Бәйге - Конкурс

«Ұстазым- менің жан досым» бәйгесі — Конкурс «Мой лучший друг — Учитель»

КОНКУРСҚА МАТЕРИАЛДАР ҚАБЫЛДАУ ТОҚТАТЫЛДЫ
Республикалық 45minut.kz басылымы Ұстаздар қауымының төл мерекесі құрметіне «Ұстазым- менің жан досым» тақырыбында шығармашылық мақалаларға бәйге жариялайды.

Мұғалім мамандығы — барлық мамандықтың анасы. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие- әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырағы.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз- қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп- өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу- жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» — дегеніндей ұстаз беделін арттыру және Ұстаз-Шәкірт-Ата-Ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұстаздар, шәкірттер, ата-аналар арасында шығармашылық мақалаларға бәйге жарияланды.

Ұсынылатын тақырыптар:

1) Ұстазым, менің ұстазым
2) Ұстаздық еткен жалықпас
3) Ұстаз және ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы
4) Менің ұстазымның бір күні
5) Ұстаздар күні ұстазымды қалай құрметтеймін?
6) Шәкірттің жағдайын кім ойлайды?
7) Ұстаздың үлгілі шәкірті

Бәйге талаптары:

Бәйгеге ұстаздар, шәкірттер, ата-аналар тарапынан жазылған мақалалар қабылданады. Мақалалар санына шектеу жоқ. Қатысушы қалауы бойынша бірнеше жүлделік санаттарға қатыса алады. Шығармалар http://www.45minut.kz сайтындағы арнайы бөлімге жариялануы керек. (www.45minut.kz сайтына ұстаз тіркеліп, өзі сайтқа материалды орналастыру керек.)

Арнайы талап: Шығармада бәйге ұйымдастырушысы және демеушілері туралы вирустық жарнама міндетті түрде болуы шарт.

Вирустық жарнама — Вирусная Реклама (Viral Ad) — это разработка таких рекламных стратегий, которые поощряют потребителей передавать рекламное сообщение друг другу. Информация при этом воспринимается не как реклама, а, скорее, как досуг и развлечение.

Люди пересылают друг другу забавный ролик или ссылку и получается, что вирусная реклама распространяется «самостоятельно», от человека к человеку, без дополнительных затрат со стороны рекламодателя.

Чаще всего для большей эффективности вирусной рекламы требуется «посев», то есть размещение в нескольких ключевых точках, из которых вирусная реклама начинает распространяться дальше.

———————————————————————

Шығармалар 2012 жылдың 21 қыркүйегінен 20 қазанға дейін қабылданады. Бәйге қорытындысы 21 қазанда жарияланады.
Бәйге қорытындысын Республикалық басылымдағы «БАҚ өкілі-Тілшілер» шығармашылық тобы және бәйге демеушілері өкілдерінен құралған қазылар алқасы сараптайды. Ондық бағалау жүйесімен бағаланған мақалалар туралы өз бағамдарын қазылар алқасының мүшелері ұйымдастырушыларға белгілі уақытта тапсырады. Бағамдар негізінде бәйге қорытындысы жарияланады. Барлық қатысушыларға сертификат пен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылады.

Бәйгенің жүлделік орындары:

Бас жүлде — 1 қатысушы
Бірінші орын — 1 қатысушы
Екінші орын — 2 қатысушы
Үшінші орын — 3 қатысушы
Ынталандыру сыйлықтары – 3 қатысушы
«Үздік Ұстаз» бағамы — 1 адам (Мақала кейіпкері)
«Үздік ата-ана» бағамы — 1 адам (Мақала кейіпкері)
«Үздік шәкірт» бағамы — 1 адам (Мақала кейіпкері)

————————————————————————————————-

Республиканское издание 45minut.kz в честь праздника Учителей объявляет конкурс творческих материалов.

Предлагаемые темы:

1) Это мой Учитель
2) Не устает тот, кто обучает
3) «Роль Учителя и Родителей в воспитании детей»
4) «Один день моего Учителя»
5) Как оказывать почет в «День Учителя»
6) Кто позаботится об ученике
7) Образцовый ученик Учителя

Условия конкурса:

В конкурсе могут участвовать творческие материалы учителей, учеников, родителей. В количестве материалов нет ограничении. Участвующий может участвовать в нескольких номинациях.

Материалы  должны  быть  опубликованы  на  сайте    www.45minut.kz в соответствующем разделе.

Специальное условие:

В материале должна присутствовать вирусная реклама об организаторе и спонсорах конкурса.

Прием материалов  с 21 сентября до 20 октября текущего года. Результаты конкурса будут объявлены 21 октября 2012 года.

Результаты конкурса будут определять жюри из творческой группы «Представитель СМИ-Корреспондент» в Республиканском издании и представители спонсоров. Члены жюри конкурса оценивают каждый материал по десятибалльной шкале и передают свои оценки в Оргкомитет конкурса в установленные сроки. По оценкам жюри будут объявлены результаты конкурса. Всем участникам выдается сертификат и подарки от спонсоров для победителей.

Призовые места в конкурсе:

Главный приз — 1 место
Первое место — 1 место
Второе место — 2 место
Третье место — 3 место
Поощрительные призы — 3 место
Номинация «Лучший учитель» — 1 человек (Персонаж материала)
Номинация «Лучшие родители» — 1 человек (Персонаж материала)
Номинация «Лучший ученик» — 1 человек (Персонаж материала)

 

«Ұстазым- менің жан досым» бәйгесі — Конкурс «Мой лучший друг — Учитель»: 2 комментария

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.