Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Ә.Тәжібаев ауылы, Доспан – Шайық көшесі №32
№214 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Сапаров Мейрамбек Данаұлы
Қазақстанның ежелгі қалалары… Ескіден жеткен қолжазбалардың уақыт өте сарғайып кеткен беттерінде олардың көбінің аттары сақталмаған. Кейбір қалалрдың атаулары халық аузындағы аңыз әңгімелерде ғана кездесіп қалады. Ал көбінің аты тіпті белгісіз. Тек осы қалалардың қурай басып, бұта жапқан орындары ғана бағзы заманда еңбек етіп, өмір сүрген, өркендеп, дамып, сарайлар мен шаһарлар тұрғызған, тамаша өлең шығарып, тағдырын жырға қосқан ондаған ғасырлар шежіресі бар ата – бабалар өмірін еске салады. Алайда, олар із – түссіз жоғалып кеткен жоқ.
Өткен күннің өрнектерін бүгінгі заттардан, ән – жырдан, халық жадынан көруге болады. «Бестамнан қалған биік бел» тақырыбында жазылған ғылыми жобаның маңызы өте зор. Себебі, аталған тақырып қазіргі таңда зерттеуді қажет ететін тың тақырыптың бірі.
Ұстаз өз зерттеуінде көп ізденгендігі байқалады. Өткен күннің естеліктері ежелгі қалалардың қалдықтарында, қазіргі заман бұйымдарының ою – өрнектерінде, ән- күйлерде, халқымыздың жадынды сақталған. Оқушыларды тарихи танымдылыққа баулуда бұл ғылыми жобаның маңызы өте зор.
Мазмұны
1. Рецензия ————————————————- 2
2. Аннотация (қазақ және орыс тілдерінде) ——— 3 — 4
3. Кіріспе ————————————————— 5 — 6
4. Зерттеу бөлімі
а) Бестам жайлы аңыз әңгімелер ———— 7 — 8
ә) Шаһар жайлы ғылыми жазбалар ———- 9 — 14
б) Биік бестамнан қалған бел —————— 15 -17
5. Қорытынды ——————————————— 18 — 19
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі —————— 20
Рецензия
Қазақстанның ежелгі қалалары… Ескіден жеткен қолжазбалардың уақыт өте сарғайып кеткен беттерінде олардың көбінің аттары сақталмаған. Кейбір қалалрдың атаулары халық аузындағы аңыз әңгімелерде ғана кездесіп қалады. Ал көбінің аты тіпті белгісіз. Тек осы қалалардың қурай басып, бұта жапқан орындары ғана бағзы заманда еңбек етіп, өмір сүрген, өркендеп, дамып, сарайлар мен шаһарлар тұрғызған, тамаша өлең шығарып, тағдырын жырға қосқан ондаған ғасырлар шежіресі бар ата – бабалар өмірін еске салады. Алайда, олар із – түссіз жоғалып кеткен жоқ.
Өткен күннің өрнектерін бүгінгі заттардан, ән – жырдан, халық жадынан көруге болады. «Бестамнан қалған биік бел» тақырыбында жазылған ғылыми жобаның маңызы өте зор. Себебі, аталған тақырып қазіргі таңда зерттеуді қажет ететін тың тақырыптың бірі.
Ұстаз өз зерттеуінде көп ізденгендігі байқалады. Өткен күннің естеліктері ежелгі қалалардың қалдықтарында, қазіргі заман бұйымдарының ою – өрнектерінде, ән- күйлерде, халқымыздың жадынды сақталған. Оқушыларды тарихи танымдылыққа баулуда бұл ғылыми жобаның маңызы өте зор.
Тарих ғылымының кандидаты: У. Ыбырай
Аннотация
Қазақстан жері сырлы шежірелерге бай. Сыр теріскейінде көлбей жатқан Қаратау маңы ата қоныс. Қазақ елі тарихының бір беті де осы Қаратауға байланысты. Қаратаумен Сыр өңірінде ел мекендеп, ата — бабамыз қолына семсер ұстап, тегеурінді жауға тұрғаны да белгілі. Өз иеліктеріне аты шулы қалалар да тұрғызғын. Мал да баққан, егін де салған. Бірақ, сол қалалар өзінің бүгінгі мүрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділері ғана қалған. Талай төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыз ертедегі дәуіріміздің құпиясын қойнына тығып сіресіп жатыр.
Шиелі төңірегінде қала да мол, ол туралы аңыз да көп. Ол қалалар «Қызылтам», «Ақтөбе», «Бестам», «Балапан төбе», «Көккесене» т.б. Ежелгі Сығанақ шаһарымен қатар есімі әйгілі болған Бестам қаласы да қарт Қаратаудың ұзынсонар жотасы таусылған, еңілік оңтүстігінде жатыр.
Бұл ғылыми жұмыста Бестамның қай ғасырда пайда болғандығын, қала халқы қандай кәсіппен шұғылданғандығы Бестам атауының шығуы жайлы аңыз – әңгімелерге және ғылыми қолжазбалар мен болжамдарға сүйеніп Бестам қаласының тарихи сырын ашпақ ойымыз бар.
Аннотация
Земля Казахстана богата на тайнственные летописи. Склон Картауских гор для нас земля родная. Одна из страниц истроии Казахстана тоже связана с этой исторической местностью. Так же известно, что на территорий Қаратау и долины реки Сырдарья когда то жили наши предки. Держа в руках меч, защищали наши земли от врагов. Поднимали города, название которых стали известны. Пасли скот, занимались земледельем. Вот только, от этих исторических городов на сегодняшний день остались толко руйны. Можно с уверенностью сказать, что под каждым бугром, таится история, сокровща нашего древнего Казахстана.
Вокруг Шиели тоже много древних городов. Об этом немало писали в дрених летописях. Это «Қызылтам», «Ақтөбе», «Бестам», «Балапан төбе», «Көккесене» и другие. Наряду с городом Сыганак в стыке взгорья Каратау с еңілік существовал шаһар под названием Бестам.
В этой научной работе сказано, о том, в каком веке появился город Бестам. Чем население занималось. Основываясь на историии, мифах и науычных исследованиях о названии города Бестам мы ставим цель приоткрыть завесу таин этого древного города.
«Адамдар өз тарихын, тарихи түп тамырын, ұрпақтың тарихи тәжірибесін білмейінше, тарихи зердесінен айырылады, дүниежүзілік тарихтан өз орнын таба алмайды» М. Қозыбаев
Кіріспе
Біз өз тарихымызды сүйеміз. Өткенімізді қадір тұтып, оны мақтаныш етеміз. Өйткені онсыз қазіргі күніміздің асқақтығы болмас еді.Өзінің өткен тарихы жайлы айтылған ақын сөзінің дәлдігі жан тебірентерлік.
Жала жабу тарихқа жарамайды,
Халық та жеңіл өмір таңдамайды.
Тарих беті бәрі де қанға бөккен,
Көзсіз сүю жарамас оны бізге,
Болмайды оны ессіз боп сүймеуге де.
Қазақстан – ұшы – қиырсыз кең – байтақ ел. Бүгінде елімізде өзен –көлдерді бойлай көптеген жаңа қалалар бой көтерген. Олардың біразы ескі шаҺарлардың маңына немесе тура солардың үстіне салынған. Осылайша кешегіміз бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр.
Ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті бізге, олардың ұрпақтарына, бұрын-соңды жасалған тамаша туындылардың мирасқорларына өте қызық әрі құнды дүние. Өткен күндерді тірілтпей көп ұлтты Отанымыз
-Қазақстанның бүгінгісін, оның егемендікке қол жеткізгендігін тану мүмкін емес. Сондықтан да халық тағдырын баян етер тарих пен мәдениетті оқып-үйрену әр адамды отансүйгіштікке, өз елінің азаматы болуға баулиды. Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай, сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанымен де өткенімізбен толық таныстыра алмайды.
Тұран ойпатында бағзы замандардан Мауеранахр, түркістан, Сыр елі аталып,бабаларымыздың қасықтай қаны мен ащы терімен суарылған осынау көпті көрген сілемдері мен қатпарлары көп Қаратау, Орталық Азияның асқар шыңдарынан бастау алып, Өкс, Яксарт, Сейхун, Сырдария аталған өмірлік өзен бойы жаратылыстарынан бері кімдерге пана, кімдерге қорған, кімдерге құтты қоныс болмады десеңші. Қазақ халқының, елінің басына қара бұлт үйіріліп қасіретті күн туғанда қасиеті мол Сыр елі туған халқына тас қамал, ашыққанға азық, тозып келгенге топ құрып, еңсесін көтерген алтын бесік болғаны тариха шындығы. Сондықтан да, бұл көне заман куәгерлері айдарымен көңіл қойнауынан ақтарылар сөз, пікір, тұжырым сол өткен тарих куәгері қарт Қаратау мен Сырдың сылаңдаған сұлуы Сырдария атынан айтылады.
Сонымен бұл алтын аймақ Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан бастау алатын тек-тамыры, мәдени-рухани болмысы жалпы адамзаттық тарихтың, мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Атам қазақтың бүкіл түркі тектес халықтар сияқты тербеліп өскен тал бесігі осынау ұлы дала. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі дала Евразия құрлығында Хинган таулары мен Карпат тауларының арасында керіліп жатыр. Оның ұзындығы 7500 шақырым, ені 150-600 шақырым болатын байтақ әлем.
Қос құрлықтың жапсарын алып жатқан қазақ даласында, табиғи географиялық бітіміне орай, үш түрлі шаруашылық аймағы қалыптасты. Оның біріншісі – Батыс және Орталық Қазақстанның қуаң даласында қалыптасқан экстенсивті көшпелі шаруашылық. Екінші — Шығыс және Оңтүстік Шығыс аймағы, Тянь-Шянь, Алтай тауларында қалыптасқан көшпелі шаруашылық тәсілі. Мұнда жартылай отырықшылық қалыптасты. Үшінші – Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің құнарлы алқаптарындағы жартылай көшпелі, жартылай отырықшы өмір салты. Бұл өңірде егіс егу, суармалы жер, шаруашылығы, қалалық мәдениет жақсы дамып, біздің жыл санауымызға дейінгі VI – IV ғасырларда –ақ моншақтай тізілген қалалар бой көтеріп үлгірді. Кейін Отырар, Тараз, Сығанақ, Испиджаб, Ясы, Сауран сияқты қалалар Европа мен Азия аралығындағы трансконтиненталды жол торабының үстінде бой көтеріп, жалпы адамзаттық дамуға баспалдақ болды.
Қазақстан жері сырлы шежірелерге бай сол шежірелерді баяндайтын ескерткіштер де баршылық.
Сыр теріскейінде көлбей жатқан қарт Қаратау маңы ата қоныс. Қазақ халқы тарихының бір беті де осы Қаратауға байланысты. Осы өңірде ел мекендеп, ата-бабамыз қолына семсер ұстап, тегеурінді жауға қарсы тұрғаны да белгілі. Өз игіліктеріне атышулы қалалар да тұрғызған. Мал да баққан, егін де салған. Бірақ, сол қалалар өзінің бүгінгі мұрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділері ғана қалған. Талай төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыз, сол ертедегі сәбилік дәуіріміздің құпиясын қойнына тығып, сіресіп жатыр. Сол көне қалалардың бірі – көне Бестам шаҺары.
Бестам жайлы аңыз-әңгімелер
Сыр бойындағы қалалардың көпшілігі Тұранның ана суы – Сейхуннан жыраққа кетпеген. Ол дәуірерде дария суы тарамданып негізінен оң жағалауын көмкеріп бұл тұста Қаратаудың Баламұрын тұмсығы арқылы Нәнсай арнасына құйып Ақмешіт маңында бас саламен қайта қауышса керек. Бестам – ежелгі қала. Ол туралы ақындар жыр арнаған, сағыныш сезідерін білдірген. Жергілікті түркі халқынан шыққан бұзырық Биязид Бестами осы қаланың перзенті деген сөз бар. Бұқарада оқуда болғанда ол бабамыз жайлы сөз болушы еді. Діни ілімді жан-жақты меңгерген ол, дәріс берген ғұламаларға менен ақыл-ойларыңызды аямаңыздар, әрі қарай айтарларыңыз болмаса ата-жұртыма кеттім деген екен. Оның ғазелдерінде шеңгел, жиде тәрізді Сыр өңіріне тән ағаштар соншалықты сұлулығымен оқырманды таңқалдырған. Бабамыздың болмысын Софы Алдияр кітабынан табуға болады.
1950 жылдарда Еңбек Ері Байдүйсен Оразов Орал қаласынан оқудан оралды. Бір әңгімесінде 90-ға келген бір кейуана менің Шәулімше маңынан екенімді білген соң: — Інім, біз бала кезімізде Бестам деген жерде болаған едік. Қасында «Қоғалыкөл» деген суы мол көп болатын еді. Сол бар ма екен, деп сауал қойды. Мына Бестам жанындағы «Ыза көл» соның жұрнағы емес пе екен дегенді. Шындыққа келетін жөні бар тәрізді.
1930 жылдардың аяғында «Жетім төбенің» батыс тұсынан егіске алқап ашып, трактормен жер жыртып жүргенімізде шаршы, беті тегістелген тастар қопарылып жатушы еді. Бұл сол қамалдан төбеге дейін салынған жол болса керек.Сығанақ пен дүрдараз болған бір дәуірде төбе күзет орны болса керек. Ал, жол осы орынға келер сүрлеу болуы да мүмкін.
Бұдан 900-1000 жыл бұрын сыр алқабы жаратушының өзі берген сұлулығын сақтаған ғажайп өлке болған. Араб саяхатшыларының көпшілігі-ақ тамсана жазып жолжазбаларына арқау етті. Әсіресе Рузбехани қалың жынысты тоғайдың жасыл желегіне, ну қамысты шоғырда жолбарыстың болатынын, еліктер кездесетінін, Сығанақ теріскейінде, тау етегіндегі хан жайлауы «Мыңбұлақ», одан әрі Жент, Баршынкент аймақтарының әсем, жерұйық мекен болғанын жазып қалдырған. Демек осындай өлкеде тіршілік үзілмей, не бір нәубат, зілзала заман болса да талай ұрпақ ауысып, ескі қамал-қалалар қорған үйінділеріне айналып, әр дәуірдің ұландары орталық тарихта өз қолтаңбаларын қалдырып отырған. Бестам қазір көзге қораш көрінгенімен , талайлы тарихы бар бас қалалардың бірі болған. ІХ -Х ғасырда Көктеңіз (Арал теңізі) бен оның бір саласы Сыр атырабын оғыздар мекен етті. Қазан ханның тұсында Бестам шын мәнінде хандықтың Бас тамы рөлін атқарған. Оғыз, Тоғыз оғыз атауымен тарихтан мәлім болуы Қорқыт атаның кітабының негізгі арқауы емеспе? Кітап Қазан ханның сол заманындағы тіршілік-тынысына құрылған ғой. Хан бірде Балмұрын маңындағы қамалда тоғыз оғыздың ел билеушілеріне ғимарат тұрғызып, көрме ұйымдастыруға пәрмен береді. Межелі күн болғанда бірінен бірі өткен әсем де абат 9 там бой көтеріп хан иені күтіп тұрады. Алайда хан 5 тамға ғана кіріп, танысып, қалғанына назар аудармаған көрінеді. Бұған ашуланған билеушілер қалған 4 әйбат құрылысты қиратып тастайды. Баламұрындағы қамал осыдан соң Бестам аталған деген аңыз бар.
Қазақтың басына мұң мен қайғы ұялатқан «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманында бұл бекініс қалмақ хонтайшысы Үнжіннің қол астында болыпты. Бестамды назарына ілмей, Шиелі өзегі бойынан «Қызыл там» қамалын салдырып сонда тұрған көрінеді. Одан әрі «Ақтөбе» деген бекетте оқ-дәрі жасатқан. Оның Бестамда тұрақтамауына қаланың тұрғындары бір түнде қамалдан шығып, қақпаны сыртынан бекітіп үдере кетіп қалуы да себеп болған деседі.Жабылған қақпа сыртына:
Есентемір деген ел едік,
Есебі жоқ көп едік.
Ебін тауып жегенге,
Таусылмайтын кен едік.
Енді Есентемір дермісің
Есентемір есіңе түскенде
Есектің қасасын жермісің – деп жазып кетіпті дейді көне көз қариялар.
Халық аузында Бестам жайлы сақталған өлең жолдары бар. Осы өлеңді асылдың сынығындай болған қарияларымыздың аузынан естіп қаламыз. Осы өлең жолы былай басталады.
Бестам биік дегенде Бестам биік,
Көрінер Шәулімшіден қашқан киік.
Қыр мен Сыр ортасында орның бөлек,
Қалай ғана кетермін көзім қиып.
Қарт Қаратау баурайынан орын тепкен «Бестам» (бұрынғы Ленин колхозы) негізі 1937 жылы, сәл кейін 1939 жылы құрылған. 1996 жылдан осылай аталынады. «Бестам» акругі көне замандарда Дешті Қыпшақтың қарулы күштеріне құрал, соғыс саймандарын дайындайтын сол дәуірдің шағын заводы-«Бестам» болып аты шыққан.Сол ескі қаланың орны қазіргі ауылдан небәрі 3 шақырымда Қаратуға беттеген жолда орналасқан.
Шаһар жайлы ғылыми жазбалар
Бестамды ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында В. Каллаур (1899) мен И. Кастанье (1907) келіп, зерттеген. Олар қала орнынан су тартылған арықты, оның Нәнсайға барып жоғалатынын айтқан. Оқымыстылардың айтуынша Бестам тастан салынған қамал. Бес бірдей қамалдың болуы, оның Бестам аталуына негіз болса керек. Каллаур кірпіш күйдіретін пештер де тапқан. Кейбір тамдардың астынан бірнеше жер асты бөлмелері, адам сүйектері кездескен. Кейін осы маңайдан тас тартатын диірмен табылған. Оның бір бетінің өзі 150 кг тартыпты. Мұнымен кварц тастарын ұнтап, оны цемент ретінде қолданған. Қаланың маңызына тоқталған В.В. Бартольд «Батыс Европа тарихшылары көшпелі елдерді абориген (жабайы) деп атап, олардың ешқандай мәдениеті болмаған десе, мынау қыруар қалалр соның теріс, нәсілдік ғылыми екенін айғақтайды», — дейді. Бұл туралы ғұлама Әукең, Әуелбек Қоңыратбаев өз еңбектерінде ерекше тоқталған. Ал, ғалымның ұлы, эпос және этнос жөнінде доқторлық диссертация қорғаған Тынысбек Қоңыратбаевтың «Ертедегі ескерткіштер. Сыр бойының ежелгі тарихы мен мәдениеті» атты зертеу еңбегінде айрықша әңгімеленді.
Қазіргі ғылыми деңгейінен көз салғанда Әукең айтқандай «Сыр бойын қалалы мәдениеттің бір ошағы ретінде бағалау керек». Өкінігке орай Бестам қаласына археологтар назары әлі күнге ауған емес. Арнайы зерттемагаен де. Оның үстіне инженерлік жүйеге келтіріліп жер тегістелген кезде ескі қаланың маңы түгелдей атыз, арық астында қалған. Қазір қала орнын табудың өзі ақырет.
Халықтың азалы, мұңлы әуені «Елім — ай» осы Бестамда жазылып, алты алаштың жадында сақталған. Қорқыт ата кітабындағы кейіпкерлердің бірі Оқшы батырдың отаны, Биязид Бестамидің ата жұрты болған Бестам шаһары қазақ даласындағы ескерусіз, елеусіз қалған ондаған қалалрдың кебін құшып жер бетінен жоқ болуға айналды. Жоқ болғаны емей немене, 1000 жылдық тарихы, Сығанақпен қатар аты мәлім, өркениетің мекені болған қала, бүкіл исі қазақтың 280 жылдан бері ән ұраны іспетті «Елім -ай» әнінің туған жері делініп ешкімді ХХІ ғасырғ
а дейін ойландырып, жүрегін сыздатпаса.
Ғасырлар бойы қыпшақ ұлысына астана, мәдениет орталығы, сауда базары болған, үлкен байтақ қаланың бірі – Сығанақ. Бұл қаланы бірінші рет тарихқа белгілі еткен Х ғасырдағы араб географы Әл – Макдиси. Ол Жетісу мен Сыр бойының қалаларын еске түсіре келіп, өзінің атақты кітабында «Тараз, Сұғанақ» (Сығанақ) деп жазады. ХІ ғасырда Сығанақты еске түсірген – Махмұт Қашқари. Сол заманнан ХҮ ғасырға дейін Сығанақ қыпшақ ұлысының астанасы болып келді. ХІІ ғасырдан бастап ислам дінін қабыл етті. Араб жазушыларының айтуынша, Сығанақ қаласында тұрған – бір ғана қыпшақ пен қаңлылыра, олардың бірінен – бірін айырып болмайды. ХІҮ ғасырда Сығанақ қаласында Дешті – қыпшақ (Алтынорда) ұлысының ақша – теңгелері басылып тұрды.
Орта ғасырдағы Сығанақ қаласының саяси тіршілігін, мәдениет, ұлан – байтақ базарын, қала құрылысын, әдемі үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шарафуддин Иазди, Фазулулла ибн Рузбикан. Бұлардың баяндауынша, Сығанақ өлкесі қыр даланың іргесіндегі нң әдемі жер. Ескі дәуірлерде ол өте гүлденіп тұрған үлкен қаланың бірі. Бұл өлке тұтасымен көркейіп тұрған өзгеше жұрт. Оған себеп – жерінің байлығы, елінің сыпайы тату – тәтті тұруы. Бұл қала Дешті – қыпшақтың шығар аузында Сәулетті салынған бұл қаланың тұрғындары сондайлық көп, өздері әр уақыт қуанышта жүреді. Қаланың базарында күн сайын 500 түйеге артылған жүк кеш батқанша сатылып бітеді. Оның маңайы егін суару үшін жасалған арық, тоған. Бұл қалаға арқадан (Дешті қыпшақ), Хажы – Тархан жағынан қаншама бай дүние келеді: яғни, мыңдаған қой, топталған жылқы, түйе, кістен, тиіннен тігілген әдемі ішіктер, тондар, қарулар, садақтар, қайыңның безінен жасалған жебелер, жібек маталар, тағы басқа түрлі нәрселер. Сығанақ әрі сәулетті, әрі бай жер болғандықтан, оған Еділден, Каспиий теңізінен, Қашқардан, Қотаннан, Мауреннаһрден қаптаған саудагерлер келіп, дештінің халқына өзінің заттарын сатады. Жалпы айтқанда, Сығанақ – көп елдің саудагерлері жиналып, көп жердің дүниесі келетін үлкен сауда орны.
Сығанақты өлеңмен суреттеген жерінде Рузбихан тағы былай деді. «Сығанақ – әдемі, жақсы қала. Дешті – қыпшақтың іргесі. Оған дешті – қыпшақтың байлығы үсті – үстіне келіп тұрады. Бұл – көп ғалымдардың тұратын жері. «Нихайа» деген кітап осында шыққан. Оны жазушы Хисамеддин Али Сығанақи 1406 жылы қайтыс болған. Ол кітаптың мазмұны Курханеддин маргинани шығарған заң кітабы «Кашф Зунунге» жазған талдау».
Сығанақ қаласының бүгінге дейін келіп жеткен жойқын қорымы Сыр бойындағы Төменарық стансасынан солтүстікке қарай 19 километр жерде тұр. Оны совет дәуірінде зерттеген ғалымдар А. Ю. Якубовский, С.П. Толстов, Сығанақ қаласының тарихы. Онда жасаған кемеңгер кісілердің өмірбаяны қазақ халқының шежіресінде жиі кездесіп отырады.
Қорқыт заманымен терең байланысты ұлы қаланың бірі – Сырдарияның оң жағасында тұратын атақты Сауран. Х ғасырдағы араб географтарының суреттеуінше, Сауран ескі заманнан оғыз бен қыпшақтардың ұлы ордасы болған әйдік қала, саясаттың, мәдениеттің, сауданың бай ұйтқысы болған жер. Оның маңайы – толып тұрған қыпшақтардың қытауы. Макдисидің жазуынша, бұл қаланың мұнаралы жеті қатар биік қамалдармен қоршап бекіткен. ХҮ — ХҮІ ғасырларда Сауран — қазақ хандығының астанасы. Мұнда олардың сарайлары, мешіттері, мектебі болған. Өндіріс істерінің, шеберханалардың орны сақталған. Сығанақ, Жент, Жанкент сияқты Сауран да әдемі кілем шығарудың, түскиіз жасаудың, ат сайманын, садақ – жебе жасаудың, көзе сауыт шығарудың орталығы болған. ХҮІІ ғасырдың 20 – жылдары жоңғарлар жұтап жатқан қазақты қырып, Сығанақты, Сауранды, Отырарды, тағы басқа қалаларды тегісімен қиратып, қазақты «ақтабан шұбырындыға айналдырады. Саураннан кетуді қимаған қазақтар жаудың оғына көніп, «Сауранды екі рет айналып жүрді», «Сауранды екі айналған» деу қазақтың мақалына содан кірген.»
Білім аңызға үңілсе
Сыр өңірі — сонау Бегабаттан, Фараб пен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Жанкент пен Женттен құралатын, Көк теңізге немесе бір кездегі Хазар, Арал теңізіне дейінгі алқапта аты қалған, бүкіл әлемдік жылнамада өзіндік үлкен орны бар тарихи өлке. Ол — адам баласы ежелден – ақ мекен етіп, егіншілікпен күн кешкен байырғы қазақ жерінің шежірелі аймағы. Ғұн десек те, сақ десек те, немесе кейінгі оғыз бен қыпшақ дәуірін атасақ та, солар туралы тарихтар мен деректемелердің Сыр өніріне соқпай кетері некен саяқ. Ескіше жыл санағы бойынша атақты тұран ойпатында 210 жылдары ғұндар мекендеген екен. Бұл кезде сақтар Арқада, Сарыарқа жотасында күн кешкен. Сыр өңірінің төл перзенті, көрнекті әдебиетші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор биылғы жылы туғанына 100 жыл толғалы отырған Әуелбек Қоңыратбаев өзінің «Сыр қыпшақтары » деген мақаласында Сыр елінің көп замандар бойы Иран, Грек, Араб ертедегі Ассирия, Бабыл (Вавилон) елдерімен көбірек байлаеныста болғандығын айтады. Біз әңгіме еткелі отырған «Оқша ата» мазары сонау оғыз заманының ескерткіші Оқшы батырдың басына қойылған киелі кесене маңына топтасқан Қабырыстан болып табылады. Өйткені, тағы да Әуекеңе жүгінсек ол: «Осы өңірдегі », «Оқшы ата » мазарының түп қазығын Сыр қазақтары жетік біле бермейді. Ол 1943 жылы Оғыз ұлысы кезінен қалған ескерткіштері еді. Онда Қазан Салар, Оқшы ата мазарлары бар. 956 жылға дейін Сыр бойын Түркімендер (Жанкент), Сейілхан елі (Жент) мекендеген. Ал қыпшақтар мұнда 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның » кезінде қыр бойынан келген, — деп таратады. Жоғарыдағы мақаласында Әуекеңнің өзі аударған «Қорқыт ата туралы кітабында» Оқшының оғыз ханы Қазан Салардың қару — жарақ соғушы ұстасы , әрі батыры екені айтылады. Ол өзінің ұстаханасын Бестам қаласында орнатқан еді деп, Бестамның тарихын әрі де жатқандығын меңзейді. Бестам қаласында сөз болғандықтан тағы бір айтар жайт, ислам дінінің әулие ғұламаларының бірі, тегі түркілік Оқшы бабамыздың тұстасы болған бұзырық , діни тұлға ХІ ғасырда Самарханда оқыған Биазит Бестамидың есімі осы қаламен тағдырлас болса керек. Бұл — өзінше зерттеу тақырыбы боларлық сала. Демек, бабамыз кесенесі Х- ХІІ ғасырлардың ескерткіші деп білген жөн. Соңғы кездегі тарихи мағлұматтарда және Әуелбек Қоңыратбаевтың түркі елінің тарихына байланысты еңбектерінде суфизм ақыны, ұлы ғұлама Қожахмет Яссауидің басына Ақсақ Темір ХҮІ ғасырда алы п кесене салғанға дейін Оқшы ата жерленген мазар Тұранның даңқты азаматтарын қоятын ұлттық пантеон елі деген пікірлер бар. Ал, осы мазарда оғыздың ұлы патшасы «Қорқыт Ата кітабындағы », «Қазан Салар» мен біз тарихын біле бермейтін Асан Ата, Қыш Ата, Қабыл Ата , Қазырет Ата, Ғайп Ата тәрізді тұлғалардың қабірлерінің болуы жоғарыдағы пікірлерді толық қуаттайды. Егер Х-ХІІ ғасырлардан бері мың жылға жуық уақыт өткенін ескерсек, осындағы Асан қайғының бейіті деп жүргеніміз Қазан Салардың қабірі болып шығуы да кәдік. Бір ойланатын жай, Асан ата кесенесінің өзге ескерткіштерден еңселі, биік, сәлетті тұрғызылуы. Қазан даласында Асан қайғының киелі орны Ұлытауда бар көрінеді. 2004 жылы Астанадан шыққан «Елтұтқа» кітабында «Асан қайғы» Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған деп жазады. Кезінде Қойшығара Салғарил сонау Алтайдан Атырауға дейін атырапта Қорқыт бабамыздың бейіті киелі орынның оншақтыға жуық екендігін айтқан еді. Өйткені, қазақ халқы ежелден — ақ өздерінің киелі ұлдарын қасиет санап, пір тұтып, әруағына бас иіп, оны өзінің ұлысына жақын жатуын қалайтын.Егер Қазан Салар Есімін қатарынан бірнеше рет атасақ және сонан бері сың жыл өткендігін еаке алсақ «Қазан» сөзінің бірте — бірте мынандай өзгеріске түсуі мүмкін екендігін де байқаймыз: «Қазан – Хасан — Асан». Сөйтіп, бір кездегі Қазанның келе – келе Асанға айналуы мүмкін ғой. Әрине, біз бұл кесенені киелі бабамыз Асан Қайғыға қимай отырғанымыз жоқ. Біздің тек тарихи танымға назар салап, таразылап көрсек деген ойды айтқымыз келеді. ХХ ғасырдың ұлы ғұламаларының бірі Николай Рерих: «Білім аңызға үңілді, Ежелгі белгілерде қанша ақиқат жасыру кешіру кешірілмейтін қорқақтық болар еді» деген батыл тұжырым айтқан екен. Олай болса, есімдері ел есінде қалған «Оғыз еді, қазақ емес екен» деген желсөзге ермей, тарлан тарихқа жүгінесек, Қазан Салар тәрізді бүкіл бір ұлыстың қаһарманы болған тұлғаның қабірін тауып, оған тиісті бағасын еріп, азаматтық бейнесін айшықтай білсек, тарих алдында арымыз таза болар еді.
Қалай болғанда Оқша Ата кесенесі деп аталатын осынау тарихи орын түрік тектес халықтардың, оның ішінде ықылым Сыр өңірінің тарихында алатын орны ерекше. Енді Қазан, Оқшы ата туралы ел аузындағы кейбір аңыздарға назар аударсақ.
… Мазар іргесінде «Хан қожа» көліне құятын мөлдір сулы өзен жатыр. Бұл сонау заманнан бергі арнасы кеппеген Сыр өзенінің бес саусақтың саласындай айсықты торлап жатқан нулы арналары. Ал, Бәйгеқұм елді мекен маңындағы «Хан Қожа» көлі де ежелден өзектің артық суын жинап, Сыр арнаға шым – шымдап құйып тұрған өзектер мен дария арнасы арасындағы дәнекер іспетті.Осы жерде Оғыз ханы жайлы терең толғанып, оның тарихтағы орнын талдап жатудың қажеті бола қоймас. Десек те, қазақ жер — су атауы тектен – тек қоя салмайды. Егер бұл айтқанымыздың тарих мақұлдаса, Қазан хан осы мазарла жатуы ықтимал. Бір әңгімелерде Қызылонда маңындағы Бірқазан стансасының Берке — Қазан есімдерінің бірігуінен пайда болған. Демек хан мен ханша мазары осы маңда дегенмен, бұл бізге оңай шешіле қоймайтын жұмбақ дүние. Біздің айтпағымыз, Қорқыт ата жырының кейіпкерлері іздерінің осы өңірде жатқандығының мыңжылдық тарихын осы бір бізге белгісіз беттерін еске салу артық болмас.
Бірер сөз кейінгі кездері Оқшы атаның Көгентүп атлуы жайлы. Бұл қисынды Оқшы есімі Көгентүп, ол Жоңғар шапқыншылығы кезінде өмір сүрген батыр. Қарындасына Қалмақ ханы зорлық жасағанда ол Яссыда болған екен. Басынған ханның жүгенсіз әрекетіне күйінген батыр бидай орып жүріп, бидай қылтығын оқ қып атады. Артынша елге келсе, хан өліп, ел неден өлгенін білмей дауласып жатқан көрінеді. Әртүрлі болжам тілге тиек болса керек. Осы сәтте батыр:
— Елде күдік кетепсін. Хан денесін қандауырға беріп, жүрегін көремін. Егер бидайдың қылтығы тұрса, онда мен атқан оқ осы, — дейді. Жұртшылық осылай жасайды.Шындығында жүректің қақ ортасында шеңгедей қадалған бидай қылтығы тұрса керек. Міне осыдан былай Көгентүп Оқшы батыр атанған еді дейді бұл аңызда.
Тарих — төреші. Қорқыт кітабындағы Ақсақ оғыздың баласы , Қазан батырдың қару — жарақ, оқ жасап берушінің есімі – Оқшы. Ол 1043 жылы осы қорымда жерленген. Шын есімі белгісіз. Қазақта кәсібіне қарай өздерінше ат беру салты ежелден бар. Келе келе өз есімі сирек аталып, ақырында ұмытылып кетеді. Мазардағы Қыш Ата, Ғайып Ата, осындай есімдер болса керек.
Ә. Қоңыратбаев «Жанкент кірпіштері Бестамда құйылса, бұл зауыттың Отырар мәдениетімен де байланысы бар»- дейді. Демек, Фрабтан Жанкентке дейін қыш дайындаған кісінің Қыш ата аталуы мүмкін ғой. Ал, Қорасан Ата, Қылышты ата т.б. олардың өз есімдері емес екені белгілі. Оқшының Х-ХІ ғасырда өмір сүрген тарихи рәсімделген. Оның Қалмақ заманына келіп Оқшы
аталуы қисынға келмейді. Ол туралы ешқандай жазба дерек осылай еді деп растап отырғанын тағы кездестіргеніміз жоқ. Қазақта Көгентүп деген атау шаңырақтағы Көгентүбі немесе өркен жайған ұрпақтың ең кенжесі деген ұғым берсе керек.. Көген — уақ малды , қозы — лақты мойнынан байлайтын ұшы түйінделген арқанға өткізілген қысқа жіптер. Әдеби салыстырмалы түрінде — мал байлығы. Олай болса Көгентүп, шаңырықтың Көген иесі. Кенже ұл Оқшының дәірі емес, қайта «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама » жылдарына тура келуі шындыққа жанасады. Сондықтан Қорқыт Ата кітабының кейіпкері Оғыз заманының жұрағаты, Оқшы мазарының пірі талай ұрпақтың батыр тұлға ретінде жадында қалаған киелі , ардақты бабасы Оқшы ата болмысын өз дәуіріне табыстап, Көгентүп есімін де қадір тұтып отырсақ, береке бірлігімізде арта түсер деген ойдамыз.
Түркі қыпшақтардың атаулары дәуірде әртүрлі мағыналы жүйе бойынша қалыптасырып отырады. Адамдардың жеке есімдерінің өзі жер атауы, кәсібі бойынша, ерлігіне теңеу ретінде түрленген. Халық арасында оларлың соңғы есімі ерекше көп тараған. Тарихи дамулары әр қилы болғанымен Оғыз қыпшақтармен Түркі қыпшықтарың туыстық тамыры тереңде жатыр.Орхон Енисей ескерткіштері (ҮІІІ ғасыр) мен Оғыз эпосында «он оқ» («он жебе»), «үш оқ» («үш жебі»), «бес оқ» («бес жебе»), этнонимдері көп қолданылады. Демек, ол кезде оқ деп жебені (садақтың жебесін ) айтқан. Қарудың алыстан атылатын түрі осы жебе ғана блолатын. Олай болса әскери қару — жарақ ішінде садақ пен оның жебесінің орны қай халықтың тарихында да айрықша рөл атқарған. Мына қисынға жүгінсек , Оқшының есімі — жебе болуы ықтимал. Әрі батыр, әрі темірден түйін – түйген ісімер ұста. Жебені Оқшы атса шындыққа жанасатын сияқты.
«Оқшы Ата әулиелер мазараты» атанған бұл қасиетті мекенде біз есімі ғана атаған Оғыздар мен қыпшақтардаң Абзал азаматтарынан бөлек не бір белгілі бекзадалар да дамыл тауып жатқан болар. Бірақ білімсіздігіміз олардың кім екендігне терең бойлауға мүмкіндік бермей отыр.
Адам — құпия. Қазақ халқы қашанда өлілер рухын ерекше кие тұтқан. Оны тәу етіп, тәңіріндей табынып, мінәжат еткен. Ондай мекендер ұлы далада мыңдап саналары даусыз.
Ал, оқшы әулиелер ордасының қандай киесі бар?
«Орынбор — Ташкент» Темір жолы салынарда жол атымы осы мазар үстінен өтуіне тура келіпті. Ескі молаларды қиратып, рельс төсеген кезде шойын жол ертеңіне аударылып жататын болған. Қанша патша пәрменін орындауға тырмысқаны мен жол салушылар амалсыз рельсті теріскей жақтан жүргізуге мәжбүр болған. Ал, молаларды бұзғандарыдың үрім — бұтағынан ешкім де қаламады деген әңгіме бар бұл өңірде. Ал, Есабыз Ата: «Кім мені есіне алап, атымды атаса, сол менің балам – соның жебеушісімін » деген көрінеді. Кеше, ХҮІІ ғасырдың басында өмір сүрген бұл әулие тұлға туралы Шиелі өңірініде әңгіме — аңыздар баршылық. Басына іс түскенде қиыншылық көргенде әулиеге сиынып, сол кісі жар болып еді — деген деректер де көп. Сонау бір жылдары Есабыз кесенесін тұрғызған біраз коммунистерді партиядан шығарып, қызметтен босатқан бірінші басшы қол – аяғынан жанып кетіп, үлкендерідің айтуымен әулиенің басына барып, кешірім сұрап, түнеген екен. Ертеңіне хатшы: «- Кешірмеді » депті. Кейін сол кеселден қайтыс болды.
Соңғы кездері Қабірстанға дейін асфальт төселіп, басында мешіт тұрғызылған. Жер – жерден келушылерге біршама жағдай да жасалыпты. «Алматы—Мәскеу» темір жолымен «Самара – Шымкент » автомагистралінің бойына орналасақан қасиетті де қастарлі мекен. Қазір қалық көпшіліктің мінәжат етер орнына арналған. Бұл имандылықтың ақ жолына ұйыған, Алланың құранынан нәр алған ұрпақтың жүрек қалауы.
Бестамның қыш кірпіші
Қыш қазанның құлағы
Биік Бестамнан қалған бел (Бестам орнының қазіргі суреті)
ХІІІ ғасыр бұл кезде моңғол шапқыншылығына ұшыраған Қазақстан мен Орта Азия мәдениеті мен экономикасы мейлінше құлдырап кеткен еді. Ұлан – ғайыр өндіргіш күштер талқандалып, қыруар мол материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті. Моңғол әскері сәулетті қалаларды, білім мен мәдениет орталықтарын, жайқалған егіс алқаптарын өртеп, бейбіт елді қырып- жойып өзіне жол ашты.
Жергілікті халық бұхарасы өз жерін басқыншылардан қорғау үшін Шыңғысхан әскеріне қарсы ерлікпен күресті. Әсіресе Оңтүстік Қазақстанның Сырдари бойындағы қалалары мен қоныстары жауға қатты қарсылық көрсетті. Отырар қаласының билеушісі Ғайырхан өзінің небәрі 20 мың әскерімен алты ай бойы моңғолдарға берілмей, табандылықпен шайқасты. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылған соң ғана моңғолдар қаланы жаулап алды. Бұл – 1220 жылғы ақпан еді.
Қатты қарсылық көрсеткені үшін Шағатай мен Үгедейдің моңғол отряттары қала мен қамалды қиратты, қаланың тірі қалған тұрғындарын тегіс қырып салды. Ал, Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сығанақ қаласын қоршап алып, жеті күн бойы үздіксіз шабуыл жасады. Көп әскердің күшімен моңғолдар қаланы алды. Басқыншылар ерлікпен күрескен қала халқын түгел қырып тастады.
Сырдария бойындағы тағы бір қамал – қала – Ашнас еді. Бұл қаланың халқы да моңғолдарға қарсы ерлікпен күресіп, Сығанақ халқы секілді түгелдей қайғылы қазаға ұшырады. Бұдан кейін осы аймақтағы Жент, Үзкент және Баршынлыкент қалаларында моңғол әскері жаулап алып, талап – тонады, сәулетті ғимараттарды аяусыз қиратты.
Моңғол шапқыншылығының зардаптары тым ауыр болды. Гүл жайнап тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып барлық жерде ауру індеттер тарады, жаппай ашаршылық, жұт жайлап алды. Моңғол әскері елдімекендерді өртеп, жайқалған егіс алқабы мен бау – бақшаларды малға таптатты, арық каналдарды бұзды. Мұның бәрі өлкенің экономикалық жағдайын бұрынғыдан да нашарлатып жіберді. Халық босып кетті. Көптеген қалалар мен аймақтар қаңырап бос қалды.
Шиелі өңірінің облыстың басқа аудандарына қарағанда күшті қарқынман өсіп көркейуіне, аудан атының Республика, Одақ көлеміне кең танымал болуына 30-жылдардың аяғында жергілікті басшылардың нақты ұсыныстарына сай Шиелі оң және сол жаға каналының қазылуы болды.Бұл тірлікке бүкіл облыс болып кірісті. Бұл жолы да баяғыдай Төменарық тұсынан Сырдариядан саға алып, теміржол бойымен Шиеліге қарай кең ауқымдыканал қазылды. Ол су торабы темір жолдың 22-бекеті түбінен екі бағытқа бастау алды. Теміржол көпірінен Қаратау бекетіне қарай қарай өткізілген канал Шәулімше тау қыратының батыс етегіменжүргізіліп 1940 жылы сәуір айында 27 шақырымға созылған бірінші кезегі аяқталды.
Оң жағы Шиелі каналы деп аталған осы су жолының бойына сонау Сырдария өзенінің екі жағына әлімсақтан бері тұрмыс кешіп жатқан жергілікті халық көшірілді. Сонымен қысқа мерзім ішінде осы күндерібаршаға мәлім Еңбекші,Жиделіарық,Алғабас, Ленин, Қызылдихан, Ақтоған,Үлгілі колхоздары біржолата орналастырылды.Бұл оң жаға каналы кейінгі жылдары ұзартылып Қаратау сілемінің Баламұрын, Қарамұрын мүйісінен өтіп Сарысуға баратын жол үстіндегі Ақтауға дейін жеткізілгені белгілі.
Сол Бестамнан не қалды. Жер жетпегендей айналасын омырып, егін салды. Дәл қасынан арнасы кең канал қазылды. Қорған болса , осылардың салдарынан жермен жексен болуға айналды.Бекіністерде молалар, адам сүйектері аяқ асты болды.Өзіңді-өзің қорлау, өткенді мұра тұтпау, қарттарды қараусыз қалдыру деген осындай бейбастақтықтан, немкеттіліктен, немқұрайлы ішмерездіктен туындайды. Елім деп еміренетін адам осылай істей ме?
– Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерінің тізімдері қайта қаралып, нақтыланды. Соның нәтижесінде бүкіләлемдік, республикалық, жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізімін басып шығару мақсатында материал жинау шаралары жүргізіліп келген. Атап айтсақ, ескерткіштер тізімдеріне бұрынғы облыстық атқару комитеттері мен әкімдердің шешімдеріне, эксперттік комиссия хаттамаларына, атауы өзгерген аудандар мен елді-мекендерге, көшелерге талдау және нақтылау жұмыстары қайта жүргізілді. Тарих және мәдениет ескерткіштерін тізімге енгізу критерийлері мен ережелері нақтыланды. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында ескерткіштердің географиялық мекен жай параметрлері, нысандардың физикалық жағдайы мен бірлігі мұқият ескерілді. Біздің ел 1994 жылы Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау Конвенциясына қосылған. Осының нәтижесінде Қазақстан ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссия арқылы Бүкіләлемдік мұра Орталығына ұлттық мұраға жататын он ескерткіштің номинациялық құжатын енгізді. Олардың қатарына Ясауи сәулет кешені, Ясы Түркістан қалашығы,Көне Бестам қаласы, Тамғалы петроглиф кешені, Мерке зиярат орны, Беғазы – Дәндібай, Тасмола қорғандары, Ешкіөлмес, Арпаөзен петроглифтері, Қаратау геоморфологиялық кешені, Отырар ескерткіштері, Ұлытау тарихи-мәдени ландшафты кіргізілді. Алдағы кезде Бүкіләлемдік Мұра тізіміне енгізіледі-ау деген келесі ескерткіш – ортағасырлық Отырар қалашығы. ЮНЕСКО-ның берген гранттарына консервациялау жұмыстары жүргізіліп, менеджмент-жоспар дайындалды. “Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес, Материалдық мәдени ескерткіштерді зерттеу және жобалау институты 2004-2005 жылдары екі бағдар бойынша жұмыс атқарды. Оның біріншісі – ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра нысандарын қорғау аумағы мен аймақтарының шекарасын айқындау; екіншісі – ЮНЕСКО-ның алдын ала тізімінде тұрған Әлемдік мұраның әлеуетті нысандарының дерекқорын жасау; Мәдениет саласын дамыту басымдықтарын тұжырымдамалық тұрғыдан іске асырғаннан кейін біздің алдымызда мәдени құрылымды халықаралық деңгейге шығару үшін оның стратегиялық міндеттерін іс жүзінде шешуге жағдай жасау міндеті тұр. Тұжырымдама 2012 жылға дейінгі мәдениетті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге негіз болуы мүмкін және болады да.Мемлекеттік бағдарлама мәдениет саласына мемлекеттің назар аударуын арттырып қана қоймай, сонымен бірге саланың менеджменттік құрылысын нақты реформалауы, қаржыландырудың қазіргі қағидаларына көшуі, біздің қоғамымыздың мәдени дамуында алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибе мен ноу-хауды енгізуі үшін жағдай жасауытиіс.
– Мұның бәрі дұрыс дейік. Ал Бағдарламаның тұжырымдамалық тұрғыдағы ықпалы жөнінде не айтар едіңіз?
– Сұрағыңыз орынды. Мәселенің түпкі мәні де осында. “Мәдени мұра” бағдарламасы қолға алынғалы бері тек оның аясындағы іс-шараларға ғана назар аударылып, қаржы бөлініп қойған жоқ. Бұл бағдарлама жалпы мәдениетке көзқарасты өзгертіп бергендігімен ерекше бағалы дер едім. Ол неден көрінеді? Ең алдымен стратегиялық бюджеттік жобалаудан көрінеді. Біздің министрліктің 2006 жылғы бюджеті 25,7 миллиард теңгені құрады. Жаңа басталған жылда мәдениет, ақпарат және тіл салаларын қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға артып отыр. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы да осы мөлшерде өседі. Мұның бәрі айналып келгенде отандық мәдениеттің жалпыадамзаттық үрдістер арнасында дамуына, инновациялық, технологиялық тұрғыдан заман деңгейінде тұруына, бұқаралық мәдениеттің жанымызға жат әсерінен қорғануға дайын болуымызға көмектеседі. Жаңа айттым ғой, біз мәдениетті дамытудың 2012 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын жасауға кірістік деп. Оны жүзеге асырудың барысында мәдениет саласы қызметкерлерінің орташа жалақысын кезең-кезеңімен өсіруге қол жеткізуіміз керек. Ұзын саны 40 мың адамды құрайтын бұл сала қызметкерлерінің орташа жалақысы қазір 25 мың теңге. Төмен жалақы мәдениет қызметкерлерінің беделін төмендетіп қана қоймайды. Осы арқылы жалпы мәдениеттің деңгейін де төмендетеді. Мен үлкен жиынның алдындағы осы сұхбатты пайдаланып, тәуелсіздік жылдарындағы қандай қиындыққа да қарамай, өз мамандығына адалдығын сақтап қалған сала қызметкерлеріне разылығымды тағы да айтқым келеді. Олардың үлкен бір бөлігі – кітапханашылар. Өткен жылдың аяғында біз Павлодарда облыстық әкімдікпен бірлесіп, кітапхана мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өткіздік, сонда кітапханаларды жаңартудың бағдарламасын ортаға салдық. Мемлекет басшысы бұл бағдарламаны қолдап отыр. Оны Елбасы Әкімшілігі бақылауға алған. Биыл мәдениет пен ақпарат мәселелері бойынша кемінде 5 өңірлік кеңестер өткізуді жоспарладық. Көкейкесті мәселелер бойынша министрліктің көшпелі алқа мәжілістерін де ойластырып жатырмыз.
Мәдениет саласы қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді де қолға алу керек. Бұл бағытта біз Үкіметтің көмегіне мұқтаж екенімізді жасыра алмаймыз. Кітапхана ісі саласында инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, кітапханалардың ақпараттық ресурстарын дамыту және оларды интеграциялау негізінде халыққа ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша нақты шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы басымдылық “Қазақстан кітапханалары” мемлекеттік электрондық қорын, арнайы кітапханалардың құжаттарын жаңғырту және қайта шығару орталығын, Қазақстан кітапханаларының бірегей ақпараттық жүйесін құру жобаларына беріліп отыр. Үстіміздегі жылы “Ұлттық мұра” ақпараттық-танымдық веб-порталын құру және оның өзектілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілмек. Жобаның мақсаты — Қазақстанның электрондық мемлекеттік кітапхана, мұражай, мұрағат қорларын құру. Бұл жоба Қазақстанның бірегей социомәдениеттік кеңістіктегі және халықаралық ақпараттық алмасудың тиімділігін көтеру жолындағы дамуының негізі бола отырып, мәдени мұрамыздың ұзақ сақталуын және оларға барлық санаттағы пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз етпек.
Қорытынды
Көненің көзіндей қария Бестам мүлгуде. Жанынан өтіп, сұқтана қараған адамдардың Бестам жайлы аңызды бірі біліп, бірі біле де бермейді. Олардың кейбіреулері биік үйінді топырағы төбешік деп те топшылары ғажап емес.
Көне қаланың құпиясын ашу үшін үлкен археологиялық қазба жұмысы керек. Баға жетпес асыл мұраларды зерттеу мен қорғау, ұлттық мәдениетіміздің алтын қазынасына айналдыруға атсалысу баршамыздың борышымыз.
Қ. Р «Тарихи – мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тарихи – мәдени мұра нысандарын анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет есткерткіштерінде ғылыми – реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететіндігі бекітілген. Алайда, жергілікиі атқарушы орган болып табылатын облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлкеттік мекемесі өзіне жүктелінген міндеттерді өз деңгейінде жүргізбейтіндігі анықталды.
Мысалы, Үкімет қаулысымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру туралы» ережесінде тариха -мәдени мұра обьектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану оларды міндетті түрде ресми жариялануға тиісті халықаралық республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекіту арқылы баянды етілетіндігі белгіленген.
Заңға сәйкес ескерткіштерді қорғау міндеттемесі жасалып, әрбір ескерткішке мемлкеттің қорғауында екендігі белгіленіп, қорғау тақтасы орнатылуы тиіс.
Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми – реставрациялау жұмыстары – уәкілетті органның бақылауымен, жергілікті маңыздағы ескерткіштерде ғылыми – реставрациялау жұмыстары жергілікті атқарушы органдар бақылауымен жүзеге асырылуы қажет. Әйтсе де, 170 тарихи – мәдени мұра нысаны бойынша жөндеу, реставрациялау жұмыстарын жүргізу мақсатында тиісті уәкілетті органдарына 2 нысанға ғана қаражат бөлу жөнінде шаралар көрілген. Олардың өзі 2008 – 2010 жылдарға арналған облыстық «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасы бойынша ғылыми — реставрациялау жұмыстарын жүргізу туралы іс – шара белгілеумен шектеліп, нақты жұмыстар атқарылмай отыр. Аталған бағдарлама аясында 20 – дан астам тарихи – мәдени ескерткіш нысандары ( Сығанақ кесенесі, Қалжан Ахун мешіт – медресесі, Қожа- Назар мешіті, Бәсібек кесенесі,Ноғай мешіті, Ғанибай үйі, Құттыбай кесенесі, Иманқұл мешіті, Тәжібай кесенесі, Қызылорда қаласындағы теміржолшылар клубы, Жент, Сортөбе, Сығанақ, Бұланды, Шірік – Рабат, Бестам, Құмиян, Баршыкент, Жанкент, Асанас, Сеңгіртам қалаларына) бойынша ғылыми – реставрациялау және археологиялық қазба жұмыстары жоспарланған. Десе де, 2010 жыл бағдарламаның орындалуының соңғы жылы болып табылатындығына қарамастан тек 7 нысанға реставрациялау жұмыстары, 1 нысанға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланып, ал қалған 3 нысанға реставрациялау және 10 нысанға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу назардан тыс қалып отыр.
Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және оны қолданудағы бетбұрыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, бүгінгі Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндеттермен қатар мәдени мұрамызды дамыту мәселесі жайлы айтқан Үндеуімен тығыз байланысты. Осыған орай, 2004- 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама жасалды.
Жоғарыдағы тарихи құндылығын айта отырып төмендегідей мәселе етіп қою туындайды.
1. Бейітті құжат толтырып, нөмірлеп есепке алу.
2. Жалпы бейіт территориясын қоршау керек.
3. Тарихи – мәдени шекараларын анықтау мақсатында топографиялық, археологиялық зертеу жұмыстар атқару қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абдолла Дәулетұлы «Нұрлы жол» Қызылорда 2010 жыл
2. Зәкім Жайлыбай «Кермек тағдыр» Алматы 2008 жыл 88-100бет
3. Әлкей Марғұлан Сөзстан «Ажалмен алысқан алып адам» 1986 жыл
4. Асхат Тәженов «Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау жұмыстары» Сыр бойы № 136 (17961) 2010 жыл
5. Ежелгі Отырар Алматы «Рауан» 1997 жыл
6. Ежелгі дәуір әдебиеті «Мектеп» 1986 жыл
7. Тәңірберген Мәмиев «Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат»Қызылорда 2000 жыл
8. Өтеген Әбдіраман Есабыз Әулие Алматы 1999 жыл
9. Сауытбек Әбдрахманов Мұра мен мұрағат Егемен Қазақстан 2000 жыл
10. Оразбек Сәрсенбай «Гулжаһан» Повесі «ФОЛИАНТ» баспасы Астана -2008 жыл