Без рубрики

Мамандықтар

Наурызбаева Г.Х.
Карагандинская область Г.Сатпаев
КГУ «№2 школа»

 

БжС технологиясы Ауызша сабақ -1 картасы

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі (5 сынып)

Сабактың тақырыбы: «Мамандықтар»

Сабақтың мақсаты:

1.Мамандық туралы мағлұмат беру, олардың атауларын, міндеттерін меңгерту.

2.Тілдесім, әрекетін, сөздік қорын дамыту. Сұраққа жауап беруді қалыптастыру, қисын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, жылдамдықты арттыру.

3.Оқушылардың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылыгын арттыру. Мамандық таңдауға талпындыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ оқудың макроқұрылымы

Технологиялық картаның

жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1-кезең

Ұйымдастыру

 

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру

 

2-кезең

Оқушылардың субьектілі тәжірбиесін өзектендіру

І. Қарама-қарсы сұрақтар(үй тапсырмасы бойынша бекіту)

1.Бір ғасырда неше жыл бар? (жүз жыл)

2.Бір жылда неше ай бар? (12 ай)

3.Бір жылда неше мезгіл бар? (4 мезгіл)

4.Бір жыл мезгілінде неше ай бар? (3 ай)

5.Бір айда неше күн бар? (30-31күн)

6.Бір айда неше апта бар? (4 апта)

7. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)

8. Бір күнде неше сағат бар? (24 сағат)

9. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)

10.Бір минутта неше секунд бар? (60 секунд)

 

10минут

 

3-кезең

Қабылдауды ұйымдастыру, зейін мен есте сақтауды дамыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Жаңа сабақ тақырыбына қысқаша кіріспе мәлімет беру.

Әр түрлі мамандық бар.Олар: дәрігер,мұғалім,наубайшы,жүргізуші, егінші, шаштараз, кітапханашы, сатушы, аспаз және тағы басқалар.

Мамандықтардың барлығы адамға керек. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Мұғалім балаларды оқытады.

Наубайшы нан пісіреді.

Жүргізуші машина жүргізеді.

Егінші егін егеді.

Шаштараз шаш қияды.

Кітапханашы кітап береді.

Аспаз тамақ даярлайды.

Барлық мамандықтар жақсы, қызықты. Әр адам өзіне ұнаған мамандықты таңдап алады.

 

2.Тірек сөздермен жұмыс.

Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар есте сақтайды. Естерінде не қалды, соны жазып шығады.

 

Тірек сөздер:

Мамандық

Мұгалім

Дәрігер

Аспаз

Шаштараз

Кітапханашы

Сатушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30сек

 

 

 

 

 

30сек

 

 

 

 

4-кезең

Ұғымды ұйымдастыру

 

 

Мәтінмен жұмыс

Балалар мәтінді зейін қойып, мұқият оқиды.

 

1бет-5минут

 

5-кезең

Алғашқы түсінікті тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Қарама-қарсы сұрақтар (жаңа сабақ бойынша)

  1. Қандай мамандықтар бар?

  2. Әр мамандықтың несі болады?

  3. Дәрігер не істейді?

  4. Мұгалім не істейді?

  5. Наубайшы не істейді?

  6. Жүргізуші не істейді?

  7. Егінші не істейді?

  8. Шаштараз не істейді?

  9. Кітапханашы не істейді?

  10. Аспаз не істейді?

 

10минут

 

6-кезең

Алғашқы бекітуді ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.Сын тұрғысынан сұрақтар:

1.Мамандық адамға керек пе? (иә)

2. Әр мамандықтың ерекшелігі бар ма? (иә)

3. Дәрігер балаларды оқытады? (жоқ, мұғалім оқытады?)

4. Мұгалім адамдарды емдейді? (жоқ, дәрігер емдейді)

5. Наубайшы нан пісіре ме? (иә)

6. Жүргізуші машина жүргізе ме? (иә)

7. Шаштараз шаш қимайды? (жоқ, қияды)

8.Егінші егін екпейді? (жоқ,егеді)

9. Кітапханашы кітап бере ме? (иә)

10.Аспаз тамақ даярламайды? (жоқ, даярлайды)

 

 

 

5минут

 

7-кезең

 

 

 

 

 

 

 

Талдау және рефлексия

Сабақтың жалпы материалын меңгеру деңгейін бағалау.

Тақырыптық сөздік қорын тексеру.

 

 

8-кезең

 

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге: «Кім болам?»

(шағын шығарма)

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.