Без рубрики

Компьютерлік технологияның ұлттық болмысты қалыптастырудағы орны

Астана қаласы  «№56 мектеп-лицейінің» ММ
Қами Әлиханның
8 сынып оқушысы
«Компьютерлік технологияның ұлттық
болмысты   қалыптастырудағы орны»

тақырыбына жазған ғылыми-зерттеу жұмысым
Жобаның ғылыми жетекшісі:
Андасова Баққайша Заманбекқызы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Есептеу техникасы» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Жетекшісі: Бекішева Күлзия Есенқызы  — №56 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі.
«Компьютерлік технологияның ұлттық болмысты  қалыптастырудағы орны» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы 7-8 сынып оқушыларына мәтіндік   және графиктік редактормен жұмыс істеу барысында көмекші құрал ретінде ұсынылады. Оқушылар қазақтың ұлттық болмысы туралы көптеген қажетті мәлімет ала алады және пән мұғалімдеріне үйірме жұмысында қолдануға болады.
Қорытынды.
    Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.Демек, оқушылардың бойына ұлттық болмысты қалыптастыруда компьютерлік технологияның, электронды оқулықтардың алатын орны ерекше болмақ.

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мазмұны

Жұмыстың теориялық бәлімінде:

Мен  ұсынып отырған қосымша оқу құралының  оқушыға , мұғалімге пайдалануда тиімді болуын көздедім. Ұлттық болмыс ұғымы ауқымды болғандықтан, оны мағынасына қарай топтастыруды жөн көрдім. Сабақтағы өтілетін тақырыпқа байланысты компьютерде  әуелгі негізгі бума жасалу керек , ол буманың ішіне тақырыпқа қарай бірнеше бума орналасу тиіс. Әр бумадағы гиперсілтемені тышқанмен шерту арқылы ашып, ондағы әрқайсысы туралы жеке-жеке файлды ашып, сол ұғым  туралы сипаттама беру қажет. Мұнда  мәтін мазмұнына сәйкес  суреттерін қоса орналастырып, мәтінді безендіру керек. Керекті тақырыпты басып ол туралы жазылған, әртүрлі эффектілермен безендірілген, анимациялары бар мәліметтерді гиперсілтеме арқылы экранға шығарып отырады. Әртүрлі анимациялық эффектілермен жасалынған бұл жұмысты жанды сөзбен, музыкалық әуендермен безендіріп, DVD  арқылы көшіріп, отбасының да игілігіне айналдыруға болады.

Жұмыстың практикалық бөлімінде:

 «Ұлттық ұғымдар»

 «Жеті санымен  байланысты ұымдар»  

7-ші атасы

Оның баласы

Оның баласы

Оның баласы

Оның баласы

Оның баласы

Өзі

«Қырық санымен байланысты аңыздар, ұғымдар»  

 «Бес санымен байланысты аңыздар, ұғымдар»

«Үш санымен байланысты аңыздар, ұғымдар»

«Салт-дәстүрлер»
.

 «Әдет-ғұрыптар»

«Тыйым сөздер»
 

«Ұлттық ұғымдар»

«Мәдениет, салт-дәстүрлер»

«Қазақтың ұлттық ойындары»

Ұсыныстар:

Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой — өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады. Заман көшіне ілесу талабының бірі – оқу үрдісінде электронды пайдалану болса, мен де бұл жинақ-кітапшамды болашақта информатика пәніне арналған электронды оқулық түрінде жасамақшымын.

Ғылыми жаңалығы:

Жасөспірімдер  бойында ұлттық болмысты қалыптастыру  үшін , ұлттық салт-дәстүр, ұлттық ұғымдар мен тыйымдар  туралы мәліметтер арнаулы оқулық қосымшалары мен электрондық оқулық түрінде берілген тапсырмаларда насихатталса нұр үстіне нұр болар еді. Жалпы қазақ тілінде қосымша құралдардың аздығына байланысты ана тілінде дидактикалық материалдарды даярлауды ұсынамын

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.