Без рубрики

Өңдеп дайындаған ұлттық құрттың – тамақтық биологиялық құндылығы

Нүркенова Толқын Сырымқызы
Астана қаласы
№56 мектеп-лицейі
3 "Б" сынып

Ғылыми жетекшісі:
Есиркеп Г. Қазақ технология және бизнес университетінің «Технология және стандарттау» кафедрасының т.ғ.к., доцент
Жетекшісі:
Имашева Т.М. Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі — ақ екені белгілі. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.


  «Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді» — деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық түрлері мен аттарын түгел айтып беру қиын.  Сүт тағамдарының осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі туралы айтқым келеді.
Қазақ халқының  сүттен жасалған ұлттық тағам   ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне  түрінің бірі -құрт.

Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп. Құрт  күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін  қолданылатын  тағам десек те болады. Құрт өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ. Міне, сол себепті   құрттың  құрамына  және  оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізіп жүрмін. Мен зерттеу барысында жазда ауылға барып апалар мен әжелерден  әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы  деректер жинадым. Сонымен қатар сыныптағы оқушылар арасында  да сауалнамалар жүргіздім. Сауалнаманың нәтижесінде құрттың пайдасы мен жасау әдістерін анықтадым. Құрт туралы мектеп оқушыларының толығырақ  мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен  осы жобаны ұсынып  отырмын.
         Мені қазақ құртының және құрттың  жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша  қолданылатындығы  қызықтырды. Тағамның  өте көне  әрі  пайдалы түрі – сиыр сүтінен жасалған құрт  жайында мәлімет жинағым келді.
     Өз мақсатыма жету үшін, алдыма мынадай мақсаттар қойдым:
* Сиыр сүтінен жасалған құрт жайында материалдар жинау;
* Құрттың  еліміздің әр аймағындағы жасалу технологиясын анықтау;
* Құртты кеңінен пайдалану әдісін ұсыну;
Жұмыстың  мақсатына жету үшін үлкен кісілермен сауалнамалар жүргіздік, ғылыми-зерттеу еңбектерден, әр түрлі басылымдардан, Интернеттен материалдар жинадық, дәмі әр түрлі құрт жасау тәсілдерін  анықтадық.
 Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған.  Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екенін білдім. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты,  ауырмайтынына көз жеткіздім.  Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болатынын түсіндім. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса,    қарны  ашпайды, шөлдемейді, ал самолетпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар сияқты. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайтыны туралы білдім.  «Құрт – қыстың қымызы» — дейтіні сондықтан екен.
Зерттеу жұмысымның барысында сиыр сүтінен жасалған құрттың құрамын әртүрлі етіп жасап достарыма, сыныптастарыма ұсындым. Нәтижесінде мен сияқты жасөспірімдерге қышқыл құрттан да тәттілеу құрттың көп ұнайтынын анықтадым.  Сондықтан құрттың құрамы мен жасау әдістеріне қарай «Майлы құрт», «Майсыз құрт», «Қышқыл құрт», «Тұзды құрт», «Тәтті құрт», «Жеміс қосылған құрт»  деп бірнеше түрге бөлдім. Бұл құрт түрлеріне қағаздан арнайы қораптар дайындалып, ішіне тамаққа арналған полителенмен оралып салынды. Қорап сыртында құрттың құрамы, шыққан заводтың аты,мекен-жайы,құрттың дайындалған күні , айы, жылы және сақталу мерзімі туралы толық мәлімет жазылған. Мысалы,
 Құрт халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам  екені белгілі және құртты  үнемі қолдануда үлкен мән – мағына бар екеніне көз жеткіздім.  Менің алдыма қойған мақсатым мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт                                        тағамы   жайында толығырақ мәлімет  беру                                         және оның  пайдасын, түрлерін   насихаттау. Осы еңбегімнің нәтижесі ретінде  болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай құрттың әр түрі болса деп ойлаймын. Тіпті дәріхана сөрелеріне де гематоген, аскорбинкалармен қатар құрттың әр түрін қоюға болады. Полителендік қапқа салынған құрт, ірімшік, сүзбе ғарышкерлердің негізгі азығына айналмақ. Осындай қорытындыға келген Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары бұл ұлттық тағамдар дәрумендерге бай екенін айтады.
Алдыма қойған мақсатыма жету  үшін болашақта   құрт жасайтын арнаулы  завод ашпақшымын. Завод заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталмақ. Арнаулы  қондырғылардың көмегімен  сиыр фермаларынан  әкелінген сүттен құрттың әр түрін жасаймын.Төмендегі суреттен сиыр сүтінен жасалатын құрт шығаратын менің заводым. Завод «Толқын»  деп аталады. Суретте сүт сиыр фермаларынан бастап дайын құрт болып дүкен сөрелеріне түскенге дейінгі әрекеттер көрсетілген.

Құрттың құрамы мен формалары балаларды қызықтыратындай болады. Олар жануарлар, құстар, аңдар бейнесінде болмақ. Құрт түрлері санитарлық нормаға сай  арнаулы көз тартарлықтай ыдыстар мен қағаз қораптарға салынады. Қораптың сырты пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес безендірілген,  құрамы мен қасиеті толық жазылған болады.  Қазіргі кезде балалар  көп пайдаланатын әртүрлі сағыздар мен  шоколодтардың (киндер сюрприз, синикерс, чупа-чупс,т.б.) орнын сол құрттар басады деп ойлаймын. Балалар ойнап жүргенде, бос кездерінде ауыздарына сағыз салғанша құрт салса, денсаулығына да өте пайдалы болар еді.
    Менің зерттеуімнің нәтижесінен туған осы бір жаңалық өзім сияқты оқушыларды қызықтырады деген ойдамын.
Зерттеу жаңалығы:    — Болашақта құртты үнемі пайдалану әдістері;
                                            -Қоғам дамуына байланысты ұлттық тағамның жасөспірімдер арасында кең таралуына ықпал ету;

Пайдаланған әдебиеттер

1. Дүниетану оқулығы   1сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008ж.
2. Қазақтың ұлттық тағамдары                           Алматы   2000ж
3. Қазақ энциклопедиясы                   Алматы  2002ж
4. Ғаламтор

Қосымша №1
Зерттеу жұмысы кезінде сауалнаманы екі бағытта жүргіздім:
1. Өз сыныптастырымның арасында
2. Үлкен адамдар арасында
Сыныптастарыма    қойылған сауалдар:
1. Сүтті  қайдан  алады деп ойлайсың?
2. Сүттен  жасалған құртты білесің бе?
3. Құрт  жеп  көрдің бе?
4. Құртты кімнен, қайдан көрдің?
5. Құрттың дәмі ұнай ма?
6. Отбасында құртты жиі пайдалана ма?
7. Қант қосылған тәтті құртты ұнатасың ба?
8. Тұз  қосылған құртты ұнатасың ба?
9. Бал, жеміс қосылған құртты ұнатасың ба?
10. Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма?
Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 25 бала қатысты.

Қосымша №2
Үлкен адамдарға қойылған сауал:
Жасыңыз:
Қазақстанның қай аймағында  туып-өстіңіз:
1. Құртты жақсы көресіз бе?
2. Өзіңіз сиыр сауып, оның сүтінен құрт жасап көрдіңіз бе?
3. Құрттың дәмінің қандай түрін ұнатасыз?
4. Құртты отбасыңызда үнемі пайдаланасыз ба?
5. Құрттың кеңінен қолданысқа түсуіне қалай қарайсыз?  
6. Құрт жасаудың қандай технологиясын білесіз?
7. Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма?
8. Құртты бала жасынан жеп өссе, оның денсаулығына пайдасы
 бола ма?
9. Қазіргі тәттілердің орнына сүттен жасалған, дәмі  
әр түрлі құртты пайдалануға бола ма?
10. Сізге құрттың қандай түрі ұнайды:
 қышқыл, тұзды, тәтті (қант,т.б.тәттілер қосылған) ?
Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 32 адам қатысты.
Сауал мазмұны
Көрсеткіші
Құрт ұнайды
32
Құртты жиі пайдаланамын
26
Құртты сирек пайдаланамын
6
Құртты  жасау технологиясын білемін
29
Құрт жасап көрмекпін
3

Қосымша №3
Сиыр сүтінен дайындалатын құртты жасау әдісі:
1. Сүтті ыдысқа құйып ашытып ұйытасыз (айран түрінде).
2.Ашыған айранды матадан тігілген қалтаға (дорбаға) құйып, іліп қоясыз.
3.Сарысуынан арылған сүзбені арнаулы ыдысқа құйып, қайнатасыз.
4.Құрт кайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін,  әлсін-әлсін қазанның түбін араластырып отырасыз.
 5.Әбден қоюланған құртты матадан тігілген қалтаға (дорбаға), іліп коясыз, сонда оның қалдығы тағы да ағып, құрғайды.
6.Қоюланған құрттың құрамын өз қалауыңызша толықтыруыңызға болады. 7.Құрамына мөлшерлеп тұз, бал, қант (шекер), жеміс-жидек тосабын қосу қажет.
8.Дайын болған қоспаны қолмен бөлшектеп, сықпалап тақтаға жайып кептіресіз.
Ескертпе:
Құрттың қышқылдауын ұнатсаңыз, ашыту уақыты ұзақтау болды.Бұндай құртты сұйық күйінде аузы жақсы жабылатын құмыраларға құйып, сақтауға болады. Ол сорпаға, кеспе және наурыз көжеге қосуға өте ыңғайлы және ұзақ мерзімге жақсы сақталады.
Достарым мен сыныптастарыма өзіме ұнайтын құрттың түрлерін  үнемі пайдалануды ұсынамын:
1. Құрттың құрамына бал қосылған;
2. Құрттың құрамына қант (шекер) қосылған;
3. Құрттың құрамына әр түрлі жеміс-жидек тосаптары қосылған;
4. Құрттың құрамына шамалы тұз қосылған;

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.