Без рубрики

Құрақ туралы түсінік олардың түрлері

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылы,
 № 185 орта мектеп,  Технология пәні мұғалімі,
Әбілғазықызы Раиса

«Технология» пәні  6 сынып

Күні: 18. 02. 2011ж.
Сабақтың тақырыбы: «Құрақ туралы түсінік олардың түрлері»
Мақсаты:

  1. Білімділік : Құрақ түрлерін таныстырып, өздері құрай білуге үйрету, дайындау жолдарын меңгерту.

  2. Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ата – бабымыздың салт – дәстүрін білуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру. Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс — әрекеттерін қалыптастыру.

 

Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық, СТО стратегиялары.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру

Қажетті құралдар: мата, ине, жіп, қайшы, түрлі – түсті қағаз

 

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, олардың түгел екенін анықтап, еңбек құралдарының түгел екеніне көз жеткізіп, назарларын сабаққа аудару;

 

II. Үй тапсырмасын бағалау:

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрап, жасаған жұмысының кемшілігі болса түзеп, сұрақ – жауап арқылы бағалаймын.

 

Тест жұмысы:

  1. Қай өлшем толық жазылады?

А) Ұзындық; Б) Бел; В) Бөксе;

 

  1. Жартылай жазылатын өлшем

А) кеуде; Б) иық; В) қол;

 

  1. Дәптерге тігін бұйымдарының сызбасын қай қатынаспен сызамыз?

А) М 1:1 ; Б) М 1:4 ; В) М 1:5 ;

 

  1. Өз өлшемімізді қай өлшем бойынша табамыз?

А) Бел өлшемі; Б) Кеуде өлшемі; В) Бөксе өлшемі;

 

  1. Белдемше (юбка) қай ғасырдан бізге белгілі?

А) мұз; Б) қола; В) тас;

 

 

  1. Дайын бұйымды үтіктеу:

А) Декотирлеу ; Б) Бастыра үтіктеу; В) Үтіктеу ;

 

  1. Белдемше бұйымның үстіңгі бөлігі:

А) белдік; Б) жаны; В) бүкпесі;

 

  1. Бұйым ұзындығын қандай әріппен белгілейміз?

А) Бұ; Б) Кұ; В) Аұ ;

 

  1. Түймелікті қандай қол тігісімен тігеміз?

А) ілмекпен; Б) түзу; В) көктеу;

 

  1. Төменгі кесіндісін қандай тігіспен тігеміз?

А) жасырын; Б) ілмек; В) жөрмеп;

 

III. Жаңа сабақ.

Қазақ халқының қолөнері деп тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, бейнелеу, құрастыру сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Құрақ көрпеше үй жиһаздарының бірі. Тұрмысымызға көрік берер сәнді бұйымдардың бірі. Ол ата – бабаларымыздың дәстүрлі төсеніші болған. Кезінде оны апа — әжелеріміз бірден пішіп, қырқып құрастыра берген. Құрақтан қолдорба, шайдорба, кесеқап, т.б. бұйымдар жасауға болады. Құрақ сан түрлі бұйымдардан құрастырылады. Мата қиындыларынан әр түрлі өрнек құрағын жасауға болады. Құрақпен өзге елдер де шұғылданады. Бірақ оны әрқалай атайды. Мысалы: қазақ халқы «құрақ»деп атаса, орыс халқы «құрақ мозайкасы» немесе печверк деп атайды. Құрақ «құрау» деген сөзден шыққан Әсіресе, мақта матасынан алынған құрақ төзімді болады, әрі жуылғаннан кейін қыртыстанбайды. Барқыт, шибарқыт, драп бұл маталар құрақ құрауБарқыт, шибарқыт, драп бұл маталар құрақ құрауға қолайлы, әрі тиімді, төзімді келеді. Құрақ әр түрлі геометриялық фигуралардан тұрады.

Құрақтың бірнеше түрі бар. Атап айтсақ олар: сегізжапырақ, иттабан, қызғалдақ, ботагөз, тұмарша, шиорау, жұлдызша, тырна, қайшы, айшық, т.б. Осы құрақтан сан алуан қиықтардан тұрады. Құрақты құрау кезінде қойылатын талап – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және матаның негізгі арқау жіптерін ескеру керек және түстерінің үйлесімді болуын ескергеніміз жөн. Бұл өнер ептілікті, икемділікті қажет етеді. Әр істі бастар алдында мынадай халық мақалын есте ұстаған дұрыс: «Талаппен бастап, талғаммен аяқта». Осы мақалды қалай түсінеміз? Кейбір оқушымыз жұмысын аяғына дейін орындамайды. Жұмысты болғаннан кейін шыдамдылықпен, төзімділікпен аяқтауымыз керек.

 

Құрақ әлеміне саяхат

  1. Құрақ әлеміне саяхатқа шығу үшін ендігі бірінші аялдамамыз «жұмбақ шешу» аялдамасы.

    1. «Дөңгелек айналасы төртеу көзі,

Сөйлейтін ешбір хабар жоқты сөзі

Нәрсені қашық тұрған жақындатып

Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі. (Түйме)

 

    1. Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (Қайшы)

 

    1. Ат міндім қарала аяқ қаздатып,

Жүргенде жол салады табандатып. (қалам)

 

    1. Адамға сонша пайдалы,

Басында сансыз көзі бар. (оймақ)

 

1.5. Екі басты жалмауыз

Кейіп аузын ашады,

Алдына түскен нәрселер,

Өзінен — өзі қашады. (қайшы)

 

1.6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,

Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине, жіп)

 

Балалар осы жұмбақтың шешуіне байланысты қандай қауіпсіздік ережелерін білеміз?

  1. Инені ауызға салма;

  2. Қайшыны қайшылама;

  3. Жіпті тіспен үзбе;

  4. Инені ине шанышқыға түйре;

  5. Қайшыны ашық ұстама.

 

 

  1. Екінші аялдамамыз «Мақал – мәтел» аялдамасы.

  1. Еңбек ер атандырады.

  2. Шебердің саусағы алтын.

  3. Өнерді үйрен де ширен.

  4. Ердің атын еңбек шығарады.

  5. Өнерлінің қолы алтын.

  6. Ерлік білекте емес, жүректе.

  7. Талаптыға нұр жаусын.

  8. Еріншектің ертңі таусылмас.

Балалар осы мақалдың ішіндегі «шебердің саусағы алтын» мақалының мағынасын қалай түсінеміз?

  1. Үшінші аялдамамыз «Сөзжұмбақ шешу» аялдамасы.

Бұл аялдамада сөзжұмбақ шешеміз.

 

 

 

Қ

  1. Еңбек құралдарының бірі

  2. Құрақтың түрлері

  3. Мата түр

  4. Бұйым пішілетін зат

  5. Ұлттық киім

 

 

Қ

 

 

 

Ұ

 

 

 

Р

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

Балалар бізге құрақ не үшін қажет?

 

  1. Төртінші аялдамамыз «Маталар дүкеніне» тоқтаймыз.

Бұл аялдамада «Маталар сыры» Буклетіне жазылған жұмбақ айтылады. Балалар оның қандай мата екенін шешеді.

 

    1. Үлбіреген әсем, әдемі,.

Көркімді бәрі біледі.

Сондықтан тек мені

Жас адамдар киеді …

Қынай тіккен көйлектен,

Қыздар көркі түледі.

Табиғаты нәзік неткен,

Денеге нәзік тиеді.

Сұлулықты кім сүйеді,

Сол жандар мені біледі. (жібек)

    1. Жеңіл, жұмсақ матамын

Жазғы үлгіге жатамын.

Бояуларым қанық түседі,

Әсеммін, көз тартамын.

Көркі асқан қыз, келін,

Мені киіп гүлденер,

Шымылдық, жапқыш, көрпе де.

Менімен көркем күйге енер.

Атауымды айта ғой,

Тереңнен тарта ғой. (атлас)

    1. Мені іздесең әр кезде,

Табасың ұлттық киімнен,

Зер төгілген ізімнен,

Хас шебердің үйінен,

Әсем, жалтыр көркіммен,

Шапанға да әр берем.

Ал, қыздарым, сіздерге

Кәзекейге сән берем. (парша)

    1. Матамын әр кез төзімді,

Мақтадан алар бөзімді

Үлкендер де, кіші де,

Сәндікке киер өзімді,

Көп жуса тез қысқарам,

Қажетімді білер ұстаған.

Бүктелсем де сан рет

Үтіктелсем жақсарам. (шыт)

    1. Қалың мата саналам,

Мал жүнінен алады.

Суықта жұмсақ түгімнен

Адамдар пана табады.

Күздік, қыстық киімді

Ұл – қызың киіп сүйінді,

Менің атым не екенін

Қыздарым табар түйінді. (драп)

    1. Сәндік киім тігетін,

Қалың түкті матамын.

Ұлттық киім нышаны,

Қасиетті затқа жатамын.

Сондықтан да аналар,

Қызына қояр атымды.

Атауымды кім табар, (масаты)

Айта ғой қызым атымды

    1. Менен тіккен халатты,

Аналар қалап ұнатты,

Қыс кезінде ағалар

Шұлғау ғып та орапты.

Жылы, жұмсақ көйлекті

Қыста ұлдар қалапты.

Ал келіндер балаға

Жаялыққа жаратты.

Сонда мен қай матамын,

Қәне, жылдам атағың. (пумази)

 

5. Балаларға нұсқау карта арқылы «сегізжапырақ» құрағының эскизін салдырамын. Әр түсті қағазбен сегіз жапырақ құрағының эскизін саламыз.

 

 

6. Бесінші аялдама «Құрақ» аялдамасы.

 

7. Алтыншы аялдамамыз «жарнама» аялдамасы.

«Ғажайып іс көріңіздер!

Фирманың аты «Алтын оймақ»,

Құрақ алуға келіңіздер!

№ 7 Орта мектебі деп біліңіздер!»

 

Құрақ аялдамамыз осы жерден шектеледі. Келгендеріңізге көп рахмет!

 

IV. Қортындылау.

Жақсы қатысқан, жауап берген оқушыларды бағалаймын.

 

V. Үйге тапсырма.

Түрлі – түсті қағазбен сегізжапырақ құрағының эскизін салу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.