Без рубрики

Тоқыма бұйымдарды жасау, қолғап тоқу

Алматы облысы. Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясы

технология пәнінің мұғалімі

 Шукеева Гульбану Кенжебекқызы

Сынып: 9

Сабақ тақырыбы: Тоқыма бұйымдарды жасау, қолғап тоқу

Сабақ мақсаты:

·        Қолғап тоқу әдісін көрсетіп, үйрету, білім білік дағдыларын қалыптастыру.

·        Оқушылардың тоқу өнеріне қызығушылықтарын дамыту.

·        Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету, үйрету.

Құрал-жабдықтар: тоқыма жіптер, біз.

 

Сабақ барысы

1.     Ұйымдастыру кезені:  сәлемдесу, жоқтарын белгілеу.

2.     Үй тапсырмасын тексеру   (Дайын шулықтарын тексеру).

3.     Жаңа тақырыпты түсіндіру:   

Қолғап тоқу әдісі

90 г жүннен иірілген жіп кетеді (60 г – негізгі, 30 г өндейтін бөліктері үшін № 32/2 6 жіптен біріктірілген . №3 ілмек пайдаланылады.

Тоқу өрнектері:  жай шалулар

Есеп: 26 шалу – 10 см, 30 қатар – 10 см –ге тең болады.

 30 үлпілдек шалудан тізбек тоқып, бармақтың түбінен бастап 5- қатар жай шалу тоқылады (бармақтың жуандығына қарай). 6 – қатарда 13 шалу тоқиды (бұл бармақтың ұзындығына сәйкес келеді). Содан соң кері қайтып, 23 үлпілдек шалудан (бас бармақтың түбінен алғанда сұқ саусақтың  ұзындығы тізбек тоқиды. Содан соң 4 қатарды 40 шалудың үстінен жай шалумен тоқиды. 5 қатарды 17 шалудан (ортанғы саусақтың түбінен алғандағы сұқ  саусақтың ұзындығы) тоқиды.  Ортанғы саусақ үшін 13 үлпілдек шалудан тізбек жасап, 4- қатарды 42,1 қатарды 19 шалудан тоқиды. Әрі қарай схема бойынша тоқылады. Қолғаптың екінші бөлігін бірінші бөліктің дәл айнадағы бейнесіндей, етіп тоқиды. Дайын жұмыстарды (білегінен басқасын) өндейтін жіппен 1 қатар жай шалумен тоқып шығады. Негізгі жіпті үзбей қолғапты ортасынан беттестіріп өндейтін жіппен оң жағынан жай шалу арқылы біріктіреді. Қолғаптың сырт жағының орта тұсынан негізгі тоқыманың 10 қатарының шеткі шалуларын қалдырып кету арқылы тоқыманы аздап жинай отырып, өндейтін жіппен білектің бойымен әрі-бері 4 қатар тоқиды. Содан соң қуыстың екі жағынан 10-12 үлпілдек шалу қосып, олардан планка тоқиды (жай шалу арқылы 3-4 қатар), түйме  үшін ілгек жасайды. Екінші қолғапты да осылайша тоқиды.

4.Оқушылардың жеке жұмыстары:   Қолғап тоқу

5.Сабақ қорытындысы: оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсетіп, жою жолдарын түсіндіру.

6.Оқушылардың жұмыстарын бағалау.  Баға қою.

7.Үй тапсырмасы: Қолғапты  бітіру,  моншақ, леска, қайшы әкелу.

8. Жұмыс орнын жинастыру.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.