Без рубрики

Өзін өзі тану. 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: « Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мазмұнын  ашу. Оқушылардың  табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру , «табиғат» ұғымын түсіндіру.

Дамытушылық: Олардың табиғатқа аялы қарым – қатынастарын дамыту .

Тәрбиелік: Табиғатқа , туған өлке әсемдігіне сүйсіну , қамқорлық ,сүйіспеншілік сезімдерін ояту , тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекі құралдары : табиғат көріністері (слайд) , құстар , ағаштар, видиокөрініс

Шаттық шеңбері:

•        Балалар терезеге көз салып , табиғатқа қарайықшы ! Бүгін табиғат қандай тамаша !Біз осы тамаша , әсем , көрікті табиғатқа тамсана отырып , бүгінгі сабағымызды бір – бірімізбен және табиғатпен сырласамыз . Алдымен табиғатқа сәлем берейік .

 

Армысың , алтын күн! (күнге қарап бас иеді)

Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)

Бармысың құстарым ! (құстарға қол бұлғайды)

Қанатты достарым ! (құсша қанат қағады)

Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)

Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)

Бас ием тауларға (бастарын иеді)

Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)

Жайқалған даланы (қолдарын жан – жанқа соз)

Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)

Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)

Келген біз балаңыз . (бастарын иеді)

 

Әңгімелесу :

•        Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Табиғатқа құштарлық» деп аталады .

•        Біз табиғаттың сұлулығы , әсемдігі , олардың адамға әсері , табиғатқа аялы қарым- қатынастар туралы әңгімелесеміз.

•        Ең алдымен табиғат туралы не білетінімізді ортаға салайық .

•        Табиғат дегеніміз не ?

•        Табиғат нешеге бөлінеді ?

•        Тірі табиғатқа нелер жатады ?

•        Өлі табиғатқа нелер жатады ? (оқушылардың жауабы)

•        Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер . Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстарды тыңдайық . (үнтаспада орман, жел , су, құс, т.б.)

•        Бұл үнтаспада ненің дыбыстарын естідіңдер ?

•        Ол дыбыстарды естігінде қандай әсерде болдыңдар , көз алдарыңа не елестеді ?

•        Өте жақсы ,адам мен табиғат тығыз байланысты, табиғат құбылыстары адамның көңіл күйіне әсер етеді екен , яғни күн жарқырап тұрса , адамның көңілі де көтеріліп , шаттыққа бөленеді , егер күн бұлттанып , аспан түнеріп тұрса, сенің көңіл-хошың болмай , еңсеңді ауыр зіл басқандай болады . Осы құбылыстың бәрі, адам мен табиғаттың үйлесімдігін білдіреді .

 

 

 

Мәтінмен жұмыс

•        Балалар , қазір мен сіздерге Ә . Ысқақтың «Табиғат деген не?» деп аталатын қызық әңгімесін айтып беремін . Мұқият зейін қойып тыңдаңыздар .

(Интерактивті тақтада мәтіннің кейіпкерлері , ой –пікірлері ретімен көрсетіліп тұрады )

•        Балалар мәтін ұнады ма?

•        Сендер табиғатты қалай түсінесіңдер?

•        Неліктен табиғатты анаға теңейміз? (Балалардың жауаптары)

•        Дұрыс айтасыңдар біз өзімізге қажетті заттарымыздың бәрін табиғаттан аламыз.

•        Ал Садықбек Хангелдин табиғат дегенді былай сипаттайды:

Табиғат

Тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан ,

Сен – көлсің ,

Сен – ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен – жарықсың,

Сен – жерсің,

Сен – гүлсің,

Сен – адамсың,

Сен – ауасың,

Сен – анамсың,

Бәрі – менің өмірім сен сыйлаған.

 

 

Шығармашылық жұмыс.

•        Балалар алдарыңыздағы параққа табиғаттағы неге ұқсағыларыңыз келеді, соның суретін салыңдар және неге оған ұқсағыларыңыз келетінін астына жазыңыздар.

балаларға оқытамын), (гүл, ай, күн, жұлдыз, тау, аққу, құс , жылқы, бұлбұл, су, ағаш, т.б.)

Ойын – жаттығу.

•        Біздің табиғат туралы сабақ өтіп жатқанымызды естіп құстар, ағаштар, бәрі бірігіп, хат жазып жіблеріпті.Осы хатты оқып берейік.(конверттен хатты алып оқимын)

Құстардың, ағаштардың сырларын білгілерің келсе, мұқият тыңдаңдар.

Құстардың сыры

Балапандай балаларым,

Аман болсын аналарың,

Біздерде де ана бар

Құстарда да бала бар.

Өсіруге баланы

Біздер ұя саламыз

Жасауға жұмсақ ұяны

Жабағы жүнді жиямыз

Жайлы қып жасап ұяны

Жұмыртқаны саламыз

Қуанысып қаламыз

Ұшып жүрсек аспанда

Сыр ашамыз жас жанға

Құс ұясын бұзбаңдар

Бізге тұзақ салмаңдар

Жұмыртқаны алмаңдар

Обалына қалмаңдар.

 

•        Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастық бар?

•        Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

•        Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды ? (Оқушылардың жауаптары )

 

Ағаштардың сыры

Көктем келді көңілді

Ағаш егіп көрейік.

Саясында ертең-ақ

Біз демалып жүрейік.

Сындырмаңдар ағашты

Пайдасын оның біліңдер.

Қамқор болып қашанда

Күтіп баптап жүріңдер.

•        Ағаштың адам үшін қандай пайдасы бар?

•        Қандай қамқорлық жасар едіңдер? (Оқушылардың жауаптары)

•        Бәріміз тақтаға қарайық, нелерді көріп тұрмыз?(жапырақсыз ағаш ,панасыз балапан)

•        Жапырақсыз ағаш саялы жасыл, мәуелі ағашқа, панасыз балапан алып құсқа айналуы үшін тақтадағы сөздерден ағашқа қатыстысын ағаштың , балапанға қатыстысын балапанның жанына жинаймыз, егер тапсырманы дұрыс орындасақ екеуіне де көмектесе аламыз.

Сөздер: Биік, кішкентай, жуан, сары, жасыл, ұшпайды, жұмыртқа, тамыр, ұя, жер.

-Жақсы балалар ағаштар да, құстар да бізге дән риза.

-Сендерді өмірге әкелген кім?(ана)

-Бізді қоршаған тіршіліктің анасы кім?(табиғат)

-Табиғатты ойлайтындар кімдер?(адамдар)

-Ендеше, оларды қорғайтын, қамқорлық жасайтын,аяп, жанаршылық танытын біз екенбіз,ал оларды қорғау үшін табиғаттың сырын ұғынып,көңіл-күйін сезіне білуіміз керек.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерге табиғат құбылыстарын салу.

Дәйексөз –Ендеше бүгігі сабағымыздың түйіні Р.Сәттімбекұлының :

Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп көрік берсін жер бетіне.

 

-Жоғарыда айтылғандай өлкеміз жайқалған жасыл әлемге орануы үшін,жер беті көрікті,әсем табиғатқа айналуы үшін табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан-жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау-біздің адами борышымыз,парызымыз. Осыны әрқашан жадымыздан шығармайық.

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

-Балалар экранға назар аударайық. «Менің Қазақстанымның табиғаты» бейнекөрініс

(2 мин)

•        Қазақстанның табиғаты қандай екен ?

•        Бейнекөріністен қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауаптары)

-Дұрыс айтасыңдар Қазақстанның жері өте үлкен, кең байтақ. Жерінде тауда, жазық та, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Өсімдікке де өте бай. Орманды жерлерінде ағаштың әр т үрі , бұталар мен шөптер өседі.

Далалы жерлерінде шөптекті өсімдіктер жайқалады.Көктемде гүлдер далада кілемдей құлпырады, жануарларға да өте бай.

Жүректен-жүрекке

•        Балалар бәріңді ортаға шақырамын.

•        Табиғат сұлулығын көру үшін қалай қараймыз?(қызыға, қуана. т.б.)

•        Табиғаттағы жарқыраған нелер?(күн, ай, жұлдыздар)

•        Табиғаттағы көгілдір нелер? (аспан,теңіз,көл,өзен)

•        Табиғаттағы жайқалған нелер? (гүлдер,шөптер,талдар)

•        Табиғатта ән салған нелер? (құстар)

•        Сыбырлаған нелер? (жапырақтар)

•        Сыңғырлаған нелер? ( сулар)

•        Осының бәрін бір сөзбен не дейді екенбіз ? (Табиғат-Ана)

•        Ендеше табиғат – Анаға ризашылығымызды білдіретін өлең жолдарын айтайық.

Ризамыз,Табиғат – Анамыз

Өзіңнен денсаулық аламыз

Ризамыз, Табиғат – Анамыз

Қашанда қорғаушы панамыз.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.