Без рубрики

Мүсін өнері. 2 (1- дің жалғасы)

Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы. Жәнібек ауылы.

ЖББ.Тайыр Жароков атындағы орта мектеп.
Бейнелеу өнері және сызу, пәндерінің мұғалімі.
Құмашев Жасұлан Амырханұлы

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері. 2 (1- дің жалғасы) Тұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған. Бұл әртүрлі, фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалған мүсіндер.  Статуяны көріп тұрық, бұл тарих оқулығынан сіздерге таныс. Мирон өз күшіне сенімді ер жүрек дене бітімі сымбатты, атлет, асқақ мүсінді сомдаған. Мирон өз өнерінде динамикалық әдемі қозғалысты сомдау арқылы көрерменді өзіне баурайды.

Атап айтқанда Египеттегі «Аменемхеттің статуясы», Греция мүсіншісі Мирон, Поликлеттің «Дорифорды» т.б. Поликлет атақты найзагер жігіт «Дорифорды» кереметтей сомдаған. Бұл бейне адам денесіндегі сұлулық пен рух үйлесімділігін берген. Мүсінші мінсіз сұлу адамның дене мүшелерінің ара қатынасын дәл белгілеуді мақсат еткен.

Поликлет өзінің ойлары мен тұжырымдарын «Канон» деп аталатын теорисянда баяндайды.

 

 

Бұл мүсіндер – көлемді дөңгелек мүсін, мүсіннің көне түрі. Үнді және Қытай жерлерінде дамыған. Қайта өрлеу дәуірінің атақты мүсіншісі Микеланджело Буанароттидің «Давид» мүсіні. Бұл кезеңде де осы Поликлеттің «Канон» атты теорисына сүйеніп, өздері де жаңалықтар қосқан. Флоренцияда «Давид» ежелгі мүсіншілердің назарына іліге бермейтін сондай бір қасиет бар. Кейіпкердің жан дүниесіндегі алай-дүлей сезім дауылы. Ол ежелгі заман қаһармандарындай емес өз сезімін жасырмайды. Жүзінде ыза, ашу, кек тұр. Шынайы дәл әсерлі берілгендігінде

Әдістемелік бөлім.

1.Мүсінді орындау технологиясы.

Мүсіндерді орындауда әр түрлі ережелер бар. Қалай болса солай сомдамайды. Жануар болсын, адамды болсын сомдағанда оның өлшемдері, пропорциясы сақталуы керек, әрі перспективада ескерілуі керек.

Ол заттардың жеке-жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.

 

 

Адам тұлғалары пропорциясының әр түрлі үлгілері.

1.Жауынгердің қола мүсіні. б.д.д.І-ІҮ ғ.ғ Этрус өнері

2.Саздан жасалған пұт. Жапония. Дземон дәуірі. б.д.д. 552 ж.

3.Поликлет «Дорифор» 440 ж. Б.д.д.

4.Негр мүсіні, Бенин ХҮІІІ ғ. Ағаш

5.Ағаш мүсін. Ежелгі мысыр б.д.д. 2450 ж. Шамасы

6.Леонардо да Винчи ұстайтын пропорция 1500 ж.ж. шамасы.

 

 

Осыны жетілдіре түсті атақты мүсінші Поликлет өзінің бірінші рет «Пропорциялық заңдылық» еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның ішкі пластикалық қимыл –қозғалысын (психологиясын) мінез-құлқын көрсеткен. «Дорифор» мүсінін өмірге келтірді.

53-сурет. Плакат. Орта ғасыр дәуірінде өнердегі шыншылдық пен әсемдік ұлы өнер туындылары христиан дінінің келуіне байланысты соның құрбаны болды, қиратылды, жойылды.

Адамның тұлғалық мүсінін жасау үлгісі.

Алдымен 1-кезең адамның пішініне байланысты каркастар жасалады. Оны біз глаголь деп атаймыз. Сымнан т.б. арматурадан жасауға болады. Оны да өлшеп тәртіппен істейміз.

2-кезең сазбалшық па әлде басқасы ма осы массаны материалды каркас глаголь саламыз нығыздап, адам пішіміне жапсырмалап келтіреміз. Онан соң 3 кезең құралдармен немесе қалақшалармен адамды сомдауды тиянақтаймыз.

Жануарларды мүсіндеуде де осы кезеңдерді орындау керек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.