Без рубрики

Тренинг: Отбасымның қуанышы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылы
ГКС-12 орта мектебі Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы

Тренинг: Отбасымның қуанышы
Мақсаты:Ата-анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару
Көрнекіліктер:бояу,қаламдар,таза парақтар,сауалнама парақтарыБарысы:
І Психологиялық дайындық (1минут)баяу музыка орынжалады.Жағымды ой ойлау керек.


Осындай жағымды ойларсіздердің бойларыңызға қайырымдылық өмірге деген сенімділік алып келеді.Көңіл-күйіміз көтеріліп ,бүгінгі тренингке дайын болсақ бастайық.
ІІ.Танысу.Адам есімінің түстері.Жүрекше қағазға өз есімдерін ,ұнататаны түстерін жазу.
Таңдаған түстеріне қарай жауап беру.
Қызыл түс
Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі саналады. Қалыңдықтар қызыл киім киеді, тіпті есіктері де қызыл болып келеді. Қызыл раушан гүлі махаббаттың белгісі, ал қызыл планета Марс – соғыс құдайы ретінде танымал. Қызыл – бұл сейсенбі түсі.
Қызыл түс қуаты
Қызыл түс жүрекпен байланысты, жүрек жылуы мен жалынды от белгісі. Қызыл – бұл қанның түсі, өмір белгісі. Қызыл – бұл құштарлық пен қалау белгісі.

Қызыл түсті мына кезде таңдаңыз:
қызығушылық тудырғыңыз келсе
арманыңызды іске асырғыңыз келсе
қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе
бойыңыздағы қуатты арттырғыңыз келсе
Ақ түс

Ақ – қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Әлемнің көптеген елдердінде қалыңдық ақ киім киеді, сондай-ақ кейбір салт-дәстүрлерде ақ түсті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Ақ маргаритка – бұл өз-ара махаббат белгісі.. Ақ дүйсенбі түсі болып келеді.

Ақ түс қуаты
Жалпы ақ түс емес, ол көптеген түстердің жиынтығы. Сондықтан ақ – бұл қуат синтезі. Міне неліктен көптеген елдерде ақ түс пәктіктің, ашықтықтың және шындықтың белгісі.
Ақ түс жолыңызды ашып, кедергілерді жояды.
Ақ түс – бұл кез-келген бағыттағы дамудың жаңа бастама белгісі.

Ақ түсті мына кезде таңдаңыз:
кедергілер мен қауіптерді жойғыңыз келсе
жаңа бастамалар жасасаңыз
рухани жаңарғыңыз келсе
ойыңызды тазартқыңыз келсе

Қара түс
Қара – ең сиқырлы түс. Еркектер және әйелдер маңызды кездесулерге өздерінің ең жақсы қара кастюмдері мен көйлектерін киеді. Ал кейбір жігіттер қара шляпа киіп жүреді. Кейбір дәстүрлерде қара өлім символы болып есептелінеді. Бірақта көптеген халықтарда (мысалы, солтүстік америка үндістерінде) қара — бұл жақсы түс, себебі ол құнарлы топырақты және жерді еске түсіреді. Қара – сенбі түсі.
Қара энергиясы
Қара – шындығын айтқанда, бұл түс емес. Қара – бұл түстің жоқтығы. Әдетте, адамдар қарама-қарсылықты айтқанда олар ақ пен қара туралы айтады. Егер ақ түс бәрін анық қылса, қара түс керісінше жасырады. Қара — бұл мағына беретін түс. Қара мүмкіншілік пен деңгейі жайылы айтады, сонымен қатар көздің дем алуына мүмкіндік береді.
Қара түсті мына кезде таңдаңыз:
адамдардың назарынан тыс болу үшін
жұмбақ жандай көріну үшін
тылсыммен танысу үшін
Сары түс-көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі.Бұл түсті таңдап алған адамдар-іскер,мінез-құлқы мықты,жаралыстану пәндерінен жақсы.
Жасыл түс-адамның өзіне деген сенімділігін арттырып,жүрген ортасына белсенді болуына ықпалын тигізеді.Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді,ақкөңіл,табиғатты сүйеді.
Көк түс-байсалдылықтың ,қанағатшылықтың белгісі,жолдастыққы берік,философияға,гуманитарлық пәндерге,психологияға дарынды.
Қоңыр түс-еңбекшіл.мейірімді,қолдарынан бәрі келеді.
ІІІ. «Мен күнмін» немесе «Мені не үшін сыйлауы керек?»

Күн суретін салып,қатысушы өз атын ортасына жазу керек.Күн нұрына өзінің жақсы қасиеттерін жазады,жетістік,өз өнерін жазуға да болады.Неғұрлым күн сәулесі көп болса,соғұрлым адамның шапағаты көп болады.Осындай сәулесі көп,шапағаты көп ата-ана тәрбиелеп отырған бала қалай жаман болсын.Оны жақсы тәрбиелі баладеп есептейміз.
ІV.Сіз қандай ата-анасыз?
Сіз төмендегі сұрақтың қайсысы жиі қолданасыз,соны белгілеңіз?
1.Саған қанша рет қайталап айтамын… 2 ұпай
2.Маған ақылыңды айта қойшы..
3.Мен сенсіз не істер едім? 1
4.Сонша кімге тартқансың? 2
5.Сенің достарың қандай тамаша! 1
6.Түу,ұқсағансың? 2
7.Мен сендей кезімде 2
8.Сен менің тірегім,менің көмекшімсің ғой 1
9.Сенің достарың өзі қандай адамдар? 2
10.Сен тегі не ойлап жүрсің?
11.Сен менің ақылшымсың 1
12.Ұлым,қызым!Сен қалай ойлайсың? 1
13.Басқаның баласы бала сияқты да ,ал сен.. 2
14.Сен қандай ойлап тапқышсың?! 1
Енді жалпы ұпайды санап,қорытындылаңыз.Сіз қандай ата-ана екендігіңізді,сізден артық ешкім білмейді.Бұл тек сізге ой салып беріліп отыр.
Кілті:
7-8 Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз.Ол сізді жақсы сыйлайды.
9-10 ұпай.Сізқарым-қатынаста бір қалыпта емессіз.Ол сізді сыйлағанмен,сізді әрқашан сырын ашып айта бермейді.
11-14 ұпай.Сіздің балаңызбен қарым –қатынасыңызды өзгерту қажет.Сіз балаңызға аз сенім белдіресіз,қиын жағдайларда қолдамайсыз.Ол оның ашулануына ,балаңызбен конфликтілік қатынасқа түсуге алып келеді.Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.
V.Ата-анаға кеңес:
Баланың әр күнді бастауы,қарсы алуы сәтті болуы керек.
Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы баппен ояту керек,ол сіздің күлімдеп,мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезінуі керек.
-Балаға мектепке барар алдында сенімділік пен сәттілік керек.
-Бала мектептен келгенде бірден сұрақ қойып қарсы алмау керек.
-Егер бала ренжіп отырса,онда себебін айтқанша асықпаңыз.
-Балаңызға қатты дауыспен сөйлемеңіз,баланың жүйке клеткасында тежелу пайда болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.