Филология

Қазақ тілі. Тест.

Қазақ тілі.

Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест.

1.Зат есімнің көпше түрін тап.

А) аққулар             Ә)аққумен           Б)аққуым

2.Қаланың атын дұрыс тап.

А)Құтжол           Ә)Ақтау            Б)Тайбурыл

3.Заттың кимылын білдіретін сөзді тап.

А)жағада              Ә)жағала            Б)жала

4.Күрделі етістікті тап.

А)қызыл гүл         Ә)әдемі гүл         Б)гүлдеп тұр

5.Түсті білдіретін  сын есімді тап.

А)үлкен адам         Ә)қалың ағаш          Б)көк аспан

6.Сан есімдердің қайсысы дұрыс жазылған?

А)онекі             Ә)он бес          Б)онжеті

7.Жұмбақтың шешімі қайсы?

Он көзі бар өзінде,             Көзіне саусақ саласың,

Он цифр бар көзінде.            Жырақтан хабар аласың.

А)хат         Ә)телефон          Б)радио

8.Бірыңғай жуан дауысты дыбыысы бар сөзді белгіле.

А)шілде          Ә)маусым           Б)сәуір

9.Бірыңғай жіңішке дауысты дыбысы бар сөзді белгіле.

А)наурыз          Ә)ақпан           Б)егіндік

10.Қай сөзде У дауыссыз?

А)уылдырық              Ә)қуыршақ            Б)жауынгер

11.Төрт буынды сөзді тап.

А)адамдар        Ә)жұмысшылар         Б)көршілер

12.Қайсы сөз дұрыс жазылған?

А)секунт           Ә)тротуар                Б)ливт

13.Қайсы сөзде У дауысты?

А)жалау            Ә)ту           Б)уақыт

14.Қай сөз дұрыс тасымалданған?

А)жа-уап-кер-ші-лік      Ә)жау-ап-кер-ші-лік     Б)жа-уап-керші-лік

15.Жұрнағы бар сөзді тап.

А) кітапты       Ә)кітапхана        Б)кітаппен

16.Жалаң сөйлемді тап.

А)Бүгін күн өте ыстық.

Ә)Бүгін күн ыстық

Б)Күн ыстық

17.Түбір сөзді тап.

А)бала         Ә)домбырашы        Б)сурет

18.Жайылма сөйлемді тап.

А)Айбол оқыды.   Ә)Айбол қызық кітап оқыды.  Б)Айбол шаршады.

19.Қосымшалы сөзді тап.

А)жұдырық         Ә)құлыншақ         Б)өмілдірік

20.Жалғауы бар сөзді тап.

А)балапан       Ә)балалар     Б)баламен

 

 

Қазақ тілі.

Оқушылардың білімін  анықтауға арналған тест.

1.Бес сөзі бар сөйледі белгіле.

А)Атам ауылға кетті

Ә)Бүгін күн өте ыстық болды.

Б)Кеше күн суық еді.

2.Тасымалданбайтын сөзді тап.

А)қан-т       Ә)кө-лең-ке    Б)жа-ла

3.Қай сөз буынға дұрыс бөлінген?

А)Ша-ға-ла     Ә)бел-ес    Б)көл-ең-ке

4.Жіңішке сөздерді тап.

А)адам   Ә)Әбіш   Б)алтын

5.Қазақ тілінде қанша әріп бар?

А)35 әріп   Ә)42 әріп    Б)33 әріп.

6.Жуан сөздерді тап.

А)кітап   Ә)ақпан   Б)әдемі

7.Қай сөз дұрыс жазылған?

А)қойу     Ә) қойыу    Б)қою

8.Қай сөз дұрыс?

А)Менің бақым   Ә)Сенің бағың   Б)Оның бағы

9.Туыстықты білдіретін сөз.

А)несібе   Ә)немере   Б)шегеле

10.Дауыссыз дыбысы жіңішке сөздерді тап.

А)алтын   Ә) әкім    Б)бала

11.Қай сөзге б әрпін қоямыз?

А)лақа…     Ә)до..ы   Б) қа..

12.Буынға  дұрыс бөлінген сөзді тап.

А) жо-нышқа         Ә)жо-ныш-қа    Б)жон-ыш-қа

13.У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап.

А)бау    Ә)ауа   Б)келу

14.Қай сөздің дұрыс жазылғанын тап.

А)қойан     Ә)қоян   Б)қойян

15.Қайсысы дұрыс тасымалданған?

А)ор-ын-дық    Ә)орын-дық     Б)оры-ндық

16.Жалғауы бар сөзді тап.

А)балалық   Ә)орындық    Б)үйде

17.Зат есімді тап.

А) кереге     Ә)шегеле    Б) айнала

18.Жұрнағы бар сөзді тап.

А) биші      Ә) далада     Б)күшік

19.Сөйлемдегі сөздердің қайсысы дұрыс байланысып тұр?

Алуа гүлдерді  суғарды.

А)Алуа суғарды.     Ә) Алуа гүлді    Б) Алуа

20.Сөйлемдердің қайсысы хабарлы сөйлем?

А)Мектепке цирк келді.

Ә)Ертегі тыңдағанды ұнатасың  ба?

Б)Ойпырмай,мына күннің суығын-ай!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.