Без рубрики

Мемлекеттік мекеменің директоры лауазымына орналасуға конкурс

Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық білім беру бөлімі аталған ауданның Бейнеу селосында орналасқан «Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, Боранқұл селосында орналасқан «Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі мен «Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, Ақжігіт селосында орналасқан «М.Бегенов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Санаты G-4)

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры — 1 бірлік,
«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры – 1 бірлік,
«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры – 1 бірлік,
«М.Бегенов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры — 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 75433,46 теңгеден 90254,7 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 13.07.2009 жылғы №338 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.

Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және «Неке (ерлі-зайыптылық) отбасы туралы» Кодексін, басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Білімі: кәсіби жоғары (педагогикалық немесе бейіні бойынша);

Педагогикалық өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;

Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссияға мынадай құжаттар ұсынуы тиіс:

  1.     конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2.     нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3.     нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
  4.     нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5.     бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  6.     бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7.     нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
  8.     медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама (№086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама).
  9.     Сотты болмағандығы туралы анықтама

Конкурс ҚР Үкіметінің 27.09.2007 жылғы №849 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметке тұру және бос азаматтық қызметкер лауазымына орналасу конкурсын өткізу ережесі бойынша жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

Үміткерлер 5 жұмыс күні ішінде Бейнеу аудандық білім беру бөлімінде әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру http://www.45minut.kz БАҚ-да жарияланған күннен бастап
15 күнтізбелік күн. Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады:

Маңғыстау ауданы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, аудандық әкімдігі ғимараты, 1 қабат «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Анықтама алу үшін телефон 8 (72932) 25699, факс 8 (72932) 21586.

Конкурстық комиссия

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.