Филология

Етістікті қайталау

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
№5  Жем орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Қожахметова Айнур Самухановна

Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:     етістік бойынша алған білімдерін жинақтау, етістік түрлерін ажырата білуге дағдыландыру;
Дамытушылық:    тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік:     ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:   жарыс сабақ
Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, сөйлеу, шығармашылық жұмыстар, сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.
Пәнаралық байланыс:  әдебиет, математика, ағылшын тілі
Сабақтың көрнекілігі:  тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын плакат беттер, түрлі түсті қағаздан қиылып жасалған фишкалар, перфокарталар, үнтаспа.
Сабақтың барысы:.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтастыру. Сыныпты екі топқа бөлу: 1-топ «Есімше»,  2-топ «Көсемше». Етістік бойынша топ басшыларына сұрақтар қойылады. Жеңіске жеткен топ өздерін бірінші таныстырады.
1. Таныстыру
Екі топ өздерінің топтарының атына байланысты есімше мен көсемше, жасалуы мен түрлері, түрленуіне байланысты қасиеттерін айтып, өздерін таныстырады.
2. Мақал- сөздің мәйегі.
1- топ. Мақал-мәтелдер  және жаңылтпаштар айтып етістіктерін тауып, жан-жақты талдайды. Қосымша сабақты, салт етістіктерді  сипаттайды.
2-топ.  Қазақтың тыйым сөздері мен жұмбақтар айтып, етістікті түрлеріне қарай ажыратады, ережелерін айтады. Қосымша болымды, болымсыз етістіктерді сипаттайды.
3. Талдап үйренейік.
Етістіктерге сатылай  кешенді талдау жасау.
1-топ. «білген» етістігіне фонологиялық , ал «арысты» етістігіне лексика-грамматикалық талдаулар жасайды.
2-топ.  «жарқылдап» етістігіне фонологиялық және «сипаттау» етістігіне математикалық тәсілмен талдау жасалады.
4.«Емле есте қалды ма?»
Жай + у =                     сой  + у =            қақ  +  у =
Төк   + у =                     жу + у =              тап  +  у =
Сергіту сәті.  Отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің қалып етістіктер екені айтылып, әр түрлі жаттығулар жасалады.
5. «Кім жылдам?» ойыны.
«Есімше» тобына «бол», «Көсемше» тобына «жет» етістігі беріледі. Ойынның шарты- жазылған етістіктің әрбір әрпінен басталатын етістікті табу және оларға етіс жұрнақтарын жалғау.
6. Оқулықпен жұмыс.
Жаттығулар  орындау. (шарты бойынша)
7. Тест тапсырмалары бойынша жұмыс.
Алдын ала дайындалған тест тапсырмалары таратылады, тексеріледі.
1. Етістіктің неше түрі бар?
А) 4                       Ә) 3                    Б) 5
2. Болымсыз етістік жұрнақтары қайсысы?А) –у          Ә) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе                          Б) –ып, -іп, -п
3. «Сөйлеп тұр», «жүріп келе жатыр» құрамына қарай қандай етістікке жатады?
А) дара етістікке      Ә) тұйық етістікке                      Б) күрделі етістікке
4. Екі етістік түріне ортақ жұрнақтарды ата
А) –ыл, іл, -л                       Ә) –қыз, кіз, ғыз, -гіз                  Б) –ын, -ін, -н
5. Көсемшенің жіктелмейтін түрін көрсет
А) –қалы, -келі, -ғалы, -гелі                   Ә) –а, -е, -й,                    Б) –ып, -іп, -а
6. Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қай етістік түрі?
А) ырықсыз етіс               Ә) өздік етіс                       Б) өзгелік етіс
7. Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі
А) сабақты етістік               Ә) салт етістік               Б) есімше
8. Тұйық етістік қай сөйлемде тұр?
А) Сабаққа үнемі дайындалу керек                   Ә) Шашу- жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым.               Б) Көсеуді пештің қасына қойды
9. Көпті көргеннен сұра. Есімшенің  қызметін  көрсет.
А) тура  толықтауыш            Ә) толықтауыш              Б) жанама  толықтауыш
10. Көсемше  қатысқан  сөйлемді  көрсет.
А) Ауылға  келгелі  ағасын  көрмеді.              Ә) Оның  жаңалыққа  жаны  құмар

Б) Ол сәлем  беруді  ұмытқан  жоқ.
8. Перфокартамен жұмыс.«Кім зерек?»

мысалдар Сабақты етістік Салт етістік Болымды етістік Болымсыз етістік
Шам сөнді         
Досын өкпелетті        
өнерлі бала         
Ұятқа қалма         9.  Суретпен жұмыс.

Интерактивті тақтада  Егін алқабындағы қызу жұмыс көрінісі көрсетіледі. Шағын ойтолғау жаз. Етісті тауып құрамына қарай талда.
10. «Кім шапшаң» ойыны. Берілген дыбыстан басталып, сол дыбыстан аяқталатын сөздер жаз. 

 SHAPE  * MERGEFORMAT

3

3

о

1

о

у

 Сабақ соңында өзім «Етістік» тақырыбын орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарындағы осы тақырыппен байланыстырып, ерекшеліктерін айтып қорытындылаймын.

12. Бағалау

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.