Интернетте http://port-folio.kz/ — Портфолио сайтын көріп, қызығып, өзіме де осындай портфолио сайтын ашуға тапсырыс берсем деп әзірленіп жүр едім. Күнделікті қарбалас жұмыстан қол тимей, дегенмен бір күні сәті түсті.
Ақтөбе облыстық білім басқармасының Ақтөбе облыстық Оқу әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Білімнен әрекетке, әрекеттен ойлауға» тақырыбында облыстық конкурс ұйымдастырылады және сол конкурсқа мекеме атынан қатысуға шақыру алғаным негізгі бір себеп болды. Әдеттегіше, атқарылған жұмыстардың нәтижесін жинақтап, жеке флешкамда, үйдегі компьютерде сақтап жүр едім. Белгісіз бір себептермен флешка жұмыс істемей қалды, үйдегі компьютерде жинақталған материалдар бұрыңғы материалдар болып шықты. Негізгісі компьютерде сақталғанымен, конкурсқа жаңадан әзірленуге тура келді.
Осы кезде Портфолио сайты есіме түсті, электронды портфолио болғанында ғой, дайын материалдарды шығарып алар едім деп ойландым. Әрі бір жағынан конкурсқа әзірлену барысында электронды портфолио ашуға тапсырыс беруге шешім қабылдадым.
Интернет арқылы Портфолиоға тапсырыс беріп өзіме жеке адрес бойынша портфолио ашылды. Әрі қарай қалай істеуді білмегендіктен, Редакция қызметкерлеріне материалдарымды жіберіп, электронды портфолио жасап берулеріне өтініш білдірдім.Портфолионың сыртқы дизайны бойынша 3 түрлі дизаин ішінен өзіме ұнағанын таңдап алып, электронды портфолионың қалған бөліктеріне материалдар жариялау басталды. Портфолио жасалу барысында, редакция қызметкерлерімен Майлру агент бағдарламасы арқылы тікелей байланыста болып, жасалған жұмыстарды бір жағынан өзім көріп отырып, редакция қызметкерлері тарапынан қажетті орындарға өзгерістер енгізіліп отырды.
Конкурс құжаттамасына сәйкес портфолионы толтырып, суреттер, материалдар толықтырылған соң, нәтижесі ретінде, жеке файл түрінде электронды портфолионың бір нұсқасын почтама алдым.
Почтама келген электронды портфолионы қағазға шығарып алып, конкурсқа әзірліктің аяқталғанын, сонымен қатар Интернетте электронды портфолио сайтым да ашылғанына қуандым. Болашақта, портфолио құжаттары қажетті болса, кез-келген жерден Интернет арқылы қажет материалдарымды шығарып алуыма, әрі бір жағынан түйіндеме (резюме) ретінде де пайдалана алатыныма сенімдімін.
Жүктеп алып танысу үшін: Конкурсқа қатысуға әзірленген электронды портфолио
Ақтөбе қаласы, Қалалық техникалық шығармашылық орталығы,
Қосымша білім беру педагогі Қайралапова Жайнагүл
fortfolio
жақсы сөздер