Без рубрики

Мүсін өнері . 1

ЖББ.Т.Жароков атындағы орта мектептің
Бейнелеу өнері және сызу, пәндерінің мұғалімі
.
Құмашев Жасұлан Амырханұлы

 

Сабақтың мақсаты: Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар. Суретшілер альбомы, слайд, диафильм, бейнетаспа, қосымша әдебиеттер, репродукциялар, т.б.

Түрі. Жаңа сабақ.Білім мен іскерлікке үйрету.

Әдісі.Түсіндіру, әдістемелік, шығармашылық.

Пәнаралық байланысы: Тарих т.б.

Көрнекілігі. Қосымша әдебиеттер, репродукциялар.

Қолданылатын құралдар. Ермексаз, тақтайша, сым.

Сабақтың барысы:

Жоспар: І. Мазмұндық бөлім.

1.Бейнелеу өнері; мүсін өнерінің шығу тарихы.

2.Мүсін өнерінің тарихи ескерткіштері.

3.Мүсін өнерінің түрлері, маңызы және қоғамда алатын орны.

4.Әр дәуірдегі атақты мүсіншілер және олардың шығармашылықтары.

ІІ.Бөлім. Әдістемелік бөлім.

1.Мүсінді орындау технологиясы.

2.Монументті ескерткіштер 20 жылдағы жетістіктігіміздің бірі.

1)Кіріспе. Мүсін өнері. Мүсінді «Скульптура» деп те атайды. «Sculptura, sculpo»-шекимін, қашаймын деген латынның сөзі.

 

Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар.

Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.

Ежелгі мүсіндерден жауынгерлер, бақташылар, қариялар мен әйелдер мүсінін көре аламыз. Онда киім, қару-жарақ, бас киім, белдік, әйелдер әшекейінің жеке бөліктері байқалады. Фигуралардың көпшілігі оң қолымен не екі қолымен текше пішінді ыдыс немесе тостаған ұстаған. Көбіне мүсіндер өлген адамдар басына орнатылған. Тас мүсіндердің келесі түрі «Елік тастар» — құрбан шалынатын және қасиетті орындарға қойылатын құлпытастар. Фигуралардың биіктігі-4 метрге дейін жетеді.

Мүсін өнерінің ежелден келе жатқан өнер екенін мынадан білуге болады. 51-сурет. 32-бет. Сурет сала білесің бе? Ондағы адам бейнесі стильденген пішінде жасалған, әсіресе бастың пропорциялық өлшемдерінің, жалпы (формасын) пішінін өте дәлдікпен алынғанына қайран қаласың.

Аңыздың айтуынша, Ежелгі Грецияда өте ерте кезде бір мүсінші болыпты. Ол жан баласына жоламай, күні-түні шеберханасынан шықпапты. Оның аты Пигмалион екен. Ол ұзақ жылдар бойы Галатея деген қыздың тас мүсінін жасапты. Мүсіннің шебер жасалғаны соншалықты, мүсінші өзі қашап салған қызға өзі ғашық боп қалыпты. Ол мәрмәр Галатея тірі адамға айналса екен деп тілепті. Афродита деген құдай, мүсіншіні аяп, тас мүсінге жан бітіріпті-мыс.

Бәлкім, бұл аңыздың шығуына ежелгі гректер төңірегіндегі шеберлер қолынан туған мәрмәр мүсіндерді кеудесінде жаны бар тірі кісідей ардақ тұтқаны себепші болған шығар. Мүсін — ең ежелгі өнердің бірі. Мысалы: мынау жеңіс тәңірісі Ника. Ежелгі бір белгісіз автор жасаған бұл мүсін бұрын, бір құз жартастың басында тұратынды. Оның басы да, қолы да сақталмаған, бірақ соған қарамастан біз оның өршелене алға ұмтылған қауырт қимылын қапысыз аңғарамыз. Үстіндегі жел желбіреткен киімінің өзі Ника жанын баурап алған тебіреніс пен шабытты байқатады. Мүсін өнері ежелден келе жатқан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер осы мүсін өнері болды.

 

 

 

2.Мүсін өнерінің тарихи ескерткіштері. Бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті де мәнерлі, өз бойына үлкен ескерткіштер.

Мысалы: Ресейдегі І Петрдің ескерткіші. Атақты Француз мүсіншісі Этьен Фальконе жасаған. Ол 1766 жылы ІІ Екатеринаның шақыруымен арбамен жол жүріп Парижден Петербургқа келеді. (Санкт-Петербург). Онымен бірге шәкірті, мүсінші әйел Мария Калло да келеді.

Мәскеудің Қызыл алаңда Василий Блаженный Храмының шіркеуінің қасында Кремльге қарап И.П.Мартостың Минин мен Пожарскийге қойған ескерткіші тұр. Бұл Ресейдегі поляк басқыншыларынан азат еткен ерлердің кісі тамсанарлық бейнесін жасай білді. Мартос бұл ескерткішті жасауға 14 жыл уақытын жіберді. Екі мүсін жасалып болған соң Петербургтен су жолы арқылы Мәскеуге әкелінді. 1818 жылы 20 ақпанда ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды.

 

 

Андрей дель Вероккио 1435-1488 ж.ж. шамасында «Кондотьер Коллиониге» ескерткіш орнатты.

Үнді, Қытай, Жапон елдерінде Будда мүсіндері көп сомдалды. Ол наным, сенімнен туындады. Алып мүсіндер жасалған. Олар Вишну, Будда, т.б.

 

3.Мүсін өнерінің түрлері, маңызы және қоғамда алатын орны.

Екіге бөлінеді.

Мүсін өнері Рельеф (бедер)

 

Статуя жұмыр мүсін

Көп тұлғалы композиция – бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік көркем шығарма.

Ал тағы да Қондырғылы (станокты) мүсіндеу көбіне портрет ретінде ұсынылады. Мысалы: Хакімжан Наурызбаев, қазақ халқының көрнекті қайраткері, А.Иманов, Ж.Жабаев, А,Құнанбаевтың монументалды бюстері шықты.

Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдардың немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті ескерткіштер.

Монументті – сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының жиынтығы болып табылады. Жалғасы ;Мүсін өнері .2- де

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.