Без рубрики

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Бірлік ауылы физика пәнінің мұғалімі Үргенішбаева К.С

Сабақтың тақырыбы:  Жүзден жүйрік

Сабақтың мақсаты:      Оқушылардың танымы мен талғамын өсіру, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін, сөйлеу тіліне дамыту, физика пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың девизі:           Ойнаймыз да, ойлаймыз.

Сабақтың барысы:     

І. Ұйымдастыру:             «Орамал тастау»- орамалды бір-біріне беру

арқылы физика пәніне деген көзқарасы,

оның қажеттілігі туралы айту.

 

ІІ.  Тайғақ тас

Берілген уақыт ішінде тақтаға қанша формула жаза алады екен. Қолындағы допты тастамай тақтаға жазып, допты орнына келіп келесі адамға береді.

Сұрақ

Ұяшық таңдаймыз

  1. 1.     Температура дегеніміз не?
  2. 2.     Жылуөткізгіштік  дегеніміз  не?
  3. 3.     Конвенция дегеніміз не?
  4. 4.     Ішкі энергия дегеніміз не?

 

ІІІ. “Ұшқыр”

Ақ қағаздар қойылып содан өтеді,жерге аяғы тимеуі  керек. Допты тақта алдына  апарып келесісі оны  алып  келеді және тақтадағы тапсырманы орындайды.

 

Сұрақ

  1. Сендер далада от жағып отырсаңдар.

Одан сендерге келетін жылу,

жылу берілудің қай түріне жатады.

  1. Массалары бірдей әртүрлі

заттардан тұратын денелерді бірдей температура

Қыздыру үшін әртүрлі жылу мөлшері қажет. Неге?

  1. Табиғатта жылу берілудің

үш түрі де кездесетін құбылысқа

мысал келтір.

4.Неге терең тоғандар мен көлдердегі су

Түбіне дейін қатпайды?

ІҮ. Зырылдық 

Жерде жатқан әртүрлі заттарды алып,тақта алдына келіп динамометрмен өлшеп неше грамм болғанын тақтаға жазып орнына отырады. Қай топ қанша салмақтағы жүк жинайтынын көреміз.

 

Сұрақ

  1. Көсеу ұзын болса, қол күймейді.
  2. 2.     Аузы күйген үрлеп ішеді.
  3. 3.     Астарлы шапан тоңдырмас
  4. 4.     Үй үстіне үй тіксе, жылы болады

 

Ү. Қиын қия 

Мензуркаға су құйып, сосын тақта алдындағы карточканы алып, орнына отырып, ондағы есепті шығару.

Сұрақ

  1. 1.     Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
  2. 2.     Жылу берілу дегеніміз не?
  3. 3.     Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
  4. 4.     Энергияның сақталу заңы

 

ҮІ. Қол мерген

 

Тақтаға ілінген мешенге садақ лақтыру

арқылы ұпай жинау

 Сұрақ

Ақтық сайыс

  1. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты
  2. Елеуішпен су әкелуге бола ма?
  3. Орын ауыстырудың уақытқа көбейтіндісі
  4. Температураны өлшейтін құрал
  5. Қуаттың өлшем бірлігі
  6. Табиғаттағы өзгерістерді не деп аталады.
  7. Дененің қалдырған ізі
  8. Диффузия сөзінің мағынасы
  9. Тіреуге немесе аспаға әсер ететін күш
  10. Жылу берілудің неше түрі бар.

 

  1. Физика сөзінің мағынасы
  2. Пішіні мен көлемін сақтайтын дене
  3. Бір дене екінші денемен жанасқанда,қозғалғанда пайда болатын күш.
  4. Күшті өлшейтін құрал
  5. Молекулалардың ретсіз қозғалысы қалай аталады?
  6. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі қандай?
  7. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді?
  8. Дүниежүзінде көп тараған сұйық
  9. Дененің пішіні мен көлемінің өзгеруі
  10. Молекулалардың арасында қандай күштер бар.

 

  1. Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын кесінді.
  2. Жұмыстың өлшем бірлігі
  3. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері
  4. Мензурка қандай құрал
  5. Заттың неше күйі бар.
  6. Температураны өлшейтін қандай шкалалар бар.
  7. Жылуөткізгіштігіне қарай заттар нешеге бөлінеді?
  8. Кельвиннің нольдік деңгейі
  9. Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді.
  10. Конвенция заттың қай күйінде жүрмейді.

 

  1. 1.     Тәжірибе.

 

Сым және тығын арқылы қандай физикалық құбылысты сипаттауға болады.

ҮІІ. Қортындылау.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.