Сыныбы: 9 Пәні: Информатика
Тақырыбы: Алгоритмдік тіл, жалпы ережелері.
Мақсаты: 1. Білімділік. 1. Алгоритмдік және программалық тілдер туралы ұғым қалыптастыру. Программалау мен компьютерде орындауға қатысты ұғымдар және терминдермен таныстыру; Алгоритмнің жалпы түрін білу және есептің шарты бойынша алгоритмнің блок-схемасын құра білу, алгоритм командалары мен түрлері туралы білу, меншіктеу командасы ұғымын қалыптастыру;
2. Тәрбиелік: Тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларды шапшаңдыққа, алған білімдерін тиянақтай, жүйелей білуге, топпен жұмыс жасай білуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе карточкалар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
- Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:
1. Алгоритм дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?
3. Алгоритм қасиеттері?
4. «Жарықшам» алгоритмін құру
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Алгоритмдік тіл.
Алгоритмдік тіл — деп алгоритмді бірыңғай белгілермен ережелерді сақтай отырып жазу жүйесін айтады. Алгоритмді жазуда қолданылатын сөздер қызметші сөздер деп, ал математикалық таңбалар, цифрлар, әріптер жиыны алгоритм алфавиті деп аталады.
Алгоритмдегі идентификатор – айнымалының атауы. Иднтификатор лат. әріптерімен, сандармен белгіленеді.
Программалық тіл – алгоритмді компьютерге түсінікті мәтін түрінде жазуға араналған жасанды тіл.
Мыс: Паскаль, Бейсик, СИ, Дельфи, Пролог…
Кодтар тілі – компьютердің машиналық тілі /мыс: 1000100010010 1011111100001 111100111/
Транслятор – программаны /алгоримтді/ машина тіліне түрлендіретін программа.
Мыс: программада — end
Транслятордан соң – 11100010 10001110 11000010
Транслятордың 3 түрі бар.
1. Интерпретатор — проргамманың әр жолын жеке аударып орындайды.
2. Компилятор – барлық проргамманы бірден аударып компьютер зердесіне модуль түрінде сақтайды. Ол модуль біздің қалауымыз бойынша (Ғ5 клавиші) орындалады.
3. Ассемблер – тек код түрінде яғни, ассемблер түрінде жазылған прог. ғана машина тіліне аударады.
2. Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.
Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.
алг алгоритм атауыарг типтері көрсетілген айнымалылар
нәт типтері көрсетілген айнымалылар басы алгоритм командалары … соңы |
Алгоритм тақырбыБерлігендер жазылады
Есептің нәтижелерінің аттары жазылады Алгоритмнің өз кезегімен орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін командалар тізбегін серия дейді. Бір команда бір жолға симаса келесі жолға жазыла береді, бір жолға бірнеше команда жазғанда арасын ; -таңбасымен бөліп көрсету керек. |
3. Меншіктеу командасы.
Жазылу түрі: айнымалы := өрнек
Мысалы: y:=5 « у айнымалысына 5 мәні меншіктелсін» деп оқылады.
Бастапқы мәндері X:=7; Y:=0 болсын. Мына командалар сериясының нәтижесінде қандай әрекет іске асады?
R:=X; X:=Y; Y:=R;
ЖАУАП: X=0 және Y=7 болады. Яғни, х пен у айнмалылары мәндерін алмастырды.
ІҮ. Сабақты бекіту: №1 (методика 9 бет)