Без рубрики

Аты-жөні. Айтжанова Ақзада Жанабайқызы
Мекен- жайы: Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебі
Бітірген оқу орны. Қызылорда ГУ
Мамандығы: география-биология
Санаты. І
Стажы: 16 жыл
Пәні: өзін — өзі тану
Класы: ІҮ

Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық 4- класс
Мақсаты: Оқушылардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— білім, даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;
— білімге, оқуға қызығушылықтарын дамыту;
— білімді бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз, тағы да өзіміздің кең және жарық сыныбымызда отырмыз. Бұл жерде отыруларыңның құпиясын білемін! Себебі сендерге білім алу ұнайды. Білім арқылы өзіңді, адамдарда, айнала қоршаған ортаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Бүгінгі сабағымызда білім, білімнің адам өміріндегі мәні туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
Мұғалім білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді. Төменде ұсынылған өлеңді бәрі бірге айтады:

Мақал мәнісі
С. Баязитов
«Кітап – білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.»
Осы мақал мәнісі
Қалай, — деп інім сұрады.
Болғың келсе білімді,
Кітаппен достас мәңгілік.
Жадыңа білім жаңғырып,
Оятар сана – сезімізді.
Танырсың жатты, өзіңді,
Аашарсың сөйтіп көзіңді.
Сабақтағы әңгімелесу әдісін өткізу үшін мынадай сұрақтар ұсынылады:
— «Кітап –білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы», — дегенді қалай түсінесіздер?
— Білімнің адамға қандай пайдасы бар?
— Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыздар?
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
— Білім арқылы заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдылықтарын танимыз. Білім дегеніміз – адамның бойына жинақталған тәжірибесі. Үздіксіз жинақталған білім адамды даналыққа жеткізеді. Білімді адам әрбір жағдаятты, мәселені ойланып барып, біліміне сүйенуі негізінде шеше алады. Өмірдегі көп қиындықтарды, кедергілерді білімімен жеңеді. Сондықтан да әрбір адам білімге құштар болу керек. Құштарлық деген – ынта –ықыласымен жақсы көру, білуге талдпыныс жасау дегенді білдіреді.
Дәптермен жұмыс:
-Дәптерімізді ашып күннің жадын, тақырыбын жазамыз.
Мәтінмен жұмыс.
-Оқулықтағы білім туралы мәтін талданып түсіндіріледі.

Сергіту сәті:
-Мектеп – үлкен анашың,
Баураған барлық баласын
Тәртіппен алсаң білімін,
Өмірден жол табасың
Тапсырма.
Тақырыпты пысықтау мақсатында төмендегі тапсырманы орындау тапсырылады.
Аружан жас болса да,шетелде әншілік мектепте оқып жүр.Ол ешқашанда өз елін, оның озық дәстүрлерін естен шығарған емес.арманы алған білімін қазақтың халық,әндерін күйлерін бүкіл әлемге танытуға арнау. Аружанға хат жазып, өз тілектерін білдіріңдер.
Ойын- жаттығу:
Оқушылардың білімге құштарлығын байқау мақсатында «Жалғасын тап» атты ойын жаттығуы орындалады.
Оқушылардың сабақта айтылған ойларды пысықтай түсуі үшін, дәптердегі тапсырма орындалады.
Дәптердегі кітап суретінің бетінде берілген әріптерді дұрыс орналастырсаңдар, оқу – білім туралы даналық сөз шығады оны дәптерлеріңе жазыңдар.

Қ.Н.І.Қ.Т.А.А.З.П.Ы.А.Н.Л.А.Т.Ы.
«Кітап-алтын қазына» Балалар тапсырманы орындап болған соң жария етеді, даналық сөздің мәнін түсіндіріңдер.
Дәйексөз:
— Оқушылардың білім құштарлығын дамыту. Білімге деген қанаттарын қаққызу.Өз ойларын еркін жеткізуге баулу. Білім данышпандарға еліктеу.
Жаңа ақпарат:
Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір- біріне көмектессе ұжымда бірлік, сыйластық болады. Оларды біріктіретін ортақ мақсат- ол- білім алу, өнерге үйрену және өмірді бағалай білу.
Тыныштық сәті:
Балардың қабілетін арттыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі, ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап,бастарын жоғары көтеріп ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.
Осылайша екі минут отырады.
Жүректен-жүрекке:
Талаптанып, қанаттанып,
Білім алып, тұлғаланып,
Өмір сырын ұғамыз,
Азамат болып шығамыз.
Түрлі – түсті қағаздан жүректің суретін салып қиып оған өз сыныптастарына білім күнімен құттықтау жазып бір – біріне беред

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.