Без рубрики

«Күзгі бал» мерекелік кеш.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

ГКС-12 орта мектебінің тәлімгері

Айдаралина А

«Күзгі бал» мерекелік кеш.

Жүргізуші.1:

Құрметті достар және қадірменді қонақтар! Сіздерді «Күзгі бал» мерекелік кеште көргенімізге қуаныштымыз. Осы мереке тамаша мезгіліне – Күз мезгіліне арналған!

Жүргізуші.1:

Күз – бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір. Таңатпай аяз бетімізді тондырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз күз – тамаша мезгіл. Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та әр қайсысы өз бетінше осы мезгілді көркем суреттейді.

Жүргізуші.1:

Бүгін сіздермен бірге Күз Ханшайымын және Күз ханзадасын таңдайтын боламыз.

Жүргізуші.1:

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,

-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші. 1:

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

-дей отырып бүгін даярлық топ және 1-4 сыныптар аралығындағы «Күзгі бал» мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер! Ортаға қатысушыларды шақырамыз!

Жүргізуші.1:

1.Бірінші ең кіші жұп – Оралов Жандос, Нургалиева Наурызгүл / даярлық топтың оқушылары

  1. Екінші жұп – Тлеубердинов Жандос, Ибраева Әлия / 1 «А» сынып оқушылары

Жүргізуші.1:

  1. Төртінші жұп – Балтабаев Асылжан, Реимбаева Әнел / 1-3 «А» сынып оқушылары
  2. Бесінші жұп – Ермеков Оразхан, Асембаева Аида / 4 «А» сынып оқушылары

  • Сонымен бүгінгі мерекелік сайысында бес жұп қатысады!

 

 

Жүргізуші.1:

Мерекелік сайысының жоспары:

  1. Әр жұп өздерін таныстыру
  • «вальс» биі

  • өнер сайысы

  • күзгі сән үлгісі

  • табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесі

  • Жүргізуші.1:

    Табиғаттын нәр алған ғой жанымыз,

    Жер бетінің ажары ол – сәніміз

    Туған өлке табиғатын аялап

    Ұсынайық жүрек үнін бәріміз

    – дегендей сайысымыздың алғашқы кезегін жұптардың таныстыруына берсек.

    Жүргізуші.1: Бірінші сайысымыз бітті.

    Вед.2: Закончен наш первый конкурс.

    Жүргізуші.1: Енді біраз ойнаймыз.

    Жүргізуші.1: Ойын-сайысы «Дүкенге барып кел»

    Жүргізуші. 1:

    Сайысымыздың жұптарға беретін келесі тапсырмасы сынарымен вальс биін билеу.

    Жүргізуші.1:

    Келесі бөліміміз «Жұмбақтар» деп аталады. Мұнда жұмбақтарды шешу керек.

    Жүргізуші.1:

    Әділ – қазылар байқаудың нәтижелерін бағаласын.

    Жүргізуші.1:

    Өнерлінің жүзі жарқын,

    Шығара білсе жарыққа

    – дей келе жұп сайыскерлерімізге өз өнерлерін көрсетуге кезек берейік.

    Жүргізуші.1:

    Әділ – қазылар байқаудың нәтижелерін бағаласын.

    Жүргізуші.1:

    Келесі сайысымыз «Жеміс-көкөністерді танып біл»

    Жүргізуші.1:

    Сайысымыздың келесі жұптарға беретін тапсырмасы Күздің сәнін кіргізетін «Сән үлгісіне» кезек береміз.

    Жүргізуші.1:

    «Жеміс-жидек әлде көкөніс» конкурсы

    Жүргізуші.1:

    Ал енді, құрметті әділ-қазылар, біздің қатысушылардың дайындалған күз көрмесін көрейік!

    Жүргізуші.1:

    Сонымен сайыстық бағдарламамыз бітті. Қорытындысын жинақтау үшін әділ-қазыларға біраз уақыт берейік.

    Жүргізуші.1:

    Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. Ортаға қатысқан сайыскерлерді шақырып, марапаттау кезегіне береміз. (жеңімпаздар марапатталады)

    Жүргізуші.1:

    Жеңімпаз топты шын жүректен құттықтаймыз!

    «Ортамызға қоңыр күз келсе де, күн суытса да, біз, барлықтарыңыздың көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болатынына сенеміз, себебі бүгін біз тамаша кешке қатыстық!»- деген сөздермен бүгінгі Күзгі бал аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар.

     

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.