Без рубрики

Зат есім. 58-62- жаттығу

105 А.Жанпейісов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Қалтаева Ж.А

Пәні : Қазақ тілі Сыныбы: 3 «Б»
Тақырыбы: «Зат есім. 58-62- жаттығу».

Мақсаты:1) Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру.Өз ойларын айтып, оны  талқылауға үйрету. Зат есімнен алған білімдерін анықтап, зат есімді  сөйлем ішінен тауып,оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету; 2) Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту. 3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа білімді игерту

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері

Көрнекілігі: Суреттер, кестелер,плакат, маркер,интерактивті тақта,слайдтар т.б.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану

Сабақтың жүрісі

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау,сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

  • Қызығушылығын ояту

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дана тілім.-деп сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге қандай тапсырма берілді?(57-жаттығу)

Төмендегі шашылып жатқан сөздерді мынадай ретпен жинастыр:

  1. Сөз табының атауы;

  2. Нені білдіретіндігі;

  3. Қандай сұраққа жауап беретіндігі;

  4. Мысалы;

III. Жаңа сабақ

Балалар өткен сабақта кандай тақырып өттік?

— Сөз таптары

Жалпы қазақ тілінде 9 сөз табы бар.Бастауыш сыныбында 4 сөз табымен танысамыз.

Жұмбақ шешу: «Ой қозғау» стратегиясы.

Сөз табының ең басында тұрамын

Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым

Сөйлемде ой йесі боламын

Етістікпен көркейемін толамын. (Зат есім)

Жұмбақ шешу, ой қозғау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

  • Мағынаны түсіну

 

Зат есім Сын есім

 

Сөз таптары

Сан есім Етістік

 

  • Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.

Қоян Қояндар балапан балапандар

-Сөздерді салыстырып оқиықшы? Олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар?

(Оқушылар жауабы)

Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.

Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: аталар, құстар, түйелер.

Зат есім

Жалқы есім жалпы есім

IV. Жаңа сабақты бекіту

Оқулықпен жумыс:

58 – жаттығу.

1. Мақалдарды көшіріп жаз.

2. Зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қой.

3. Зат есімдердің астын сыз.

  • Суретпен жұмыс

59 – жаттығу.

Кітап соңындағы түсіндірмелі сөздікке сүйеніп, алдымен гүл аттарын, сонан соң дәрілік өсімдіктердің аттарын жаз.Оларға сұрақ қой.

Гүл аттары:

Дәрілік өсімдіктер:

60- жаттығу.

1. Өлеңді мәнерлеп оқы.

2. Зат есімдерді теріп жаз.Оларға сұрақ қой.

3. Көл,су, ат сөздеріне көптік жалғауын жалғап жаз.

  • Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық,

Қане, қанат жазайық.

Аққу болып ұшайық,

Көлде жүзген балықтай,

Жүзіп,жүзіп алайық.

Қане, айналып қарайық.

61-жаттығу.

1. Мәтінді оқы

2. Жалқы есімдерді тауып,сұрақ қой . Олар қандай әріптен басталып жазылады?

 

3. Жалқы есім дегеніміз не? Жалпы есім дегеніміз не? Олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар?

V .Жаңа сабақты қорытындылау.

Қане, балалар!

Өлең айтып,жұмбақ шештік

Дәптерге жазу түсірдік

Сонымен сабақта

Нені оқып үйрендік?

  • Зат есім.

VI. Үйге тапсырма. 62-жаттығу. Ереже жаттау.

VII.Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.