Без рубрики

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ.

Аяғанова Гүлмира Асылбекқызы
№99орта мектеп Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы Ақай ауылы

Тақырыбы:  Мұхтар және Абай. 

Мақсаты: 1.Мұхтар Әуезовтың балалық шағы мен жастық шағы туралы оқушыларға түсініктер беру; оқушылардың бойында жоғары адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету; олардың рухани деңгейін кеңейту.

2.Абайдың өлеңдері арқылы ұрпақ жүрегіне адамгершілік қасиеттерін сіңіру,егеменді елдің ертеңгі жан-жақты жетілген,адам атына лайықты  Абай мұрагерлері екендігін мақтан тұту,ұлы бабаға деген ұрпақтың сүйіспеншілігін дамыту.

Көрнекілігі: Жазушы портреті,буклет,альбом және кітаптармен көркемделген көрме,отбасылық суреті.

Барысы.

Жоспар

1.Кіріспе.

2.Ахмет Әуезовтың «Бала Мұхтар» естелік кітабы бойынша әдеби монтаж.

3.«Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы не білеміз?»деген тақырыпта көкпар сайысы.

4.Ұлы ойшылды қарсы алу

5.Жеткіншектер сөзі

6.Қорытынды

Кіріспе сөз:Балалар,сендер өз үйлеріңдегі немесе кітапханаларыңдағы кітап сөрелеріне қарасаңдар,оның төрінен үнемі «Абай жолы» деген кітапты көресіңдер. Кешегі КСРО құрамында болған мемлекеттердің кітапханаларына кірсеңдер де «Абай жолы» роман-эпопеясын көресіңдер.Сендер тіпті болгар,поляк,словак,ағылшын,неміс,француз,венгр,түрік,вьетнам балаларына хат жазып:«Кітапханаларында «Абай жолы» деген кітап бар ма?»деп сұрасаңдар,олар да «Бар» деп жауап берер еді.Өйткені бұл роман дүниежүзі халықтарының отыз тіліне аударылған.Жиырмасыншы ғасырдағы ең ұлы шығарманың бірі деп бағаланған «Абай жолы» қазақ халқының «көрер көзі,лүпіл қаққан жүрегі,дана ойы болған» Абай Құнанбайұлының өміріне арналған.Мұнда қазақ халқының замана бойы қалыптасқан тарихи тұлғасы сомдалып,оның әдет-ғұрып,салт-сана,тұрмыс-тіршілігі кеңінен суреттелген.Сондықтан да бұл роман-эпопеяны қазақ халқы өмірінің энциклопедиясы деп атайды.Оны қазақтың ұлы ақыны Мұхтар Әуезов жазған.

Біз бүгінгі кешімізде ұлы жазушының балалық және жастық шағы туралы әңгіме етпекпіз.Сабағымыздың келесі бөлімінде «Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы не білеміз?» деген тақырыпта көкпар сайыс болады.Сондықтан мұқият тыңдап отырыңдар.

Асылхан:М.О.Әуезов 1987 жылы 28-қыркүйекте Абай ауданындағы Бөрлі қыстағына жақын Аяққарағанда туған.

Альмира: Түрік,араб-парсы әдебиеттерінен жақсы хабардар Әуез атаның «мұхтар» деген сөздің «азат»,«білімді»,«таңдаулы» деген мағынаны білдіретінін көкірегіне түйгені бар еді.Сол сөзді таңдап алып,өзінің үлкен ұлы Омархан мен сүйікті келіні Нұржамалдан туған немересіне Мұхтар деп ат қойды.

Сая:Кішкентай Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді.

Бағжан:Әуез қарт ұлы ақын Абайдың адал досы болған.Ол Абайдың асыл өлеңдері халқының қазынасына айналса екен деп арман етушілердің бірі еді.

Ол кезде қазақ елінде сауатты адамдар аз болатын,кітап болмайтын.Осындай жағдайда Әуез қарт өзінің сүйікті ақыны Абайдың өлеңдерін көшіртіп,түптетіп алады.Соны оқулық орнына пайдаланып,балалары мен немерелеріне өзі сабақ бере бастайды.

Қаршыға:Алдымен араб әріптерін үйретіп,хат танытады.Содан соңғы Әуез мұғалімнің бар ұстаздық әдісі Абай өлеңдерін шәкірттеріне бірінен соң бірін жаттата беру болды.Күндердің күнінде Әуез атаның аодына 5-6 жасар кең маңдай, бұйра шаш бала Мұхтар да шәкірт болып тізе бүгеді.

Мадияр:Мұхтардың жас кезіндегі жақсы көріп,құмарта ойнайтын ойындарының бірі әйзік болатын.

Інжу: Бұл туралы Мұхтардың ағасы Ахмет Әуезов былай дейді:«Әйзік»ойыны ауыл балаларының ішінде Шоңқа екеумізге қиын тиеді.Бала кезінде Мұхтарды «Шоңқа» деп атайтынбыз.Себебі сақаны шиырып ата алмаймыз.Ойын тәртібін көп бұзамыз.Содан да болар көбіне әйзік ойынында асықтан ұтылып қалатынбыз.Мұндайда Шоңқа өзімен теңдес балалардан ұтылғанына шыдай алмай,намысы келіп жылайтын».

Бауыржан:Әуез ақсақал өз баласы Қасымбекті Семейдегі орыс мектебіне бергізген еді. Артынан сол Қасымбек Әуез атасының рұқсатымен Мұхтарды қолынан жетелеп апарып Семейдегі бес кластық орысша оқытатын училищеге түсірді.

Сымбат:Түсінігі о бастан кең Мұхтар сыныптас балаларының ішінен дараланып оқшау шықты.Мұхтар үнемі байсалды,тәртіпті әрі ұстамды.Сол үшін болса керек,үнемі сабақты жақсы оқыды.Бала Мұхтардың бойында тағы бір ерекшелігі бар.Ол-жаңалыққа құмарта,қызыға қарайтындығы,орыс балаларының жүріс-тұрысына зер салып,үлгі ала қояды.

Енді балалар,Мұхтардың қандай оқу орындарында білім алғанын және қандай шығармаларын өмірге келтіргенін ұғып,түсіне білейік.

Гүлзат:Орыс училищесінбітіргеннен кейін М.Әуезов Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыды.Мұнда да ол көп оқып,көп ізденіп,көкірегіне көп нәрсені тоқиды.Бұл кезде Семей  мұғалімдер семинариясында орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін оқытушы Василий Иванович Попов Мұхтардың білімпаздық жолындағы ұстаз болды.Ол сол кезде-ақ бала Мұхтардың әр алуан өнер саласына алғыр қабілетінің бар екенін байқаған.

Айым:«1916 жылдың авгусында мен Семейдегі мұғалімдер семинариясына орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін оқытушы болып келдім,-дейді В.И.Попов.-Мұхтар ол уақытта семинарияның бірінші курсында оқитын.Ол әрқашан байсалды,әдепті мінезінің ұстамдылығымен оқытушылары алдында да,жолдастары алдында да қадірлі  саналатын,тіпті өз класында ерекше көзге түсетін,бір курстағы оқушылар арасында аса беделді болатын.Орыс тілін өте жақсы игергені үстіне,сол тілдің жай-жапсары жайындағы білімнің кеңдігі бізді таң қалдыратын еді».

Назерке:1914 жылы қыркүйек айында алғаш рет ноғай балалары мен қазақ балаларынан Семей қаласында 24 адамнан тұратын «Ярыш» атты футбол командасы құрылды.Мұхтармен бірге оқыған әрі сол футбол командасына қатысқан ғалым Қасым Мұхамедов өткенді еске алып былай дейді:Футболды оқуға алғаш келгенде және май айларында ойнайтынбыз.Жұмасына екі,үш рет базар,шіркеу алаңдарында бас қосатынбыз.Мақсатымыз футбол ойынын үйрену еді.Бұл қазақ балалары үшін үлкен жаңалық болатын.Сабаққа зейінді Мұхтар «Ярыш» командасының құрамында ойнап жүргенде өзінің тағы бір талантын көрсетті.Біз оның бойынан қолға алған мақсатты іске беріктігін,әр нәрсені білуге,үйренуге құштарлығын байқайтынбыз.Бұл кезде,оқып жүрген кезінде Мұхтар «өнерді үйрен де жирен» деген қағиданы, немесе «жігіт сегіз қырлы,бір сырлы болуы керек» деген мәтелді жадында берік сақтайтын адам боп көрінетін».

Ақмарал:Бала Мұхтар осындай мақсатшыл,зейінді еді.Оның бойымен бірге ойы өсті.Еңбекпен,спортпен денесі шыныға түсті.Бұрынғыдан да байсалды,өзіндік ой иесі боп келе жатты.Әсіресе әдебиетті сүйіп оқитын,қазақ ауыз әдебиетінің тамаша нұсқаларын сүйетін.

Айдана:Семейден елге каникулға келген сайын зейінді жас Мұхтар ауылдағы әр түрлі әлеуметтік теңсіздікті көріп,қалаға жаны жабырқап қайтатын.Қызды еріксіз малға сату,көп әйел алу,барымта,кісі өлтіру,құн төлеу сияқты зорлық-зомбылыққа жаны түршігетін.Сондықтан да оның ең алғашқы 20 жасында жазып ауыл сахнасына өзі қойған пьесасы «Еңлік-Кебек» болды.

Айдана:Өз елінде анық болған оқиғаға негізделген бұл «Еңлік-Кебек» пьесасында өз теңіне қосылуға бел байлаған қыз Еңлік пен оның сүйген жігіті Кебек батырдың қайғылы тағдырын бейнелейді,оларды асаудың құйрығына байлап өлтірілген қатыгездікті әшкерелейді.

Төрегүл:1921 жылы алғашқы жазған әңгімесін «Қорғансыздың күйі» деп атады.Мұнда жетім қыз Ғазизаның аянышты халі баяндалады.М.Әуезов жиырмадан аса пьеса,көптеген әңгіме,повестер жазды.Сонымен бірге шетел халықтарының пьесаларын қазақ тіліне аударды.

Құралай:Өмірде болған оқиғаға негізделген «Қараш-қараш»повесінде негізгі қаһарман Бақтығұл-о баста Жарасбай байдың атарман-шабарманы болған кедей,пысық жігіт,кейін ол қожасының опасыз сатқындығын көріп түңіледі де,байдан кек алу жолына түседі.Жарасбайды өлтіреді.

Рақымжан:Атақты «Көксерек»әңгімесінде адам асыраған бөлтіріктің өскен соң даладағы тағы қасқырларға қосылып алып,жыртқыштық тегіне тартып,талай рет малға шауып,маңайдағы елге үлкен қырсық боп тигені,одан кейін өзін асыраған Құрмаш баланы мерт қылғаны керемет баяндалған.

Төрегүл:М.Әуезовтың «Қараш-қараш» повесі мен «Көксерек» әңгімесі киноға да түсірілді.«Көксерек» әңгімесі көптеген шетел тілдеріне де аударылды.

2.Оқушыларға көкпар ретінде сұрақ қойылады.Ең көп сұраққа жауап берген оқушыға «Көкпар жеңімпазы»деген атақ беріледі.

3.Ұлы ойшылды қарсы алу

Болашаққа өсиет айтып Абай кіреді:

  Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма.

Жас жеткіншектің Абайға арнаған өлеңі

4.Жас ұрпақ ұйымының мүшелерінің Әуезовқа арнаған өлең шумақтары.

Бауыржан: Кітаптан бейнеңізді күнде көріп,

Мақтанып міне біздің ата дедік.

Жазушы,сыншы,ғалым,драматург,

Болдыңыз профессор,академик.

Айзат: Қайран Мұхаң көркем сөздің пірі еді,

Абайымыз екеу болса бірі еді.

Тілі барда халықтардың,қазақтың.

Тірілермен тірілерше жүреді..

Бақытжан: Данышпаны жиырмасыншы ғасырдың,

Орны бөлек Әуезовтай асылдың.

Ойы терең білімі зор ғұлама,

Шәкірті ғой ол ұлы Әбунасырдың.

Әйгерім:  Мұхтарымыз кемеңгері Шығыстың,

Мақтанышы барлық ұлт пен ұлыстың.

«Шетке шықсам «Манас»,«Мұхтар» жанымда»

Дегені хақ Айтматов Шыңғыстың.

Ақтілек:  Әлем тәнті болды «Абай жолына»,

Біз қараймыз жүріп өткен жолыңа.

Дана Мұхтар,дара Мұхтар қабыл ал,

  Назерке:  Әркімнің сана қосқан санасына,

Ел риза өзіңіздей данасына.

Халыққа сізше еңбек етсек дейміз,

Барғанда қоғамның әр саласына.

Қорытынды: Сонымен,балалар,әрі жазушы,әрі ұстаз,әрі ғалым Мұхтар аталарың жас шағында тәртіпті де,әдепті,ұстамды да намысшыл,қолға алған ісін аяқтамай қоймайтын мақсатшыл,әр нәрсені білуге,үйренуге құштар,яғни жаңалыққа жаны құмар ізденгіш,көп оқитын,қаблетті де алғыр,сабақты жақсы оқыған «Бала Мұхтар» болған екен.Ол домбыра шертіп,реті келсе қазақтың көпшілігі сияқты домбыраға қосылып ән де салған екен.Үлкен адамгершілік қасиеттері бар Мұхтар әлемге Абайды танытты.Абай арқылы қазақ халқын таныта отырып,өзі де әдебиет әлеміне ұлы дарын,қайталанбас бірегей тұлға болып танылды.Бүгінде есімі ұлттық мақтанышымызға айналған,атағы жер жүзіндегі адамзат баласының  арыстандары атанған Шекспир,Пушкин,Толстойлармен теңдесіп,әлемдегі үркердей  ұлылардың қатарына кірген,халқымыздың кемеңгер перзенті,дара және дана Мұхтар Омарханұлы Әуезов  туралы белгілі жазушы және ғалым Қайым Мұхамедханов:

«Өлді деуге сыя ма,ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

деген Абай өлеңін негізге ала отырып «Мұхтар   Омарханұлы Әуезов-адамзат баласының тарихында мәңгі бақи жасай беретін ұлы Адам»деген екен.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.