Без рубрики

Сән туралы түсінік.Әйелдердің жеңіл киімдерін жіктеу

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылы,
 № 185 орта мектеп,  Технология пәні мұғалімі,
Әбілғазықызы Раиса

«Технология» пәні
 8 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы:  «Сән туралы түсінік.Әйелдердің жеңіл киімдерін жіктеу»
Мақсаты:
A. Білімділік : Оқушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным – түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу;
B. Тәрбиелік:   Талғампаздыққа, ұқыптылық пен үнемді болуға үйрету. Сәнді де жарасымды киіне білуге үйрету;
C. Дамытушылық: Эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту , ізденімпаздық, еңбекқорлық іс — әрекеттерін қалыптастыру

Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық, сұрақ – жауап, СТО стратегиялары.
Сабақ түрі: жаңа білім беру
Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру
Қажетті құралдар: «Бурда» журналы, сән үлгілері, суретті буклет таблицалар
Сабақ жоспары:
1. Сұрақ – жауап
2. Графикалық диктант
3. Шығармашылық жұмыс
4. Жұмбақ шешу
5. Мақал – мәтелдер сайысы

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Түгендеу;
3. Сабаққа қажетті құралдарын дайындау
4. ТҚЕ таныстыру
5. Топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын бағалау:
1. Үйге берілген тақырып бойынша түсініктерін сұрау;
2. Дәптері мен файлын тексеру;
    
III. Жаңа сабақ.
    Сән (modus деген латын сөзі) — өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі.Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән — әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
    Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзе түседі: ретроспективалы (өткеге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).
«Силуэт», «пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктер адамдармен тығыз байланысты.
Силуэт (француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың  (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, үшбұрыш, сопақ, т.б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуэттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес силуэт, сопақ силуэт, Х – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.
Стиль (лат. Stilus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.
Киімді бірнеше стиль бар – классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық.
Классикалық стильге — қатал, іскер, сәнді киіну;
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда ыңғайлы киім.
Романтикалық стиль әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.
Фольклорлық  стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер

IV. Сергіту сәті
            Графикалық диктант
    Жоғары – 1 см
          Оңға – 2 см
          Төмен – 2 см
          Солға – 3 см
          Жоғары – 3 см
          Оңға – 4 см
          Төмен – 5 см
          Оңға – 2 см
          Төмен – 3 см
          Солға – 3 см
          Жоғары – 2 см
          Оңға – 2 см
          Төмен – 1 см
          
V. Шығармашылық жұмыс
    Екі топқа қыз баланың силуэті салынған парақ беріледі. Сол суретті екі топ 3 минут ішінде бір топ спорттық стильде, ал екінші топ романтикалық стильде киіндіру керек. Сонымен қатар оны ұлттық нақышта безендіру керек.

VІ. Жұмбақ шешу
1. «Дөңгелек айналасы төртеу көзі,
Сөйлейтін ешбір хабар жоқты сөзі
Нәрсені қашық тұрған жақындатып
Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.                (Түйме)

  1. Қолымда бір құсым бар екі басты,
    Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.                 (Қайшы)
  2. Ат міндім қарала аяқ қаздатып,
    Жүргенде жол салады табандатып.               (қалам)

  3. Адамға сонша пайдалы,
    Басында сансыз көзі бар.                (оймақ)

  4. Екі басты жалмауыз
        Кейіп аузын ашады,
        Алдына түскен нәрселер,
        Өзінен — өзі қашады.                   (қайшы)

  5. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,
        Мойнында ұзын арқан сүйретілген.          (ине, жіп)

Балалар осы жұмбақтың шешуіне байланысты қандай қауіпсіздік ережелерін білеміз?
1. Инені ауызға салма;
2. Қайшыны қайшылама;
3. Жіпті тіспен үзбе;
4. Инені ине шанышқыға түйре;
5. Қайшыны ашық ұстама.

VІІ. Мақал – мәтелдер
1. Еңбек ер атандырады.
2. Шебердің саусағы алтын.
3. Өнерді үйрен де ширен.
4. Ердің атын еңбек шығарады.
5. Өнерлінің қолы алтын.
6. Ерлік білекте емес, жүректе.
7. Талаптыға нұр жаусын.
8. Еріншектің ертңі таусылмас.
Балалар осы мақалдың ішіндегі «шебердің саусағы алтын» мақалының мағынасын қалай түсінеміз?

 IV. Бағалау
1. Үйтапсырмасын орындаған
2. Дәптері, файлы
3. Алжапқышы мен орамалы,
4. Сабақтағы белсенділігі

V. Үйге тапсырма.
1. Тақырыпты оқып келу
2. Фольклорлық стильдегі киімнің эскизін салып келу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.