Без рубрики

Өзін-өзі тану

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы

№ 17 кәсіптік лицей Пән мұғалімі:Адишева Мақпал

ҚАЙСАРЛЫҚ ПЕН БАТЫЛДЫҚ

 Мақсаты: қайсарлық пен батылдықтың адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру.

Міндеттері:

-«қайсарлық», «батылдық» ұғымы туралы түсіндіру;

-ерік-жігер, табандылықтарын дамыту;

-қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

 

Ерлікке шақыру

                                                       Сөзі мен әні М. Шахановтікі

 

Міне, саған ойланатын келді күн,

Азамат боп атқа міңдің сен бүгін.

Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда,

Жүрегінде қалғып жатса, ерлігің.

 

Қайырмасы:

 

А-а-а

Бозбала,

Қанатыңды талдырма,

Алай –түлей жаңбырда,

Тізгініңді беріп қойма тағдырға,

Қуанышым.

Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,

Сүйе алмағаның үшін

Табиғаттың алдында кінәлісің.

 

Қорға, жаным, сеніміңді жеруден,

Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.

Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым,

Басталмай ма өзіңді-өзің жеңуден.

 

*Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсыз? Олардың шешімдерін қалай табасыз?

*Жиі тәуекелге барасыз ба?

*Бір істі бастар алдында оған ой жіберіп, ақылға саласыз ба?

*Адам неліктен көзсіз батырлыққа барады?

 


М. Кемеловтың ізімен

 

Қымбатты менің досым!

Жолыңда көп кедергі кездеседі, ал кездеспесе сенің ешкім болмағаның. Кедергіні ұсақ деп қарама. Ірі  істердің жүзеге асуы көбінесе ұсақ нәрселерге байланысты. Тастың өрге домаласа тасыма, тауың шағылып өзгелерден үстемдік көрсең, жасыма!

Саған жақсы сөйлеп тұрып, басқалардың барлығын жамандап отырғандарға сенбе. Күрескендер жеңілуі мүмкін, күреспегендер жеңіліп қалғандар. Жеңілсең, мойында, өзіңді-өзің алдама. Құламасаң тұрмайсың. Сәтсіздікті солай бағала! Менің құлауым орнымнан тұрып, тағы ұмтылуым үшін керек,- деп ойла!

Жоғалтпасаң-таппайсың, болмаса-жоғалтпайсың.

Жеңістің жүз әкесі бар, жеңіліс-жетім.

Шыңға бір ғана секіріспен шығамын деп дәмеленбе. Өздері бір нәрсе істеуге тырысқан адамдарға ғана тағдыр оңынан келеді. Өзіңді-өзің жігерлендір, жетекте, үйренуге талпын, басқа адамдар мені қашан жетелейді деп күтіп отырма.

Жеткен жетістігің шеккен бейнетіңнің көрінісі. Жеңіске жетсен өзім жеттім деп, жеңіліп қалсаң өзгелерді айыпты деме!

Үнемі алдыңа мақсат қойып, өз ерік –жігеріңді жетілдіріп, шындап отыр! Ерік- өмірдегі бақыт пен табыс кілті, өйткені ол мақсат жолындағы қиындықтарды жеңуге адамға мүмкіндік туғызады. Ал мақсат адам өмірінің мәні мен бағыттылығын айқындайды.

Кездескен қиындыққа қиналма, ол жеңу үшін берілген!

Сәтсіздіктің де өз берері бар. Ол еркіңді шынықтырып, өмірдегі үлкен қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Сен бақытты болуға міндеттісің. Өз бақытыңды іздеп табатын өзіңсің!

Мен саған сенемін!!!

 

*Мәтінді оқығанда қандай ой түйдің?

*Өзің ерік –жігерді шыңдаудың қандай амалдары мен жолдарын жасар едің?

 

Тапсырма

Үлкендерден және құрбыларынан «Ерлік деген не? Тақырыбында сұхбат жүргізіңдер де, ортақ белгілерін табыңдар.

 

Түйіндеме.

Оқулықтағы «Назар аударайық» айдарымен берілген ақпаратты мұқият қарап шығып, балаларға жадында сақтап алу тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу ақпараты.

Оқулықта төмендегідей ақпарат берілген:

Батыл, қайсар болу-игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, еркін, жасқан әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, тілегің мен міңдетің өзара үйлесім тапқанда ғана мұратыңа жетесің.

Күнделікті өмірде айнала қоршаған адамдарға деген сенім оларға көмекке келуге ұмтылыс оның еркі мен батылдығын арттырып, өзіне деген сенімін нығайтып күшіне күш құйады. Сондықтан әр кез бір-бірімізге сенім артып, болашақтан жақсылық күтіп жүргеніміз абзал.

 

Әңгімелесу.

*Адам рухының күштілігі мен әлсіздігін қалай білуге борлады?

  • «Мен нені таңдаймың», «қолымнан не келеді?», «не істеуге тиіспін?» деп ойлап көрдің бе?

*Өмірі ерлікке толы жандардың өмірі саған сабақ бола ма? Әлде оны аңыз сияқты қабылдайсың ба?

 

Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім оқулықта «Оқып үйренейік» айдарында берілген Қ. Қайсеновтың естеліктерінен берілген үзіндіні оқып береді. Мәтіндегі негізгі идеяны немесе түйінді сөздерді оқушыларға тапқызып, мағынасын талқылатуға болады. Мәтінді жеке бөліктерге бөліп оқытуға болады. Мысалы сыныпта топтық жұмыс жүргізіп, әрбір топ мәтіннің белгілі бір бөлімін оқып, ол боынша сұрақтар дайындайды. Мәтіннің негізгі мазмұнын әрбір топ тезист түрінде сынып алдында қысқаша мазмұндап береді.

Бірде «Ленин жас» газетінің редакциясы шақырды. Барсам, біраз майданнан келген азаматтардың басын қосқан екен. Кейбіреулерін бұрын көргенмін, танысқанмын. Солардың ішінде бір жас жігіт отырды. Ол да маған андасанда қарап қояды. Ортадан сәл төмендеу бойы бар, қараторы, қап-қара шашын артына қарай жатқыза тарап қойған, келбетті жан. «Майданға мектеп қабырғасынан жастай барып, елге оралған ғой» деп ойлап отырмын өзімнен кіші көрінген соң. Бір кезде кездесуді басқарып отырған адам:

-Ал енді арамызда фашистердің ордасы- рейхстагқа шабуыл кезінде алдыңғылардың қатарында болған батырлардың бірі Рақымжан Қошқарбаевқа сөз берелік,- деді. «Арамызда рейхстагқа ту тіккен батыр да бар екен –ау» деп, сол туды өзім тіккендей бойымды мақтаныш сезімі билеп кетті. «Бұл қайсысы болды екен» дегендей, жан-жағыма қарадым. Сөйткенше болмай, әлгі өзіме жап-жас көрініп отырған қара шашты жігіт орнынан көтерілді. Мұндай жиында бұрын сөйлеп көрмеген болуы керек, бірден сөйлеп кетпей, кездесуді басқарып отырған адамға қарай берді.

-Майданға барғаныңызды әсіресе рейхстаг шабуылы жайлы айтсаңыз,-деп Рақымжанға жол ашып бергендей болды.

Рахымжан мектептен әскери училищеге тап болғанын,онан соң майданға барғанын қысқаша айтты да, рейхстагқа тірелді.

-Шабуыл кезінде басқарған  взводпен үлкен бір мекеме үйіне баса көктеп кірдік. Сөйтсек бұл гестаполар ордасы болған Гиммлер үйі екен. Осы үйді фашистерден тазартқан соң қарсы бетте- каналдың арғы жағындағы рейхстаг үшін айқас басталды. Рейхстагқа фашистер таңдаулы  әскери бөлімдерімен мықтап бекінсе керек. Рейхстагты көріп-ақ тұрмыз, бірақ олай қарай бас көтертпейді,оқ борап тұр. Біздің жақтан топ-тобымен шабулға шығады, бірақ көбі ортаға жетпейді, жау пулеметтері жайпап тастайды. Сөйтіп тұрғанда үлкен командирлер өз еркімен рейхстагқа шабулшылар жасақтай бастады. Лейтенат деген атағым бар, взвод командирімін. Командирлер менен «барсың ба?» деп сұрады. Мен жауап қатқанша: «Ойлан. Бару, бармау еркіңде» деді тағы. «Барамын» дедім. Жаныма Болатов деген солдатты алып, әзірлендім. Командирлер жалауды бір метірдей ағашқа орап, қойныма тығып  берді. Біз жауған оқтың бір  әредігінде Гиммлер үйінің бірінші қабатыңдағы терезесінен қарғып түсіп кеттік. Он-он бес метрдей жүгіріп, өлген солдаттар арасына жата қаламыз. Гриша да менен қалмай келеді. Гиммлер үйінен рейхстаг арасы алты жүз метрдей. Бас көтерсең-ақ қарсыдан оқ борап кетеді. Әр көтерілген сайын алты –жеті метрден артық жүгіре алмаймыз. Артыма қарап «Гриша қалма» деп қоямын. Бір адам болса да ес қой, Гришаны ес көремін. Сөйтіп жан ұшырып, каналдан өттік. Каналдың жан-жағы цементтелген, суы онша терең емес екен. Канал мен рейхстаг арасында темір үйшік тұр. Осы үйшікке жетіп паналадық-ау әйтеуір. Бораған оқ маңайымызды тіміскілеп жүр, әзір аманбыз. Артыма-Гиммлер үйіне қараймын. Енді қалған аз жерді  бірден жүгіріп өтпесек,оққа ұшарымыз анық. Гришаға «қалма»деп белгі бердім де, тұра жүгірдім. Жүгіргеннен жүгіріп, рейхстаргтың бір есігіне келіп жетім, жүремнен отыра кеттім. Гриша да жетіп есікке сүйеніп тұр. Атылған пулемет, зеңбірек дүмпуінен еш нәрсе болмайды. Қойнымдағы  жалауды алып, жазып Гришаға қарадым. Біз тұрған есіктің арғы –ішкі жағынан бір нәрсе сарт ете түсті. «Өлген жеріміз осы екен»  деп  Гришаны құшақтай алдым,-деп тоқтады да, ол маған қарады. Мен күлдім. Ол да күліп жіберді де « осы не айтып қойдым» дегендей, кездесуді басқарып отырған адамға қарады. Ол кісі де жымиып:

-Иә, айта беріңіз,-деді. Рахымжан көңілі орныққандай:

-Енді жалауды қадайтын жер іздедік. Есіктіғң оң жағындағы үлкен терезенің карнизіне орнатуға болады екен. Гришаға жалауды беріп: «Менің арқама шығып жалауды қада» дедім де, арқамды тостым. Ол дереу қабырғаға аяғын тіреп менің үстіме шығып, жалауды терезенің сынған карнизінің бір жеріне орнатты. «Мықтап орнат, көрінетін болсын» деймін, оны әзер көтеріп тұрып. Бұл кезде рейххстагтың басқа жерлеріне де жалау орнатыла бастапты. Міне осылай соғыс құрғырды аяқтадық-ау!- деді. Жұрт ду қол шапалақтап, Рақымжанға құрмет көрсетілді.

 

*Мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

*Батырларды ерлікке жетелеген қандай күш деп ойлайсыңдар?

 

Б. Момышұлы.

Ерлік есеппен істелмейді. Ерлік ешқандай есепке көнбейді. Ерлік сантиметрлеп өлшеп, грамдап салмақтап, секундтап санай алмайсың. Ерлік адам жанының лап еткен жалыны, жарқ еткен найзағайы. Ерлік биіктегі кемерінен асып, лақ етіп құздан құлаған тасқын.

Ерліктің негізі сүйіспеншілік. Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі.

 

Тапсырма

Төмендегі пікірлерді қарап шығып онымен қаншалықты келісетіндіктеріңді білдіріңдер. Жұмыс нәтижесін сыныптастарыңмен бірге талқылаңдар.

1.Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді.

2.Қиындықты қашанда жеңуге болады.

3.Адамға әркезде қайсарлық пен батылдық керек.

4.Өмірі ерлікке толы жандар өз өміріне сын көзбен қарауға итермелейді.

5.Өз күш жігерімді жұмылдыру арқылы қиындықтардан шыға алуға болады.

 

Дәйексөз

Оқулықта Ж.Баласағұнның «Ерге керек төзімділік күш-қайрат, тұру керек күн мен айдай нұр жайнап!»-деген қанатты сөзі дәйексөз ретінде берілген. Оқушылар нақыл сөздің мағынасын қалай түсінетіндеріңді айтып береді.

 

Жағдаятты талдау.

Оқулықта жағдаяттарды талдау айдарында төмендегі жағдаяттар берілген.

Жағдаяттарды шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Абзал ерлік, батырлық туралы шығармаларды сүйіп оқиды. Өз ойында әркез «Ер» атанғысы келеді. Осы ойын бейбіт өмірде қалай іске асыруға болатынын ойлап бас қатыратын болды.

*Абзалдың іс әрекетін қалай бағалайсыңдар?

*Абзалға қандай кеңес берер едіңдер?

  1. Ғазиз тек қана үйде емес, барлық жанға жанашырлықпен қарайды. Мұнысы іс-әрекетінен көрініп тұратын. Көбінесе сыныпта құрбыларына құрақ ұшып, көмекке дайын тұрады. Ғазиздің бұл әрекеттерін сыныптастары келемежге айналдыратын. Оны байқаған ол, кейде өз ісінен ұялатын еді.

*Ғазиздің өз ісінен ұялып, қысылуы орынды ма?

*Сыныптастарының әрекетін қалай бағалар едіңдер?

*Осы жағдаяттан қандай қортынды жасар едіңдер?

 

 

 

Шығармашылық жұмыс.

«Бір сәттегі ерлік пен бүкіл өмір бойғы ерлік» тақырыбында сұрақтар әзірлеп, үлкендерден интервью алыңыз.

 

Жігер деген-МЕН

Күш деген- МЕН

Махаббат деген-МЕН

Кешірім деген-МЕН

Құдірет деген-МЕН

Жастық деген- МЕН

Денсаулық деген –МЕН

Ақылдылық деген-МЕН

Жарқындық деген-МЕН

Бір ғажайып деген-МЕН

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.