Без рубрики

Айзенк сауалнамасы

Айзенк сауалнамасы (15-18 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған) Мақсаты – бала темпераментінің ерекшеліктерін айқындау. Нұсқау Сіздің іс-әрекеттеріңіздің ерекшеліктері жөнінде сізге бірнеше сұрақтар беріледі. Егер сұрақтың жауабы келісемін болса, «+» белгісін қой, егер келіспеймін болса, «-» белгісін қой. Жауапты ойланбай тез беру керек, өйткені бірінші әрекетіңіз маңызды. Сауалнама тексті 1. Өзіңнің айналаңда шуды және әбігершілікті ұнатасың ба? 2. Сені жұбататын достарыңды жиі қажет етесің ба? 3. Сабақта отырмаған кезіңде сенен бір нәрсе сұрағанда жауапты тез таба аласың ба? 4. Сен кейде ашуланшақ боласың ба немесе ызаланасың ба? 5. Сенің көңіл күйін жиі өзгеріп тұрады ма? 6. Саған достарыңмен кездескеннен, жалғыз болған ұнайды ма? 7. Түрлі ойлар сенің ұйықтауыңа кедергі жасайтын кездер болады ма? 8. Саған айтқандығ дәл солай істейсің бе? 9. Басқалармен әзілдескенді ұнатасың ба? 10. Еш себепсіз өзіңді бақытсыз сезіндің бе? 11. Сен көңілді адамсың ба? 12. Мектеп ережелерін бұзған күндерің болды ба? 13. Сені көп нәрсе ашуландырады ма? 14. Жылдамдықты керек ететін жұмыстарды ұнатасың ба? 15. Бола жаздаған бірақ соңы жақсы біткен оқиғаларды көп уақыт уайымдап жүресің бе? 16. Саған сеніп кез келген құпияны айтуға болады ма? 17. Зерігіп отырған балалардың көңілін көтере аласың ба? 18. Кейбір кездері еш себепсіз жүрегің қатты соғады ма? 19. Біреумен достасу үшін бірінші қадам жасайсың ба? 20. Өтірік айтқан кездерің болды ма? 21. Сен істеген жұмысыңынан адамдар кемшілік тапса қатты ренжисің бе? 22. Достарыңмен қызық әңгімелер айтып, әзілдескенді ұнатасың ба? 23. Еш себепсіз шаршайсың ба? 24. Сен бірінші сабағыңды орындап сосын ойнайсың ба? 25. Сен әдетте разы емес көңілдісің, солай ма? 26. Көп ренжисің ба? 27. Басқа балалармен ойнағанды және әңгімелескенді ұнатасың ба? 28. Тұрмыста жақындарыңа көмектесесің бе? 29. Басыңның айналған кездері болады ма? 30. Біреулерді ыңғайсыз жағдайға қоғанды немесе біреуге күлгенді ұнатасың ба? 31. Бір нәрседен жалыққан кездерің жиі болып тұрады ма? 32. Мақтанғанды ұнатасың ба? 33. Басқа балалардың арасында үндемей тұрасың ба? 34. Сен қатты толқығаннан бір орында отыра алмай кететін кездерің болады ма? 35. Бір нәрсеге тез шешіле аласың ба? 36. Мұғалім жоқ кезде сабақ уақытында шулайсың ба? 37. Қорқынышты түстерді жиі көресің бе? 38. Бәрін ұмытып, достарыңның арасында жақсы көңіл көтеріп отырасыі ба? 39. Сені ренжіту оңай ма? 40. Біреуді жамандаған күндерің болды ма? 41. Өзіңді бейқам, қамсыз деп санайсың ба? 42. Өзің ыңғайсыз жағдайға түскен кезіңде көп уақыт уайымдап жүресің бе? 43. Шулы және қызықты ойындарды жақсы көресің бе? 44. Саған ұсынған тамақтың барлығын жей бересің бе? 45. Сенен бір нәрсе сұранса жоқ деп жауап беру қиын ба? 46. Қонаққа жиі барғанды ұнатасың ба? 47. Өмір сүргің келмей кететін кездерің болады ма? 48. Ата-анаңа дөрекі болған кездерің бар ма? 49. Сені көңілді адам деп санайды ма? 50. Сабағыңды орындаған кезіңде көңілің басқа жаққа алаңдайды ма? 51. Үлкен думанға қатыспай, жанынан қарап отырғанды ұнатасың ба? 52. Түрлі ойлардан ұйықтай алмайтын кездерің болды ма? 53. Саған тапсырылған жұмысты орындай алатыныңа сенімдісің ба? 54. Жалғысырау сезімде боласың ба? 55. Бейтаныс адамдармен бірінші сөйлеуге ұяласың ба? 56. Кеш болғанда бір нәрсе істеуді жиі шешесің бе? 57. Саған баланың біреуі айқайласа сенде оған айқайлайсың ба? 58. Кейбір кездері еш себепсіз өзіңді қайғылы немесе көңілді сезінесің бе? 59. Қонақта, шыршада шын риазлық алуға болады деп есептейсің бе? 60. Бір нәрсені ойламай істегеніңе жиі толқисың ба? Кілт: 1. Экстроверсия – интроверсия: «ия» («+») 1, 3, 9, 11, 14, 17, 19, 22, 25, 27, 30, 35, 38, 41, 43, 46, 49, 53, 57. «жоқ» («-») 6, 33, 51, 55, 59,. 2. Нейротизм «ия» («+») 2, 5, 7, 10, 13, 15, 17, 18, 21, 23, 26, 29, 31, 34, 37, 39, 42, 45, 50, 51, 52, 56, 58, 60. 3. Өтірік көрсеткіші «ия» («+») 8, 16, 24, 28, 44 «жоқ» («-») 4, 12, 20, 32, 36, 40, 48. Нәтижелер бағасы Экстра – интроверсия шәкілінің бағлау кестесі Интроверсия Экстраверсия Едәуір Орташа Едәуір Орташа 1-7 8-11 12-18 19-24 Нейротизм шәкілінің бағлау кестесі Сезімдік салмақтық Сезімдік салмақсыздық Едәуір Орташа Едәуір Орташа 1-10 11-14 15-18 19-24 Мәліметтер түсініктемесі Әдістеме 3 шекілден тұрады – экстраверсия-интроверсия, нейротизм және ерекше шекілдер, олар зерттелушінің зерттеуге қатынасы мен адалдық бағалауға арналған. 1.Экстраверсия-интроверсия Типтік экстравертке мінездеме бергенде, оның адамдармен үйрлігін, таныстарының көптігін, қарым-қатынасты қажет етуін белгіленеді. Экстраверт жағдайға байланысты әрекеттер жасайды, серпінді, ашушаң. Ол қамсыз, оңтайлы, көңілді, мейірбан. Сезімі қатаң бақылауда емес, тәуекелді қылықтарға бейім. Оған әр уақытта сенуге болмайды. Типтік интроверт – ол тынық, ұялшақ, интроектті адам, өз-өзін талдауға бейім. Ұстамды, өзін туысқандарынан басқа адамдардан алысырақ ұстайды. Өзінің іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлайды, кенеттілікке сенбейді, шешім қабылдауға байсалды қарайды, барлық кезде тәртіпті ұнатады. Өзінің сезімдерін бақылайды, оны ашыландыру оңай емес. Өнегелі нормаларды бағалайды, түңілуші. 2 Нейротизм – сезімдік тұрақтылық Сезімдік тұрақтылықты немесе тұрақсыздықты сипаттайды. Сезімдік тұрақтылық – ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді, стресстік және қәдімгі жағдайларда жағдайлық мақсаттықты сақтауда көрінеді. Ержетумен, жақсы бейімделумен, қатты қызулықтың, мазасызданудың болмауымен, сонымен бірге адамдармен үлесуімен, озаттықпен сипатталады. Нейротизм тұрақсыздықта, қатты ашышаңдылықта, бейімделуінің нашарлығында, көңіл-күйдің тез өзгеруінде, ұиытшақтықта, мазасыздануда және кінә сезімінде, қамсыздануда, депрессияларда, стресті жағдайладрда тұрақсыздықта байқалады. Сезімділік, серпінділік, адамдармен қатынаста ашушаңдылық, ықыласының өзгеруі, әсерлілігі, өзіне сенімсіздік нейротизмге сай сезімдер. Нейротизм шәкілінде үлкен көрсеткішке ие адамдарда жағымсыз стресті жағдайларда невроз дамуы мүмкін. Экстра-интроверсия шәкілінің орташа көрсеткіштері: 7-15 балл. Нейротизм шәкілінің орташа көрсеткіштері: 8-16 балл. Егер адалдық шәкілінің көрсеткіштері 10 балдан асқан болса, онда зерттеу нәтижелері дұрыс емес және зерттелуші сұрақтарға ашық жауап беруі тиіс деп есептелінеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.