Без рубрики

§25. Ортағасырлық Қазақстан қалалары

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
жалпы білім беретін типтік
мектеп-интернатының
тарих пәнінің мұғалімі
Бимбетова Баян Сұлтанбекқызы

Сыныбы: 5 «а»
Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: §25. Ортағасырлық Қазақстан қалалары
Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.
Б)дамытушылық: Оқушыларды жаңа сабаққа жан-жақты қатыстыра отырып, логикалық ой-өрісін дамыту.

С)тәрбиелік:

Мәдениет туралы түсініктерін, қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Мәдени мұраларымызды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой-толғау, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап,

тірек сызбалармен жұмыс,талдау.

Көрнекілігі: Сызбалар, «Қала бөліктерінің қызметі» кестесі, ҚР картасы, технологиялық карта, слайдтар, Орта ғасырлық қалалар туралы деректер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин.)

-оқушыларды түгендеу,

— сабаққа бағыттау,

1. Сабақтың барысымен таныстыру.

 

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей. Оқушылық деңгей. (үй тапсырмасын жинақтауға арналған тапсырмалар)

ІІ деңгей. Алгоритмдік деңгей.(Жаңа тақырыпты ашуға арналған, түрлі тапсырмалар)

ІІІ деңгей. Шығармашылық деңгей.

ІҮ деңгей «Кім тез табады?» ойын

Ой –ашар.

  • Шығыстың ортағасырлық қандай ойшыл ғалымдарын білесіңдер?

 

 

 

 

 

  • Өткен сабақта осы ғалымдардың ішіндегі қай ғалыммен таныс болып едік?

 

 

(Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы)

1. І деңгей. Үй тапсырмасын бекітуге арналған тапсырмалар.

1.Әл-Фараби кім?

2. Әл-Фарабидің толық аты.

3. Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар?

4. Әл-Фараби қандай тілдерді меңгерген?

5. Әл-Фараби ғылымның қай салаларына қандай жаңалық қосты?

6. Әл-Фараби өмірінің соңғы сәттерін қай аймақта өткізді?

7. Неліктен Әл-Фарабиді екінші ұстаз деп атаймыз?

8. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келді?

9.Әл-Фарабидің әкесі кім болған?

10.Әл-Фарабимен қатар шыққан қандай ғалымдарды білесің?

11.Әл-Фараби қай елдерде білім алған?

 

10. Кестені толтыр.

 

Өмір сүрген жылы

Туған жері

Еңбегінің аты

Не туралы айтылған?

Жүсіп Баласағұн

 

 

 

 

 

11. Кестені толтыр.

 

Өмір сүрген жылы

Туған жері

Еңбегінің аты

Не туралы айтылған?

Махмұт Қашқари

 

 

 

 

12. Кестені толтыр.

 

Өмір сүрген жылы

Туған жері

Еңбегінің аты

Не туралы айтылған?

Ахмет Йасауи

 

 

 

 

 

13. Кестені толтыр.

 

Өмір сүрген жылы

Туған жері

Еңбегінің аты

Не туралы айтылған?

Әбу Райхан Бируни

 

 

 

 

 

 

2.Үй жұмысын қорытындалау.

Үй тапсырмасын бекіту тест тапсырмасы

1. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген ?

А) Отырар

Ә) Испиджаб

Б)Тараз

В) Йасы

2. Әл-Фараби түрік, араб тілдерінен басқа тағы қандай тілдерді меңгерген?

А) Парсы

Ә) Латын

Б) Қытай

В) Көне грек

3. Әл-Фараби түрлі ғылым салаларынан қанша іргелі еңбектер жазып қалдырды?

А) 100-ге жуық

Ә) 120-ге жуық

Б) 50 –ге жуық

В) 150-ге жуық

4. Әл-Фарабидің әкесінің аты.

А) Ұзлағ

Ә) Қорқыт

Б) Махмуд

В) Мұхамед

5. « Құт негізі – білік» (« Құтадғу білік») атты еңбегін қай ғұлама жазған ?

А) Махмуд Қашқари

Ә) Әл-Фараби

Б) Жүсіп Баласағұн

В) Қожа Ахмет Йасауи

 

(Оқушылардың жауаптарын технологиялық картаға белгілеу)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпты хабарлау, жоспарымен, мақсатымен таныстыру. (Тақырыпты, жоспарды дәптерлеріне жаздыру)

Жоспары:

1. Қалалардың пайда болуы

2. Қала бөліктері мен олардың қызметі

3. Қазақстан қалаларының орналасуы

  1. Ауызша баяндау: Археологиялық зерттеулер ҮІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып, өркендегенін көрсетеді Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу өңірлерінде қолөнер мен сауда және мәдениеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты. Бұл қалалар басында кіші елді мекен ретінде салынып, кейіннен ұлғайды.

Қазақстан аумағында қалалар осыдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен.

Ортағасырлық Қазақстан қалалары үш бөліктен тұрған.

1.Цитадель 2. Шахристан 3. Рабаттан тұрған.

Цитадельде – патша сарайы және әкімшілік басқару орындары

орналасқан.

Шахристанды – қызметкерлер мекендеді, яғни кіші билеуші топ

өкілдері, түрлі кәсіп иелері мекендеді. Қаланың екі бөлігін сыртынан

үлкен дуалдар қоршап жатты.

Рабатта – екінші халық, қала дуалының сыртында орналасты.

Ортағасырлық Қазақстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі

болды. Олар Қарашоқы, Қойлық, Екіоғыз, Сауран, Тараз, т.б Бұл қалалар

хандар мен сұлтандардың меншігінде болып, оның өз билеушісі болған.

Сондықтан олар қалада сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі,

себебі бұл олардың табыс көзі еді. Мысалы Отырарды көпшілікке

арналған монша болған. Моншаның едені кірпіш тақталармен төселген,

моншаны жылыту үшін еденнің астынан жылу өткізгіш каналдар жүйесі

жүргізілген.

Иассы- қазіргі Түркістан қаласы. Шымкент қаласынан 225 шақырым

жерде орналасқан. Түркістан –«түріктер мекені» деген мағынаны

білдіреді. Мұнда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі орналасқан.

Сығанақ— Сырдария өзенінің бойында орналасқан қала.

  1. ІІ деңгейлі тапсырмалар. (Алгаритмдік деңгей). Өзіндік жұмыс

(барлық оқушыларға тапсырмалар таратылады)

1 тапсырма.

Оқулықтың мәтінін, картаны пайдаланып, ортағасырлық қалалардың аттарын жаз.

Қалалар

Қай өңірлерде орналасқан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тапсырма.

Кестені толтыр. Ортағасырлық қалаларың негізгі үш бөлігі.

 

 

Қала

Орда (цидател) – патша сарайы мен әкімшілік басқару органдары орналасқан орталық бөлік

Шахристан – қызметкерлер, яғни кіші билеуші топ өкілдері, саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі.

Рабат – еңбекші халық мекен ететін қаланың сыртқы бөлігі

3 тапсырма (Картамен жұмыс)

Мына сызба нұсқаға назар аударайық

Ортағасырлық қаланың атауы

Қай ғасыр атауы

Қалалардың қазіргі атауы

Испиджаб

V ғасыр

Сайрам

 

Талас

VІІ ғасыр

Тараз

 

Шауғар (Яссы)

ІV-Х ғасыр

Түркістан

 

Баласағұн

V ғасыр

Шу өзенінің бойында Ақтөбе деген ауыл

Фараб

VІ-VІІІ ғасыр

Отырар

 

3.ІІІ деңгейлі тапсырма Шығармашылық деңгей .

Алғашқы қалалардың пайда болу тарихына тоқтал.

(Шығармашылық тапсырмалар беру)

4. ІҮ деңгейлі тапсырмалар. Қорытындылау:

«Кім тез табады?» ойынын өткіземіз.Ол үшін тақтадағы

сандарға назар аударайық, сандардың артында сұрақтар жазылған

сол сұрақтарға жауап берсеңіз әріптер шығады, әріптерден сөздер

шығады.Ол қандай сөздер екенін шешу керек.(Тіл, Дін, Ұлт)

Балалар, біз тәуелсіздігіміздің неше жылдығын тойладық.(19 жылдығын, 2011 жылы 20 жыл болады.)

Тәуелсіздігіміз мәңгілік сақталу үшін тіліміз, дініміз, ұлтымыз

мәңгілі аман болу керек. Еліміздің тұғыры биік тәуелсіздігімізді

сақтап, мақтан тұтайық!

Ү. Бағалау: (технологиялық картадағы белгілер арқылы бағалау)

ҮІ.Үйге тапсырма:

  • §25- параграфты оқып келу, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет

  • Йасауи кесенесі жайлы мәлімет әкелу.

  • тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

 

Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстан қалалары. Мерзімі ________ Сыныбы __5 «а»_

 

Аты -жөні

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

ІҮ деңгей

Баға

1

Аманкелді Аңсаған

4

3

4

4

4

2

Бекмұратова Таңшолпан

4

4

5

4

4

3

Дүйсенбекова Күнсұлу

3

3

3

4

3

4

Жумабеков Слайман

4

3

4

3

3

5

Кәрім Әнел

4

3

4

4

4

6

Құлжанбекова Гүлім

3

3

3

4

3

7

Мондыбасов Ерназар

5

4

4

4

4

8

Мондыбасова Саягул

4

4

5

4

4

9

Мұсабеков Әбілқайыр

4

3

4

5

4

10

Оңғарбекова Жанаргүл

4

5

5

5

5

11

Орал Әлихан

3

4

3

3

3

12

Төлебаев Жансерік

3

3

4

3

3

13

Шакиров Әділ

3

3

4

3

3

14

Шәкәрім Әсел

4

3

4

4

4

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.