Без рубрики

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі

Алматы қаласы,  «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» Қоғамдық қоры
«Арыстан» мамандандырылған лицейі
Филология магистрі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Сания Батырбековна

Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі
Сабақ мақсаты:
білімділік:
сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету
дамытушылық:
тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
тәрбиелік::
патриоттық  сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
дәстүрлі
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сұхбаттасу, аудару
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту:
слайд, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс:
қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау

3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау

4. Сабаққа дайындықты тексеру

5. Лицеистер назарын ұйымдастыру

6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  Тіл туралы Заң

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу. 

 

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі

Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым-қатынас құралы. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуіқазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты. Оның тарихы туыстас түркі тілдерінің даму тарихымен тамырлас, бастауын есте жоқ ескі замандардан алады.

Қазақ тілі түркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енеді. Туыстығы жағынан қырғыз, қырым татарлары, татар, башқұрт, қарашай, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып келеді.

Тілдер туыстас болып саналуы үшін лексикасында мағыналары жағынан бірдей, ұқсас, ал дыбысталуы жағынан бір-біріне жақын көптеген сөздердің болуы шарт. Мысалы, қазақ тілінде ауырдеген сөз өзбек тіліндегі оғыр, қырғызша оор, тувас және хакас тілдерінде аар, түрікменше ағыр, алтай тілінде уур, башқұртша ауыр, татарша авыр болып айтылады. Мағына жағынан бірдей, дыбысталуы жағынан ұқсас болып келуі бұл сөздердің бір тамырдан тарағандығын көрсетеді. Туыстас тілдердің барлығына бірдей ортақ сөздерге көбінесе туыстық қатынас пен адамның дене мүшелерін, жыл мезгілдері мен табиғат құбылыстарын білдіретін әрі төрт түлік пен өсімдік атауларына, күн көріске қатысты сөздер жатады.

Осындай ортақ белгілері көп болғандықтан, бірқатар түркі халықтарының өкілдері (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, татар, өзбек, ұйғыр т.б.) бірімен-бірі сөйлесе, түсінісе алады.

Сонымен, қазақ тілі қашан және қалай пайда болды, бүгінгі күнге қалай жетті?  Аталған тілдермен қалайша туыстас деген сұрақтарға жауап беру үшін түркі тілдеріне ортақ тарихқа жүгінуіміз керек. Себебі қазіргі түркі халықтарының есте жоқ ескі замандарды мекені, шығу негізі бір болған. Ол жалпы адам қоғамының даму сатысымен байланысты.

 

қазақша

қырғызша

өзбекше

татарша

түрікменше

әзірбайжанша

ана

іні

жүрек

тіс

жұлдыз

эне

ини

жүрөөк

тіш

йылдыз

она

ини

юрак

тиш

юлдуз

ана

эне

йөрәк

теш

йолдуз

эне

ини

йөрәк

диш

улдуз

ана

ини

урәк

диш

улдуз

 

Тіл адамдардың өзара түсінісу, қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін өтеу нәтижесінде пайда болды, қалыптасты, жетілді. Адамдардың ең алғашқы ұжымы – ру, бұлар бір негізден, тектен тараған адамдар қоғамы. Рулар өсе келе- тайпа, одан тайпалар одағы, халық,  ұлт пайда болады. Ендеше, қазақ тілі басқа түркі халықтарымен бірге бір негізден шығып, өсіп жетілді, жеке ұлт, мемлекет тілі болып қалыптасты.

 

Тапсырма. Берілген мәтінге морфологиялық талдау жасау.

Ана тілі

    Оқырмандармен кездесудің бірінде қазақтың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов пен Надежда Лушникова бірге отырыпты. Сонда оқырмандардың бірі Олжастан: «Сіздің ұлтыңыз қазақ, ал шығармаларыңызды неге орыс тілінде жазасыз?» — деп сұрапты. Ақын бөгелмей, былай деп жауап беріпті: «Ал, Сіз Надежданың ұлты орыс бола тұрып, шығармаларын неге қазақ тілінде жазады екен, соны сұраңыз». Бұдан әрі: «Біз үшін екі тіл де ана тіліміз» — депті ол.

 

ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Орхон-Енисей, Күлтегін ескерткіштері туралы

 

V. Қорытындылау. 

 

VI. Бағалау.

 

Оқытушы                              Абуева Р.Р.

                                                       Тулегенова С.Б.

      Әдіскер                                  Серікбаева К.А.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.