Без рубрики

Есепші қызметі орнына ашық конкурс

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Дарын орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бос тұрған есепші қызметі орнына ашық конкурс жариялайды.

«Дарын орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының есепшісі -1бірлік

Функционалдық міндеттері:
материалдық есепті қабылдап,тапсыру
жеткізушілермен келісім-шарт жасақтау
веб-порталға жауап беру,жұмысын ұйымдастыру;
кассалық есепті жасау,кассалық кітабын жүргізу;
техника және өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау;

Қойылатын талаптар:
Білімі:арнаулы орта
1.Компьютерді жақсы меңгере білу
       2.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңын», «Тіл туралы заңын» және «Еңбек кодексін», білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу.
3.Конкурс бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27қыркүйегіндегі №849 қаулысында бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу» ережесі негізінде өткізіледі.
                 4.Конкурсқа қатысушылар конкурс жарияланғаннан бастап «Дарын орталығы» МКҚК-  на төмендегі құжаттарды тапсырады:
                                1.Өтініш
                                2.Өмірбаяны
                                3. Білімі туралы құжат
                                4. Еңбек кітапшасы (көшірме)
                                5. Денсаулығы жөніндегі анықтама
      3. Конкурсқа жіберілген үміткерлер конкурс аяқталғаннан кейін «Дарын орталығы» МКҚК-да конкурстық комиссиядан өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы http://www.45minut.kz БАҚ-да жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн. Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады.

Маңғыстау ауданы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, ұстаздар үйі ғимараты, 1қабат «Дарын орталығы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны. Анықтама алу үшін телефон 8(72932)21445
                                  
   Конкурстық комиссия

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.