Құрметті БАҚ өкілі-Тілшілер! Республикалық басылымның жұмысын жандандыру мақсатында, тілшілермен жұмысты белсендіру үшін тілшілер жұмысының маңызы мен жұмысы туралы пікірлесуіміз жүргізіледі. БАҚ өкілі-Тілшілерге Редакция поштасына хабарласып, өздерінің жұмыстары туралы сараптамалық есебін (Аналитический отчет) жіберулері сұралады.
2013 жылға тілшілерді Редакция штатына жұмысқа іріктеу жұмыстары жүргізілетініне байланысты, жаңа міндеттер мен ұсыныстар қабылданады. Жаңадан аймақтық (региональный) тілшілер құрамы жасақталады. Тілшілер арқылы тапсырыс берілген әрбір оныншы сертификат үшін, Республикалық басылымның фирмалық флешкасы сыйға беріліп отырады.
Сараптамалық есеп кезінде көрсетілуі міндетті бөлімдер:
- Тілшілік жұмысы кезіндегі Редакциямен қарым-қатынас деңгейі
- Редакция қызметкерлерінің өз жұмыстарын атқару кезіндегі деңгейі және сұраныс-талаптардың орындалу жағдайын бағалау
- Ұстаздарға Республикалық басылымды жарнамалау кезіндегі жетістіктер мен қиындықтар
- Аймақтық тілшілік жұмыс үшін ұсыныстар мен пікірлер
- Еркін сараптамалық есеп
Тілшілерге үлгі ретінде:
БАҚ-өкілі, тілші Н.Бекбауовтың есебі