Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебінің тәлімгері
Айдаралина А
«Күзгі бал» мерекелік кеш.
Жүргізуші.1:
Құрметті достар және қадірменді қонақтар! Сіздерді «Күзгі бал» мерекелік кеште көргенімізге қуаныштымыз. Осы мереке тамаша мезгіліне – Күз мезгіліне арналған!
Жүргізуші.1:
Күз – бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір. Таңатпай аяз бетімізді тондырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз күз – тамаша мезгіл. Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та әр қайсысы өз бетінше осы мезгілді көркем суреттейді.
Жүргізуші.1:
Бүгін сіздермен бірге Күз Ханшайымын және Күз ханзадасын таңдайтын боламыз.
Жүргізуші.1:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,
-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші. 1:
Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
-дей отырып бүгін даярлық топ және 1-4 сыныптар аралығындағы «Күзгі бал» мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер! Ортаға қатысушыларды шақырамыз!
Жүргізуші.1:
1.Бірінші ең кіші жұп – Оралов Жандос, Нургалиева Наурызгүл / даярлық топтың оқушылары
- Екінші жұп – Тлеубердинов Жандос, Ибраева Әлия / 1 «А» сынып оқушылары
Жүргізуші.1:
- Төртінші жұп – Балтабаев Асылжан, Реимбаева Әнел / 1-3 «А» сынып оқушылары
-
Бесінші жұп – Ермеков Оразхан, Асембаева Аида / 4 «А» сынып оқушылары
- Сонымен бүгінгі мерекелік сайысында бес жұп қатысады!
Жүргізуші.1:
Мерекелік сайысының жоспары:
- Әр жұп өздерін таныстыру
«вальс» биі
өнер сайысы
күзгі сән үлгісі
табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесі
Жүргізуші.1:
Табиғаттын нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз
Туған өлке табиғатын аялап
Ұсынайық жүрек үнін бәріміз
– дегендей сайысымыздың алғашқы кезегін жұптардың таныстыруына берсек.
Жүргізуші.1: Бірінші сайысымыз бітті.
Вед.2: Закончен наш первый конкурс.
Жүргізуші.1: Енді біраз ойнаймыз.
Жүргізуші.1: Ойын-сайысы «Дүкенге барып кел»
Жүргізуші. 1:
Сайысымыздың жұптарға беретін келесі тапсырмасы сынарымен вальс биін билеу.
Жүргізуші.1:
Келесі бөліміміз «Жұмбақтар» деп аталады. Мұнда жұмбақтарды шешу керек.
Жүргізуші.1:
Әділ – қазылар байқаудың нәтижелерін бағаласын.
Жүргізуші.1:
Өнерлінің жүзі жарқын,
Шығара білсе жарыққа
– дей келе жұп сайыскерлерімізге өз өнерлерін көрсетуге кезек берейік.
Жүргізуші.1:
Әділ – қазылар байқаудың нәтижелерін бағаласын.
Жүргізуші.1:
Келесі сайысымыз «Жеміс-көкөністерді танып біл»
Жүргізуші.1:
Сайысымыздың келесі жұптарға беретін тапсырмасы Күздің сәнін кіргізетін «Сән үлгісіне» кезек береміз.
Жүргізуші.1:
«Жеміс-жидек әлде көкөніс» конкурсы
Жүргізуші.1:
Ал енді, құрметті әділ-қазылар, біздің қатысушылардың дайындалған күз көрмесін көрейік!
Жүргізуші.1:
Сонымен сайыстық бағдарламамыз бітті. Қорытындысын жинақтау үшін әділ-қазыларға біраз уақыт берейік.
Жүргізуші.1:
Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. Ортаға қатысқан сайыскерлерді шақырып, марапаттау кезегіне береміз. (жеңімпаздар марапатталады)
Жүргізуші.1:
Жеңімпаз топты шын жүректен құттықтаймыз!
«Ортамызға қоңыр күз келсе де, күн суытса да, біз, барлықтарыңыздың көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болатынына сенеміз, себебі бүгін біз тамаша кешке қатыстық!»- деген сөздермен бүгінгі Күзгі бал аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар.