Без рубрики

Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. 10 – сынып

Әбдіқадырова Гүлжазира Сансызбайқызы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Ә.Тәжібаев ауылы, №214 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:  а) Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы сөз әдебін игерту ә) Мәдениеттілікке, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу, бір – бірінің пікірін сыйлауға баулу. б) Тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, білім-білік   дағдыларын қалыптастыру, оқушы қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі:
сайыс сабақ                     Сабақтың типі:  білімді  бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі
: үлестірмелі парақша, интерактивті тақта, суреттер;
Сабақтың әдісі:
    сұрақ – жауап, талдау, өзіндік жұмыс, бес жолды өлең , ойын
Пәнаралық байланыс
:  әдебиет, ән-музыка;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын қадағалап, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ  мақсатымен таныстыру, сыныпты екі топқа бөлу.

Топ аттары:

1 Тұлпар.

2 Сұңқар.

 

ІІ. Өткен сабақтарды  пысықтау

   Зымыран сұрақтарға жауап беру

  1.  Тіл білімі нешеге  бөлінеді?
  2. Шылау қандай сөз табы? Шылаудың түрлері
  3. Құрмалас сөйлем түрлері
  4. Сөйлем мүшелері нешеу?
  5. Сөз таптарын ата
  6. Сөздердің байланысу түрлері
  7. Тіл мәдениеті ғылымы нешеге бөлінеді?
  8. Әдеби тіл нормалары
  9. Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы тілдесу деген не, оны қалай түсінесің?

2. «Бес жолды өлең» әдісімен екі топ өз аттарын таныстырады.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы сөз    әдебін слайдтар арқылы түсіндіру, қайталау.

 ІҮ. Бекіту

 1. Даналық сөзден дән ізде. (37 жаттығу )

2. Абай Құнанбаев жайлы тақтадан көрсетіледі

Зерделі ойға зер сал  (38 жаттығу )

3. «Бас болмақ оңай, бастамақ қиын» топ жетекшілерінің сайысы.

Лексикалық талдау (дос, көз сөзі)

4. Топ мүшелермен жұмыс (Жалғасын тап)

  1. Еңбек етпесең, елге өкпелеме….(егін екпесең жерге өкпелеме)
  2. Татулық –  …. (табылмас бақыт)
  3. Жолдасы жақсы жолды болар,…(жолдасы жаман қолды болар)
  4. Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше…(Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше)
  5. Мақтаншақ бар ақылын…(мақтанып) тауысады
  6. Тұлпар шаба жетіледі… (сұңқар ұша жетіледі)
  7. Армансыз адам … (қанатсыз құспен тең)

5. Екі топқа арнайы тапсырмалар беріледі.

1. Ұлылар  үндестігі

1.Абай

2.Мұқағали

Сөз құдіретін тану

Табиғатты тану

Абай:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Мұқағали:

Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,

Мен –дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.

Абай:

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Мұқағали:

Ұялып барады өтіп бұлақ бала,

Бұйығып үн қатпайды, жылап қана.

Баланың майдайынан сипалаған,

Дірілдеп айдан тамған шуақ қана.

     

 6. Тест

1. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) көгілдір  аспан

В) көктемгі кез

С) көктей шабу

Д) көк шөп

Е) көзі тас төбесіне шығу

2. Қиысуды табыңыз

А) үздік оқушы

В) жиырма бес оқушы

С) оқушы естіді

Д) оқушыға айт

Е) оқушының кітабы

3. Етістікті сөз тіркесін табыңыз

А) аспанға қарады

В) жүйрік жорға

С) жылы сөз

Д) қаланың ортасы

Е) жылы күн

4. Жалаң сөйлемді табыңыз

А)Жаңбыр жауды да, жер көгерді

В) Жаңбыр жауғандықтан, сабаққа бара алмады

С) Жаңбыр жауып тұр.

Д) Жаңбыр жауса да,күн жылы

Е) Жаңбыр жауып, арты қарға айналды

5. Ыңғайлас салаластың жалғаулықтарын табыңдар

А) бірақ, дегенмен

В) я, немесе

С) сондықтан, егер

Д) және, тағы

Е) біресе

6. Қаратпа сөзді табыңыз

А) Өй, жайыңа жүр.

В) Мырза, шолғыншылар оралды.

С) О, жауыздықта шек бар ма?

Д) Кейін анықтасам, айтқаны дұрыс   екен.

Е) Тәйт, қалжыңды қой!

7. Көп жаса! Нұр жаусын! Мұратыңа жет! Тәңірі жарылқасын! сөздері әлеуметтік қатынастың қай түріне жатады.

А) Қошемет, қоштасу сөзі

В) Сағыныш сөзі

С)Тәубешілік сөзі

Д) Өтініш, жалбарыну сөзі

Е) Алғыс, ризалық сөзі

 

Ү. Сабақты қорытындылау

Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп көңіліне нәр шашады, әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады.

Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам мәдениетті де әдепті адам. Жас ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу – қасиетті борышымыз.

 

ҮІ Оқушыларды бағалау

  1. Екі топ ұпайы есептеліп, жеңіске жеткен топ айтылады.
  2. Жеке оқушылар жұмысын сараптау, бағалау парақшалары қорытындысы

 

ҮІІ. Үйге тапсырма

  1. Абайдың  отыз төртінші қара сөзін жаттау;
  2. Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы сөз  әдебі тақырыбын оқу.

Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. 10 – сынып: 1 комментарий

  1. Әбдіқадырова Гүлжазира ханым Алла разы болсын сізге. Мен Шиелі ауд. Бидайкөл ауылнан едім. Сіздің мына ақпаратыңыз маган үлкен көмек берді. Жұмысыңыз өрге бассын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.