

ALTYNSARIN INSTITUTE-НЫҢ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ 3-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық инситутының 3 курс студенті республикалық жас ақындар айтысынан 3-орынды қанжығасына байлады.
Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің қабырғасында «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасы Қазақ ұлттық өнер университетінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Республикалық жас ақындар айтысына еліміздің барлық өңірінен жоғары оқу орындарының таңдаулы жас ақын-айтыскерлері өз бақтарын сынады.
Жырдан маржан терген шайырларға бағаны құрамында белгілі айтыскерлер мен ақындар кірген қазылар алқасы берді. Сөз сайысының қорытындысы бойынша Altynsarin institute-ның 3 курс студенті Ақылжанов Әсет 3 орынды иеленді.
Жас ақыннының айтуынша, айтыс жоғары деңгейде өтіп, өз мұратына жетті. «Сайыс додасы оңай болған жоқ, бірақ мен жақсы өнер көрсете алдым. Ата-бабамыздың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын одан да тереңірек танып-білу үшін мұндай айтыстың жастарға пайдасы зор деп ойлаймын».
Жас ақынға арнайы диплом мен ақшалай сертификат табыс етілді.
Altynsarin institute
Маркетинг және коммуникация бөлімі
СТУДЕНТ ALTYNSARIN INSTITUTE СТАЛ ПРИЗЕРОМ НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ СТУДЕНЧЕСКОМ АЙТЫСЕ
Студент 3 курса Аркалыкского педагогического института имени Ы. Алтынсарина занял 3 место на республиканском студенческом айтысе.
В Астане на базе Казахского национального университета искусств прошел республиканский айтыс среди студентов «Ұлы даланың ұланымын», где определяли лучшего молодого айтыскера из числа студентов высших учебных заведений республики. Мероприятие приурочено к 25-летию Казахского национального университета искусств.
Молодые акыны со всех регионов страны съехались в Астану, чтобы определить, чей талант импровизации и находчивости более актуален и интересен публике.
Выступления конкурсантов оценивало жюри, в состав которого вошли известные акыны и айтыскеры. По итогам финальных состязаний, признание публики и третье призовое место завоевал студент 3 курса Altynsarin institute Акылжанов Асет.
По словам призера соревнование прошло на высоком уровне. «Конкурс не был легким, но мне удалось выступить достойно. Такие айтысы очень полезны для молодежи, потому что мы еще больше познаем культуру, традиции и обычаи наших предков».
Молодой поэт был награжден дипломом и денежным сертификатом.
Отдел маркетинга и коммуникаций
Altynsarin institute