Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Негізгі білім беретін №221 мектептің математика пәнінің мұғалімі
Шораева Нәзігай Оразқызы
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әрбір жеке пәндерді тиімді ұғындырудың жолы – жаңа технология негіздерін пайдалану болып табылады. Сондай педагогикалық оқыту технологиясының бірі, оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытатын «деңгейлеп оқыту» технологиясы. Бұл технологияның ерекшелігі әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуға жағдай жасайды және олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта 7 сыныпта өткен сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулаларын қолданып есептер шығару.
Мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Қысқаша көбейту формулаларын көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Өз бетінше ізденуге, еңбектенуге, қиындыққа төзе білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Cабақтың толық нұсқасын көшіріп алу: Қысқаша көбейту формулаларын қолданып есептер шығару