Без рубрики

Ғылыми педагогикалық зерттеу лабраториясы ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Ақтөбе қаласы
№30 мектептің технология пәнінің мұғалімі
Құлжабаев Серікқали

Бұл ұсынылып отырған оқулық жасөспірімге қазақ қол өнер түрлерінің бірі – ағашты көркемдеп өндеу, оның технологиясымен көне заманның әшекейлеу тәсілдерімен егжей-тегжейлі танысып, іс-әрекет жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. әрине, бұл оқулық кіші жасөспірім балалардың деңгейіне арналып жазылып отыр. Ағашты көркемдеп өндеуге, біз негізінен ерте дәуірдегі қазақ қолөнер шеберлерінің ұмытылып бара жатқан техникасы мен тәсілдерін келтірдік. Яғни ағашты кесіп ою, бояу, ағашты сүйек, метал сияқты материалдармен өткермелеп безендіру. Сондай-ақ, кейбір жеке техника, тәсілдердің бір-бірімекн қиыстырылып әшекей орындалуы өткен замандағы ата-бабамыздың сүйіп, қадірлеп тұтатың тәсілдерінде ұсынып отырмыз.

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

  1. Бабалар дәстүрін жалғастыру оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әрбір адамның борышы.

Қолөнерді кәсіп еткен ағаш ұқсатушылар, ұсталар мен зергерлер, үйшілер мен әршілер ел арасында кездеседі.

Сол адамдардың игілікті істеріне, шеберлігіне жас ұрпақтың ынтасын арттырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Сол оймен өз тәжірбиемнен жинақталған мына шағын еңбегімді ұсынамын.

2. Бұл ұсынылып отырған оқулық жасөспірімге қазақ қол өнер түрлерінің бірі – ағашты көркемдеп өндеу, оның технологиясымен көне заманның әшекейлеу тәсілдерімен егжей-тегжейлі танысып, іс-әрекет жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. әрине, бұл оқулық кіші жасөспірім балалардың деңгейіне арналып жазылып отыр. Ағашты көркемдеп өндеуге, біз негізінен ерте дәуірдегі қазақ қолөнер шеберлерінің ұмытылып бара жатқан техникасы мен тәсілдерін келтірдік. Яғни ағашты кесіп ою, бояу, ағашты сүйек, метал сияқты материалдармен өткермелеп безендіру. Сондай-ақ, кейбір жеке техника, тәсілдердің бір-бірімекн қиыстырылып әшекей орындалуы өткен замандағы ата-бабамыздың сүйіп, қадірлеп тұтатың тәсілдерінде ұсынып отырмыз.

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда жеке адамды өз халқының рухани мәдениетінде тәрбиелеу қоғам алдына қойылып отырған үлкен міндеттің бірі. Бұл міндетке педагог-мұғалімдер атсалыса халық шығармашылығының (творчествосының) тәжірибелерін қолға алыпмектеп қабырғасына жиілетіп еңзізуде.

Қазақ мектептерінде фольъклор, күй, театр, бейнелеу өнері сияқты, халық шығармашылығы — әдебиет, ән және бейнелеу өнер пәндерінде жүргізе ауызша таныстырса, қазіргі уақытта үй-тұрмыснда, көшелерде, аулаларда көркемделіп, әшекейленіп көз нұрын алатын бұйымдарды іс-әрекет жүзінде іске асатын халық шығармашылығының туындысы – қол өнер.

Бұл өнердің түрімен де жеке адамды тәрбиелеуде қазақ халқының мәртебесі әлде кайда көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Ол дегеніміз, біріншіден, оқушы өз халқының мәдениетін түсініп кейінгі ұрпаққа жалғастыруға ие болса, екіншіден, тарихқа белгілі көне заманда, жерімізде қандай болмасын бәрі әсемдікпен көмкеріліп отырған колөнер. Осы өнер түрін қайта жандандырып өрістетуге үлкен септігін тигізеді. Сондықтан, жасөспірім бұл оқулықтан қол өнердің пайда болып даму трихын, ағашты көркемдеп өндеудегі әр техниканы қарастырғанда жұмыс орнын, әр техникаға байланысты арнайы аспаптарды, Құралдарды, ұлттық оө-өрнектерді, олардың композициясын, ұлттық түстерді, көркемдеп әсемдеу технологиясын кездестіреді.

Сонымен қатар, оқулық ішінде көне үй түрі – киіз үйдің жасалуы, даму тарихы, әшекейленуі туралы да орын алып отыр.

Озіндік шығармашылық жұмыстар оқушының ойының дамуына, іс қабілетін арттыруға, келешекте бұйымдарды жаңа формаларын жасап қоймай, сондай-ақ, жаңа стильде оны көркемдеп әшекейленуіне мүмкіндік жасауы ықтимал.

Бұл оқулықта тек қана ағашты көркемдеп өндеу технологиясын қарастырмай, басқа пәндермен байланысып отыр. Мысалы, «Бейнелеу өнері», «Тарих». Мұндай байланыстар оқушының қызығушылығын арттып, оқу материалдарын жасқсы итеріп дағдылануына мүмкіндік жасайды.

 

 

 

 

 

 

Көне замандағы қол өнердің қысқаша даму тарихы.

Көркем қол өнер – көшпелі қазақ халқына көне дәуірден белгілі. Қол өнер – халық шығармашылық туындыларының бір түрі бола оырып, еліміздің рухани игілігі ғана емес, сонымен қатар материалды заттарды жиынтығы.

Адам баласы ежелгі тас дәуірден тасты, ағашты және сүйекті өміріне пайдалана, олардың бетіне сызықтар, фигуралар жүргізуге ұмылған. Соның ішінде кейбір бұйымдардың бетінде тас, сүйек кесіндерінде фигуралар табыну құралы ретінде қызмет еткен. Бұл шикізат материалдарына қосымша қыштан, теріден, жүннен және металдан көркемделіп әшекейленген бұйымдарды скиф, сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінде кездестірілген. Бұдан дерек ретінде археологиялық қорлардағы бұйымдар бола алады. Бұл бұйымдар Алтай және Шығыс Қазақстандағы (Пазырық, Қотанды, Шібе, Берелі, Ыстық және т.б.) атақты адамдар жерленген төбелерді қазуда табылған. Ғалымдардың айтуы бойынша жоғарғы айтылған тайпалардың дәуіріне шығады, яғни біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ-ҮІ ғасырлар. Алтай өңірінде табылған бұйымдардың кейбір ұқсастықтары қазіргі қазақ қол өнеріндегі бұйымдарында және ою-өрнектерінде кездестіруге болады. Бұл қазақ жерінде сақ тайпаларының Алтай өңірінде тайпалармен тығыз байланыста болғанын айқындайды.төбелерден табылған бұйымдар материалдың қасиетіне байланысты, көркемдік техникалары мен технологиясы әр алуан. Бұл көркемдік техникаларды қазіргі қол өнер бұйымын жасауда сирек кездеседі. Яғни, ағашты кесіп ою, бояу, басқа материалдармен өткермелеп безендіру, күйдіру, металды штамптау, граверлеу, кұйма, нақыштау, селдір, зергерлік іс, тоқыма, былғарыға қысып өрмек салу, қыш құмыра жасау, сүйекті әшекейлеу және т.б.

Қол өнер өзінің даму шынын Орта ғасырда көрсетуде монғол шапқыншыларының әсерінен үлкен күйзеліске ұшырап, қазақ халқы көптеген өнер туындыларын, шеьер тұлғаларын мәңгі жоғаотып алды. Бұл дағдарыс отырықшы және жартылай отырықшы көшпенді қазақтарға ауыр соқты. Соның әсерінен Орта ғасырдың алғашқы кездерінде архитектуралық мәдени орындар, мавзолей, мешіттер, Отырар, Тараз, Құлан, Мерке, т.б. сияқты жүздеген қалалар жойылып қаңырап қалды. Дүние жүзіне әйгілі “Ұлы жібек жолы ” сол кезеңдерде шығыс пен батысты біріктіріп, экономикалық қатынастарды, рухани мәдениетті байланыстарды дамыту барысын шектетіп жіберген осы шапқыншылардың әсері.

ХҮІІІ – ХХ ғасырдың басында қол өнер қайта көтеріліп өзінің бұрынғы шабытын қолға алып көтеріле бастаған. Бірақ, көптеген қол өнердің шеберлері мен бұйымды әсемдеу техникаларыф, тәсілдері жоқ болғандықтан Орта ғасыр және одан бұрынғы дәірлерде дамыған өнер деңгейіне жету өте қиын болды. Сонымен қатар, атақты қол өнер шеберлері озінің өнер құпиясын халыққа таратпай, тек от басы мүшелеріне немесе жақын туыстарына үйретумен шектелген. Осының салдары да өнердің дамуына бірден -бір септігі тиіп отыр

ХҮІІІ – ХХ ғасырлар киіз үйдің көркемделіп әшекейленуінің шегі жеткеникезі. Киіз үйдің сыртын да, ішін де шеберлікпен әр үй-жиһаздар жасауда, оның қасындағы ыдыс-аяқ, ер-тоқым сияқты бұйымдарды да әшекейлеп шеберлер бір-бірімен үйлесімді түрде орналастыра білген.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында үй тұрмысына өнеркәсіптерде жасалған жеңіл қыштан, пластмассадан және т.б. бұйымдар орын алып, біртіндеп қол өнер бұйымдарын ығыстыра бастады. Сөйтіп, бұл бұйымдар күнделікті өмірдің қажетінен шыға атырып, сонымен бірге қол өнердің техникалары, тәсілдері жетілдірілмей тоқтап қалған.

Қазіргі заманда әшекейлекнген қол өнер бұйымдарын өнеркәсіп орындары да қолға алуда. Бірақ бұйым шығаратын бұл өндіріс формасының заттары халық көңілінен шықпай отыр. әсіресе, оның сапасының төмендеуі және көркемдік әсемдәігінің сұйық көрініс беруі. Сондықтан, тұтынушы халықтар көбінесе жоғарғы кемшіліктер кездеспейтін жеке ұсталар, кішігірім бірлестіктер жасайтын бұйымдарды алуға ұмтылады.

 

Ағаш бұйымын көркемдеп әсемдеудегі ою-өрнектер және олардың композициялары

Ою-өрнек латынның соөзінен алынған “ornamentum” әшекейлеу өрнек бір элеметтің ырғақтылығын жазықтық бетте қайталануы.

Қазақ қол өнеріндегі кез-келегн бұйымд алып қарасақ іші және сыртқы беттері толығымен ою-өрнектермен әшекейленіп көмкерілгенін көруге болады. Яғни, қазақ халқы ою-өрнек дүниесінің ішінде өмір сүріп отыр десек те болады.

Ою-өрнектің қайнар козі ертедегі Қазақстан жеріндегі өмір сүрген (біздің жыл басына дейінгі ҮІІ-Ү ғасырларда) сақ тайпаларынан қалған әшекейденген бұйымдардан көруге болады. Бұл дәуірде, сақ тайпалары негізінен мал өсіру шаруашылығымен айналысуы және көшпенді өмір жағдайы, географиясы, климаты, табиғатпен тікелей байланыста жүруі ою-өрнектерді бұйым формасына сол қоршаған айналаның заттарын бейнелеп кейіптей білген. Ою-өрнек бұйым бетте тек қана әшекейлік қасиетпен шектелмей, сонымен бірге табынушылық, сиқырлық, ұлттық әдет-ғұрыпқа, салт-жораларға сәйкес, символдық қасиеттерін шеберлер ғасырдан ғасырға дамыттырып жетілдіріп отырған. ХІХ-ХХ ғсырларда осы қасиеттердің мәні біртіндеп жоғалып ұмыт қалуда.

Қазақ қол өнер бұйымдарында ою-өрнек негізінен төрт топқа бөлінеді. (1-сурет): геометриялық, жануар дүниесі,тектес, өсімдік тектес және космогониялық.

Осы жоғарыдағы оюлардың өздері бұйым беттерінде реалъды және сильденген болып бейнеленеді. Стильденген түрі Қазақстан жерінде ІХ-Х ғасырлардан бастап ислам дінінің таралуынан дами бастаған. Ислам діні тірі жанның бейнесімен бұйвмды әшекейлеуге шек қойып отырған. Бұл дін жүйесінде өмір сүрген халықтар осы күнге дейін бұйым бетін өсімдік тектес ою-өрнектермен майда етіп бос жер қалдырмастан, әр түсті бояумен ешекейлейді.

Осы дін құбылысының әсерінен қазақ жеріндегі тайпалар жануар дұниесі тектес және антропологиялық мотивтерді бірден жоюға мүмкіндігі болмай, әсіресе, бірінші мотивті ою композияларының кейбір жерлеріне сильді түрде бейнелеп көрсету құпиясын тапқан. Ал өсімдік тектес оө-өрнектердің жетілдіру деңгейі жоғары шында өріс алып отыр.

Жануар тектес оюдың қазақ кол өнер бұйымында жиі кездесетін түрі – қошқар мүйіз. Бұл мүйіздің бұйымда ою композициясының ішінде бірнеше рет түрленіп отырады

Сонымен қатар, түйе, жылқы, бұғы, арқар, қой, қасқр, өгіз, бүркіт, аққу, балық, құс түрлері қол өнер бұйымдарында жалпы формасы немесе жеке мүшелері (бас, аяқ, табан, тұмсық және т.б.) реальды, ситьді түрде түрленіп бейнелене береді. Мұндай бейнелерге сақ, үйсін, ғұн, қыпшақ, оғыз тайпалары табына отырып төмендегі кейіптеу қасиеттері бар деп түсінген. Мысалы: аттың кейбір мүшелеріне (жақ, табан сүйектеріне) табына, оларды бақыт, жаман нәрселерден сақтайды; өгіз – күш және билек; бұғы – бақыт, игілік, аққу үйдің аясын қорғаушы, бақыт әкелетін қасиетті құс, кентавр – үй ортасын жаман нәрселерден қорғаушы деп те жорып отырған.

Геометриялық оөлар өте ерте тас дәуірінен бастап өзінің белгілі дөңғелек, төртбұрыш, үшбұрыш, ромбы, ирек және т.б. фигуралар қазақ қол өнерінде де өте жиі кездесіп кеңінен танымал. Соның бірі ағаштн жасалғанг бұйымды көркемдеп әшекейлеуде. Мұндай оюлардың геометриялық фигуралары тайпалардың философиялық ойларынан дүниенің өмірін кейіптеуші деп түсіне, мысалы, ромбы – дүниенің төрт бағыты болса, шұғыла-ай, дөңгелек (шеңбер)-күн, ирек – су деп білген. Ал бұйым беттеріне осы элеметтердің ою өрнек композициясында қосымша байланыстарда жарық дүниенің толық жүйесін көруге де болатынын жоғарыдағы суреттер айқын бола алады. Бұлар әрі космогониялық оюлар болып табылады. Космогониялық оюларға қосымша бітпес, жұлдыз, төртқұлақ сияқты элеметтерде кіреді. Аталғн ою элеметтері тайпа араларында табынушылық қасиет ретінде жүргені де белгілі. Яғни оларды ұлы тәңір, қорғаушы деп санаған. Сондықтан да, ертедегі қазақ билерінің, ел басқару орнында жұмыс істейтін басшылардың киімдерінің арқа беттерінде космогониялық оюлармен йшекейлеп отырған.

 

Соңғы мотивтің бірі өсімдік тектес оюлар. Бұл ою түрлеріне үш жапырақты, үщ гүлді, қызғалдық, пістегүл, шиыршық, жауқазын, ағаш гүл және т.б. өсімдік элеметтері жатады. өсімдік оюлар бұйым бетінде басқа мотивтермен араласып, киылысып, шатыса белгілі әшекейлеу композициясын беріп отырады. Өсімдік оюлар өрнектердің қиылысып, шатасып жатуы бірлік, байланыс, үйлесімді өмір деген мағына білдіреді. Асадал (шкаф) бетіндегі селдір ойылған өсімдік тектес ою-өрнектер шатасып, қосылып торалған гүл жинағы, күн сәулесі шашырағандық өмірдің шексіз қозғалысын, өмірдің мәңгілігін, табиғи байланысын, үйлесімділігін кейіптеген. Жәшіктің жоғарғы жағындағы ою өрнек күнді, қиылысып жатқан сызықтар, толқындар, ьұлттарды кейіптеген. Төменгі жәшіктегі сәуленің шашырауы және ұзын жапырақтар жер бетіндегі өмірді суреттеген. Мұндай оө өрнек композициялау қол өнер бұйымының ішінде көптеп кездеседі. Яғни, дүниенің құрылысын, болмыстың мағынасын сипаттайтын көркемдік халық бұымдары.

Айта келе, қазақ қол өнеріндегі ою өрнек композициясының ерекшелігі төмендегі жағдайлардан тұрады:

  • Бұйымның тік осьте симметриялы болып келуі;

  • ою-өрнектердің ірі айқын көрініп тұруы;

  • ою-өрнек композициясының тұйық орналасуы;

  • ою мен түрдің тепе-теңдігі;

  • түстердің шектеліп қалуы.

Осы қазақ қол өнеріндегі ерекшеліктерді бір ою-өрнек композициясында бұйымды әшекейлеуде негізге ала отырып жоғарыда аталып кеткен төрт топтық оө мотивтерді үйлесуі біріктіріле қосылып белгілі шартпен бұйым бетте орналасады. Ою-өрнек композициясының орта бөліктерінде космогониялық мотивтер орналасса, оларды айнала таралған өсімдік және жануар дүниесі тектес мотивтер араласып бейнеленелді. Ал, геометриялық фигуралар ою-өрнек композициясының жиегінде, кейбір орта бөліктерінде кездесетін мотивтерді толықтырып отырады. әрине, бұл мотивтік байланыстар композициялық негіздерге (симметрия, пропорция, ырғақ, қарама-қарсылық) сүйене орналасуы шарт. Алдыңғы үш негі бұйым ою-өрнегінің орналасуына тікелей қатысты болса, қарама-қарсылық элементі оюдың әсемдігін ашудағы түс, өң беруге де байланысты. Оюдың немесе композицияның үйлесімді сол және оң жақтағы орталық оське байланысты тепе-теңдік қалыпта орналасуы.симметрияның қолданылуы ою композициясының бір қалыпты, сабырлы салмақты орналасуына септігін тигізеді. Ырғақ ою элеметтерінің жиек немесе кез-кеклген бұйым бетте үйлесе қайталанып жүргізіледі. әсіресе, аумақты бұйымдардың беттерінде оюдың қайталанып орналасу композициясы көркемдік формасын байыта әсемдігін аша түседі. Егер жалпақ беттегі жиек өрнектері шектеулі бұорышқа жете үзілсе, ал аумақты цилиндр формалы бұйымдардың жиектердегі өрнектер айнала шексіз тұйық орналасып қайталана көздің бағытын үзбей отыруға мүмкіндік жасайды. Пропорция – латын сөзінен аударған бағыныңқы ара қатынас деген мағынада, бұйымның және оның бөліктерінің өлшемдерін сипаттайды. Ою композициясында негізгі оюдың өлшеміне байланысты қалған элементтердің ара қатынастарын ескере эскизін жасап алу керек.

Қарама-қарсылық қол өнер бұйымында үлкен және кіші, жварық және қараңғы қасиеттерін білдіре оюдың өткір көріністерін бейнелейді. Қарма-қарсы ақ және қара түстермен бояуды бұйым бетінің салқын, тепе-теңдік қалыпта мән беріп отырады. Оюдың жоғарғы негіздерінің композицияларынан басқа бұйым бетте оюлар раппорты болып та бірнеше жерде оюлары түрлене қайталанып орналасады. Бұл принцип негізінде кебеже, асадал, сандық сияқты үй-жиһаздарының беттерін әшекейлеуде жие қолданылады. Әр дәуір, әр стиль. Кез-келген ұлттық мәдениет өзінің тұрмыс салтында белгілі оюдың жүйесін, мотивін, формасын, бұйым бетте олардың орналасуы реттелініп отырған. Атай келсек, бұл қол өнердің негізгі құраушы элементтері қайсы уақыттағы өнер дамуына оюдың композициясынан көруге болады. Мысалға алсақ, көне және орта ғасырдағы азия мәдениетінің өсімдік тектес күрделі ою-өрнекте; орта ғасырдағы орыс мәдениетінде қол өнердің оюының геометриялық, өсімдік тектес, фантастикалық және антропологиялық; ертедегі Египетке өсімдік тектес мотивтер жатқан.

Ал осы жержен сол ою-өрнектердің бұйым бетінде орналасуы негізінен бұйымның формасына, композициясына байланысты. әрине, ою-өрнектің қол өнер бұйымында қатаң ережені сақтау әшкейленіп бейнеленеді, қалыпты жағдайда өзгеріп отырған. Яғни, жоғарыда айтылғандай, композициялық негіздерді сақтап отырғаны заңды.

Сондықтан, ою-өрнектің жалпақ жазық бетте немесе аумақты бұйымдағы композициясы геометриялық фигуралармен тұйықталып орналасып отырғаны шарт. Мұндай ою-өрнектердің бұйым бетке салу принциптері төмендегідей. (2-сурет);

  1. Бұйым жиектерінде жиі кездесетін өрнектерді жолақтарға салу;

  • оюдың бір түрі бүкіл жолақ бойында қайталанып орналасады;

  • оюдың жолақ бойындағы горизонталь сызықты симметриялы қайталанып орналасады;

  • оюдың екі-үш түрінің, түсінің жолақ бойында қайталанып орналасады;

  • жалпы бір түсті оюсыз жолақ боып түсу;

  1. Бұйымның жалпы бетіндегі (жиектерінде, бұрыштарында орталықта) төртбұрышты фигураларда оюдың ішіне еніп салынуы;

— оюдың бір түрі төртбұрышты фигураның ішкі жиектерінде қайталанып;

— төртбұрыштың ішінде тек орталық бөлігінде ғана бір оюдың қайталанып;

— төртбұрыштың ішінде шахматты тәртіпте оюдың қайталанып, кезектесіп;

— төртбұрыштың бұрыштарында ғана бір оюдың.

3. Бұйым беттегі шеңбер фигураның ішінде ою-өрнектің салынуы:

— пісте гүл тәріздес шеңбер көлемін сақтаған ою-өрнектердің;

— шеңбер жиегінде екі, үш түрлі оюдың және орталықта бір оюдың;

— шеңбер орталығында бір оюдың және қалған бос жерлердің басқа оюдың түрлерінің;

— шеңбер бойымен ішінде бірнеше жолақтың орналасып ою-өрнектермен қайталанып.

Бұйым беттің тік бұрышты, ромбы, овал формалы фигуралардың ішіндегі ою-өрнектердің салынуы көбінесе еркін келеді. Егер бұрыштардав бір оюдың түрі келсе, ортасында шеңбер кездесіп, ол басқа оюлармен толықтырылады. Кейде шеңбер орнына раппортты түрде қайталанып екі-жерден бір ою кездеседі. Овалды фигураның ішінде, тек ортасында ғана оюдың көрінісі немесе қосымша жиектерінде айнала басқа бір оюдың қайталанып салынуы да ықтимал.

Бұйым беттің үшбұрышты геометриялық фигуралардағы оюдың салынуы:

  • оюдың үшбұрышты бір түрі салынады;

  • ою үшбұрыштың тек ортасында және әр бұрышында бір оюдың түрі кездеседі;

  • негізгі ою үшбұрыштың ортасында орналаса, ал қалған жерлерін сол оюдың түрленген элементтерімен толықтырылады.

Аумақты бұйымдағы беттер негізінен жоғаарғы геометриялық фигуралардың ішінде орналаса, олардың екі-үш жерінде қайталанып келеді. Сонымен қатар сызықты жолақ болып жоғарғы, орта және астыңғы жиектерінде жоғарыда акталып кеткен оюлардың жолақтары да орналасып жатады. Ал күрделі аумақты бұйымдардағы ою-өрнектердің орналасу композициясы формаға және онң жеке бөліктеріне байланысты. Бірақ, бұйымның мұндай түрлерінде де аталып өткен өрнектердің құру (салу) принциптеріне негізделеді.

 

Ағашты кесіп ою

Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы, орман, тоғай ағаштарын, оңтүстік тау ағаштарын киіз үйдің скелетінен бастап ыдыс-аяқтарын, үй-жиһаздарын, шаруашылық құралдарын, сонымен бірге шебер аспаптарын жасалуы ертедегі көшпенді қазақ халқына мәлім.

Яғни, бұйымдардың 70-80 пайыз ағаштан көркемделіп әсем көрініс беруін этнографиялық және археологиялық және материалдардын көруге болады.

ХХ ғасырдың басына дейін қазақ халқының өмір жолы жартылай отырықшы және көшпенділік жағдайда өтті. Осыған байланысты күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ағаш бұйымдары сол көшпенді өмірдің шартына бейімделген. Сондықтан, ағаш материалы күнделікті өмірде жие қолданылып келеді, кез-келген іске қажетіңе асып отырған. Ағаш шеберлері материалдың пластикалық сапасын, қасиетін, яғни, көркемдік қасиетін арттыратын текстура және түсін біле, үйге керекті бұйымдарды жасауда әрдайым ескере білген.

Ағаштан жасалған бұйымдарды ойып әсемдеу, қазақ халқының көне техникаларының бірі болып табылады. Ғасырдан ғасырға өзінің дамыған тәсілдерін ұрпақтар арқылы жалғастырылуда. Мұндай деректерді біздің жыл санауымызға дейін ҮІІ-ҮІ ғасырда болған бедерлі, аумақты (мүсінді) ою түрлерін халыққа әйгілі Пазырық, Қотанды, Шілікті, Шібе, Ыстық төбелерін қазуда табылған ағаш бұйымдардан көреге болады. Мысаы: белгілер, ердің басындағы әшекей, қойдың бейнесі, қасқырдың аузындағы бұғы басы және “алтын адамның”бас киіміндегі екі қанатты және мүйізді қос аттың бейнесі. Бедерлі оюлар ҮІІ-ІХ ғасырлардағы Отырар өңіріндегі Кедер деген қала сарайынан табылған. Онда үйлену тойының көрінісі бейнелеп көрсетілген. Бірақ, ағаш материалының физикалық механикалық қасиеттеріне байланысты ұзақ тұруына мүмкіндігі жоқ болғандықтан, көптеген заттар біздің заманымызға жетпей отырғаны белгілі. Тек ХҮІІІ-ХХ ғасырларда ғана ағаштан ойып жасалған бұйымдарын музей қорларынан көруге болады. Бұл кезеңдегі ағаш бұйымындағы мынандай кесіп ою түрлері кездеседі:

  • тереңделген немесе жалпқ ойықты ою;

  • жалпақ бедерлі ою;

  • селдір ою;

  • мүсінді немесе аумақты ою.

  •  

Ағашты кесіп оюшының жұмыс орны

Ағаш кесіп оюшының жұмыс орны әрдайым кебу және жарық болып тұруы қажет. Шеберхананың қабырғасы мен төбесі ашық түспен боялып, ауа тазавртатын конденционер орналасуы шарт. Ағаш үстел универсалды болса, ондай тек кесіп ою ғана емес, басқа жұмыстарды да орындауға мүмкіндік береді. Бұл үстел түрі болмаған жағдайда қарапайым жасалғанын қолдануға болады. Кесіп ою үлкен көлемді бетте талап етпейді. Оқушы әрқашанда үстелге жалғыз отырып жұмыс орындағаны дұрыс. өткені, ағашты кесіп оюда, оқушы өткір аспаптарды қолданады. Бұл аспаптың өткірлігі әрітехника қауіпсіздігіне тұрақсыз және бұйымның әшекей көрінісін саналы шығуына бірден бір ықпалын тигізеді. Үстелдің бетін табиғи жарық бірдей көлеңкесіз сол жақ, алдынан белгілі биіктікте түсуі керек. Жасанды жарық кезінде де осы негізде жаық күшін жылжымалы реттеліп отырылсын.

Сонымен бірге оюшының көзін талдырмайтындай, жарық сәулесі қатты болмайтындай биіктікте, тақтай бетіне көлеңке түспейтіндей етіліп орнатқан.жөн. төбеден түскен жарықты пайдаланбаған дұрыс, ол тақтай бетіне оқушының көлеңкесін беріп, бұйымның сапасын төмендетуге себеп болады. Үстел бетін қараған ағашының, ұзындығы 1000-1300мм, ені 700-900мм, қалыңдығы 60-70 мм, отыратын орындығының биіктігі 650-750мм, аяқ қоятын көлденең ағашы еденнен 200-300мм биіктікте орналасады. Бұл өлшем талаптары орындалмаған кезде оюшының көкірегі үстел қырын жанап, шынтағы үстелдің бетіне жетпей отыруы мүмкін. Сондықтан, үстел бетінде оюшының шынтағы жетіп еркіндік болатындай жағдайда болсын. Үстел бжұмысты отырып та, тұрып та орындауға болады.

Үстел беті керек емес материалдардан, аспаптардан шектелгені дұрыс. Оюшы тақтайшаны бекітетін ағаштан немесе басқа материалдардан жасалған қысқыштарды қолдана береді. Шеберханада ою пышағын қайрайтын электр қайрағы, жеке қайрайтын үстел, аспаптар сақтайтын жәшіктер, шкафтар орналасады.

 

Оюшының аспаптары

ХІХ-ХХ ғасырларда шеберлер қолданған ою аспаптары және қосымша құралдар, құрылғылар қарапайм және осы күнге дейін кездесетін көне аспаптар өте аз. Ол аспаптарға балта, шот, ар, сүргі, ұшқы,, қашау, үш-төрт ою пышақтаы жатады. (3-сурет).

Бұл қарапайым түрлеріне қарамастан, қазақ шеберлері бұйымның өзін жасаумен бірге, оны көркемдеп әшекейлеу деңгейін жоғарғы шыңда көрсете білген.

Қазіргі заманда басқа ұлттардың ою аспаптарымен бірге біздің ою пышақ түрлері күннен күнге көбейіп келеді. Ою аспаптары сан, белгіленуі жағынан көбейіп, кесуші, өлшеп-бақылаушы, ағаштың құрал саймандары болып бөлінеді. (4-сурет). Кесуші аспаптарға пышақ және қашаулар болып бөлінеді, олардың ені, қимасы, формасы жағынан әр түрлі болып келеді.

Ою пышағы темір жұқа лентадан, мойыннан, тірек және құрықшадан тұрады. (5-сурет).

 

 

Геометриялық және нұсқалы ою жасауға қалыңдығы 2мм, ені 10-15 мм, жүзі 60 град. қырқылған (көлбеу) ою пышағы қолданылады. Ол пышақтың темір жұқа лентасының бағыты жағынан оң және сол жақтн жүзді қайрақпен жүргізіліп өткірленеді, кейде пышақтың бір жақты жүзі де кездеседі. Тісті және доғал жіңішке қашаулар Қазақстанның оңтүстік аймақтарында сандық бұйымдаы жүзі тік пышақ түрлері әшекей бедерді түр жасауға қолданылған. Доғал пышақтар ені және қимасы жағынан үш түрге бөлінеді: жалпақ, орташа және тік. Бұл пышақтарды көлбеген пышақ нақты барлық кесіп ою түрлерінде кеңінен қолданыла да береді.

Үш бұрышты пышақтың жиек бұрышы 70град., ені 5-15мм, ор жасауға нұсқалы және бедерлі ою тәсілдеріне қолданыла береді. (6-сурет). Пышақтың клюкарза деген түрі

Қиып, кқол жетпейтін ою түрлерін өндеуде қажет. Бұл пышақтың тірек жағына қарай иіліп (бүгіліп), доғал жиек ені 2,5-15 мм болып келеді. Церазик ою пышағы жіңішке ор жасауға пайдалануға, жүзі доғалданып, ені 2-3 мм, сонымен геометриялық, нұсқалы оюда да қолданса болады.

өлшеп-бақылау аспаптарында сызғыш, бұрыш, өлшеу сызығышы рейсмус, циркуль, транспортир, қаламсап, көшіргіш қағаз, түйреуіш және т.б. жатады. (7-сурет).

Ою пышақтардың тірек сабын қарағай сияқты қатты ағаштар тұқымынан жасайды. Пышақтың темір лентасын металды кесу арасының жұқа темір лентасының ұшын 45-60 градуста кесіп өткірлеп тірек сабына отырғызуға болады. Мұндай сап болмаған жағжайда тері немесе изолентаның жолақтарының жолақтарымен орап қоя салуға болады. Саптың формасы овалданып келген қолға ұстау өте ыңғайлы. Осы кезде ескеретін жайт, ол пышақ аспабын жасауға әрқашан жас өспірімнің жас ерекшелігін ескерген дұрыс болады. Сондықтан да мектептегі мұғалімдер қажетінше өздері аспапты өздері жасаған өте тиімді, әрі жас ерекшеліктері ескеріп отырады. Ал мемлекеттік ою аспаптары көбінесе жоғарғы талаптарды ескере бермейді.

Ағашты оюдың бұрын пышақтар өте өткір, ойған кезде ағаштың талшықтары түркіленіп кетпеуі шарт. Ою пышақтарын электр қайрақта өткірлеуге қауіпті. Электр қайрағы айналу кезінде, қайрақ доңғалағы пышақтың бағытына қарай айналу қажет. Бұл процесстен өткеннен кейін міндетті түрде ірі, кейін майда дәнді қол қайрақтамен жүз қабыршақтарын кетіргенше өңдеп өткірлейді. Сонымен бірге қол қайрақ бетін су немесе машина майымен аздапылғалдандырады. Қол қайрақта сол қолдың барлығымен пышақтың жиек жүзі жағынан жеңіл болса, сапты оң қолға ұстай, бір қалыпты айналдыра отырып қайрайд, оқтын-оқтын екінші жағына аудаып, көлбеген пышақ жүзі қайрақ бетке қарағанда 10 градуста ұстайды. өте көп қайраудың қажеті жоқ. 30 секунд қайрау жеткілікті. Одан көп қайрасапышақтың жүзі өтпей қалу ықтимал. Қайрау кезінде жүзіне қалағалап, кетік, кертік жағдайлардан арылған дұрыс. Пышақтың жүзі өткір болғанын білу үшін ауырлық күшін түсірмей сүйектің немесе тырнақтың бетіне жүргізіп өткенде тез тайып өтсе дұрыс өткірленбеген егер баяуланған сәт сезілсе, онда ол өткір деп есептеледі.

Доғал пышақтарды электр қайрақты кезек-кезек оң жақ сол жақ бетке айналдыражүзін түсіріп, кейін ірі және майда дәнді қол қайрақты, жоғарыда айтылған электр қайрақтағы тәсілімен өткірленіп отырады. Соңында тегіс қайыс ременде пышақты жүз беттерін ауыстыра жүргізіп, кейін киіз жолағының үстіне ГОИ пастасын жағып жылтыратады.

Ағашты кесіп ою жұмысында оларды қол өнер шеберлері ағаш бетке нобайын түсіру үшін төмендегідей тәсілдерді қолданады:

  • шебер ұсталар өрнекткрдің симетриялы бір жағын ағаш бетке түсіріп, екінші жағында көздіңі қырағылығымен кейде көшірмей-ақ бірден ойып кете береді;

  • екінші терісіне немесе қағазға ою сызып, соны қайшымен оя, ағаш бетке шегемен қағып пышақпен немесе көмірдің көмегімен оюдың нұсқаларын алып ояды;

  • біздің көмегімен нұсқа сызықтар бойына нүктелі іздер қалдыра оюды үстінен пышақпен жүргізіп отырады.

Жас оюшылар таза ағаш бетке қаламсаптың көмегімен қарапайым оюдың элементтерін бірден сызығыш, циркуль, рейсмус сияқты аспаптарды қолдана сызып орындағаны ыңғайлы әрі жеңіл. Сондымен қатар, ою-өрнек композициясының күрделі түрлерін алдымен таза ақ парақ қағазға, кейін көшіру қағазы арқылы ағаш бетке басып түсірсе болады. Мұндай ою-өрнектердің бейнесін ағаш бетке көшіру тәсілдерінің біразына төмендегі метал және сүйек бұйымдарын өндеуде, әшекейлеуде тоқталамыз.

 

Жалпақ ойықты немесе терңделген оюды пышақпен алудың техникасы мен тәсілдері.

Жалпақ бедерлі оюға геометриялық, тырнақша (жақша), нұсқалы түрлері жатады. Геометриялық оюлар қазақтың көне ағаш бұйымдарында сирек кездеседі. Қазақстанның батыс амақтарында, атап айтқанда Орал өңірінде, солтүстік аймақтың біраз бөліктерінде кебеже, сандық, сапты аяқ, жастық ағаш бұйымдарында көбінесе ою-өрнек композициясының жиек бөліктерінде орналастырылған. Бұл бұйымдардың бетінде үш бұрышты, төртбұрышты, ромбы тәріздес, тік бұрышты фигуралар кездеседі. Геометриялық фигураларды көлбеген пышақпен ойып алудың ұлттық ерекшеліктері де кездеседі.

Ою тәсілдерінің ерекшеліктерінен бұрын ағаш кесу бағытына мән берейік.

  1. Ағаш талшықтарын өсу бағытымен кесуде ою пышақ өте таза, жылты бетті қырлар қалдырады. Егер өсу талшықтарына қарсы кесілсе, онда кесілген қырлардың бетінде талшық түктердің шығуына ықпалын тигізеді. Ағаштың өсу бойымен және қарсы кесуді анықтау үшін, сол тақтайшадан аралаған бөлігін кесіп көрген дұрыс. (8-сурет).

  1. Ағаш талшықтарына байланысты белгілі бір бұрышпен кесуде, оңай кесілуіне қарамастан, кесілген жерінде бүдір, түктерді қалдырып отырады.

  2. Ағаш талшықтарын көлденең кесу белгілі күштің әсерімен тез кесілуіне кесілген орын жылтыр, түксіз болуы пышақтың өткір болуында.

  3. Ағаштың дөңбегін (торец) кесу өте қиынға соғады. Сондықтан дөңбекті жұқа етіп, орталықтан бастап айналдыра жиегіне қарай кескен ыңғайлы.

Қазақтың тарихи ағаш бұйымдарын геометриялық үш бұрышты ойық техникалары мен тәсілдері төмендегідей (9-сурет).

  • ең бүйірлі үшбұрыштың ішкі қырлары бірдей, горизонталь ойық беті тегіс;

  • тең бүйірлі үшбұрыштың үштарынан орталыққа қарай терңделініп ойып алыну;

  • үш үшбұрыштың бір үшына сәуле тәріздес ұзарып ойылу.

Тең бүйірлі үшбұрышьтың ішкі қырлаын бірден горизонталь ойқ бетті тегіс көріністі алу үшін, алдымен (10-сурет) БА, БВ, АВ қырларын төме қарай бірдей тееңдікте кесіп, талшықтың өсу бағытына қарай бірдей тегістікте ойып алу керек. әрине, тлшықтың өсу бағытын сүргілеу процесінде анықтап, ою кезінде оюшы есінде сақтап тұру қажет. әйтпесе, талшықтың өсу бағытына қрсы ойылса, онда ойылған горизонталь бет бедерлі, ағаш талшығының түгі шығып кетеді. Егер кесіп ою қиынға соғатын жағдайда бір бұрышынан біртіндеп кеседі.

Тең бүйірлі үшбұрыштардың ұщтарынан орталыққа қарай тереңделуін суретте байқауға болады. Бұл үшін (10-сурет) АБД нүктелеіне қарай О нүктесінен ОА, ОБ, ОД бағыттарына тілік жүргізіп, қалғанын да солай аяқтайды. Содан барып БД, ВЕ, ГЖ сызықтары оюшы иықтарына перпендикуляр болатындай етіп айналдыра тақтайшаны бұрды. Б нүктесінен бастап БОД үш бұрышын кесіп ояды. ВОЕ үшбұрышын В нүктесіне, ГОЖ үшбұрышын Г нүктесінен жүргізіп ойып алады. А, Б, В, Г нүктелері енді оюшы иығына перпендикуляр етіп бұрып, Д, Ж, Е, Л нүктелері оюшының сол жағында қалу керек. А нүктесінен АОБ үшбұрышын, Б нүктесінен БОВ үшбұрышын, Г нүктесінен ВОГ-ні кеседі,

Енді АД, БЕ, ВЖ сызықтары оюшы иығына перпендикуляр келгенше бұрып, Д, Е, Ж сызықтаы болса жоғарыда жатады, ал А, Б, В, Г сызықтары төменде. Пышақты Д нүктесіне қойып ДОА үшбұрышы ойылып алынады да, Е нүктесі арқылы ЕОБ алынады. Осылай қалған бұрышын да алып яқтайды.

3-ші үшюұрыштың кесіліп ойылуы ехникасын орындау үшін, сызықтың көмегімен тақтай бетке тең бүйірлі үшбұрыш сызып (10-сурет), АВ, АБ сызығын терңдетіп кесеміз, кейін тақтайдың жалпақ жағы оюшының иығына перпендикуляр етіп айнлдыра, Б нүкесінен пышақ ұшын қойып ВАБ үшбұрышын ойып аламыз.

13-суреттегі ою түрі қазақ үй-жиһаздарын әшекейлеуде, беттердің жиегін әсемдеуде жие кездеседі. Алдымен АГ, ДЖ, ЗК, ЛИ сызықтарын кесіп алады да, кейін ГД, ЖИ, КМ сызықтарын кесіп төмен жағына өтеді. ГВ, ЖЕ, КИ, НМ, кейін ГЕ, ЖИ, КМ сызықтарын кеседі. Осыдан барып жолақты иққа перпендикуляр қойып Е нүктесінен бастап пышақтың ұшын тигізе Г нүктесіне қарай кесе жүргізеді. ВГ нүктелерін қосып кесе үш бұрышты ойып аламыз. Осылай етіп төмен жағын ксіп алып, кейін тақтайды 180˚-қа бұрып А нүктесінн кесуді бастайды. АГД үшбұрышын кесіп қалғанында қайталап кесіп алады.

Тең бүйірлі үшбұрыштың бір ұшына қарай біртіндеп тереңделінуі (10-сурет). Бұл ою тәсілінің орындалуы, алдымен Б нүктесіне пышақтң үшын қойып БА бағытымен кесіп, кейін БВ бағытын орындайды. Солай ГВ, ГД, ЕД, ЕЖ, ЗЖ, ЗИ-лерді орындайды. Б, Г, Е, З үсінен К нүктесіне қарай кесіп (тілік) тігінен етіп жүргізеді. Яғни, бұл жерде К нүктесінде тереңдік тіпті жоқ десе де болады. Тереңдіктің ұшы Б; Г, Е, З нүктелері болса К нүктесіне қарай бәсендей береді. Сондықтан, пышақты К нүктесіне қарай бағыттарда терңдікті азайтып, бір қалыпты жүргізген дұрыс. Тік тіліктерді сәуле бойымен жүргізілген соң, И нүктесінен бастап ИЗК нүктелерін қосып кесіп ойып (2 мм) алмыз. 180˚-қа бұрып “өзіңе қаатып” К нүктесіне пышақты қоя ҚЗЖ нүктелерін қосып аламыз. Орындалмаған бұрыштарды да осылай аяқтаймыз. Ал негізгі тереңдіктердің де қалған бұрыштаын, яғни, АБВ нүктелерін алу үшін А нүктесіне пышықты қойып айналдыра кесіп алынады. Қалғаны осы үлгіде кесіледі.

Қазақтың ағаш бұйымдарын геометриялық фигуралармен әшекейлеуді толықтыра түсетін тағы түлері төрт бұрышты және ромбы фигуралар. Бұйым бетінде тек геометриялық фигуралрдың бейнеленуі өте кем. Ал аралас мотивтердің композициясында негізінен, ортаықта дөңгелек фигуралар, ал жиектерінде белгілі бір оюды шектеп отыратын жерлерде үш бұрышты, төрт бұрышты және ромбы тәріздес фигураларын кездестіреміз. Осыны ескере, оюшы ою-өрнек композициясын жетілдіре дайындауда айтылған композициясымен шектелуі шарт емес. Олардың творчестволық фантазиясы мұндай геометриялық фигуралардың әр алуан композициясын құруға толық еркіндігі бар.

Тырнақша тәріздес оюдын тақтайша бетке салу үшін доғал пышақты қолданады. Белгілі бір сызықпен нобайын түсіргеннен кейін пышақты тақтайшға байланысты 60˚-та ұстап 2-3 мм тереңдікте тігінен тілік қалдырып, екінші рет сол тіліктің үстінен пышақты қайта кіргізе астын айшық етіп ойып алады. Егер ойп лу кезінде пышақтың қозғаалуы ауырға түссе, онда пышақты жаймен бір қалыпты оңға және солға қозғай отырып оюға болады. Жалпақ беті тырнақша тәріздес оюлар жасауда, олардың сыртқы сызықтарының бойымен тік тілік жасап, екінші рет пышақтың науа жағын жоғары қаратып, оң жақтн бастап оюды бастайды.

Тырнақша тәріздес ою жасауда ағаш талшықтарының бойымен жүргізілгенде тілікті сол жағынан жүргізсе, ойып алуды оң жағынан, талшыққа көлденең оюда пышақты өзін қаратып, ал ойп алуда өзіне бастап кеседі (11-суре).

Оюдың тәсілдерімен өсімдік тектес түрлі ою-өрнектер композициясы арқылы бұйымды әшекейлеуге болады.

Нұсқалы оюды көлбеген және доғал пышақтармен кесіп аояды. Бұл обдың ерекшелігі сол, оюдыа алдын ала тілік жүргізілмейді. Белгілі бір бейн көрінісін жүргізуде әр тереңдікте, ендікте, бұрыштықта өзгеріп отырады. (12-сурет).

 

Сондықтан, нұсқалы оюдың сызықтары сынық, ирек болып келеді.

Ою композициясының нобайын көшіру қағазымен тақтай бетке түсіріп және үстел бетіне бекітіп, кейбір кезде ғана айналдыра отырып жұмыс істеуге, ал негізінен нұсқалы оюды тұрып орындайды. Ою кезінде оюшы пышақты екі қолымен, сол қолының саусағымен пышақтың жүз жиегінен, оң қолымен сап жағын ұстап сенімді, батыл оюға септігін тигізеді. Оюды 1-ші сыртқы сызығынан бастап, кейін ішкі сызықтардан жүргізе аяқтайды.

Селдір ою

Сілдір оюын қазақ шеберлері ұлттық бұйымдарында сирек қолдануына қармастан Орталық Қазақстанның үй-жиһаз бұйымдарында, әсересе, асадал, жастық ағашта, есікте, кебежелерде кейбір элементтерінің орындалғанын байқауға болады. Селдір ою жалпақ бедерлі оюлардың негізінде орындалумен қатар өзіндік техникалық ерекшеліктер бар. Басқа ою техникасында пышақпен ғана шектелс, мұнда алдымен арамен кесіп алып, соңынан кесілген қырларын белгілі бір бедерде доғалдай пластикалық әсемдік немесе тік қырлы еіп пышақпен әшекейлеп өндейді. Селдір ою өте қарапайым геометриялық фигуралар жасаудан өсімдік тектес мотивтерді де бейнелеуге мүмкіндігі бар.

Тақтайша бетке ою композициясының нобайын түсіргеннен кейін, сызық бойына жеткізбей әдіптің үстінен бұрғымен айнала тесу лобзикпен аралауға жеңілдік жасайд. Сөйтіп, сызық бойындағы тесіктерді лобзикпен кесе отырып оюдың түін аралп ойып алады. (13-сурет). әрине, бұл кезде аралаудан қалған ара орны дөрекі көрінеді. Түрден босалған оюдың қырын, яғни, дөрекі қырын пышақпен тегістей әсемдік көркін жандандыр түседі.

 

Жалпақ бедерлі ою

Әсіресе, кесіпоюдың ішіндегі өте көне түрдің бірі осы жалпақ бедерлі ою. Мұның тарихы деректерін қолөнрдің даму тарихындағы бөлімінде тоқталғанбыз. Ал ХІХ-ХХ ғасырлардағы үй-жиһаздарына және ыдыс аяқтарына төсек ағаш, асадал, жүк аяқ, кебеже, сандық, тостаған, деген, пиала және т.б.

Жалпақ бедерлі ою жазық бетте бедер және түр болып ою-өрнек композициясын тепе-теңдік қалыпта көріне әсемдік айбындылығын арттыра түсіреді. Бірақ, бұл жерде, оюдың тәсілдері 4түрлі болып орындалады. (14-сурет).

Бірінші, нұсқалы жоғаы горизонталь қырларының доғалданып ойылуы, екінші, тек нұсқалы қырлары арқылы түр мен оюдың бөлінуі, үшінші, түр мен бедедің нұсқаулары, беті жастық тәріздес болып доғалдануы, төртінші түрдің жинақталып тегіс бет және бедердің доғалданып жатуы.

Нұсқа оюдың жоғарғы гоизонталь қырларының доғалдануы тәсілдерін орындау процесінде, бастапқы кезеңдері нұсқалы оюдағыдай болып келеді. Осыдан келе,көлбеген, доғал пышақтардың көмегімен жоғарғы қырларын доғалдай жүргізеді. Бедерлі ою қырлары жағын азырақ, түр жағындағы қырларын көбірек доғалдайды. Доғалдау кезінде қырын кесіп алғаннан кейін, біртіндеп пышақпен жұқа қабат ала отырып доғалдайды.

Жалпақ бедерлі оюдың екінші тәсілі нұсқалыою техникасына ұқсас. Сондықтан бұл тәсілді жоғарыдан танысып алуға болады.

Түрдің, бедерді оюдың жастық тәріздес болып нұсқалық жоғарғы және төменгі қырлардың доғалдану тәсілі төмендегідей болады. Кәсіліп алынған қырлы ойықтың түр жағындағы бөлігін доғалдандыру үшін қыр бетінен көбірек етіп кесіп алып, біртінедеп ары қарай доғалдандыруды бастайды. Ал өрнек жағындағы қырын аздап пышақпен кесіп алып, доғалдай қояды. Оюлы бедер түрден қарағанда белгілі биіктікте қалады. Түрдің жастық тәріздес атауы да осыдан шыққан болу керек.

Түрдің жинақталып бедер оюдың доғалдануы нұсқалы оюдағы процесстерден өткеннен кейін, доғал пышақтың жалпақ түрін екі қолмен ұстап түрдің бетінен қозғала отырып алып тастайды. Ою шетіндегі қырларын біртіндеп доғалданғаннан соң, түрдің бетін клюкарзамен тегістейді. өзбек шеберлері түрдің бетіне әр түрлі фигуралы таңбалар немесе белгілерді шаншып түсіреді. Бұл әшекейлеу тәсілі бұйымның көркемдік әсемдікті арттыруына мүмкіндік жасап отырады. Ал қазақ шеберлері екі тісті қашаулармен жоғарыдағы аталып кеткен 4 жалпақ бедерлі оюлардың бедер беттеріне екі науа жүргізіліп отырылған. Бұл ою тәсілі, әсіресе, Қазақстаның оңтүстіктегі Сырдария өңірінде жоғары дамып, кеңінен қолданған. Бұған дерек ретінде арнайы этнографиялық әдебиеттерде суреттелген.

Жоғарыдағы 4 бедерлі оюдың тәсілдерімен бірге негізінен тақтай бетіндегі оюдың көлем биіктігіне байланысты шың бедерлі (горельеф) және орта бедерлі (барельеф) болып екіге бөлінеді.

Шың бедерлі өң деп жазықтық бетте оюдың бедері сол материалдың қалындығынан екі немесе одан да жоғары биіктікте ойылып жасалуын айтады. Орта бедерлі ою деп жазық бетте оюдың бедері сол материалдың қалындығының жатысынан немесе кем болатын оюлы бедер айтады.

Бедерлі оюды жасау оюшының барлық аспаптарын толығымен қажет етеді. Алдымен көлбеген немесе доғал пышақтың көмегімен кесіп түсіріп, кейін пышақтың жүзін тура сызықтың үстіне қойып өрнектің ішіне қарай еңкейіп оя бастайды. Бедерлі оюдың сызықтарын саяз, ал түрдің сызықтарын терең кесе отырып ояды. Пышақты кесікке 45˚-та қойып қозғалтады. Доғалдау процесі алдымен ішкі ооюда басап, содан кейін шеткі дағын доғалдаумен аяқтайды.

Түрдің бетін өндеу үшін өте кең жерлерден бастап оя, біртіндеп оюдың элементтерінің бедерін ені жағынан әр түрлі пышақты қолдана отырп шығарады. Ақтық этап болып (саты) түрдің бетін клюкарзамен тегістеу табылады.

Шың бедерлі оюды өте көне қазақ бұйымдарынан да көруге болады. Ол ҮІІ-ІХ ғасырлардағы Отырар өңіріндегікелер қаласының сарайынан табылған бедерлі ою. Ақтайдың бетіндегі көрініс үйлену тойдың бейнесін ойып түсірген. Сол сияқты, Х-ХІ ғасырлардағы Өрнек қаласындағы мавзолейден табылған оюлар мен белгілер бір көріністерді бейнелеп көсеткен.

 

Кесіліп ойылған бұйымдарды соңғы (әрлеу) өңдеуден өткізу

Өткен замандағы шеберлер ою бедерінің бетін сынық шынылаарды, қазіргі кездегі зімпара ретінде ою бедерлерін ажарлаған. Ыдыс-аяқтарға сұйық заттар сіңбес үшін міндетті түрде бірнеше қайталап кептіре отырып мал майы немесе қаймақпен майлаған. Содан соң оттың үстіне ұстапқыздырып, біріншіден, ол мәңгі берік, төзімді болуын қамтамасыз етсе, екіншіден, ағаштың табиғи әсемдігін өзгетпей, қосымша үйлесімді жылы жұмсақ, жайлы түс беріп тұрады. Үшіншіден, жылтырақ қасиеттің алғашқы көріністерінде байқауға болады. Әрине, бұйымның түсі ағаштың түрлерін де байлнысты.

Бұл өңдеу тәсілдерінде оюшылар орындауға да болады. Сонымен бірге мал майынның орнына өсімдік майын қолданса да жеткілікті.

Кесілген бедер беттерін зімпарамен мұхият отырып тазалаған дұрыс. Оның себебі, өте жіңішке қырларды доғалдап, терң жерлеріне жетпей тазаланбай қалуы ықтимал. Мұндай жерлері үшкір жіңішке ағаш кесінділері зімпарамен оралып тазаланса сапалы болып шығады. Егер кесілген бұйым жалпақ бетте болса, онда төрт бұрышты ағаш кесіндісін зімпарамен орап тазалаған. Жұмы істеу уақытын қысқартуға, бетін бірдей етіп өңделуіне жағдай жасады. Зімпаралау кезінде алдымен талшық бойымен тазалансын. Егер аумақты бұйым болса, әр бөлігін жеке-жеке талшық бойымен жүргізе тазалайды. Зімпара процесінің аяқталуын білу үшін қолмен жазық беттің үстінен жүргізуде бет жылтыр, жібектей жұмсақ болса, онда өндеу аяқталғаны. Түкті бетті жою үшін суға өте аз етіп (1%) ПВА желімін қосып, сол жерге жағыпкептіреді. Содан баып зімпарамен жүргізе тазалап 3-4рет қайталай ақауды кетіреді.

Бұымның оюлы бедерін жылтыратып өңдеудің бірнеше түрлерін атасақ, ол мыналар: бояу, балауыздау, лақтау, жылтырату. Бояуға жақсы материал бола алатын табиғи түрде өсетін ағаштың, жеміс-жидектің қабықтары, тамырлары жатады. Мұның өзін шеберлер бұйымға бояу арқылы белгілі бір түс беру үшін қолдана білген. Ол үшін қабықты балтамен немесе пышақпен жақсылап тұрып ұсақтап, су құйылған үлке метал ыдысқа салып отқа қайнатады. Су бояуын 1,5-2 сағат бетін жауып қайнатады. Сөйтіп, 1-2 тәулік ұстап суытып, түнба жасайды. Бұйымның бетіне шетка арқылы бояуды жағып түс аламыз. Егер түс өте ашық болса, онда өзіне керек қаныққан түсті щеткамен бірнеше рет қайталап жаға отырып алуға болады.

Майлы лақты тампонмен талшық бойына жүргізе отырып жағады. Лақтау кезінде, лақ бедерлі оюдың терң, ойық жеріне толып қалмау үшін оқтын-оқтын қадағалап отыру керек. Сондықтан тампон немесе бояу жаққышқа өте аз мөлшерде лақты сіңдіріп жаққан дұрыс. Соңғы этапта өте жұмсақ бояу жаққышпен, лаққа скипидр қосып бір рет жағып кептіреді.

 

Ағаштан жасалған қол өнер бұйымдары бояу

Бұйым бетін бояушының жұмыс орны негізінен үстелден және орындықтан тұрады. Орындық жұмсақ, отыруға ыңғайлы болған жөн. әр жас бояушы үстелге бір өзі отырғаны жұмыс орындауға қолайлы. Бөлменің ауасы жиі тазаланып отырғаны маңызды. өйткені, сырдың иісі денсаулыққа зиян және де ол тез жанғыш заттардың бірі.

Үстел беті жақсы жарық болып, көзбен үстел жазықтықтың арасы 30-35см болу керек. Қараңғы, күңгірт кезде міндетті түрде жасанды жарық көзін сол жақ беттен түсіріп пайдаланады. Үстел бетте су құятын ыдыс, палитра (бояу араластырғыш), бояу жаққыш, шүберек және боялатын бұйым жатуы тиіс. Оның оң жағында банка, бояужаққыштар, алдыңғы жақтың арғы бетінде бояу араластырғыш, сол жағында шүберек жатады. Бояу, сыр, лак материалдары қараңғы жерде сақтанылады. Пайдалаған заттарды бөлменің ішіндегі жабық ыдыста сақтап, кейін аулаға шығарып жағып тастау крек.

Көне дәуірден Қазақстан жеріндегі өмір сүрген көшпенді тайпала, олардң ұрпағы түрлі-түсті жүннен жасалған бұйымдардың бетін бояп шектеліп отырады. Егер киіз үйдің өзін, үй-жиһаздарын, ыдыс аяқты, киіз үйдің бөліктерін алатын болсақ (кереге, уық), оларды қызыл, қызыл-сары түспен, жасыл, ала көк және араласқан ашық түстерді жиі қолданған. Қара, ақ түстер сирек кездескен. Ыдыс аяқтарды бояуда қазақ халқы басқа ұлттарға қарағанда оған ерекше көңіл бөлген. Күнделікті асқа, тамаққа пайдалананатын ыдыс-аяқтарды түссіз әшекейлемей қолданған. Тек са құрметті қонақтарға арналған ыдыстарды ғана бояп отырған. Бұл ерекшелік қазақ халқының ас ішерде тазалыққа көңіл бөлгенінің де белгісі болу керек.

Қазақ шеберлері үй-жиһаздарындағы жастық ағаш, төсек ағаш, кебеже, сандық бұйымдарындағы ою беттің түрін күңгірт-қоңыр, қара өң беретін бояумен, ал бедерін ашық түске, яғни, қызыл, сары, жасыл өңде беріп отырады. Қара түстің пайдалану себебі, қара деген түрік сөзі “ұлы”деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, оны шығыс елдері жақсы көреді. Қазіргі кезде оның қасиеті жоғалмаған, қарт кісілер бекерге “қаракөз”, “қарашаш” деп атап көңіл бөліп отыратыны мәлім.

Түрде суық өң, ал бедерлі оюға ашық түс бергенде қараңғы жерден жарықтай жанып тұрған оттай немесе алтындай сәуле беріп тұратын көріністі шеберлікпен тани, кейіптей, оюларды бейнелеп түсірген.

Бояудың негізгі шикізаты реінде өсімдіктердің, жеміс-жидектердің, ағаштың қабығы, тамырлары және минерал заттар жаққан. Бояу заттарын ерте кездің өзінде Қазақстанның кез-келген аймақтарында кездестіруге болатын. Кейбір “индиго”сияқты қара көк бояуды болмаса, оны алыстағы Үндістан, Парсы, Ауған, Қытай елдерінен алдыртып отырған. Самшит, емен, тұт ағашы, алма ағашы, таудағы пісте, жеміс ағаштарының қабықтарын қайнату арқылы әр түсті бояуларды алу мүмкіндігі туған. Тараньның, маренаның (сұрғылт қара түс) «тамыр бояу», «қызыл бояу шөп» тамырларын күзде қазып алып қабығын аршиды. Сөйтіп бірден қайнатып бұйымды бояуға кіріседі. Егер ұзақ уақытқа сақтау керек болса, онда тамырларды жумай кептіріп, кейін ұнтақтап ыдысқа салып сақтайды.Ашудас пен қайнаған «тамыр бояу» — сары; «қызыл бояу шөп» — қызыл түс; сары түс алуға жабайы қара жидек (ит жүзім ) және анар қабығынан; жасыл түсті жусаннан, қайын жапырағынан; ашық қызыл түсті қынадан; алтын сары түсті ақ құлақтан (саңырау құлақтың бір түрі) ала білген.

Осындай бояу түстерін алуда, қазақ халқында ертеден бері түс арқылы кейіптеуші, символдық мәнін біле қазіргі қарт кісілердің аузынан және арнай әдебиеттерден кездестіруге де болады. Ұлттық түс символында: қызыл түс – күнді, отты, билікті, қуанышты, жылулықты; жасыл түс — өсімдікті, аспанды, кеңістікті, бір қалыптылықты, өмірді; ақ түс – ай жарығын, игілікті, ақиқатты, даналықты; қара түс – бақытсыздықты, түнектілікті, қараңғылықты, жамандықты кейіптеуші деп санаған.Сонымен қатар, осы түстер Қазақстанның әр аймағында өзіне тән түстер қалыптасып қалған. әрине, ол жергілікті табиғаттың көрінісіне байланысты болу керек. Мысалы, солтүстік және оталықта – орташа, оңтүстікте – салқын, шығыста – жылы, батыста – жылы және салқын түстер кездескен.

Шебер жас оюшыға бояу тәсілдерін үйретуде өндірістерде дайындалатын ең жеңіл, оңай, қолайлы бояу заттарын қолданған жөн. Сондықтан, жоғарыдағы жұмыс орнына қосымша бояу, желім, лак, олифа, бор ұнтағы, зімпара және тиіннің, күзеннің қылынан жасалған жұмсақ жаққыштар қажет болады.

Сүргіленіп жасалған тақтайшаның бетіне өсімдік тектес немесе жануар дүниесінің мотивтерін түсірмес бұрын, алдымен жұқа қағазға ою-өрнек композициясының нобайын жасап тақтайдың бетіне түйіршікпен бекітіп, үшкір қаламсаптың ізі қалатындай етіп жүргізіп немесе нобайдың нұсқасы түсу үшін тақтайша немесе жұқа қағаздың арасына қара қағазды керісінше салып, үшкір затпен жүргізе отырып, беттің үстіне көрінетін оюлардың нұсқасын аламыз.

Бұл этапты жүргізбес бұрын, алдмен тақтай беттің сапасын тексерген жөн. Егер бет тегіс болмаса, оны төмендегі әдіспен өндеу керек. Яғни, тақтайша беттергі тесікшелер мен саңылауларды желімге араласқан бор ұнтағымен жаға отырып, 4 сағат кептіреді. Кепкен соң талшық бойымен зімпараны ысқылай кеміс ақауларды бекітеміз. Мұны бірнеше рет қайталауымыз қажет. Осыдан барып алғашқы бояуды жүргізеді. Ол үшін желімге ұнтақталған ертіндіні 2-3рет жағып, зімпаралап, кейін тағы бір рет жағып кептіреді. Енді гуашқа ішуге болмайтын техникалық спиртті қосып мұқият араластырып бояу дайындайды. Қоспалар бояудң түрге жақсы жабысып қалуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге, бояудың басқа заттарға жұғуынан сақтайды. Кепкеннен кейін (12 сағат) майлы лакпен немесе олифпен (2 тәулік) жағып жылтыратуға болады. Акварель, темпер, анилин бояуларын гуаш бояуын дайындағандай етіп пайдалана беруге болады. Ал майлы сырмен жарықты тесіктерді бітеу үшін дайындалған ертіндіге олифа мен желім қосады. Етіндіні бірнеше рет тақтайша бетке жағып, кептіріп зімпаралайды. Бұл поцесті 2-3 рет қайталп, соңында бір қана жаға кептіріп майлы сырды пайдалана береді.

Ағаштан жасалған бұйымдарды негізінен 3 топқа бөледі: құрамында суы бар, бояу, сыр, арнайы сырлар.

Құрамында суы бар бояуларға ақварель, гуаш, темпера, эмульсия, анилип бояуы, тушь жатады. Сырларға майлы және эмальды сыр, ар арнайы сырлар балшықты, металды, матаны, теріні, әйнекті және т.б. заттарды бояуға арналады.

Гуаш италья “guazzo” деген сөз- сулы бояу деген мағына береді. Гуаш көбінесе қағаз, картон, мата негізінде қолданылады. Бірақ, соңғы кезде қоспалардың көмегімен ағаш бұйымдарын бояуға да қолданылып жүр. Оның негізгі қасиеті кепкеннен кейін күңгірт, мөлдір емес, барқытты бет алынады. Тақтайша беке гуаш бояуын жағу үшін, алдын-ала су арқылы гуашты қаймақтың сұйықтығындай қалыпқа келгенше араластыра отырып керекті қаныққан түсті алып аламыз. Бояу мөлшерін бір рет қана алуға болады. өйткені, қайта-қайта бояу түсін алуға өте көп уақыт кетеді. Сонымен қатар, бір бояудың алдыңғы түсін алуға үлкен шеберлік қажет. Сондықтан, жас бояушы оюды бояуда гуашты көбірек етіп бірден араластырған жөн.

Жалпақ беттің негізнен бояуда жалпақ бояу жаққышпен бір бағытта бояуды жаға отырып, бір қалыпты түс бетте пайда болу үшін бояуды кептірмей бірден перпендикуляр бағытта бояуды жүргізе отырып алынады. Оюдың майда бөліктерін бояуда гуаш және акварель бояуын бірден қолдана отырып әшекейлеуге болады. Акварель бояуы әрі жеңіл, түсі ашық, оңай боялынады.

Акварель латын сөзінен алынған “akba” – су деген мағынаны білдіреді. Негізінен акварельдің қасиеті – мөлдір бояулығы, негізгі беттің өңі және бедері көрініп, таза, ашық түс береді. Гуаш болса бетке жғылып болғаннан соң бояудың жолақтары, лақтары қалып қояды. Оларды кетіру өте қиын. Оны кетіру үшін осы акварель бояуын қолдануға болады.

Бетке бірінші рет жағыларда, бетке түс өте әлсіз, өңі жетіспейді. Тек келесі қайталап бояу арқылы керекті түс алуға болады. Бұл жерде ескеретін жағдай, егер бір жаққанда бет мөлдір болса, үстінен қайталап жүргізе беуде өзінің қажетті сапасынан айрылып қалуы ықтимал. Бір жағумен шектелу үшін, алдымен бояу араластырғышта белгілі консистенция жасап, содан барып белгілі түс алынғанына көз жеткен соң бояу жаққышпен жүргізеді.

Темпера италья сөзінен “temperare” бояды араластыру деген мағынада, бояуды байланыстыратын зат эмульсия судан және жұмыртқаның сарысынан, сонымен бірге судағы өсімдік немесе жануар желімі ертіндісінің маймен араласқан түрі.

Темпера бояуы бір жағынан гуаштың қасиетіне ұқсас, екінші майлы сырға ұқсайды. І-ші бояуға ұқсастық, ол суға араласуында күңгірт түс беріп түсін өзгертуінде. Гуаш, темпера бояуларының ақтық түсін білу үшін міндетті түрде бір ре бетке жағып (тақтайдың), кепкен түсін бақылап алу керек. Ал майлы бояуға ұқсастығы, кепкеннен кейін су тие де бояуы көшпейді, сол күйінде тұра береді. Бұл бояумен аудалардағы, көшедегі заттарды әсемдеуге қолдануға болады. Оның артықшылығы сол, ол тез кебеді. Тағы да темпера бояумен қағазды, ағашты, тасты да бояса бола береді.

Майлы бояудың өзіндік қасиеті мынадай: бояудың ақтық кебуіне дейін ұсақ жерлерін жөндеуге болады, кепкеннен кейін бояу түстері өзгермейдіә, бір қабат бетке бірнеше қалың қаба немесе мөлдір жіңішке қаббавттар жүргізе беруге болады.

Жалпақ бояу жаққыштармен алғаш күңгірт, қараңғы түстерден бастап бір қалыпты жартылай қараңғы түс өндеуге ауысып, жарық және ашық түсті соңғы этаптарында аяқтайды. әр түрлі түстердің, оюлардың ұсақ жерлерін жіңішке, майда жаққыштармен жүргізе үйлестіреді. әр түсті бояу араластырғыштың үстінде араластыра отырып алады.

Майлы сырмен әшекейленген бұйымды ылғалды және бөлме температурасы тез ауысып тұрудан сақтаған жөн, бұл құбылыстар бояу беттің жарылуына септігін тигізеді.

Бояуды І-*ші қою етіп, ІІ-ші сұйық етіп жағылса, бояу бетке бір қалыпты бір деңгейде болуына ықтимал жасайды. Бояуды әрқашан тегіс бетте жүргізген дұрыс. Бұл да жоғарғы қасиеттердің орындалуына маңзы зор. Майлы бояуды органикалық минералды заттардан жасалған бояулармен араластырудан аулақ болу керек. өйткені, бұйым беттегі белгілі түстің күрт өзгеруіне әсер етеді.

Эмульсиялы бояудың қасиеті – салстырмалы түрде 5 -6 сағ. Кебуі, күңгірт түс белгілі бір көріністің түрін бояуға ыңғайлы. Бірақ бояу қабығы өте жұқа, беріктігі төмен.

Анилинді бояумен көбінесе мата заттарын бояуға көп қолданады. Ал ағаш бұйымдарын әшекейлеуде бояу өз қасиеттерін жоғалтпайды. Негізгі қасиеттерінің бірі – бояудың бетте тез жайылып отыруында.

Бояу жаққыштар

Бұйымның бетіндегі ою өрнектерді, әшекей беттің бөлшектерін, элементтерін бояуда бояу жаққыштар өте маңызды роль атқарады. Бояу беттің сапалы болып шығуына бірден-бір кепіл бола алады. Жаққыштар бояулардың түрлеріне және оюларға байланысты өзіндік ерекшелігі бар.

Бояу жаққыштар 2 түрге бөлінеді: жалпақ және дөңгелек. Дүкеннен сатылып алынған жаққыштардың сапасын бірден суға батырып көруге болады. Егер олардың суланған ұштары үшкір конус формалы болып келсе, онда олар сапалы болып есептеледі. өте жақсы тиінің, күзеннің, борсықтың қылынан жаслған жаққыштар. Бұлар өте жұмсақ, майысып, серпімділік қасиеттері бар. Бір жаққышта жалпақ және жіңішке сызық жолақтар алуға болады. (16-сурет). Тұтқасына жазылған нөмірлері бойнша үлкен, кіші өлшемдерін ажыратуға мүмкіндік жасайды. Үлкен өлшемдері №16-24, №8-14. соңғы жаққыштармен өте жіңішке, майда ою-өректерді, бұйымдарды бояуға ыңғайлы. Бояуды жаққыштан сілкіп кетіруге болады. Бұдан бояу жаққыш тез секіреді. Яғни, тұтқадағы төлкенің босауынан қылдар түс басайды. Ең дұрысы, жаққышты таза жұмсақ шүберекпен сүрткен жөн. Бояу жаққышты жұмыс орындап болғаннан соң жылы сумен жуып, сабынның көмегімен белгілі бір форма беріп кептіреді. Сабын жаққыштың қыл үштарын біріктіріп тұрады. Оларды сақтау кезінде ұштары жоғары қарап тұру керек. Бояу алдында сумен сабынды жуып кетіреді. әйтпесе боядың мөлдірлік қасиетінен жойылады.

Жоғарыдағы айтылған жаққыштар негізінен акварель бояуына қолданса, майлы және темперлі бояуларда қатты жаққыштар қыдлдан және құлақ қылдарынан жасалынады. Олар метал төлке арқылы тұтқаға дөңгелек және жалпақ болып бекітілген. Олар гуаш бояуына да қолдана береді.

Бояу кезінде ескеретін жағдай, ол бояудың түсін, өңін кепкеннен кейін ашықтығы және қаныққан түсі жойылуында. Мұның себебі, белгілі тығыздықтағы бояу заты желімде тұру, содан бара жарық сәулесі шағылып, кепкеннен кйін су бөлігі булана, бояу пигменттеінің ара бөлшектері қашықтап бояудың түсі өзгереді. Сондықтан кепкен бояуға бірден лак немесе басқа жылтыратқыш жағудың тәсілі, әсемдіктің көркін сақтап қалуға мүмкіндік жасайды.

 

Ағаш бұйымдарын бояу тәсілдері

Бояу жаққыштарды орта саусақтың үшыме екінші саусақтың арасында орналастырып, бас бармақпен аздап үстінен басып отыру крек. Бояу жаққыш өте жеңіл, еркін қозғалатындай болсын, шынтақ бетке тисе де болады. Бояушы ең алдымен тақтай бетіне әр түрлі геометриялық фигуралар, оюлар салып бояп жаттығып, қолы үйреніп іскерленген жөн. Бетке бояу жаққышты тігінен ұстап, бір рет жүргізіп бояйды. Егер біртіндеп қалындық керек болса,қалыпты жағдайда жаққыштың жоғарғы бөлігін бетке тигізіп жағады, ал доға нұсқалы фигураны жаққыштың ұшыан басап бір жаққа қарай қалыпты жағдайда жоғары бетін тигізе бұрып отырып алады. (17-сурет).

та

Жұмыс орындалмас бұры бояушы 2-3 түрлі бояуды аралачстыып басқа түс алады. Қосымша түсерді тақтайша бетке жағып, қаншаықты түсінің өзгеруін бақылау өте маңызды. Өйткені, тақтай беттерде біраз бояу мөлшері ағаш бойына сіңіп, түсін өзгертіп отыруы жоғарыдан мәлім.

Бояу этапының соңғы жағыда жіңішке, ұсақ жерлерін жаққышпен бояп оюдың негізгі композициясын аяқтайды. Қазақ бұйымдарының ішінде тек жолақтар да түспен боялғаны да бар. Ол жолақты түсіру үшін бояу жаққыштарды жолақтың үстіне бірдей еңділікте ұшымен қалыпты жағдайда жағып шығу үшін керек. Аумақты бұымдарды бояғанда, жеңіл болса ауада, беттің ортасыан немесе жоғарғы жағынан бастап төменге қарап бояйды.

Өйткен ғасырдың бұйымдарында жазық тегіс бетті заттарды бояумен қатар бедерлі ойып қиыстырғанехникаларда, бояу әшекйлігі үйлесімді толықтырылып отыр. әсіресе, қыздарға аналған бедерлі қол сандықша, жастық ағаш, әбдіре, теген, тостаған сияқты бұйымдардың сыртқы бетін айналдыра бояса, ал кебеже, асадал сияқты бұйымдарды алдыңғы бетін ғана шектеп бояған.

Бедерлі оюды бір түсті бояумен бояу үшін тегіс беттерді бояған процестерде қайталау арқылы көмкеріп әсемдейді. Ал нұсқа қыры тік бедер мен түрді бояғанда, алдымен түр еніне байланысты бояу жаққышты іріктеп алып, түрді бояп шығады. Бедерді соңғы этапта мұқият бояу жаққышпен бояуды жүргізе отырып жағады. Бедерге түс беруде бояу жаққышта бояу түрге жағылып немесе таиып кетуі қтимал. Бояу жаққышқа бояу өте аз мөлшерде жұқтырылсын.

Бұйымды бояуда дәстүрлі түстерді көркемдік жағынан түсіне пайдалансын.

Қазақтың қолөнер бұйымында 2 негізгі бояу тәсілінде көруге болады. Бірі таза бетке ою түсіру, екіншісі түстің бетіне. Алдыңғы бояу тәсілінде әрқашанда өсімдік тектес мотивтің негізгі бөліктерінен бастап бояйды. Яғни, өсімдік сабағынан, бұтағынан, жапырақ нұсқасынан бастап жаққышпен бір қалыпты бояуды жүргізе отырып, нұсқасын келтіріп, қалған ұсақ, жіңішке бөліктерін, жемістерін жіңішке жаққыштармен толықтырып аяқтаймыз. Жапырақ формаларын бір-біріне ұқсастығын жою үшін, жаққышты саусақтармен күш салып, бір үшкір немесе доғалданғанжапрақ аламыз. Тамш тәріздес фигураны жаққыштың ұшын тигізе-тигізбес жүргізе алуға болады.

Осы тәсілге ұқсас бояу процесінің бірі-өсімдік тектес ою-өрнектің сыртқы көріністерін басқа түсті бояумен түр беру керек. Бұл тәсілді алдымен ою-өрнектердің нұсқаларын бояумен жүргізіп ішін бояйды. Содан барып, сол бетке ою түр беру үшін сыртқы таза беттерді басқа түспен бояйды.

Айтылған тәсілдерді ұлттық бұйымдардың үлгілерінен жиі кездестіруге болады.

Бояудың тғы бір соңғы тәсілі-түр бетінде бір түсті бояу жағып кептіреді. Кейін ою-өрнек композициясының нобайы арқылы түрдің үстіне басқа түстермен бояуға кіріседі.

Ою-өрнек композициясын таза бетте бояуда, композициясының орта бөліктерінен бастау керек. өйткені, жиектерінен бастап бояуды бастағаннан кейін, орта бөліктеріне өтіп бояуда қолдың саусақтары, жеңнің ұштары бояу беке тиіп беттің бояу әсемдігінің көркін төмендетіп, сапасын кемітуіне септігін тигізеді.

 

Сүйекшінің жұмыс орны

Сүйекпен ағаш бұйымдарын әшекейлеу үшін сүйекшінің жұмыс орны универсалды ағаш үстелі де бола алады. Сүйек өндеуге көбірек қосымша аспаптарды қажет етеді. өткен ғасырдағы щебер адамдардың сүйекті өндеп, ағашты безендірудің арнайы аспаптары болмаған. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының қортындысы осы сүйекті өндеу және аспаптары туралы мәліметтер өте кемде-кем. әсіресе, соңғы заттар тіпті жоғалып та кеткен. Тек қана төмендегі аспаптарды кездестіруге болады. Яғни, шот, науа салатын үшкір пышақ, егеу, шыны сынығы, қуысқұлақ (үскі), қысқыш. Ал, негізінен сүйекті өндеп әшекейлеуге қашаулар, балта немесе шот, ысқы, рифлек (терең науа жасаушы), циркуль, ұштары әр түрлі формалы қашаулар, темірлі жаққы, циркуль-кескіш, клепик.

Ағаш аспаптарының жиынтығынан лобзик, сызғыш, ағаш балға, малқа, ерунок, рейсмус, бұрыш өлшегіш сызғыш, ағаш балға, зімпара, жақ тәрізді ара.

Метал аспаптарының жиынтығнан: метал кесетін ара, кемпірауыз, егеудің жиынтығы, балға, темір қайшы, темір кескіш ара. Сонымен қатар, сүйек өңдеуде ағашта қолданылатын құрал-жабдықтар.

 

Сүйек материалдары және алғашқы өңдеу

Қазақстан жеі ерте заманнан бері мал өсіру шаруашылығымен айналысып келеді. Кез келген семья қожайыны үй бұйымдарын сүйекпен әшекейлеуде ұстаны шақырып келіп, оың сапасын тексертіп, іріктендіріп, сұрыптап алып, сол сүйекпен бұйымдарды безендірген.

Қазақ шеберлері бұйымды сүйекпен әшекейлеуде ірі қара малдың (түйе, сиыр, жылқы) сүйегін қыс бойы жинап, көктемде іске пайдалаған. Ірі қара малдың сүйегі екі топқа бөлінеді: аяқ және дене сүйектеі болып. Сыртқы беттері доғал, дөңгелек тәріздес келген ағаш бұйымдарға және жеке сүйектің өзінен көлемді бұйым жасау үшін аяқ сұйектерін қолданса, үй-жиһаздарының, ер-тұрманның беттеріне малдың дене сүйектерін қолданған. әсіресе, қазір кез-келген үй семьясы мұндай ірі малдарды күнде соя бермейді. Сондықтан жас сүйекші үйрену кезіңде қойдың, сиырдың жілік, жақ, қабырға, жауырын сүйектерін жинап ағаш бұйымдарын әшекейлеуге де бола береді. Міндетті түрде қыста семіз малдардың сүйегін алған жөн. Олардың сүйегі өте майысқақ және оңай, жеңіл өнделеді. Сөйтіп, кептіріп қою керек. Оның кепкенін қолмен ұстап көруге, бақылауға болады. Егер кепкен болса, онда қолға жеңіл, салмақты сезімі байқалмайды.

Метал кесетін арамен кесер бұрын қысқыштың ерніне немесе темірдің жалпақ тілігімен қосып бекітеді. Сүйек бетке еріннің тісті дағы түспен үшін осы көмекші бөлшектерді қолданады. Ол қысқыш ернігің оң жағына қарай бекітілгені дұрыс. өйткені, тігінен тұрған сүйекті аралау жас сүйекшіге өте қиын, ыңғайсыз, сондықтан, оң жағына қарай көлденең қойып бекітіп, кесілетін жеріне үшбұрышты егеумен белгі түсіріп, көлбеген тіс жағын алға қаратып, сол қолдың бас бармағымен араның қозғалысын реттеп, тайдырмау үшін төсемнің сол жағына түсіріп аралайды. Бұл кезде керек емес сүйектің бөлігі төсемнің оң жағында болу керек.

Екі жағы кесілген жілікті, қабырға сүйектерін ортасынан тік етіп арамен тілу үшін, оны тік етіп бекітіп, өте мұқият аралау керек. Қысқыш ерніне сүйекті жақын етіп бекіткен дұрыс, сепімділік қозғалысынан арылту үшін. Егер бұйымды қабырға сүйектерінен жасайтын болсақ, тілінген бөліктің ішкі қабатыдағы қабыршақты егеумен тазалап, желім арқылы безендіру бұйымына берік жабысу үшін сол бетке науашық етіп егеумен түсіру керек. Сүйектің қисық жерін түзулету кезіңде алдымен қайнап жатқан суға салып жұмсартып бірден қысқыш ерніне немесе жазық бетке үстінен ауыр салмақ түсетін затпен бастырып қояды.

 

Сүйек материалдарын сақтау

Сүйекті 50-60% салыстырмалы ылғалдылықта, 15-20˚С ауа температурасында сақтау қажет. Бөлме ішінің ауасы тазаланып, бақылау жүргізіп, егер бөлме іші кебу болса, сүйектің формасының өзгеруі, ылғалдылығы тиісті мөлшерден көп болса, сүйектің ісініп қалыпты формасын жоғалтып отырады. Ылғалдылықты жоғарылату үшін шелекпен су, ал ылғалдылықты кеміту керек болса, жәшікпен әк қою керек. Дайындалған сүйектерді қораптарға салып кебу бөлмеге сақтаған жөн. Сүйек ұзақ уақы іске жаратылмай тұрса, беті өзінен-өзі сарғыш түске жабылуы мүмкін. әрине, бұл кемістік майлы сүйектің әсерінен. Сондықтан майдан арылу үшін қальцилі сода ертіндісін 7-12 гр. 1 литр қайнаған суға құйып сүйекті екі-үш сағат ұстайды. Оны кейін кептіріп бір қалыпты ауа температурасында сақтап қояды. Дайындалған жалпақ сүйек тілігін алып ірі түйіршікті зімпарамен тазалап ою-өректерді түсіру процесіне өтеді.

 

Сүйекті әшекейлеу

Сүйек материалын жас сүйекші өңдеу кезінде, алдымен ою-өрнекті жалпақ тілік сүйектің беткі көлемінің ұзындық және еңдік өлшемін алып, сол көлемінің өлшеміне щағындап ою-өректің нобайын қағазға салып алады. Нобайды кейде, үлгі болатын заттың (қалың қағаз, оргалит, жіңішке ағаш, қаңылтыр) бетіне түсіріп ойып алады. Ойылып алынған оюлы үлгіні тілік бетке қойып қатты қалам саппен үлгінің нұсқасымен белгі сызықтар түсіреді.

Үлгідегі ою-өрнектерді кесіп алу үшін, оюдың бірнеше жерінен бұрғымен тесіп, кішкене арамен оңай кесуге мүмкіндік жасайды. Бұл тесіктерді тіс техниктерінде кездесетін бор машиналармен де жеделдеттіріп тесуге болады. Қазіргі кезде ол машина өте тапшы. Сондықтн, бізге тек бұрғы, қол сызғыш және кішкене арамен шектелеміз. Слдір оюда тесілген жерге араның бір ұшын кіргізіп, араның екінші ұшына бекітеді. Кесуді жеңілдету үшін құрылғы пайдаланамыз. Шынтақ араның тұтқасының бойында тұратыдай қалыпта қолды ұстап, бір қалыпты жоғары төмен жүргізе отырып аралаймыз. Егер жиекке аралған, яғни, өрнек жалпақ тіліктің шетінде жатса, араның тісін ажыратпай бірден аралап түсіруге болады. Осындай тәсілмен ою-өрнекті аралап зімпаралап шығады. Селдір оюдың кейбір қырларын тегістеуде жіңішке аралармен, ысқымен және құрылғыны пайдалана отырып өңделеді.

Сүйек бетке граверлі сызу жүргізу сүйекшіге селдір оюдан жеңіл келеді. Ол үшін сызу клепигін (аспап) алып дайын тілікке түскен оюлы нұсқалы сызыққа 70˚-50˚ қойып, тілікті сол қолға, клепикті оң қолға ұстап, оң қолдың бас бармағымен сызғышқа күш түсіріп нұсқаның үстіне жүргізе отырып сызық аламыз. Нұсқа сызығының өңі үлкен болу үшін қайалап аспапты терң алып жүргіземіз.

Ине, тырнақ, рифлик сызғыштарымен де жоғарғы сызық нұсқаларды алуға болады. Бұл аспаптар бетке терең енді нұсқа сызығын сала алмайды. Тек жіңішке сызықты түсіру, рифлик аспабымен жіңішке 3-4 сызық түсіріп отырады.

Әшекейленген сүйек бетті ағарту және жылтырату процесін селдір ою соңында, ызуда алдын ала жүргізеді. Зімпарамен сүйек тілігін тазалап, ағарту процесіне өтеді. Бұл процессті сүйек бетте сары түс пайда болмас үшін жүргізеді. Ағартылмаған беттің сыртына майдың әсерінен сары түс пайда болатыны бізге мәлім. Сондықтан бұл түсті жоюдың, дақтарды кептіріп ағартудың бірден-бір тәсілдерінде каустикалық сода ертіндісімен, сөнбеген әк заттарын қолданамыз. Эмалды ыдысқа каустикалық содына қайнатылып жатқан суға қосып, 20-30 минуттай, кейін 70-80˚ біраз ұстап ұрады. Ал, сөнбеге әкпен сүйекті ыдысқа салып қойып ұзақ уақыт (12-36сағат) қайнатады.

Мұндай жас сүйекші шеңбер ұстаздың көмегімен орындау керек. Қолға резеңкелі қолғап киіп, әшекей сүйек заттарын темір сымға тізіп салып қойғаны қауіпсіз болып келеді. Ертіндімен жұмыс орындағанда көзге ертінді тамшысы шашыраудан сақталынсын.

Сүйек бұйымын жалтыратудың соңғы тәсілдерінің бірі – бор ұнтағын суға салып араластырып, сүйек бетіне щеткамен ысқылай 20-30 минуттай қайталап жалтырату. Кейін жалтыраған бетті мұздай сумен бордың қалдығын кетіреді. Егер сызық жүргізілген болса, щетканың көмегімен жуып тазалайды. өндіріс орнында, сүйекті жылтырату мынандай төменгі компоненттерден тұратын масиканы қолданады: тіс жуатын ұнтақ – 1гр, шошқа майы – 0,3гр, парафин – 0,3гр, скипидар – 0,5гр.

Енді әшекейленген сүйек затты бұйым бетіне безеңдіріп бекіту. Бұйым бетіне осы әшекей сүйектің өлшеміндей, яғни, нұсқасын өлшеп түсіріп, ою пышағымен ойып, тегістеп алып, желіммен немесе бүркелген шегемен орнатып бекітеміз. Шегемен бекітетін болсақ, сүйек беттің әшекейіне үйлесімді түрде пропорция сақтай отырып бұрғымен тесу керек. Ал, ПВА БФ -2 желімдерімен ағаш бұйымын сүйекпен безендіруде қолдануға болады. Әшкейленген сүйектің ішкі бетіне және бұйымның ойылған жеріне желімді жағып, ауада аздап ұстай тұрып, тілікті бетті ойылған жерге бекітіп (қондырып) қолмен күш түсіріп басса болғаны. Егер қажет кезінде үстіне басқа ауыр затты бастырып қояды. Бұйыммен сүйек беттерінің бір деңгейде, төмен немесе жоғары биіктікте болып тұрмауы керек. Кейбір кемістіктерді егеумен және зімпарамен ысқылай кетіріп деңгеййін тегістейді.

Қазақ шеберлері желімді дүкендерден сатып алумен қатар өздері де дайындай алған. Оны дайындау үшін арық малдң сүйегінен сылынған еті мен түйе конін турап, бір қазан суға ет езілгенше қайнатқан, кейін ет пен көнді түгел сүзіп алып, қалған суын суалғанша қайнатқан. Содан барып, ол сұйық затты басқа ыдысқа құйып, суыған соң желім ретінде пайдаланған.

Сатып алатын желімді «сары желім», қолдан жасағанды «қара желім» деп аталған.

Желімді кептіруде, шеберлер ысық күнге қойып кептіруден қашқан. Өйткені, желімнің жарылып кетуінен қорыққан. Ал, қыс кезінде ошақтың қасында кептіруге де шек қойған. Ыстық күндері желімдеуде бұйым бетіне 2-3рет сумен бүркіп отырған. Оның себебі, егер жаңа жағылған желім қабаты үстіңгі бетінен кебе бастаса, ол жарылғыш келеді де, желім сыдырылып түсіп қалады. Ал аздап дымдап тұрса онда бұйымның үстіңгі қабатынан бірдей кебеді.

Арқар, ақ бөкен, өгіздердің мүйіздерінен аумақты бұйымдар жасаған өте қолайлы. Мысалы, шақша, ожау, тарақ, ұстағыш тұтқа, қасық, қаламсап, қағаздар салып қоятын цилиндрлі формадағы бұйымдар құруға сәнді материалдардың бірі. Оларды өндеу жалпақ бетті сүйектерді өңдеуге ұқсайды. Жылтырау бет ГОИ пастасымен жағу арқылы алынады. Мүйіз сүйектерімен ағаш бұйымдарын өткермелеп безеңдіруге ыңғайсыз, ол ашық ауада түстері тез өзгеріп отырады.

Сүйекке түс берудің 3 түрлі жолы ба. өң беру, шалағайлы өң беру, бүкіл бұйымды бояу. Ойылған сүйектің тілігіне жай қаламсаптң (графит) ұнтағын сеуіп, марлы матамен ысқылап, дөңес жерге өң бермей, тек түс ойық жерлерде ғана қалдыра көріктігін арттырады.

Шалғайлық өнді ағашты бояуға арналған өсімдік, ағаш, жеміс-жидек заттарнан алынған тұңбға сүйек бөлшектерін салып алуға болады. Сол түсті беттің түріне сызу пышағымен гравер ою сала, өте әдемі, әсем түрдегі ақ сүттей сызықты ою алуға болады. Неғұрлым ертіндіде сүйек көп тұрса, соғұрлым түстің өңі жақсы және өз түсін ұзақ сақтауға мүмкіндігі бар.

Терең бояу жолында сүйек әшекейі өте ақ, майлы болмаған жөн. Қалыңдығы 3мм әшекейлі сүйек бет жақсы боялады. Бұл тәсілде оны бояу ертіндісінде бірнеше тәулік салып қойып, бояуды сіңдіре отырып түс алады. Түстің тез сіңуі үшін жылы суды пайдаланады. Сонымен бірге төмендегі химиялық ертіндінің көмегімен де ала алады. Көк бояуды-мыс тотығмен аммиактан, сары бояуды-хромпиктен, жасыл көк бояуды-жоғарғы көк сары түстен, көкшіл-хлорлы қобальттан, қоңыр бояуды-сары және күлгін бояудың қоспа ерінділерінен алады.

 

Ұлттық ағаш бұйымын токар станогында жасау

Ағаштан қырнап жасалған үй-жиһаздарының бөлшектері, ыды аяқтар біздің жыл санауымызға дейін Ү-ІІІ ғасырда Алтайдың екінші Пазырық төбесінен қазақ және қырғыз тайпалары өмір сүрген кезден қалған ескі қырналып жасалған аласа аяқты, қақпағы овал формалы, алынатын үстел, тұтқасы мүйізден жасалған сапты және т.б. ыды аяқтар табылған. Сонымен қатар, Қырғызстан жеріндегі Кеңкөл жер асты үңгірінен біздің жыл санауымызға жейінгі

І ғасырда болған ғұн тайпаларынан қалған арша, шырша ағаштарынан жасалған ыдыс аяқтар, бесіктер, қасықтар, аласа үстелдер және т.б. бұйымдар археологиялық ізденістерде табылған.

Бірегей туындылардың бірі екінші Пазырықта қазылып алынған, қазақ, қырғыз Алтай, Сібір жерлеріндегі халықтарда кездескен ағашты қырнау станогы болып табылады. (21-сурет).

ХҮІІІ ғасырдың өзіндегі қырнау жұмысы өте қарапайым ағаш, метал бөлшектерін құрастыру арқылы жасап, айналдыру қозғалысын қайыстың ұшына 2 үзеңгіні кезек-кезек төмен баса отырып алған. 2-ші адам қырнау пышағымен ағаш бетті және ішін жонып отырған. Осыған қарағанда, өткен дәуірдің өзіңде бұйымның көркемділігіне, әсемдігіне талғамы жоғарғы деңгейде болғанын музей қорларындағы ұлттық бұйымдар куә бола алады. Жетілгені соншалықты, қырналған бұйымның өзін тағы да зімпаралап жылтыратып өң бере білгені қазірге дейін мәлім. Мысалы, дайын бұйымды мал немесе өсімдік майымен жағып, от үстіне ұстаған мезетте табиғи өңге тән ашық немесе боз түс алу тәсілін де жетік білген.

Ал, қазіргі кезде шеберханаларда электрлі ағаш тоқар станогы молынан кездеседі. Оның ішінде ТД-120, ТСД-120 станоктары.

Қырнау станогының негізгі құрылысы мен жұмыс істеу принципі, оны басқару туралы мәліметті оқулық кітаптарынан алуға болады. Бұл бөлімді біз тек, бұйымның көркем, әсемдік мәнін ашу технологиясын, оған қажетті материалда мен аспаптарды, құрылғыларды қарастырамыз.

Ағаштың мынадай әсемдік көрінісін беретін қасиеттері ьолады. Яғни, текстура, фактура, үс, жылтырақ және өң. Бұлардын басқа, әрине, табиғи түрде пайда болған без, бұтақ, шиыршық, бұйра, бұдыр, шіру кезеңіне жақындаған ағаштың бөліктері, қисық қабаттары жатады. Осы аталған әсемдік көркін беретін ағаштардң қасиеттері үй-жиһаздарын, ыдыс аяқтарды жасаған кезде көздің көркін алуда шеберлер олардың формаларын, міндетін (яункция) ескере отырып үйлестірген.

Жас қырнаушы шеберлер безі, бұтағы жоқ ақ тал, жөке, қандағаш сияқты жұмсақ ағаш кесінділерін пайдаланған дұрыс. Егер бұйымның түсі анық болмаса бояудың олифтің, өсімдік майының, лақтң көмегімен толықтырып алады.

Ағаш мінлдетті түрде белгілі ұзындықта кесіліп кептірілгені дұрыс. Кесіндінің бетінде шірік, құрт жеген, жарық, бұтақ, қабық болмау керек.

Ағашты ылғалдылығы 15-12% дейін сақтап кептіру керек. Кез-келген кесілген ағаштың жоғарғы пайыз ылғалдылығы болады. Судай өңделген ағаш мезгілі өте жарылып, формасы кішірейіп, майысып жарамай қалады.

Ерте кезде ағаш шеберлері ағашты кептірудің өзінің тәжірибесінен біле білген. Ағашты кептіру арқылы берік, ұзақ мерзімге жарайтын сапалы бұйым жасап отырған. Осы тарихи деректерді көре, бірнеше кептіру тәсілін айта кетейік.

  1. Орманда өсіп тұрған ағаштың кесетін жеріндегі қабығын аршып қойып, ылғал түсірмеуге кеддрегі жасап, алғашқы кептіруден өткізіп, кейін арамн кесіп құлатқан.

  2. Ыстық суды қайната отырып кептірген. Бұл суға тұз салып (4-5 үлкен қасықпе 1л суға), ағашты ыдысқа салып қайната отырып, бөлмеде қыс кезіңде де кептірген.

  3. Емен ағаштарын 6-8 ай ауада ұстап, кептіргенде де жарылмайды.

  4. Ағашты тігінен кебу жерг қойып, талшық боймен ылғал төмен қарай жүретіндей етіп бас жағын жерге қарай айналдырып кояды.

  5. Көктем кезінде ағаш кесінін бидай ішіне көміп кептіру.

  6. Ағаш жаңқаларына көміп кептіру.

Кептірілген (12˚ылғалдылығы) ағаш тоқар станогында жақсы өңделуді, ойық пышақпен ою жұмыстарын оңай орындауды, желімдеуді, тығыздығы арттырылып беріктелінуді, шіруден сақтауды қамтамасыз етеді.

Тез кебетін ағаштар – қайын, қарағай, алма ағашы, сирен, үйеңкі. Орташа кебетін – шегіршін, алмұрт ағашы, емен, жөке, қандағаш, көк терек, шетен. Баяу кебетін – шырша, арша, тал, самырсын және терк.

Аспаптар

Қырнап өңдеудің аспаптары: жалпақ, доғал, фасонды ілгек формалы пышақтар жатады. Бұл пышақтар бетті өңдеуге байланысты 3 түрге бөлінеді: аршу (доғал пышақ), бетті тегістеп өңдеу (көлбеген), арнайы пышақ (ілгекті, фасонды қашаулар) (22 сурт) (а)

Арнайы фасонды пышақтң жүзі екі жағмен сыртқы және ішкі бетті белгілі форма алып өңдеуге болады. Ал ілгек формалы пышақтың бір жағымен таза, ақырғы ішкі беттерді өңдеуге қолданады. Арнайы пышақ аспаптарын мемлекет өңдірісінде жасамайды. Оларды тек шебер ұсталар өздерінің қалауы бойынша көміртекті болат материалдардан жасап алады. (22-сурет) (б).

 

 

Пышақтың ұшын өткірлеу

Өтпес пышақ аршу немесе ақырғы қырнауда жылтыр бетке бұдыр із, түгін шығарып жіберіп отырады. Бұл кемістікті бодырмаудың шарасы – алдын-ала қайраққа жұмсақ ағашты өңдеуге 20-30˚, қатты ағашты 40-45˚-та өткірлеу кеек. Ал фасонды пышақтардың ұштарын егеулердің көмегімен шығарып, кейін әр түрлі фасонды қайрақтардың бетіне қойып өткірлейді.

Ағаш станогында қырнау технологиясы

Аспаптардың ішідегі өлшеуіш және кесетін пышақтарды станоктың оң жағында, қалған керекті аспаптарды сол жаққа орналастырып қояды. Жарық берілуі жеткілікті болу жөн. Табиғи жарық өзі болған жағадайда да электр шырағын жағу керек. өйткені, кей кездерде табиғи жарық толығымен бөлмені қалыпты мөлшерде қанғаттандырмауы мүмкін.

Кссілге дөңгелек ағашты планшайбаға бекітпес бұрын өстің орталығын тауып алған жөн. Ол үшін перпендикуляр қиылысатын сызықты кесіндінің екі жақ бетіне жүргізе табамыз. Егер ағаш төрт бұрышты формалы болса, төрт қыры балтамен жонып отырып алып таталынад. өйткені, пышақты тірекке қойып кесерде, дөңбек үздік-үздік пышаққа тие отырып, ұшын сындыруы және пышақты тіректің астына қарай алып кетіп, қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.

Тоқар ағаш станогына кесінді үш түрлі құрылғыға қоңдыра станокқа бекітеді. Олар:

  • Үш тісті патрон – тек бетті өңдеуде, дөңбекті тістеріне ағаш балғамен соға отырып кіргізіп, екінші ұшына артқы топайшықты жақындата отырып бекітеді;

  • Іші қуыс, конусты резьбалы стакан патрон – қысқа диаметрлі, ішкі бетін өңдеуге қолданыады. Дөңбек кесіндіні патронға бұрап отырып кіргізеді.

  • Планшайба – үлкен диаметрлі дөңбек ағаштың ішін және сыртында топайшыққа бекіте отырып қырнайды. Планшайбаға дңбекті кесіндіні бұрындалы шегемен бекітеді.

Тіректі дөңбек осы орталығымен 10-15 мм биіктікте көтере саңылау қалдырып, бекітіп, ағашқы өңдеуде доғал пышақты тірекке сүйеп, оны артқа алға жандарымен белгілі форма жасай жүргізе аршып алады. Ақырғы өңдеуде көлбеген пышақтың жіңішке және жалпақ түрлерін қолданады. Бірақ, тіректі дөңбек кесіндінің ұшынан 10-15 см қалдырып, көлбеген пышақтың түрі 45˚-қа ұстап тазалайды (23-сурет).

Ішке бетті қырнау кезінде сыртқы топайшықты алып тастап, тіректі 90˚-та бұрып, горизонталь осьтің биіктік деңгейінде бекітеді. Доғал пышақты тіректің үстіне сүйеп осьтің ортасымен бастап қырнауды жүргізеді. Егер ішкі бетте фасонды форма беру керек болса, онда фасонды пышақтың көмегімен алуға болады.

Шар, жартылай сфералы бұйымдарды ілмек пшақтармен бір қалыпты қырнау арқылы ішкі бетке бедер береді. Дайын болған бұйымды, зімпараның жолағын екі қолға ұстап, станоктың айналысты қозғалысы кезінде үстіне солға оңға қарай басып тұрса бет тегістелініп тазаланады. Ал ішкі бетті ағаш кесіндісіне немесе саусаққа зімпараны орап тазартуға да болады. Тазатып алынған бұйымды ою пышақ арқылы бедерлі немес геометриялық ою-өрнек түсіруге болады. Сонымен бірге, бояуды, өткермелп безеңдіруді, күйдіруді де қолданған артық болмайды.

Киізүй көптеген көшпелі халықтардың егізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келеді. Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.

 

Киіз үйдің сыртқы бейнесі

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі, сол сияқты шағырақтың, уықтын, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.

Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді «үйші» дейді.

Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды. Кміз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта «туырлық» деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны «ақ үй», қоңыр жүннен басылған киізден жасалса «қоңыр үй» деп атайды.

Киіз үй – көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдықтың соңы – І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады. Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) – киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста.

 

Шаңырақ

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады, шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

Шаңырақ – дөңгелек құрсаудан және айқыш иілген жуан талдан (күлдіреуіш) құралады. Киіз үй күмбезінің құрылымы шаңырақ арқылы біріктірілген. Үскен қардың салмағы елеулі болған кезде уқтар үлкен киіз үйдің шаңырағына 2 тонна шамасында қысымдық күш түсіреді. Сондықтан шаңырақ киіз үй қаңқасының басқа бөліктері сияқты талдан емес, далада өсетін ағаштардың ішіндегі ең қатты әрі берігі – қайыннан жасалады.

 

Киіз үй керегесі

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды. Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Керегенің екі қанатының ортасына ең алдымен жарма ағаш есік жақтауы орнатылады. (оның тағы бір атауы — сықырлауық).

 

Есік жақтауларының өлшемдері киіз үйдің мөлшеріне және керегенің жазулы торларының биіктігіне байланысты болады. Есіктің биіктігі 140см мен 175 см аралығында, ені – 70 см мен 100 см аралығында. Киіз үйдің жарма есігі ішке қарай ашылады.

 

 

 

Уық

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кендігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Оның ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.

 

Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.

 

Киіз үй есігі.

Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.

Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3-сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық.

Сқырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюды өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.

Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды.

Киіз үйдің сүйегі: 1- кереге, 2- уық, 3-шаңырақ, 4- сықырлауық.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.