Без рубрики

«Сынып сайтының мүмкіндігі» (ғылыми-зерттеу жұмысы)

Астана  қаласы
«№56 мектеп-лицейі» ММ мекемесі
«Сынып сайтының мүмкіндігі» (ғылыми-зерттеу жұмысы)
 Авторы:  Рахим Расул  7 «А» сынып оқушысы
 Жетекшісі: Бекішева Күлзия Есенқызы №56 мектеп-лицейінің   информатика пәні мұғалімі.
                                                 Аннотация

Жұмыстың мақсаты: Мектеп пен ата-ана байланысын электронды жүйеге келтіруде  Интернеттің мүмкіндігін кеңінен    қолдану.
Гипотезасы:  Интернет сайттарының  мүмкіндігін дұрыс, мәдениетті қолдану арқылы сынып оқушыларын электронды бақылау.
Зерттеу жаңалығы:    — Мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты арттырудағы  Интернет сайттарының көмегі;
  — Интернеттегі сынып сайттарының мектептегі сыныптар   арасында кең таралуына ықпал ету;

Жұмыстың нәтижесі:    — Сауалнама нәтижесінде оқушылар арасындағы
 -Интернет сайттары туралы пікірлерін  анықтадым;
— 7 «А» сыныбының сайты жасалынды.

Қорытынды:    Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары баяндалып, ұсыныстар беріледі. Қарастырып отырған мәселенің тиімділігі айтылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мазмұны
1. Жұмыстың теориялық бөлімі:

Қазіргі өмірді интернетсіз елестету қиын. Өмірдегі күнделікті үрдіс уақыт өткен сайын шапшаң болып бара жатыр, соған орай жоғарғы жылдамдыққа ие интернет желісі қажет. Ең алдымен оны көпшілік ақпарат алмасу үшін пайдаланаты анық. Дегенмен ол бүгінде жастардың ең көп уақыт бөлетін ермегіне айналып барады.  Әрине, әлемдік ғаламтордың санаға әсер ететін теріс жақтары да бар. Бірақ келешекте дамыған елдердің  қатарына қосыламыз десек, озық технологиялардың соңында қалмауымыз керек. Қазір интернет желісі барлығымыз үшін қолжетімді, қызмет құны да арзандап барады. Күн сайын пәнге және шығармашылық жұмыстарға қажетті ақпаратты іздеуде әр түрлі  сайттарды ашып оқимын, достарыммен хабар алмасуға көп жеңілдік жасайды. Бір өкініштісі, интернет мүмкіндіктерін кейбір адамдар  толықтай пайдалана алмайды. Ол арқылы үйден шықпай-ақ жан-жақты хабардар болып отыруға болады. Қазіргі заман талабына сай Интернет мүмкіндіктерін толық пайдаланудың қажеттілігі мен әрбір ата-анаға өз баласы туралы толық мәлімет алу мүмкіндігі   пайда болады. Ақпараттық технологияның кеңінен дамып отырған кезеңінде  әрбір ата-ана  үйден шықпай-ақ күнделікті сыныптың тыныс-тіршілігінен, өтіп жатқан шаралардан, өз баласының сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінен алған мақтаулары мен ескертулерінен (сырт келбеті, оқу-құралдарының жағдайы, өзін-өзі ұстауы, денсаулығы) хабардар болады. Сонымен қатар  сабақ беретін пән мұғалімдеріне де  оқушылардың қорытынды бағасын шығаруда  тигізетін  көмегі шексіз.
2. Жұмыстың практикалық бөлімі:
Ақпараттық технологияның жоғары қарқынмен дамыған бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір азаматы электрондық үкімет сайтына  кіріп, мемлекеттік мекемелермен тікелей байланыссыз қысқа уақыт ішінде ақпарат ала алады. Интернет сайтының осындай  мүмкіндіктерін мектептерде де жүзеге асыра бастады, яғни мектеп сайтын пайдаланып мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты электронды түрде атқаруға болады. Мектеп сайттары арқылы мектептің тыныс-тіршілігі, мектеп қабырғасында күнделікті өтіп жатқан әр түрлі деңгейдегі іс-шаралар туралы мәліметтермен танысуға  болады. Енді әр сыныптың жетекшісі мен ата-аналар  арасындағы байланысты да электронды түрде жүзеге асырудың маңызы өте зор.  Сондықтан менің ұсынысым мектептегі барлық сыныптардың өздерінің сайттары болу қажет және  мектеп сайтына сілтемелер қою арқылы әр сыныптың сайтымен байланыс орнату керек. Өйткені барлық оқушының ата-анасы үнемі мектепке келіп, баласының үлгерімі, тәртібі туралы мәліметпен танысып отыра алмайды. Осы сынып сайттары арқылы әрбір ата-анаға өз баласы туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік туса, сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдеріне оқушылардың қорытынды бағасын шығаруда  көмек болады. қазіргі заман талабына сай Интернет мүмкіндіктерін толық пайдалануға талаптану ниетімен өз сыныбымның  сайтының  үлгісін мектеп оқушыларына ұсынып отырмын. Мен бұл сайтты  эксперимент ретінде жасап отырмын.

Мен құрған 7 «А» сыныбының ақпараттық  сайты арқылы сынып оқушыларының тоқсандық үлгерім сапалары, апталық білім деңгейлері, 1
дік білім-білік көрсеткіштері, сынып сағаттарында көтерілген мәселелер мен оқушылардың әр саладағы жетістіктері  жарияланыпды. Нәтижесінде, қызығушылық пайда болып,  әріптестерімнің  арасында электрондық кері байланыс орнады. Әркім өздерінің мақалары мен пікірлерін, қызықты тақырыптарға жазылған әңгіме, рефераттарын жариялауды ұсынды.

Ұсыныстар:
Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой — өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады.
 Ақпараттық технологияның даму заманындағы өмір  талабының бірі – оқу-тәрбие үрдісінде мектеп- оқушы-ата-ана  арасындағы электронды  кері байланысты пайдалану болса, осыны  мен сынып сайты арқылы жүзеге асыруға болады деп ойлаймын және  барлық әріптестерімді  өздерінің сыныптарының сайтын жасауға шақырамын.
 Болашақта сайтты жетілдіріп, мүмкіндіктерін кеңейтіп,  қызықты тақырыптарда әртүрлі сайыстар ұйымдастыру. Мысалы: «Менің болашақ мамндығым», «Менің болашақ қалам», «Болашақтағы ауыл», «Менің шет елдегі студенттік өмірім», «Мен – болашақ ғалыммын», «Еліміздің болашағы — біздің қолымызда», «Ақпараттық технология — өмір талабы» т.б.

Ғылыми жаңалығы:

Интернет мүмкіндігін сауатты пайдалана отырып, мектеп пен оқушылардың ата-анасы арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру  үшін оқушылардың бағалары, оқушының алған ескертулері, сынып  жетекшісінің ңұсқауы, сынып жаналықтары, қатысатын қосымша сабақтары туралы мәліметтер арнаулы сынып сайттары  арқылы ата-аналарға хабарланып жатса оқу-тәрбие үрдісінде жоғары жетістіктерге жетуге болар еді. Қазіргі уақыттағы сынып оқушыларының  ата-аналарының жиналысқа қатысу деңгейінің төмен болуына байланысты  мектеп сайтымен сілтеме арқылы қосылатын әр сыныптың өз сайттары болуын ұсынамын.

Қорытынды.
     Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.Ұрпақ үшін білімнің маңызы қандай болса, ақпараттық технология  да оқушы үшін қоршаған әлемді танудың құралы болып табылады. Олай болса, Ғаламтордың барлық мүмкіндігін кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Интернеттегі  сынып сайттарының тиімділігі әрбір ата-ана өз баласы туралы нақты мәлімет алып отырады. Сынып  оқушылары  ата-аналарына алған төмен бағаларын (үштерін және екілерін) немесе мұғалім тарапынан алған ескертулерін  көрсетпеу үшін әртүрлі әрекеттер жасаулары мүмкін. Мысалы, олар күнделіктің бетін жыртуы, оны жаңа бетке  ауыстыруы немесе корректормен жөндеп алулары сияқты жағдайлар оқушылар арсынан кездеседі. Ал олардың  алған ескертулерін ата-аналары тек ата-аналар жиналысында немесе сынып жетекшілерінің телефон арқылы хабарласуы арқылы ғана  біле  алады. Егер ата-аналар жиналысы  2 айда бір рет (тоқсанына 1 рет)  болатын болса, сол кезге дейін оқушының барлық ескертулері есте сақталмайды. Сондықтан  ата—аналар өз балаларының оқуын және тәртібін дер кезінде дұрыс бақылай алмауы мүмкін. Демек,  осындай сынып  сайттары арқылы  ата-аналардың баласының оқуын және тәртібін әр күн сайын бақылауда алатын орны ерекше болмақ.
 «Интернет сайттарының мүмкіндігі» тақырыбындағы
 ғылыми-зерттеу жұмысы  Интернет сайттарының  мүмкіндігін дұрыс, мәдениетті қолдану арқылы сынып оқушыларының білім алу мен тәрбие жұмысындағы  біліктіліктерін электронды бақылауды жүзеге асыру.Басты мақсат  ата-ана мен сынып жетекшісі арасында электронды байланыс жасау ұсынылады. Ата-аналар сынып сайтынан өз балалары  туралы көптеген қажетті мәлімет ала алады және барлық сынып жетекшілері мен пән мұғалім  жұмысында қолдануға болады.

Қосымша№1

Мен ұсынып отырған Астана қаласындағы №56 мектеп-лицейінің
7 «А» сыныбының ақпараттық сайты.

Қосымша№2

Өзім оқитын мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізгенде Интернет байланысының бүгінгі таңда өте қажет және пайдасы көп екені анықталды. Сонымен қатар оқушылардың көпшілігі сынып сайттарының болуын қолдаса, кейбір оқушылар міндетті емес деген пікірде екен. Атап айтқанда сауалнамаға жауап берген барлық 65 оқушыдан 41 оқушы жақтаса, 15 оқушы  қажеттілігі орташа десе, қалған 9 оқушыға Интернеттің бары – жоғы бірдей сияқты.

Сауалнама

Аты-жөні:_________________________________________________
Жасы:  _____________________
Сыныбы: ________________________
Интернет қызметін пайдаланасыз ба? _________________________
Интернетті күнделікті пайдалану уақыты? ______________________
Интернет сайттарының пайдасы мен тиімділігі?_________________
___________________________________________________________
Мектеп сайтының қажеттілігі?_________________________________
____________________________________________________________
Сыныптың сайты қажет деп ойлайсыз ба?________________________

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.