Без рубрики

Сумоншақтан лала гүлін жасау технологиясы

Алматы облысы. Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясы

технология пәнінің мұғалімі

 Шукеева Гульбану Кенжебекқызы

Сынып – 9

Сабақ тақырыбы: Сумоншақтан лала гүлін жасау технологиясы.  Мақсаты:  — Дайын жапырақшалардан лала гүлін құрастырып үйрену, оның ішінде ең тиімді әдісін меңгеру, жақсы әдемі өнер туындыларын жасап шығару. Ұсыныс туралы оқушылардың ой өрісін дамыту.   -Сумоншақтан  гүл жасау арқылы қол икемділігін дамытып, кәсіпкерлік бейімділігін қалыптасыру, іскерлік өнерге баулу; -Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.                            Сабақтың түрі: аралас                                                                    Оқыту әдістері: түсіндіру, көрсету, үйрету.                                Материалдық- техникалық құрал: Гүлдер түрлері, сым темір, сумоншақ түрлері, капрон жіп, дайын жапырақтар, гүл сабақтары, дәнегі, қайшы, желімді таспа.                                             Пәнаралық байланыс: биология,  экономика                                       Сабақтың барысы:                                                               I.                    Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу,  арнаулы киімдерін кию, құралдарын тексеру.                                             II.  Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.

III. Үй тапсырмасын қайталау. (Сұрақтар)

а) Ұлттық киімдерді әшекейлеу үшін не қажет?

ә) Моншақтың қандай түрлерін қолданса болады?                               IV Жаңа материалды түсіндіру:   Сумоншақтан лала гүлін жасау технологиясы. Лала гүлдерін жасау үшін алдымен мына әдемі гүлдерді тамашалап  көрейік, қандай әдемі, түстері де әр түрлі.  Міне біз бүгін  әдемі әрі  әсем лала гүлдерін сумоншақтан әзірлеп құрастырамыз.                                              Бір Лала  гүлін орындау үшін бізге келесі бөлшектер керек.              6 сумоншақтан орындайтын  жапырақшалар, дәнегі, желімді таспа, гүлдің сабағы,  капрон жіп, қайшы, кемпірауз. Дайын күлтелерді сабағымен біріктіріп,  желімді таспамен өңдейміз. Дәнегін қосамыз, бекітеміз. Жапырақтарды сабағына кигізіп, бекіту. Гүлді жөндеп қалпына келтіру.

V. Өзіндік  жұмыс

1.Оқушыларға жұмыс құралдарын тарату.

2.Лала гүлін  орындауға нұсқау беру.

Жұмыстың жасалу барысы

         Сабағының басын кемпірауызбен ию.

         Иілген басына дәнегін орналастыру

         Жіппен тартып байлау.

  Сымтемірге сумоншақ өткізу, жапырақшаларды дайындау.                                 

Біртіндеп сабағына дайын жапырақшаларын қосып, түбін капрон жіппен тартып ораймыз. 6 —  жапырақты орналастырып, түбін бекітіп алған соң, оны желімді таспамен орап, жақсылап бекітеміз.  Дайын гүлдің жапырақшаларын созып бір пішінге келтіру. Сонымен гүл дайын.

VI. Сабақ қорытындысы: Оқушылардың білімін сұрақ жауап арқылы тексеру.

?         Сонымен балалар лала гүлін қандай моншақпен жасаған жөн болады?

?         Жұмыс барысында нені сақтау қажет? (техника қауіпсіздігін сақтау қажет)

?         Гүлді құрастыру үшін қандай бөлшектер қажет? (6 дайын жапырақшалар,

?         дәнегі, желімді таспа, гүлдің сабағы, капрон жіп, қайшы, кемпірауз)     

VII. Оқушылардың жұмысын бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру. Дайын гүлдерден  композиция құрастыру. 

 Экономикалық шығын

        Тікелей қаржы          Бағасы

1          Сым темір                  25 теңге

2          Сабағы                      10 теңге

3          Күлтесі                      3 теңге

4          Желімді таспа           35 теңге

5          Сумоншақ     4 пачка — 80 теңге

6          Жалпы шығын          155 тенге

 Жанама қаржы         

1          Қайшы          

2          Жіп    

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.