Алматы облысы. Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының педагог-психологы , өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ыдырысова Арайлым Қайдарқызы.
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектер құрастыру (қима жұмыстары) Сабақтың мақсаты:Қима материалдар арқылы оқушының қол икемін, ойлау қабілетін дамыту. Міндеттері: — Қима материалдары арқылы жұмыс істеу дағдысын дамыту. Ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру. Тиянақтылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: әңгімелесу, қима жұмыстары
Көрнекі құралдар: қарандаш, дәптер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушымен сәлемдесу, көңіл-күйін білу, сабаққа даярлау.
2. Сабақ барысында оқушының мінез-құлқы мен іс-әрекетіне бақылау жүргізу.
ІІ Негізгі бөлім
1. Әртүрлі қима жұмыстарынан жасалған суреттермен, ұлттық оюларымен таныстыру.
2. Ою-өрнекті орындау технологиясымен таныстыру
3. Сурет бойынша түрлі-түсті қағаздармен қима жұмыстарын
(қошқар мүйіз ) оюын ою, ақ қағазға желімдеу.
4. Қол жұмысының ерекшелігіне тоқталу.
3. Ойдан құрастырып қима жұмыстарын жасау
Шығармашылық жұмыс: «Қима жұмыстары арқылы біз нені дамытамыз?» өз түсінігін жазу.
Ойын жаттығуы: «Мұрын» ойынын қайталау.
Қорытынды:
Үйге тапсырма: Ою-өрнек түрлерімен танысу