Без рубрики

Мүсін өнері. 3 (2- ің жалғасы)

Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы. Жәнібек ауылы.

ЖББ.Тайыр Жароков атындағы орта мектеп.
Бейнелеу өнері және сызу, пәндерінің мұғалімі.
Құмашев Жасұлан Амырханұлы

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері. 3 (2- ің жалғасы)
Монументтік ескерткіштер 20 жылдықтағы жетістіктігіміз.
ҚР мүсіншілері, 20-60 жылдардан бері өз үлестерін қосып келеді.

М.Маметоваға Орал қаласындағы Бейбітшілік алаңында орнатылған ескерткіш (24.04.1988 ж) һ 7 м 8 см мүсін қоладан құйылған. Тұғыры граниттен жасалған, тұғыр мүсіншісі – Х.Наурызбаев, сәулетшілер Ю.Хакало.

Орда ауданында да 1948 жылы ескерткіш орнатылды. Авторы мүсінші Х.З.Шамсудинов 2001 жылы шілде айында Бөкей Ордасы ауданының әкімшілігінің шешімімен ескерткіш Жәңгірхан атындағы Орда орта мектебінің жанына көшірілді. Ескерткішті бұрынғы орнына көшіру және қалпына келтіру жұмыстарын автордың баласы – мүсінші РХ.Шамсудинов атқарды.

 

Баршамызды біріктірер бір биік «Қазақ елі» монументінің кешенін білейік. Қазақстан Тәуелсіздігін айғақтайтын айшықты белгі ретінде танылуы тиіс.

Егер Американы Бостандық мүсіні, Францияны Эйфель мұнарасы арқылы көз алдыңа елестетсең, мұның астарында Қазақстанда «Қазақ елі» монументі арқылы елестетуге деген ой жатады. 5,2 гектар аумақты алады. Тұғыр көлемі

1 гектар жерді алады. Һ 91 м, Тәуелсіздік алған жыл 1991 жыл. Алтын түспен айқындалған алып құс «Самұрық» Қазақстан тыныштығын күзетіп тұр.

 

Монументтің түсі ақ, Қазақстанның достыққа адал, бауырмал ақ ниетін білдіреді. Басқа елдердегі мұндай стеллалар қара, кейде қызыл түсті. «Қазақ елі» монументінің сыртқы бетінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 м доға пішіндес ақ колонна да орнатылған. Стелланың өзі ақ, колоннаның ортасында қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызылған. 4 қырлы болуы дүниенің төрт бұрышына құшағы ашық, көңілі адал екенін білдіреді. Тұғыр 20,1 м оның төрт қабырғасына баральеф мүсіндер жасалған.

 

ҚР президенті Н.Назарбаев 5 м һ пен сомдалған Конституцияның үстіне қолын қойып ант беріп тұрғаны, оның сыртында халық көрінеді. Барельеф оң жағында «Қаһармандық» атты тақырып мүсіні бар. Отан қорғауға арналған.

Батыс жақ бетте «Жасампаздық» атты баральеф сомдалған.

Монументтің Шығыс жағы «Болашақ» атты баральеф сомдалған. Осы ойларды біріктіретін «Бірлік» атты мүсіндік композициясымен аяқталады.

Қолданылатын , әдебиеттер және бейнелі суреттер;

Балбал тастар, Елік тастар, Сақ әйелі, Пасха тас мүсіні, Пигмалион, Галатея, Афродита, Ника, І Петр, Этьен Фальконе, Минин мен Пожарский, Рельеф, Баральеф, горельеф, статуя, топтық композиция, Хакімжан Наурызбаев, А.Иманов, Ж.Жабаев, А.Құнанбаев, «Мирон», «Дорифор», Поликлет, «Дискбол», Аменемхеттің статуясы, Микеланджело «Давид», Андрей дель Бароккио «Коллеониге», Альбрехт Дюрер.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.