтық экономикада жанұяның жағдайын дұрыс елестету үшін табыстардың табыс көздерін қарастыру аз. Жанұяның шығыстарына тоқталайық: бұл жерде жанұя мүшелерінің саны соңғы рол атқармайды. Егер біз жанұяның негізгі шығыстарын қарастырсақ, онда оларды топтарға бөлуге болады: азық-түлікке, киімге, баспанаға, көлікке және оқуға төлемдер. Дұрыс айтқанда талған шығыстардың арақатынасы жастық факторларға, мысалы, кәрі жанұяға қарағанда жас жанұяларда шығыстар білім алуға төленетін төлемақымен байланысты. Қазақстандық жанұялардың табысын бөлуде жалпы тенденция байқалады: 40 пайыздан астам табыс азық-түлікке жұмсалады. Кейінгі кезде баспанаға төленетін шығыстар көбейді. Әрине, жанұяны орта статистикалық бірлігі ретінде қарастыру керек емес, өйткені нарық жағдайында жанұялардың аз бөлігі ұлттық табыстың басым бөлігіне ие болып отыр немесе керісінше. Бай және кедей жанұялардың айырмашылығы көрініп тұр. Бірақ мемлекет бұл процесске көп араласып отыр. Бір жағынан көп салықтар енгізіген (жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы) басқа жағынан, мемлекет тарапынан әртүрлі субсидия ретінде кедей жанұяларға адрестік көмек көрсетіледі. Сонымен, нарықтық экономика жағдайында жанұя жеке азаматтарда болатын қиыншылықтармен кездесіп отыр. Ал, жалпы елде болып жатқан дағдарыс ақырында жеке алған жанұяға әсерін тигізеді. Өйткені жанұя экономикасы мемлекеттің экономикасымен тығыз байланысты. Сонымен қатар елдің өркендеуінің белгісі болып «орта класс» жанұяларының жағдайы саналады. Ал, ол өкінішке орай көп емес. Осы тұрғыдан ойлану қажет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.